Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ
Габитова
В.А.
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ӘДІСТЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ
ТИІМДІЛІКТЕРІ
Аңдатпа. Бұл мақалада оқытудың жаңа
технологиясының әдістері туралы айтылады.Мемлекеттік тіл-қазақ
тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету,қарым-қатынас құралы ретінде
күнделікті тұрмыста қолдана алуы туралы сөз қозғалады.Қатысым әдісі
арқылы тілді меңгертуге байланысты сабақ үстінде пайдаланатын
әдістерге тоқталған.Тіл үйрену арқылы елімізді,тілімізді
құрметтеу-аса жауапты іс екендігі
айтылады.
Кілт сөздер: қазақ тілі,қатысым
әдісі,мұғалім,студент.
Өмірде болып жатқан өзгерістер егемен
елімізге елеулі жаңа серпіндер енгізуде.Қазіргі кезде тілді
үйретушілерге жаңа талаптар қойылуда.Оқытушылар өзге ұлт өкілдерін
халқымыздың бай әдеби мұрасы мен әдеп-ғұрыптарына негіздей отыра
оқытуды көздейді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ
тілін басқа ұлттарға қарым-қатынас құралы ретінде оқытылуы
қажет.Өзге ұлттардың мемлекеттік тілімізді саналы түрде игеруі-ҚР
мемлекеттік тіліне,қазақ халқына құрметі деп қабылдауға
болады.
Университетіміздегі жоғарғы
оқу орнына дайындық факультетінде шетелден келген қазақ
диаспорасына қазақ тілі мен оқу сауаттылығы пәні жүргізіледі.Өзге
мемлекеттен келген қандастарымыз төте жазуын пайдаланып
келгендіктен, қазақ тілі әліпбиін меңгеруде қиындықтар
туындауда.ҰБТ-ға дайындау кезінде оқу сауаттылығынан мәтінді оқыта
отырып,тесттегі дұрыс жауаптарды табу үшін олар қазақ әліпбиін
білуі тиіс,сондықтан алғашқы сабақтарымызда дыбыстарды үйретуге көп
күш жұмсаймыз. Қазіргі кезде нәтиже жаман емес,әр ай сайын өтілетін
аралық бақылауларда жақсы деңгейге
жетуде.
Ғалам жаңарған сайын адам да бірге дамып
жаңаруда.Бұрынғы Кеңес кезіндегі оқыту әдістемесімен қазіргі
жаңарған оқыту технологиясын салыстыруға болмайды. Жыл сайын
оқытудың әдіс-тәсілдері
дамуда.
Ғылымның алуан түрі бар.Солардың бірі-қазақ
тілін оқытудың әдістемесі.Жеті елдің тілін біл,жеті түрлі білім
біл»- дегендей, тілді үйрену үшін көп білім керек. Қазақ тілін
сауатты үйрету оқытушының шеберлігі болып табылады.Әр сабақта
өтілетін материалды оқушыға жеткізу- ол мұғалімге
байланысты,сондықтан ұстаз білімді және өз ісінің шебері болу
керек. Сонымен қатар,ұстаз педагогикалық технологияларды білуі
тиіс. Нәтижеге жету үшін оқытушыдан шығармашылық,жоғары кәсіби
дайындық,жауапкершілік талап
етіледі.[1]
Педагогикалық технология-техникалық және адам
психологиясын ескерген,оқыту үрдісін құруды іс жүзінде асыруға
арналған білім беруді көздейтін әдістемелер жиынтығы.
[1]
Қазақ тілін оқытуда мынадай
шарттарды ұстану керек:
1.Ұлттық тәрбие-елтану,адамгершілік
қасиеттерімен тәрбиелей отырып дамыта
оқыту;
2.Қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтуға
үйрету;
3.Сөздік минимум
қалыптастыру;
4.Грамматикалық сауаттылықты
үйрету;
5.Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін
меңгерту арқылы күнделікті тұрмыста қолдана алуын қамтамасыз
ету;
6.Сөйлемді байланыстыра сөйлеуге
үйрету.
Қазіргі кезде жас ұрпаққа ұлттық
салт-дәстүрде тәрбиелейтін жаңа педагогикалық технологиялар пайда
болуда. Қазақ тілінөзге ұлт өкілдеріне коммуникативтік тұрғыдан
оқыту қатысым әдісі арқылы жүзеге асатындықтан, оқушыларға қатысым
әдісі арқылы оқыту қолға алына бастады.Қатысым сөзі-қатыс,байланыс
сөзінің баламасы.Қатысымдық әдіспен оқыту жүйесінде айқындалған
бастаған тікелей байланыс,жүргізілетін жұмыстарды айқындау,жеке
қабілетін ескеру,сатылап дамуы,динамикалық өзгеру мен өзектілік
принциптерінің тілді үйретудегі маңыздылығы болып
табылады.
