Материалдар / Орын ауыстыру 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Орын ауыстыру 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
2864
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: ______________Хиясова З.Қ.

Дене сабақ жоспары: 5"а" сыныбы.

Сабақтың тақырыбы: Волейбол. Ойыншының тұрысы орын ауыстыруы.

Сабақ уақыты: 45мин.

Сабақтың өтетін күні: 24.12.2017 жыл.

Сабақтың өтетін орны: Мектеп спорт залы.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Оқушылардың ширақтық, жылдамдық, күштілік, еркіндік және эстетикалық сапаларын арттыру;

Құрал-жабдықтары. Ысқырғыш, волейбол торы, волейбол доптар.

Сабақтыөткізген мұғалім: Уралбекова Гүлмира


Қозғалыс әрекеттері, мазмұны

Қозғалыс мүмкіншілігі

уақыты

Әдістемелік нұсқаулар, ескертулер

Кіріспе бөлімі 15 минут

Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, түгендеу.

Сабақтың тақырыбы хабарлау.

Саптық жаттығулар.

Жүру жаттығулары:

-қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,

-қол белде, өкшемен жүру;

-қол алда, жартылай отырып жүру;

-қол желкеде, толық отырып жүру.


Жүгіру жаттығулары:

-қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;

Жүгіру жаттығулары:

-қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;

-қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;

-сол қол алда, артпен жүгіру;

-қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру;

-қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.

Екі қолды алға созып, тізені жоғары көтеріп жүгіру.

-екі қол артта, аяқты артқа лақтырып, қолда тигізе жүгіру;

-екі қол жанда, аяқты жанға сермеп жүгіру;

-сап бойынша жүру;

-тыныс алу жаттығулары.


Жалпы дамыту жаттығулары:

-Б.қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;

-Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз;

- Б.қ. аяқ арасы иық кеңдігінде екі қолды белге қойып, белімізді оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз;

-Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;

-Б.қ. қол белде, аяқ барынша алшақ, оң аяққа отырып сол аяқты созу; сол жақ аяққа отырып, оң жақ аяқты созу;

Секіру жаттығулары: отырған күйде жоғары секіріп алақандарымызды слғып аяқтың ұшымен түсу;






6-8 рет





6-8 рет

















8-10 рет











10 рет



1-2





2-3

















6-7











1-2

Сабаққа қатысын, формасын қадағалау. Көңілге зейін назарлау.

Дұрыс жасауын қадағалау.



Оңмен, солмен, арқамен жүгіру. Аяқты алшақ басып, тізені жоғары көтеріп жүгіру.













Әрбір жаттығуда талапқа сай әдемілеп орындау. Көрсету,

Негізгі бөлім 25 минут











Волейболшының тұрысын орын ауыстыру.




Волейболшының тұрысымен допты астынан қабылдау кезіндегі қолдың және аяқтың қалпы. (мұғалімнің көрсетуі).



Допты астынан беру (мұғалімнің көрсетуі).






1. Бір орында доппен жаттығу

Допты жоғары лақтырып, оңға – солға бұрылып астынан қабылдау.

Допты астынан қабылдауда алға артқа секіру.

2. Доппен жүру жаттығулары:











3. допты астынан беру жаттығулары:





4.Доппен жүру жаттығулары:

.

Допты беруде оңға-солға секіру.

1. Бір орында жаттығу жасау:

Астынан биікке беру.

Астынан биікке жоғары-төмен беру.







10













10-15

Денені түзу ұстау, дұрыс тұруын, орындалуын қадағалау.

Допты солдан, оңнан, алдан, арттан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру.

Допты солдан, оңнан, ортадан арттан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру.



Допты солдан, оңнан солдан, оңнан , арттан, ортадан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру.



допты астынан қабылдауға арналған жаттығу: допты жоғары лақтыру, оны қабылдау.


Шеңбер бойы жүріп, допты жоғары лақтырып, оны астынан қабылдау.

