Материалдар / «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» - ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ ҚҰЛАГЕРІ

«МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» - ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ ҚҰЛАГЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
«Менің атым Қожа» — қазақтың жасы-кәрісіне дейін сүйіп оқитын шығармасы, сүйіп көретін киносы. Шығарма 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын повесть. Авторы – Бердібек Соқпақбаев. Ол орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2022
305
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» - ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ ҚҰЛАГЕРІ



Жусіпов Азамат Жақсылықұлы

54 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Шымкент қаласы



«Менің атым Қожа» — қазақтың жасы-кәрісіне дейін сүйіп оқитын шығармасы, сүйіп көретін киносы. Шығарма 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын повесть. Авторы – Бердібек Соқпақбаев. Ол орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды.

1963 жылы "Қазақфильм" студиясы осы кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды.

Балалар тақырыбындағы алғашқы фильмдердің актерлық ойын және басқа да көркемдік сипаттау жақтарына жергілікті ұлт мамандары белесене араласқанымен де, ұлттық режиссура тұрғысынан алар болсақ, қазақ киносының балалар тақырыбындағы жанрлық саласы Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» (1963 ж) фильмінен бастау алады.

Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды.

«Менің атым Қожа» атты шығарманың өзі де, сол шығарма негізінде түсірілген фильм де қазақ өнерінің биігінде тұр. Ол киноны көрмеген бала кемде-кем. Тіпті, баламен бала болып теледидардан көрсетілсе, үлкені де, кішісі де қайталап көруге асық. Фильмнің көрерменге жол тартқанына тура жарты ғасыр болса да, кітабы мен кинодискісі сөреміздің алдыңғы қатарында тұрады.

Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев пен марқасқа режиссер А.Қарсақбаевтың атағын дүр сілкіндірген - «Менің атым Қожа» фильмі. Екі алыптың жолдарының кездесуіне себепші болып, қазаққа мәңгі өшпес дүние қалдыруға атсалысқан Тахауи Ахтанов еді. Б.Соқпақбаев; «Жұмыс орнымда отыр едім.Біреу хабарласып, Тахауимен сөйлесті. ол болса, өзің келсең, мында өзі де отыр, не нәрсе болсада шешуге болады ғой деді де телефонды қоя салды. Бердібек сен осы балаларға арналған шығармаларыңды киноға дайындасаң қалай болады? Жаңа ғана Абдолла деген режиссерді шақырдым. Киноға келсек, ол үлкен талант. Нағыз таптырмайтын адам деп отыр еді, екі мұрты едірейіп, Абдолла да келді. Абдоллаға қарап; Мына кісінің үлкен жазушы екенін білесің ғой деді, ол ия деді. Сендер бірігіп жұмыс істесеңдер қайтеді деді, Абдолла; Бұл кісінің Қожасын өзім көптен бері зерттеп жүр едім, енді өзі келіссе, деді, мен болсам; бұрынырақ сценарийді жазып көрмегенмін деп едім, Тахауи; Жазбасаң, жазасың. Алдыңдағы сценарийлерді қайсысы жақсы, қайсысы жаман екенін көріп отырған жоқсың ба? Мына Абдолладай тәжірбиесі мол адаммен бірігіп жасайтын болсаң, қадамдарың сәтсіз болмас. Әумин деді» Сонымен екі алыптың әңгімесінен кейін, Бердібектің өз өмірінен алынған Қожасы фильмге айналып кетті.

Талантты режиссер Абдолла Қарсақбаевтың түсірген «Қожасы» - тырнақалды көркем көркем фильмі болатын. Ә дегеннен ақ көрерменді баурап алып, ықыласына бөленді. Тіпті шетелдіктердің өзі қайран қалып жатты. 1967ж Францияның Канн қаласында өткен халықаралық фестивальде режиссерлік шеберлігі үшін бәйге алды. Бұған дейін де, бұдан кейін де қазақ киногерлері мұндай үлкен бәйгеге ие болмаған. Фильм Орта Азия бойынша екінші дәрежелі дипломға ие болды. Журналистердің «Өзіңізге ерекше ұнайтын туындыңыз?» дегеніне де ол: «Қожам» депті шімірікпей.

