Материалдар / МҰҒАЛІМ МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ

МҰҒАЛІМ МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мына өмірде мамандықтардың сан алуан түрлері бар және әрқайсысының өз ерекшеліктері, өз қиындықтары да бар. Егер де әр маман өз мамандығын жүрек қалауымен таңдаса, онда ол өз ісінің шебері болмақ. «Дәуір даналығын іздесең, ұстаз білім нәрін үлестіреді» демекші, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірттерге білім беріп, бала жүрегінің жол нұсқаушысы осы аяулы ұстаз емес пе? Шынында қарасақ әрбір адам баласы осы мұғалімнен тәлім алады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қатысушының аты-жөні (толық)

ИГЕНБАЕВА ЖАДЫРА ТОЛЕУЖАНОВНА

Байқау атауы


Қатысушының Whats App нөмері

8 708 655 52 76

Қатысушының электронды поштасы

igenbayeva76@mail.ru







МҰҒАЛІМ МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ


Мына өмірде мамандықтардың сан алуан түрлері бар және әрқайсысының өз ерекшеліктері, өз қиындықтары да бар. Егер де әр маман өз мамандығын жүрек қалауымен таңдаса, онда ол өз ісінің шебері болмақ. «Дәуір даналығын іздесең, ұстаз білім нәрін үлестіреді» демекші, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірттерге білім беріп, бала жүрегінің жол нұсқаушысы осы аяулы ұстаз емес пе? Шынында қарасақ әрбір адам баласы осы мұғалімнен тәлім алады.

Менің өмірдегі мақтанышым – мұғалім болып, шәкірт тәрбиелеуім және осы мамандықты жүрек қалауымен таңдағаным. Әрине мен бұл сөздерді жай ғана айта алмаймын. Себебі, мен Тәуелсіз еліміздің, Қазақстанымыздың болашағының сәулетшісімін. Көп міндеттер жүктеледі. Өз елімнің жас ұрпағына біліммен қатар тәрбиелеп отыру міндетім. Осындай көркейген елдің ұлтжанды, елжанды азаматын тәрбиелеп шығу басты мақсатым.

Мұндай үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандықты мен бала күнімнен армандадым. Мен Игенбаева Жадыра Толеужановна 1976 жылы 13-сәуірде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Томар ауылында дүниеге келдім. 1983 жылы Бүркітті ауылында 1-сыныпқа қабылданып, сол мектепті 1993 жылы бітіріп шықтым. Мектеп бітірген соң Қарағанды Тәттімбет саз училищесіне түсіп, 1998 жылы Тәттімбет өнер колледжін бітіріп шықтым. 1998 жылы «Н.Нұрмақов» ауылында мектепте «ән-күй» пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Ең алғашты «Ұстаз» деген атаққа осы мектептен ие болдым. 2003 жылы Қарқаралы «саз» мектебіне «Домбыра» сыныбының мұғалімі болып орналастын. Сол жылдан бері бұл мектепте жұмыс атқарып келемін. Осы мектепте менің армандарым орындала бастады. Қазір І-санатты мұғаліммін.

«Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек», - деп Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, әр баланың бойындағы белгілі бір дарынын ашып, болашағына жол сілтеу – мұғалімнің басты міндеті деп ойлаймын. Әрине ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес. Басты өмірлік кәсіби ұстанымын ретінде осы мақсатымды алтын қазығыма байлап келемін.

Әрине біз өмір сүріп жатқан ХХІ ғасырдың алғашқы баспалдақтарының білім жүйесінде қарқынды түрде дамып келе жатқан жаңаша білім беру жүйесі жүріп жатыр. Бұл процесс заман көшіне ілесе алатын, заманауи білім нәрімен сусындаған жас ұрпақ тәрбиелеу. Әлемде болып жатқан жаһандану жағдайлары бала тәрбиесін зерттейтін педагоггика ғылымына да түбегейлі өзгерістер алып келуде. Құдды бір жаңа заманның жас жеткіншектері жаһандану үрдісіне етене кіріп кеткендей. Ақпараттар тым көп болғандықтан бүгінгі ұстаз олардың сапасымен тәрбиелік көп көңіл бөліп отыруы керек.

Мен өз мамандығымды жақсы көргендіктен де, оның мәртебесі мені толғандырмай қоймайды. Мұғалім мамандығының мәртебесін асқақтату, қоғам алдындағы беделін биікке шығарсақ қана алдымызда қойған міндеттеріміздің болашағы айқын, әрі нық болмақ. Сондықтан да біздер болашақ ізбасарларымыздың болашақтарының жарқын болуы үшін еңбектенуіміз қажет. Әрбір ұстаз біреудің баласын емес, өзінің болашағының іргетасын қалап ұтырғанын терең ұғыну қажет.