Допты жоғары лақтыру, оны оңға-солға бұрылып, астынан қабылдау.

Оңға – солға секіру.


Допты алға жоғары лақтырып, биіктен беру.

Допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып, биіктен беру.



Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, биікке беру.

Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып, биікке беру

Қорытынды бөлімі

5 минут

Оқушылардың сапталуы.

Тыныс жолдарын қалпына келтіру

Қорытынды шығару.

Бағалау, мадақтау, ескертулер.





 

 































Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынының тәсілдерін меңгерту

 

Волейбол ойынының ережелері.

 Волейбол ойыны аумағы  9∕18м алаңда өткізіледі. Ортаңғы сызық алаңды екіге бөліп тұрады. Ортаңғы сызықтың  үстіне екі бағанға керілген волейбол торы орнатылады. Жасөспірім  ер балаларға арналған тордың биіктігі – 220 см. қыздар үшін 210 см. болады. Ойынға әрқайсысына 6 ойыншыдан болады. Ойынға диаметрі 65 – 68 см. салмағы      250 г – дық доп пайдаланылады. Бір команданың ойыншылары үштен артық қол тигізуіне болмайды. Бір ойыншы допқа екі рет қол тигізуі рұқсат етілмейді. Ойын барысында доп қай алаңға түссе, сол команда осы жолы ұпайдан ұтылған болып есептеледі. Жасөспірімдер ойыны 3 немесе 5 кезеңнен тұрады.

Жасөспірімдер

13-14

жастағылар
үшін 

15-16

жастағылар
үшін

17-18

жастағылар
үшін

Ер балалар

Қыздар

2 м 20 см

2 м 10 см

2 м 35 см

2 м 20 см

2 м 43 см

2 м 24 см

Ережелері:

  1. Доп жерге тисе;

  2. Команда допқа үш реттен артық қол тигізсе;

  3. Доп лақтырылса немесе қолда кідіріп (ұсталынып) қалса;

  4. Доп дененің белден төмен кез – келген жеріне тисе;

  5. Ойыншы допқа қатарынан екі рет қол тигізсе;

  6. Ойыншы торға тиіп кетсе;

  7. Қарсы жақтағы допқа ойыншының қолы тиіп кетсе;

  8. Доп кезексіз ойынға қосылса;

  9. Допты арнаулы орыннан ойынға қоспаса;

  10.  Допты ойынға қосқан кезде  сол ойыншы алаңның сызығын басып тұрса немесе ішке еніп кетсе;

  11. Ойынға қосылған доп бағанға, торға т.б. тиіп немесе  алаңнан шығып кетсе.

 

Волейболда допты берудің тәсілдері

Волейбол ойынының ереже – талабы мынадай айла – тәсілдерден тұрады: оқушылардың орын ауыстыруы, допты бір – біріне беруі, допты ойынға қосу, шабуыл соққысы және оған тосқауыл қою. Волейболдағы орын ауыстыру тәсілдерін тіркемелі адыммен, қосарланған адыммен, жүгірумен, секірумен, бағытты кенеттен өзгертумен және допты құлап бара жатып алумен орындайды.

Волейболда допты берудің екі тәсілі болады.

  1. Допты жоғарыдан беру.

Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереді.

  1. Допты төменнен беру.

Бұл жағдайда қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын (тоқпақ жілікті) көтеріп, бұрады.

 

 

 

 

Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру.

Дұрыс тұра білу - жаңа бастаған волейболшы үшін басты шарт. Ойыншының дұрыс қалпы аяғы иық кеңдігінде тізеден бүгілген күйде кеуде ілгері еңкейтіледі, аяқтың біреуі шамалы ғана ілгері шығарылады. Қол шынтақтан бүгіліп, бір-біріне қаратылады. Бұл қалып тұрақты болып қалмауы керек, ол ойын кезіндегі жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Егер тордан шоршыған допты қабылдау керек болса, онда ойыншы біршама бүгіледі де, секіре жазылып, допты соғу арқылы ойынды жалғастырады.

