Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқытудағы құзыреттілік тәсілдерінің жеке тұлғаға бағытталуы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Айдарбаева Асель Балтабаевна
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,
«Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық – педагогикалық
тұрғыдан қолдау» кафедрасының аға оқытушысы
Оқытудағы құзыреттілік тәсілдерінің жеке тұлғаға бағытталуы
Құзыреттілік – білім алушының әрекет-тәсілдерді жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі болғандықтан, құзыретті тұлға қалыптастыру міндеті бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды. Өз бетінше білім алу құзіретті тұлғаны басты ерекшелігі.Өйткені, жаңа білім парадигмасына сәйкес оқу процесін ұйымдастыруда «оқушыны қалай оқыту емес» ,керісінше «оқушыны оқуға қалай үйрету керек » маңызды болып саналады. Сондықтан «құзіреттілік» ұғымы маңызды мәселе боп саналады.
Оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді. «Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын білім беру мекемесіндегі педагогикалық үдеріске енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді. Сондықтан пәндерді құзыреттілік тұрғысынан оқыту мәселесін оқу-тәрбие процесі барысында басшылыққа алып, интерактивті оқыту тәсілдерін қолданудың педагогтардың біліктілігін арттырудағы маңызы ерекше.
«Құзыреттілік» термині соңғы кездерде ғылымның әртүрлі саласында көрініс тауып, қолдану мүмкіндігіне қарай құзыреттілік, құзыретті деп түрліше қолданылып жүр. Құзіреттілік сөзі латын тілінен аударғанда «компетенция» (лат. Competere – дегеніне жету, үйлесіп келу, талапқа сай болу) – белгілі бір тұлғаның сол салада жақсы танымы, тәжірибесі, хабардарлығы бар мәселелер шеңбері; біреудің, белгілі бір органның немесе лауазым иесінің өкілеттік шеңбері деген мағынаны білдіреді .
С.И. Ожеговтың сөздігінде «құзыреттілік» сөзіне төмендегідей анықтама берілген: «құзыреттілік – біреудің бір топ мәселе төңірегінде жақсы хабардарлығы».
«Құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту процесінде білімді қолданудың нәтижесі ретінде қарастырылуда.
Оқытудағы «құзыреттілік» «құзыреттілік тәсіл» дегеніміз не? «Бұл ұғымдардың еліміздің білім беру жүйесінде қандай маңыздылығы бар және « тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру» қалай жүзеге асады?» деген заңды сауал туындайды.
Қазіргі таңда «білім сапасы» категориясының мазмұнын ашуда құзыреттілік ұғымы ерекше орын алады. Зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша құзыреттілік тек білімге ғана емес, біліктілікке жақынырақ және адамның әртүрлі қажетті салалардан хабардар болуын сипаттайды. Яғни құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдардан тұрады. Бірақ құзыреттілік жай ғана бұл ұғымдардың жиынтығы емес, сонымен бірге ол мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетінің тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді.
Қазіргі оқытудың мақсаты оқу пәндері бойынша білім жүйесін, өзбетінше жұмыс істеуге қажетті біліктілік пен дағдыны, ғылыми дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастыруды, оқу және еңбек қызметі мен қоғамдық қызметке ынта тудыруды қамтамасыз ететіндей мазмұнды игертуді көздейді.
Ұстаздың құзіреттілігі.
Мұғалім өз ісінің маманы болуымен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасын мен пікірін сыйлау, тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан – жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт.Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселелерін өзі жақсы білуі керек» деген тұжырымынан «Шығармашыл ұстаз шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын аңғарылады. Құзыреттіліктерді меңгерген мұғалім шығармашыл шәкірт дайындауға даяр.
Құзыреттілік – оқу нәтижесінде меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Нәтижеге бағытталған сапалы білім беруде мұғалімнің төмендегідей құзыреттілігі бар:
Арнайы құзіреттілік – өзінің кәсіби қызметімен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет. Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытуды іске асыруда түрлі инновациялық технологиялардың әдіс–тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Сонымен қатар білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін өз ісінде шебер сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.
Әлеуметтік құзіреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті, ұжыммен, топпен қызмет ету, кәсіби қарым – қатынас тәсілдерін қолдана білу. Яғни, мұғалім оқушылармен қарым – қатынаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек.
