Материалдар / Онлайн сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Онлайн сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Онлайн сабақтарына арналған сабақ жоспарлары Тақырыбы: жеңіл атлетика жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. 1 курсс Колледж оқытушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2021
714
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Геологиялық барлау колледжі» КМҚК


11 сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы


Тақырып 8. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру

Курс, топ

1 курс

Модульдің атауы/пән

Дене тәрбиесі

Оқытушы

Рустемов Р.З.

Мерзімі


Сабақтың типі

Тәжірибелік

Сабақтың оқу мақсаттары

1. Барлығы: Білім алушылар басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды бағалауын түсінеді.

Көбі Білім алушылар басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды бағалауын түсінеді, біледі, айта алады.

Кейбірі: Білім алушылар басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды бағалауын түсінеді, біледі, айта алады, көрсетеді, сипаттайды және реттілікпен қолданады.

Бағалау критерийлері




1. Орнынан ұзындыққа секіру және жүгіруден ұзындыққа секіру фазаларын ажыратады;

2. Орнынан ұзындыққа секіру техникасын және жүгіруден ұзындыққа секіру техникасын меңгеру үшін жетекші жаттығуларды орындайды;

3. Жүгіруден орыннан ұзындыққа және ұзындыққа секіруде техникалық-тактикалық дайындықты қолданады.

Оқу-әдістемелік, техникалық жабдықтау, анықтамалық әдебиет

Дене тәрбиесі мұғалімінің кітабы Николай Коробейников, Александр Михеев, Иван Николенко.Издательство: Высшая школа 1989ж. Дене тәрбиесі кітабы Кофман Л.Б. 1998ж.Москва.

Пәнаралық байланыстар

Алғашқы әскери дайындық,Физика,Биология.


Сабақтың барысы

Жоспарланған мерзімдер

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

0-1 мин.

-сәлемдесу

-тексеру

- сабақтың тақырыбын айту


Сабақтың басталуы

2-10 мин.

Жалпы дамыту жаттығуларын жасау

Орында тұрып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары:

1.Аяқ иық көлемінде қол белде басты оңға қарай 4-рет, солға қарай 4-рет айналдырамыз

2. Аяқ иық көлемінде қолды алға созып білекті ішке қарай 8-санға, сыртқа қарай 8-санға айналдыру.

3. Аяқ иық көлемінде шынтақты 4-санға ішке қарай 4-санға, сыртқа қарай айналдыру.

4. Аяқ иық көлемінде қол иықта,иықты алға 4-санға, артқа 4-санға айналдыру.

5. Аяқ иық көлемінде оң қол жоғары сол қол төмен, 1-2-санға оң қолды,3-4санға сол қолды артқа қарай сермиміз.

6. Аяқ иық көлемінде қол кеуде тұсында шынтақ бүгулі, 1-2-санға жартылай колды бүгіп артқа кереміз,3-4 санға колды толық жазып артқа кереміз.

7. Аяқ иық көлемінде оң қол жоғары сол қол белде 1-2 санға солға иілеміз,3-4 санға оңға иілеміз.

8.Қол белде белді оңға 4 рет солға 4 рет шеңбер тәрізді айналдыру

9. Қол белде кеудені оңға 4 рет ,солға 4 рет шеңбер тәрізді айналдыру

10. Аяқ иық көлемінде қолды алға созып отырып тұрамыз. 10 рет.

-өткен сабақ тақырыбын қысқаша сұрау


Сабақтың ортасы

20мин

Тақырып 8. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру

Ұзындыққа жүгіріп келіп секіру төрт сатыға бөлінеді:

Екпін. Екпін керекті жылдамдықты жинап алу үшін қажет. Екпін алғаннан кейін секіруші жүгіріп жылдамдық алады. Мұндағы жүгіру адымдық жүгіру деп аталады. Секіруші өзінің әр жүгіру адымын, қозғалысын қадағалау керек және жүіріп келе жатып оң, солға қозғалмай түзу жүгіру керек, адымы өте кең болу керек.

Итерілу. Итерілуге жақындағанда секіруші соңғы 3-4 адымдық жылдамдығын көбейту керек. Белгіленген сызыққа келгенде секіруші сызықтан аспай бар екпінмен жерге түсу үшін ұшады.

Ұшу. Секіруші белгіленген сызықтан екпін алып секіргеннен кейін ұшу кезеңі басталады. Ұшу кезінде секіруші өзін бір қалыпта ұстап, мүмкіндігінше алысқа жерге түсудің тәсілдерін орындайды.

Ұшу кезеңінде тәсілдерді үш түрге бөліп қарауға болады:

1)ұшу кезінде бір аяқты бүгу;

2) ұшу кезінде екі аяқты бүгу;

3) ұшу кезінде екі аяқты қайшыландыру, яғни ұшып бара жатқанда екі аяқты ауада кезек-кезек сермеу.

Ұшу кезіндегі тәсілдер -секірушінің қаншалықты ұзындыққа секіретінін көрсететін шешуші тәсілдер.

Жерге түсу. Бұл секірудегі соңғы тәсіл, секірушінің қанша ұзындыққа секіргенін көрсетеді. Жерге түсу кезінде екі аяқтың тізесін жазады, иықты, кеудені алдыға қарай бүгіп, екі қолды төмен немесе алға жібереді.

classroom.google.

com

презентация, лекция және видео көрсету

Сабақтың аяқталуы

3-4мин

Үй тапсырмасы

Жалпы дамыту жаттығулары


Сабақты қорытындылау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!