Қазақ кино өнерінің майталманы, режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмінің жарыққа шықққанына биыл 50 жыл. Балалар әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаев шығармасының желісімен түсірілген бұл фильм қанша жыл өтсе де көрерменнің сүйікті фильмдерінің бірі.

Тәртіпсіз, қиялшыл әрі ұтқыр ойлы Қожа арқылы берілген қарапайым ауыл баласының бейнесі көрерменді бір жағынан күлкіге кенелтсе, екіншіден кездейсоқ оқиғалардан жолын тауып шығып кетуге болатын құйтырқы әрекетімен көрерменге тартымды болды. 1963 жылы жарық көрген «Менің атым Қожа» Абдолла Қарсақбаевтың алғашқы көркем фильмі еді. Бұл туынды сол кезде 37 жаста болған режиссерді әлемге танытты. 1967 жылы Францияның атақты Канн халықаралық фестивалінде режиссерлік шеберлігі үшін бас жүлдені жеңіп алды. Бұл қазақ киносының сол кездегі үлкен жетістігі болды. Жазушы Бердібек Соқпақбаев шығармаларында көбіне өзінің балалық шағын суреттеген. Соның ішінде «Балалық шаққа саяхат» пен «Менің атым Қожа» повестері бар. Автордың 1957 жылы жарық көрген «Қожасы» бірнеше тілге аударылып, Франция, Польша, Чехославакия мен Болгарияда басылып шықты. Повестің желісімен түсірілген фильмді түсіруге режиссер Тұрар Дүйсебаев, оператор Михаил Аранышев, композитор Нұрғиса Тілендиев үлес қосты. Басты кейіпкерлерді Бекен Римова, Раиса Мұхамедиярова, Кененбай Қожабеков сынды белгілі әртістер ойнады. Ал, Қожаның роліне келетін баланы табу оңай болмапты. Түскі асқа шыққан фильмнің бас операторы Михаил Аранышев пен екінші режиссер Тұрар Дүйсебаев көшеде екі оқушы қыздың артынан қуып бара жатқан баланы көріп қалып, ұстап алады. Қырсық мінезді баланың аты Нұрлан Сегізбаев екен.

Өмір құбылыстарын қаз қалпында шынайы суреттеу жазушының табиғи талантына байланысты ғой. Бердібек Соқпақбаев – туған топырағынан жалған жазуға жоқ, өзі бастан кешкен оқиғаларды оқырмандарына жеткізе білген жазушы. Оның «Менің атым-Қожа» повесі – артына өшпес із қалдырған шығарма. Оны оқыған сайын оқи бергің келеді. Сондағы Қожаның кебір қызықты бастан кешкендері жазушының қиыланына туған емес, шынайы жазылған.

Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» тақырыбындағы шығармасы (режиссер А.Қарсақбаев) бұл күнде ұлттық киномыздың тарихында балалар тақырыбының меңгерілу деңгейі тұрғысында аса құнды шығармалар болып отыр.





Әдебиеттер тізімі

1.Қазақстан жөнінде шыққан көркем суретті фильмдердің каталогы. – Алматы: 1994ж

2.Документальный экран Казахстана. –Алма-Ата: Кітап, 1978. – 128 с.

3.Очерки истории казахского кино. Алма-Ата: Өнер, 1980. – 236

4.Еңбекші қазақ. – 1930. – 20 ноябрь.

5.Геннадиев И. Қазақстанда алғаш түсірілген ленталар // Жаңа фильм. Казахская кинематография // Кинословарь в 2-х т. - Т.

6. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”, 2009



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