Материалдар / МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІКТЕР ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІКТЕР ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада әдістемелік бірлестіктер жұмысы жағдайында ұстаздардың шеберліктерін шыңдау, кәсіби машықтарын арттыру жайында жан – жақты жазылған. Жаңа заманға сай педагогикалық біліктілікті арттырудың маңызы айшықталып,ұтымды әдіс – тәсілдер тілге тиек етіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2024
66
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІКТЕР ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ

Аты – жөні

Мекеме атауы


Аннотация: Бұл мақалада әдістемелік бірлестіктер жұмысы жағдайында ұстаздардың шеберліктерін шыңдау, кәсіби машықтарын арттыру жайында жан – жақты жазылған. Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі жетекшісі ретінде жеке тәжірибемде жүзеге асырылатын жұмыстар тізбегі зерттеу жұмысына кіріктірілген. Жаңа заманға сай педагогикалық біліктілікті арттырудың маңызы айшықталып,ұтымды әдіс – тәсілдер тілге тиек етіледі.

Кілт сөздер: әдістемелік бірлестік, мектеп, педагог, бастауыш, білім, әдіс - тәсіл


Білім беру жүйесі аса үлкен жауапкершілік, кәсіби біліктілік, мол тәжірибені талап етеді. Педагогикалық ұжымның бірлестікте әрекет етуі, өз – ара тәжірибе алмасудың маңызы үздік шәкірттерді тәрбиелеп, алға қойған мақсатқа еш кедергісіз жетуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық білім беру жүйесі орта білім мазмұнын реформалауды бастан кешуде. Білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі жаңартылған білім беру мазмұнына сапалы көшу болып табылады. Бұл өз кезегінде педагогикалық кадрлардың шығармашылық, кәсіби әлеуетін, шеберлігін қарқынды арттыруды көздейді.

Біз күнделікті тәжірибемізде «кәсіби дайындығы жоғары, шебер мұғалім» деген ұғымдарды жиі қолданамыз. Ал оларды дұрыс қолданып жүрміз бе? Кәсіби құзіреттілік пен мұғалімнің педагогикалық шеберлігі ұғымдарының арақатынасы қандай? – деген сауалдарға жауап іздей бастасақ, жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудағы өзекті мәселе осы тұста екендігін аңғаруға болады. А.С.Макаренко «тума ерекшеліктер мен нышан» деген түсінікті жоққа шығарып, педагогикалық шеберліктің кәсіби құзіреттілік деңгейімен айқындалатынын дәлелдеді. Педагогикалық техника біліктілігі мен дағдыны педагогикалық шеберлік деп түсінбеу керек, ол шеберліктің сырттай көрініс берген құрауыштары ғана. Оның пікірі бойынша біліктілікке негізделген педагогикалық шеберлік – педагогикалық үдерісті құра білу мен оны қозғалысқа келтіре білу. Сонымен қатар ұлы педагогтың ұғымы бойынша әр педагог өзін дамыту да мақсатты түрде жұмыс жасаған жағдайда ғана педагогикалық шеберлікке қол жеткізе алады, бірақ мәселе оның шеберлікті қаншалықты меңгергеніне қатысты болмақ. [1, 8 б.].

Мектеп реформасы мұғалімдерге өте үлкен талап қояды: біз тек білім қорымен ғана қаруланған адам дайындап қоймауымыз керек, оларды еңбек ету мен өмір сүруге дайындауымыз қажет. Оқушылар әр пәннен белгілі бір көлемде практикалық дағдыларды игеріп шығатын болуы керек. Сонымен қатар, мұғалім бұрыңғыдай оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, формаларын ғана жетілдіріп қоймай, сабақтың белсенді формаларын кеңінен қолданып, оқушылардың өз бетінше ойлау қабілетін дамытып, өзбетінше әрекет ете алатын құзіреттіліктерін қалыптастыруы керек. Бүгінгі күні мұғалімге қойылып отырған мұндай талаптар, жаңа міндеттер де белгілеп отыр.