Баланың екінші үйі мектеп болса, мұғалім баланың екінші анасы екендігін ұмытпауымыз қажет. Алдымызға келген кішкентай баланың миы таза парақ секілді болады, біздер не жазсақ сол мәңгілік жадында сақталады. Сондықтан да жаңашыл білім нәрімен сусындауымыз қажет. Ертеңгі сабақтарыңыздың қызықты болуы үшін бүгіннен дайындалып, оқушының қызығушылығын ояту қажет. Ол үшін әрбір сабаққа шығырмашылық ізденіспен, мұқият дайындалуға міндетті. Сол жолда мұғалім әрқашан ізденіп, әртүрлі жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін жүйелі түрде қолдана отыру қажет. Себебі әрбір технологиялар оқушылардың дербес оқу үрдісіне қатысуына түбегейлі ықпалын тигізіп отырады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі, бүгіні жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»,- деп ұстаздардың алатын орны ерекше екендігін тағы да бір нақтылап көрсеткендей. Мен мұғалім ретінде оқушылардың оқу үлгерімін, тәртібін жақсарту барысында жұмыс істесек, тәрбиеші ретінде әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, олардың ішкі жан сырын, ойын түсіне отырып, дұрыс жол сілтеу, бағыт – бағдар көрсету, белгілі бір іске деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс істеуіміз керек.

Жаңа белеске аяқ басқан әрбір адамға жақсы маман болып қалыптасуы үшін білім, тынымсыз еңбек, өзіне деген сенімділік, мақсатына жетуге деген ерік-жігер, тиянақтылық сияқты қасиеттер қажет. Осындай жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, еңбек жолын бастаған әрбір жас тәрбиеші өз мамандығы арқылы қоғамға, жалпы адамзатқа тигізер пайдасы көп екеніне сенемін. Қазіргі таңда жаһандану дәуірінде ғылым мен техниканың даму кезеңі. Білім ордаларына қойылатын талаптар да өзгеше: бәсекеге қабілетті, өзіне сенімді, шығармашыл, дарынды, көп тілді меңгерген, білімді жеке тұлға қалыптастыру. Соның ішінде ақпараттық технологияның даму қарқыны қоғамның дамуына жақсы әсер етуімен қатар, оқушыларымыздың тәлім-тәрбиесіне, оқу үлгеріміне өз зиянын тигізуде.

Білім алушыларымыздың барлығы бос уақыттарында дерлік ғаламтор желісінде отырып агрессивті мінез-құлық қалыптастыратын ойындар ойнап, одан қалса көгілдір экран алдында шетелдік ән тыңдап, фильмдерін көріп отыратындығы барлығымызға аян. Аталған себептердің нәтижесінде оқушыларымыздың мінез-құлқында, тәлім-тәрбиесінде, өмірге деген көзқарастарында көптеген қиыншылықтар туындауда. Сонымен қатар, ата-аналардың бала тәрбиесімен айналысуға уақыттарының жеткіліксіздігі, балаларын материалдық тұрғыда қамтамасыз етіп, моральдық тұрғыда қолдауды ұмытып кетіп жатады. Бұл жерде мектеп психологтарына да артылар жүк ауыр. Тәрбиеші әрбір оқушының жан дүниесін түсіне отырып, көмекке зәру жанға уақытында қолдау көрсетіп, қайғысына ортақтасып, қуанышына қуанып, қателігі болса түзеп, жақсылығы болса, мадақтап отыруға жұмыс жасайды. Міне, сондықтан тәрбиеші мамандығына деген сұраныстың арту себебі де осында.

Мен тәрбиеші маманы ретінде жұмыс істей жүріп, халқымыздың адам жаны туралы көне ғасырлардан бері айтылып келе жатқан ойларымен таныстым. Солардың бірі Әл – Фараби, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлының жан мен тән туралы ойлары қазақ халқының жан мен тән үндестігіне бұрыннан көңіл бөле білген дана халық екендігіне тағы да бір көзімді жеткізді. Қазіргі таңда мен ұлттық педагогикамен қатар, шетелдік педагог – ғалымдардың ой – пікірлерін, тәрбиеші әдістемелерін практикалық жұмыс істеу барысында қолданамын. Мақсат – айқын, міндет – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш – жігерім мен білімімді сала бермекпін.

Ұлы ойшыл Әл-Фараби: Ісім онсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз... деген қанатты сөзі мен үшін өмірлік қағидама айналғандай. Сол себепті де мен өз ісімнің білгір маманы болуды мақсат еттім. Сонда менің ісім әрқашан да оң нәтижесін берері сөзсіз.
Менің мамандығым – ол менің мақтанышым!

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет» деген сөздеріне ой жүгіртсек, мұғалім мамандығындағы менің парызым алдыма білім алуға келген әр баланың қолынан жетектеп өмір жолының дұрыс бағытына салу, елімізді әлемге танытатын, ата дәстүрді құрметтеген, ең бастысы Отанын сүйетін азаматты тәрбиелеу, осы жолда еңбектену, іздену, мақсатқа жету...

Ал, көздеген мақсатқа жету менің қолымнан келеріне сенемін.

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!