Материалдар / Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Волейбол ойынын ойнап үйрету, допты қабылдап, лақтыруға машықтандыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
3069
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қысқа мерзімді жоспар № 7


Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ойын арқылы мәселелерді

шешу дағдылары

Мектеп:

Күні:

Сынып: 8а,ә Мұғалімнің аты-жөні:Сулейменова А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру

Оқу бағдарламасына сілтеме

8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар келесіге қабілетті:

- қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді

- Ойынның балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді қолданады және талқылай біледі

- Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті:

- ойын ережелер мен құрылымдық тәсілдерді қолданады және талқылай біледі

- қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді

Бағалау критериі

- арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді;

- арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіреді және көрсетеді;

Тілдік мақсаттар

Спорттық ойындардағы қажетті қозғалыс дағдыларын көрсетеді және талқылайды

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Қауіпсіздік ережесі

  • Шығармашылық, икемділік

  • Ереже, қауіпсіздік

  • Шабуыл, қорғаныс

  • Допты қабылдау, жалғау, ойынға қосу

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

-Тапсырмаларды орындау кезінде біздер неліктен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауымыз керек?

- Волейбол алаңында қандай ойын аймақтары бар?

Құндылықтарды дарыту

Білім алушылар бір-бірімен келісіп және үйлесімді жұмыс жасауға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Ойын арқылы денсаулықты шыңдау жаттығуларын біледі..

Бастапқы білім

Қозғалмалы ойындар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин







  1. Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».

Мұғалім Сіздер үшін қозғалмалы ойындар арқылы денсаулықты шыңдау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

-ойын арқылы денсаулықты шыңдауды біледі.

-допты тордан асыру тәсілдерін орындайды

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Комплименттердің бұрқасыны»

Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплименттердің жеке сөздер (эпитеттер) түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады.

Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады.

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы


25 мин

(Ж, Т, ЖЖ, ҚБ) Сыныпты жұптарға бөлу қажет. Әрбір жұп волейбол алаңының қаптал сызықтарын бойлай қарама-қарсы тұрады.

1. Допты қабылдау және жалғаулар кезкелген игерілген тәсілдермен орындалады:

- алға-жоғары серіктесіне тура;

- одан бір шетке қарай;

- екі рет жалғаудан соң 1800 айналып.






2. Сыныпты топтарға бөлу қажет. Оқушылар №6, 3 және 4 аймақтарына орналасад. Оқушылар допты №6 аймақтан №3 аймаққа, №3 аймақтан №4 аймаққа жалғайды, №4 аймақтағы ойыншы допты өзінің үстіне жоғары көтеріп №6 аймаққа жалғайды және т.с.с. Ойыншы допты жалғаған соң өзі шыққан лектің соңына барып тұрады.

Дескриптор :

- алға-жоғары серіктесіне тура береді.

- одан бір шетке қарай береді

- екі рет жалғаудан соң 1800 айналып орындайды.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

- доппен орындалатын жаттығулар сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді?

- Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Үлкен, бос, ойын кеңістігі, теннис доптары, ысқырық, конустар, фишкалар, өлшеуіш.










Кең, бос ойын кеңістігі. Ысқырық, волейбол доптары, тор, нығыздалған доп.

Сабақтың соңы





5 мин

VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер алыптар (Ергежейлілер отырды, алыптар тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.

Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?

Оқушылар иірілу мен бұрылу арасындағы айырмашылықты біле ме?

Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!