Мұғалім өзінің педагогикалық қызметінің барлық түрін жетілдіріп, өзін педагогикалық шеберліктің, шығармашылықтың биігіне шығаруы керек. Оқыту жүйесінің жаңа парадигмасына көшудің өтпелі кезеңінде мұндай зор міндетті орындау алдымен мұғалімнің жеке бас ерекшелігіне байланысты болса, екіншіден, білім беру саласының қайсысында болмасын, ондағы әдістемелік бірлестік жұмысының мазмұнына да байланысты.

Әдістемелік бірлестік жұмысының мазмұны оның жетікшісінің іскерлігіне, ізденуіне, мұғалімдерді шығармашылық ізденіске ынталандыра ерте білуіне, олардың кәсіби шеберлік деңгейлерін зерттей дамыта білуіне және мұғалімдердің озық тәжірибелерін таратудағы шеберлігіне байланысты. Ең бастысы, жетекшінің өз әріптесінің педагогикалық қызметіне талдау жасау арқылы әрқайсысының жетістік, кемшілігін анық білетін, сол арқылы әдістемелік бірлестік жұмысын ұйымдастыра алатын қасиеті болғаны жөн. Басқаша айтқанда, әдістемелік жұмысты педагогикалық диагностикаға сүйене жүргізе білуі қажет.

Диагностика жүргізудің маңызы қандай? Ол ең алдымен әр ұстаздың жеке еңбегінің нәтижесін талдауға, оқу жетістігі мен шығармашылығын дамытуға арналған әдіс – тәсілдерді іске асыруға, назар аударуға тиіс мәселелерді аңғаруға көмектеседі.

Әдістемелік іс – әрекет педагогикалық шаралардың тұтас жүйесі ретінде педагог әлеуетін кәсіби дамытуға бағыттылық ретінде сипатталады. Әдістемелік қызметтің негізін педагогикалық ғылымның жетістіктері, озық педагогикалық тәжірибе және педагогикалық үрдістерді талдау құрайды. [2, 4 б.]

Әдістемелік жұмыс жүйесін жетілдіру педагогикалық қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру шарты ретінде жаңа әдістемелік жұмыстың инновациялық нысандарын пайдалану арқылы білім сапасын қамтамасыз ету, әдістемелік жұмыс жүйесінде педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігінің өсуіне жеке - бағытталған тәсілге баса назар аудару, инновациялық өзгерістер жағдайында педагогтардың жұмыс істеуге дайындығын қалыптастыру.

Мен де бес жылдың жүзі болды бастауыш сынып мұғалімдерінің «бірлестік жетекшісі» болып қызмет атқарып жүргеніме. Әрине, бас кезінде бойда қорқыныш, жұмысқа деген жауапкершілік пен әріптестеріммен қарым – қатынас мәселесі алаңдатқан болатын. Себебі, бірлестік жетекшісі ең алдымен өзі жауапкершілігі жоғары және талап қоя білетін жан болуы тиіс. Алдын – ала жоспарланған шаралар дер кезінде іске асырылып, оның жүйелілігі, ұстаздардың кәсіби шыңдалуы нәтиже беруі қажет.

Кәсіби машық қалай артады? Әр ұстаз ұйымдастыратын шарасына ұқыптылықпен қарап, тың әдіс – тәсілдерді басшылыққа алған сәтте. Оған қоса, педагогтер бір – бірімен пікір алмасып, сабақ үлгісін қарап, оны талдап, ұтымды жолдарын аңғарған сәтте бұл алдағы іскерлік дағдының оңтайлы жүзеге асырылуына септігін тигізеді.

Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайларда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек. [3, 4 б.]

Инновацияның мүмкіндіктері мол. Ол қазіргі таңда кең қолданысқа ие, алдағы уақытта оның мүмкіндігі одан әрі артатынына күмән жоқ. Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру барысында заманауи дағдыларды дереу меңгеріп, игеріп әкетуіне мән беруіміз қажет. Оқу үрдісін оңтайландыруға арналған онлайн платформалар, түрлі бағдарламалар, электронды ресурстар, маңызды мультимедиялық машықтар жетіп артылады. Олармен жұмыс жасай білудің артықшылығы оқушылардың ой – өрісін арттыруға негіз болып, бәсекеге қабілетті тұлғалар тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі жағдайда бастауыш сынып мұғалімінің іс – әрекетінің мазмұны сапалық тұрғыдан өзгерді, енді ол дамушы әлеуметтік – мәдени ортаны жобалай алатын, баланы тұлғалық – бағдарлап оқытуды жүзеге асыра білетін педагог болуы керек. Сонымен бірге ол оқытудың әдістері мен құралдарын өз бетімен таңдап алу мүмкіндігіне ие болуда. Мұғалімнің аталған жаңа және күрделі функциялары оның кәсіби даярлығының соған сәйкес деңгейін талап етеді. [4, 24 б.].

