Материалдар / МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕР

МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕР

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманғы заманауи инновациялық технологиялардың негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тəрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту; баланың өз бетімен əрекеттену əдістерін меңгеру; баланың танымдылықжəнешығармашылық икемділігін дамыту; əр оқушының даму жүйелері жұмыс істеу; оқу үдерісін оқушының сезінуі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2024
124
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕР

Ибраева Карагоз Канатовна

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ж.Сәдуақасов атындағы жалпы білім беретін мектебі


Аннотация: Қазіргі заманғы заманауи инновациялық технологиялардың негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тəрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту; баланың өз бетімен əрекеттену əдістерін меңгеру; баланың танымдылықжəнешығармашылық икемділігін дамыту; əр оқушының даму жүйелері жұмыс істеу; оқу үдерісін оқушының сезінуі.


Түйін сөздер: Мектеп, оқушы, инновация, білім, технология.


XXI ғасыр-бұл ақпарттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Мұғалімнің басты мақсаты-қоғамның сұранысына лайықты ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Кез келген технология білім берудің мақсатынан бастап оның түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы оқытудың әдістемелік жүйесіне енетін барлық компонеттің біртұтас ортақ мүддеге бірлесе қызмет етуінің тиянақталған жолы болып табылады.Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, алдындағы шәкірттің білімін бағалауы, оқу барысында шешуші роль атқарады.

Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану- ұстаз шеберлігінің белгісі. Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі.

Болашақта өркениеті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда дамыған бәсекеге қабілетті елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін ол — білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Инновациялық технологияларды меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Қазіргі мектеп мұғалімі: жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, оқушымен тез тіл табыса алатын, білімді, шебер, іскер болуы тиіс. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда мектеп мұғалімдері инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne – өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы. Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы əр түрлі түсіндіріледі.

Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру үйреншікті жəй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Сондықтан қазіргі педагогика жаңалықтарын пəн ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Осы жолда педагогикатық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясы іс-əрекеттің жоспарланған нəтижесіне жетудің шартты тəсілі ретінде қарастырылатын жаңа əдістердің жиынтығынан тұрады.

Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология.
Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың мәні неде?
1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.
2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.
3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады
қазіргі оқушы:
•Дүниетаным қабілеті жоғары;
• Дарынды, өнерпаз;
• Іздемпаз, талапты:
• Өз алдына мақсат қоя білу керек.
Қазіргі мұғалім
• Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
• Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
• Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
• Оқушылармен ортақ тілтабыса алатын;
• Білімді, іскер, шебер болу керек;
Жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттырудың бірден - бір жолы. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана, біз ұстаздар сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз.. Қазіргі кезде мектептің оқу үрдісінде 50 - ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс - әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады.Бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі ғылыми – техникалық прогрестің жағдайында жаңа әлеуметтік талаптарға, оқушылардың мүмкіндіктеріне сай оқытудың мазмұны мен түрлері, әдістерін жетілдіріп оқыту құрамдарының жаңа түрлерін жасау заман талабы. Әр оқушының өзіне тән оқу жұмысындағы әдістері, ойлау жолдары, қызығу, бейімділік сияқты ерекшеліктері болады. Жеке адамның жан – жақты дамуы әр оқушының жеке басына тән ерекшеліктерді ашып, анықтауды қажет етеді.

Қорыта келе осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі:

Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;

Белсенді сөздік қорын , ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;

Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Әдістемелік құрал. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰ," білім беру бағдарламалары орталығы" филиалы, 2014.-151б.

  2. Е.Иманғалиев. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары "білім беру мекемелері басшыларының анықтамалығы". 2012. 6-9 б.

  3. Иманбекова Б., Әбдіреймова К, «Сабақ – оқытудың негізгі формасы». Алматы, 2003. 115 б.

  4. 4-2008 жыл Ж. Садыбекова «Оқу –тәрби үрдісінде ақпараттық-коммуникациялы   технологияны қолдану қажеттілігі» 115 б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