Материалдар / Мектепке дейінгі ұйым «Тілдамыту»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі ұйым «Тілдамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың дене танымдық дамуына жағдай жасау , балаларды озіне-өзі қызмет етуге, жақындарына көмектесуге үйрету, баланың бейімін қызығушылығын дамытуға ,тілдік қатынастық дамуына жан-жақты дамуына жағдай жасауға міндетті .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2019
283
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тілдамыту»Баланың дене танымдық дамуына жағдай жасау , балаларды озіне-өзі қызмет етуге, жақындарына көмектесуге үйрету, баланың бейімін қызығушылығын дамытуға ,тілдік қатынастық дамуына жан-жақты дамуына жағдай жасауға міндетті .Бала-бақшада дене шынықтыру кезінде бала дұрыс қозғалыста болуы үшін жыл мезгілдеріне сай киіндіруге, демалыс күндерінде де, үйде жаттығулар жасауды әдетке айналдыруды, ашық есік күні, мерекелік ертеңгіліктерге, түрлі спорттық ойындарға ата-аналарға белсене қатысып, қызығушылық танытуын ынтымақтаса жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі деп білеміз.Тобымызда «Әкем, шешем,және мен» спорттық сайыс өткізіліп, ата- аналармен бірге ойындар ойынап, жаттығулар жасайды. Алға қойған мақсаттар негізінде мынандай қорытынды жасаймыз. «Айгөлек» шағын орталығында оқыту мен тәрбие негізінде ойын элементтерін қосу арқылы жүргізілген тәжірбиелерді ұсынамыз.Бала денсаулығы жақсы, шыныққан, көңіл күйінің жоғары ,ынталы болуы үлкендерге, яғни ата-ана, тәрбиешіге, қоршаған ортаға байланысты.Сөз соңында Н.Назарбаевтың «Қазіргі заман талабына сай жан- жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу , өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының бала бақшаның , барша елдің , халықтың міндеті» екенін еске салатын сөзімен қорытындылаймын. Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынада әдістемелік талаптар қойылады.
  • Ойынның мақсаты және керекті көрнекі құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
  • Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілуі қажет.
  • Ойынға топтағы балалардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.
  • Оларды оын үстінде ойлай білуге , шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.
Ойындардың жіктемесін жасауда біз оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндықмотивациялық аспектісін негізге алдық. Енді,біз әрбір сабақта балалардың оқу -танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайық. «Тілдамыту» сабақтарында балалардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі «Сөйлем» тақырыбын өту барысында «Сөз қуаласпақ», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», т.б.дидактикалық ойындар қолдану балалардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Тақырыптарды өту барысында тірек сзбалар да баларға ерекше әсер етіп, оқуға деген құштарлыұтарын, танымдық белсенділіктерін арттыруға себепші болады. Балалардың ой шапшаңдығын, сөз байлықтарын дамытып, шығармашылыққа баулитын тапсырмалардың екінші түрі бұл жаңылтпаш айту. Шығармашылық сипаттағы тапсырмалардың тағы бір түрі ертегі, әңгіме құрастыру. Алдымен бұл жұмыс түрі ауызша жүргізіледі. Содан кейін балалар өз ойын, қиялын айтып береді. Әңгіме мазмұны күнделікті қоршаған орта құбылыстарынан басталып, балалардың қиялын, арманын суреттейтін тақырыптарды қамтиды. Мұнда балардың әңгіменің тақырыбын таңдауға бағыт беріп, оның қиялын дамытуға көңіл бөлінеді. Ал, ертегі құрастыруда ең алдымен балалардың білетін оқыған ертегілерінің мазмұнын жаңа түрде жаңарта отырып, ертегінің соңын өздерінше аяқтаулары талап етіледі. Кейін балалар түрлі мазмұнда ертегілер құрастыруды еркін меңгеріп,өз бетімен шығармашылық бағытта ізденіп, жұмыс істей алатын болады. Сонымен бірге, әрбір сабақта баланың ойын дамытып,оны шапшаңдылыққа, тапқырлыққа баулуда жұмбақтар, құрастыру тапсырмасын орындау ерекше мәнге ие болады. Бұл баладан салыстыру, жоспарлау сияқты тәсілдерді қолдануды талап етеді. Сондықтан да біз үнемі үлгі тірек схемасын пайдаланып отырдық. «Айналамен танысу» сабағында туған өлкенің табиғаты туралы сөз қозғағанда балалардың таулар мен табиғаттың әсемдігі жайында білетін өлендерін айту өте пайдалы. Табиғат құбылыстары жайында белгілі бір тақырып бойынша қызықты деректер , әңгімелер, өлең-жырлар, мақал- мәтелдер айтып беру де танымдық қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді. «Адам» , «Табиғат» бөлімдерінде «Хайуанаттар бағы». «Ботаникалық бақ» «Табиғатқа саяхат», « Қала мен қала маңы», «Ертегілер театры» т.б ойындарды пайдалануға болады. Сонымен «Айналамен танысу» сабақтарында мынандай жұмыс түрлері пайдаланылады.-танымдық сипаттағы ертегі , әңгімелер.-қызықты тапсырмалар, жұмбақтар, құрастыру, жапсыру, мүсіндеу.-материалдың қоршаған ортамен байланысты, байланыстың бақылаулар мен тәжірбиелерге негізделуі.-дидактикалық ойындар «Жануарлар бағы» «Ботаникалық бақ» т.б-тәжірбиелер ,бақылаулар ,практикалық , жұмыстар.-көрнекі материалдар.«Қарапайым математиканы» оқыту үрдісінде жұмыстың әртүрін пайдалану балалардың қызығушылығын арттырумен қатар , олардың математикалық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.Осының негізінде математика сабақтарында балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін төмендегідей жұмыс түрлері пайдаланылады. Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар балалардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойналатын ойындар , «Жұп картинкалар» «Лот» «Домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады.Тіл сабақтарында зейінің ойлауын байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор. Мысалы, «Артық суретін тап» «Жалғасын тап» «Қарапайым математика» сабақтарында тағы бір тиімді пайдаланылатын ойын сергіту логикалық ойын есептер .Бұл логикалық есептерді ұсыну балалардың ойының ұшқырлығына, тез есептеуге төселдіруге өте үлкен әсер етеді.Қазір математика сабақтарында «Қазақтың байырғы есептері» деген кітаптан көптеген логикалық құрылымды ойындарды пайдалануға болады. Мысалы, ұзындық өлшем бірліктері тақырыбына байланысты «Ұлу мен қырғауыл» «Қырсық жолаушы» туралы есептер бірлесе , тәрбиеленуші өз тіліміздегі өлшем бірліктерін де меңгереді.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!