Тіке
байланысұстанымы
бойынша оқыту принцип адамдардың тек тікелей
жүздесуі,сөйлесуі,өзара қарым-қатынасы арқылы болады.Бұл жерде тек
оқытушы мен оқушының ,үйренуші мен үйретушінің қатар іс-әрекеті
арқылы жүзеге асады. Сабақ барысында өтіліп отырған тақырыпқа
байланысты әр түрлі сұхбат түрлерімен жұмыс жүргізу, яғни
аяқталмаған сұхбатты
толықтыру:
-Сіз Қазақстандықсыз
ба
-*******************
-Сіз азаматтығыңызды алдыңыз
ба
-*******************.
Адамның жеке қабілетін
ескеру жөніндегі принцип тіке байланыс үрдісіне
негізделетіндігінен бұл жерде тіл үйренушінің жеке басының
психологиясына,ынтасы мен зердесіне,қабілетіне қарай
бейімделеді.Мысалы,тілді үйренуші студентке қосымша тапсырмалар
беру арқылы өз бетінше белгілі бір тақырыпты меңгертудің бағыттарын
ұсыну,мәтіндегі жаңа сөздерді игерте отырып сөздік қорын толықтыру,
және т.б. тапсырмалар орындатуға
болады.
Сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың
түрлерін айқындау
үрдісі қатысымдық әдістің сапалы болуын
қамтамасыз ететіндігі.Бұл принцип оқыту үрдісінде жүргізілетін
жұмыстың бірнеше түрін қамти келіп,жұмыс түрлерінің санымен
емес,сапасымен ерекшеленеді.Сабақта жүргізілетін жұмыс түрлері
ауызша және жазбаша түрде
орындалады.
Жұмыс түрлерін
айқындау принципі мұғалімнің жан-жақты ізденуінен
алдына нақты міндет қоя отырып ,әр сабақтың мақсатын айқындап және
үйрету барысында, мұғалімге еркіндік береді.Белгілі бір мақсатқа
орай оқытушы жұмыстың түрлері мен талабын оқушының жеке басынының
қажеттілігіне сай көбейтіп немесе азайтып
отырады.
Сатылап даму
ұстанымы мұнда оқытушы мен студенттің тіке байланысы
да,студенттің жеке қабілетін ескеруде,сөйлесуге үйретуде
жүргізілетін жұмыстың түрлері де жеңілден қиынға,қарапайымнан
күрделіге,аздан көпке тағы басқа сатылап өсу үстінде болу
керек.
Динамикалық өзгеру
ұстанымы принципінде сабақты бір сарында
өткізу,студенттің сабаққа деген қызығушылығын,ынтасын
,белсенділігін төмендетіп жіберуі әбден мүмкін,сондықтан да ,әр
сабақ тіл үйренуші үшін жаңалық болуы тиіс.Бұлжерде оқытушының
әдістемелік шеберлігіне
байланысты.
Өзектілік
ұстанымы бір тілдік қарым-қатынасқа бағынуын талап
етеді.Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыстардың барлығы сол өтілетін
лексикалық тақырыпқа байланысты-сұрақ-жауап,тексеру мен бақылау
да,тыңдалым,оқылым, жазылым,айтылым кезеңдерінде орындалатын
тапсырмалар аясында болады. Жалпы түрде жинақтап айтсам,осы
қатысымдық әдісті қолдану нәтижесінде студенттің сөздік қоры
дамиды,дұрыс сөйлеу мәнері қалыптасады, дұрыс оқып-жазуды
игереді.[2]
Әдістеме ретінде ашық
сабағымның нұсқасын беріп
отырмын.
Тақырыбы:Саяхатқа шығайық.
Әуежайда.
Сабақтың
мақсаты:білімдік: Білім алушыларға лексикалық
тақырыпқа байланысты сөздерді оқуға, дұрыс пайдалана сөйлеуге
үйрету және тұрақты сөз тіркестерін дұрыс пайдалануға
үйрету.
дамытушылық Білім алушыларға ойлау,
есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
тәрбиелікБілім алушыларды әдепті
сөйлеуге, таза жазуға, сауаттылыққа тәрбиелеу. Топпен жұмыс жасауға
үйрету, бір- бірінің пікірін тыңдауға
үйрету.
Сабақтың
типіЖаңа
сабақ
Сабақтың
қамтамасыздандырылуы
а) оқу-көрнекілік
құралдар
оқулықтар. Фламастерлер,
маркерлер, стикерлер, түрлі түсті
қағаздар.
б) үлестірмелі
материалдар
кеспе қағаздар,
А4 қағаздары
в)ТОҚноутбук,
проектор.