Пәндік құзіреттілік – білім беру қызметінде белгілі бір пәндер шеңберіне қатынасты білім, біліктілігі және дағдысы мен іс – әрекетінің сапалар жиынтығы. Педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі.
Ақпараттық құзіреттілік – ақпараттарды іздеп табумен , оларды сақтай білумен, таратумен ерекшелінеді.
Оқыту процесі барысында оқушының пәндік, ақпараттық және т.б. құзыреттіліктері қалыптасады.
Педагогтың іс-әрекетінің нәтижесін зерттеулер мен зерделеуге сүйене отырып. қазіргі уақытта мұғалім мына төмендегі сипаттамаға лайық болуы тиіс екендігі атап көрсетіледі:
-
ол теорияны жақсы меңгерген, ұдайы ізденіп, өзінің пәндік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік білімін, мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болуы;
-
өз мамандығын жақсы көретін, біліктілігі жоғары,кәсіптік шеберлігін ұдайы ғылымға негіздей отырып дамытатын адам болуы;
-
белгілі педагогикалық технологияның толық әдістемесін меңгерген, ғылымның әр саласынан хабардар, жан – жақты білім болуы;
Оқушылардың құзіреттілігі.
Бірінші құзыреттілік - оқушының проблемаларды шешу құзыреттілігі бойынша:
-
әртүрлі тілдік жағдаяттардағы проблемаларды анықтайды, өздігінен
шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтижесін бағалай алады;
-
өзгермелі өмір жағдайларында туындаған жағдаяттарда міндеттерді шешетін технологияларды таңдай алады, сөздерді өз мақсатына, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талғап қолдана алады;
-
өзгелермен тіл табысуға қажетті сөздерді талғай алады; сөздік қорын өз бетінше толықтырады.
Екінші құзыреттілік – ақпараттық құзыреттілік бойынша:
-
ақпараттарды сыни тұрғыда талдайды, соның негізінде саналы шешім қабылдайды;
-
тілдің танымдық қызметтерін өз мақсатына сай қолдана алады;
-
логикалық операцияларды еркін қолдана отырып ақпараттарды өз мүмкіндігіне сай өңдей алады; сөйлеу әрекетін жоспарлауда және оны жүзеге асыруда ақпараттарды талғап қолданады;
-
мәтіннің көркемдеуші және мәнерлеу құралдарын анықтай алады;
-
ақпараттар негізінде көздеген мақсатына сай мәтін түрлерін құрайды, әр жанрға тән тілдік құралдарды пайдаланып, шығармашылық жұмыстарды орындайды.
Үшінші құзыреттілік – коммуникативтік құзыреттілік бойынша:
· сөйлесімнің барлық компоненттеріне тән дағдыларды меңгереді;
· ауызша және жазбаша тілде сөзді құрау ережелерін, сөзді таңдау тәсілдерін және грамматикалық нормаларды ұстанады;
· оқу материалдары бойынша іскерлік қарым-қатынасқа қажетті дағдыларды меңгереді;
· ауызша, жазбаша сөйлеу қажетті коммуникативтік сапаларды қолданады;
· білімділігіне сүйеніп өзіне сай тілдік құралдарды пайдаланып, өз ойын дәлелдей алады;
· ұсынылған тақырып пен ситуациялық тапсырмаларға сай сөздерді орынды таңдап, жұмсай алады;
Демек, құзіреттілік – жеке тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, білік, дағды, іскерлік, әрекет тәсілі) жиынтығы. Оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді.
Сонымен, құзыреттілік – оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін - білім берудің нәтижесі.
Құзыреттілік – бұл білім алушының алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Мектеп директорының орынбасары» №6,2011 жыл
-
Сегізбаева О.А. Қазақ философиясының тарихы. – Алматы, Ғылым, 1999 ж.
-
Білімдегі жаңалықтар. №3-4 2009ж.
-
Қазақстан мектебі. №11 2008 ж
А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі//2009
-
М.И.Скаткин.Зерттеу мәдениеті-педагогикалық қабілет// 2008
-
Л.Горбунова Зерттеу туралы білімі, білік дағдысының болуы // 2007
-
И.Д.Богаева .Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік//2009