Бастауыш кезеңі – білімнің қайнар бұлағы. Дәл осы сәтте қаланған кірпішке сай баланың бойындағы білімнің фундаменті де солай өрбиді. Олай болса, педагогикалық құрамның қабілеттілігі, кәсіби біліктілігі, бойдағы білімі мен тағылымды тәрбиесі аса маңызды.

Қазіргі кезде «білім» ұғымының мағынасы өте терең, ол өзінің құрамына өмірдің әлеуметтік және мәдени құндылықтарды, әртүрлі іс – әрекет түрлерін, білім мен білік, дағдыларды меңгерулеріне мүмкіндік тудырады. «Білім беру сапасына» оқыту мен оқу, тәрбиелеу мен өзін- өзі тәрбиелеу, дамыту мен өздігінен даму, тұлғаның әлеуметтенуі мен жан дүниесінің өсуі жатады. Сондықтан білім беру саласы қоғам мен өркениеттің проблемаларын шеше отырып, білім сапасының маңыздылығын арттырады.

Заман талабына сәйкес әрбір оқытушы білімін, қабілетін, сенімін, ішкі мүмкіншіліктерін интеллектуалдық, психологиялық сапасын үнемі толықтырып, жаңартып отыруы керек. Біліктілікті арттыру арқылы біз өз білімімізді жетілдіріп қамтамасыз ете аламыз, яғни әр оқу жылының басында оқытушылар кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өз білімін көтеру жоспарын құрады. [5, 8 б.]

Заманауи білім берудің ерекшелігі – тек біліммен қаруланып қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеудің қажеттілігі туындайды. «Білім – бүкіл өмір бойына» қағидасы – мұғалімге үздіксіз, жан – жақты білімін жетілдіруді талап етеді. Мұғалімнің үнемі біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін жетілдіріп отыруы – жалпы мектептің білім беру сапасын арттырудың басты шарты.

Бойында жігері мол жан ғана жас өрендергі өрге бастап, өркениетті қоғам құруға ат салыспақ. Олай болса, мен өзіме жүктелген міндетті барынша адал атқаруға тырысып, бастауыш сынып оқушыларының кәсіби құзіреттілігін арттыруға бар жанымды салып еңбек етпекпін.


Қолданылған әдебиеттер


  1. Кенжеғұлова А., Жаңа тұрпатты мұғалім: педагогикалық диагностика. - Ақтөбе 2011 ж.

  2. Жаңартылған білім мазмұны жағдайында әдістемелік қызмет көрсету кабинеттерін дамыту жөніндегі әдістемелік ұсынымдар = Методические рекомендации по развитию методических кабинетов в условиях обновленного содержания образования [Мәтін] / ; ҚР Білім және ғылым министрлігі ; Ы.Алтынсарин атын. Ұлттық білім акад.... – Астана : Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. - 232 б.

  3. Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары мен оқу материалдарын апробациялау мониторингісі және механизмдері = Мониторинг и механизмы проведения апробации учебных программ и учебных материалов по обнавленному содержанию начального образования [Text] : әдістемелік құралдар / ; ҚР Білім және Ғылым министрлігі ; Ы. Алтынсарин атын. Ұлттық білім акад.... – Астана : [б. ж.], 2015. - 222 б.

  4. Инновациялық педагогикалық технологиялар [Мәтін] : (оқу құралы) / Қ. А. Сарбасова ... – Алматы : Атлас, 2006. - 176 б. . – Библиогр.: 164- 174 б.

  5. Заманауи педагогикалық білім: бүгіні мен келешегі / ... – Алматы : Қазақ

  6. университеті, 2021. - 111 с



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!