Пәнаралық
байланысдене шынықтыру, көркем
еңбек.
Қолданатын
әдебиет
НегізгіҚазақ тілі
11класс
Сабақтың
жоспары
Саяхатқа шығайық.
Әуежайда.
Сабақтың өту
барысы
Ұйымдастыру
кезеңі/
Сәлемдесу. Білім
алушылардың сабаққа әзірлігін және
құрал-жабдықтарының түгел болуын
қадағалау.
Сабақ бастамас
бұрын,фигуралар арқылы 3-топқа бөліп отырғызамыз,топтан басшы
сайлаймыз.(жүрекше,жұлдызша,үшбұрыш)
1-топ-ТУ-134
2-топ-Боинг-707
3-топ-
Ғоккер-100
Оқушылардың біліктілігі мен
дағдысын тексеру
Сұрақ қою арқылыүй
тапсырмасына жауап береді-5
мин
Сұрақтар
1. Қонақ түрлерін
атаңыз?
2. Қонаққа қатысты қандай
мақал- мәтел білесіз?
3. Қонақ әдебі дегенді
қалай түсінесіз?
Жаңа тақырыптың мазмұны мен
жүйесі
Сұрақ қою арқылы жаңа сабаққа
көшеміз.
1. Сіз қонаққа барғанда қандай
көлікпен барасыз?
2. Қандай көлік түрлерін
білесіз?
3. Сіз қандай қалаға
саяхатқа шығып көрдіңіз?
Жаңа
сабақ.
Лексикалық
тақырып.(Мультиктен
үзінді-1,33 мин,тақырып
көрсетеміз)
Айтылым
Әуежай суреттері
арқылысөзге тарту. Енді балалар, тақтаға
қарап, суретте не бейнеленгені
айтыңызшы. Сын
тұрғысынанойлау.
Дұрыс. Қазақ тілінде бұл
әуежай.
Оқушылардысабақтыңмақсатыментаныстыру.
-Балалар, бүгінбізсабақта не істейміз?
«Саяхатқа шығайық. Әуежай»
дегентақырыппентанысамыз. Сабақтабізбілгенінескетүсіреміз,
керектісөздерментанысып ,өзбілімдерімізді ары қарайжетілдіреміз.
Тапсырмаларарқылыграмматикалықтақырыптарбойыншажұмысжүргіземіз.
Жаңа материалды бекіту,
біліктілік пен дағдыны қалыптастыру
Ал
енді,әуежайлартуралыбейнероликтеркөрейік
(4.30мин)
Тыңдалым
«Әуежайда»
мәтініментанысу(.Проекторданоқыпжұмысжасайды.)-сын
тұрғысынанойлау
Әуежай – әуе көлігі
құралдарымен тұрақты түрде жолаушыларды, жүк пен пошта
тасылмалдауды қамтамасыз етуге арналған кәсіпорын.Жабдықталуы мен
тасымалдауының дәрежесіне қарай халықаралық және жергілікті
әуежайлар болып ажыратылады. Әуежай радиолокатормен , автоматты
радиотехникалық құралдармен,
жарықталады....
1 – тапсырма.Мәтін
бойынша сұрақтарға жауап
беріңдер
Әуежай қандай
кәсіпорын?
Әуежайлар қандай түрлерге
бөлінеді?
Әуежайлар қалай жабдықталады?
Әуежай орнын қалай таңдайды?
Аэродромда қандай орындар
болады?
Қызмет көрсету – техникалық
аймағына нелер жатады? [3]
Оқылым-15
мин
1 – тапсырма. Сөйлемдерді
қазақ тіліне аудару.
2- тапсырма. Сұрақтарға жауап
беру.
3-тапсырма.Осы сөздер бойынша
сөйлем құрау.
Сергіту сәті Көңілді
күн(балалар орнынан тұрып
билейді)-2.12мин
Жазылым
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР(видео
арқылыкөрсетемін)-15 мин
Тақтада сөйлемдердің орын
тәртібін дұрыстап, орын-орынға қояды,синтаксистік
талдау(АҚТ)
3-топқа 3-түрлі тақырыпта
жоба жұмысы-10 мин
орындайды,5-мин қорғайды-Постер
қорғау(ғаламтор арқылы
ізденеді)*-топ басшылары бағалап
отырады
Алматы
әуежайы
Астана
әуежайы
Атырау
әуежайы
Сабақтың
қорытындысы
Билингвалдық компонент,
кубизм әдісі -5 мин
кубик арқылы сөздерді табу
және орыс,ағылшын тіліне
аудару.
Рефлексия
Смайликтер арқылы сабаққа баға
беру
Бағалау
Топ жетекшілері өз тобына баға
береді.
Үй
тапсырмасы15-
жаттығу