Волейболшылар алаңда қосарланған адыммен жүгіру және секіру арқылы орын ауыстырады.

 

 

Допты төменнен тіке ойынға қосу

Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.

Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді.

 

 

 

 

 

Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады.

 

 

 

Тіке шабуылдау соққысы

Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады. Ұшып келе жатқан допты көргеннен кейін, қолдарын алға әрі жоғары көтере серпіле секіру керек. Ұратын қол допты соғу үшін сермеледі. Кеуде шамалы ғана артқа шалқайтылады. Соғу кезінде кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмсынады.

Соққы допқа күшті тиюі үшін қолдың ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл болуы үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс.

Шабуыл соққыларын жасауды бірден үйрену қиын. Сол себепті сабақта болмаса жеке жаттығу кезінде мына қимыл-қозғалыстарды орындап машықтанған жөн:

  • Бір не екі қадаммен секірген кездегі аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділігін орындап көру;

  • Шабуыл соққысын жасау;

  • Екпін алып, тор арқылы теннис добын лақтыру (бұл жаттығуды орындағанда шабуылдап доп соғуға тән қимыл-қозғалыстардың ырғағын сақтай білу);

  • Резеңке серіппедегі (амортизатордағы) допты ұру;

  • Екпін алып секіріп, теннис добын қағып алу;

  • Теннис добын жоғары лақтырып, тор арқылы "шабуыл соққысын" жасау (әуелі тек жай секірістен және жұппен орындау);

  • Тордың маңындағы ұстағышқа (держатель) бекітілген допты соғу;

Серігінің көтере лақтырып берген добын тор арқылы соғу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дене шынықтыру сабағында волейбол тәсілдерін меңгеру мақсатында орындалатын

Арнайы жаттығулар

1.Алаңда орын ауыстыра білу

     Алғашқыда асықпай орынды    ауыстыра білуге дағдылану. Мұғалімнің ысқырығы арқылы бір мезгілде алаңда орынды тез ауыстыра білуіне көңіл бөлу. 

2.Волейболшының тұрысын қайталау.

Допты солдан, оңнан, алдан, арттан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру. Волейболшының тұрысымен допты астынан қабылдау кезіндегі қолдың және аяқтың қалпы. Допты солдан, оңнан, ортадан арттан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру.

 

3. Допты астынан беру.

Допты солдан, оңнан солдан, оңнан , арттан, ортадан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру.

1. Бір орында доппен жаттығу: допты астынан қабылдауға арналған жаттығу: допты жоғары лақтыру, оны қабылдау.

Допты жоғары лақтырып, оңға – солға бұрылып астынан қабылдау.

Допты астынан қабылдауда алға артқа секіру.

Допты алға жоғары лақтырып, биіктен беру.

Допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып, биіктен беру.

 

 

4. Доппен жүру жаттығулары:

Шеңбер бойы жүріп, допты жоғары лақтырып, оны астынан қабылдау.

Допты жоғары лақтыру, оны оңға-солға бұрылып, астынан қабылдау.

Оңға – солға секіру.

Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, биікке беру.

Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып, биікке беру.

Допты беруде оңға-солға секіру.

Допты жоғары және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.

1. Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарап арақашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, ары қарай қарсыласына көтеріп беру.
2. Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м. Допты қарсыласының қолына дәл беру керек.
3. Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта береді.
Допты төменнен қабылдауды меңгерту
4. Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету. Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға.
5. Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.Допты дұрыс қабылдауын  қадағалау.
6. Арақашықтық 8-10 м. оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.

Допты төменнен қабылдауды меңгерту

Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету.

Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.

Арақашықтық 8-10 м. оқушылар  қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.

Волейбол ойынына қатысты арнайы жаттығулар жасату.

üӘр оқушыға доп беріп жаттығу жұмыстарын жасату

üӘр екі оқушыға бір доп беріп, өзара доппен ойнауын қадағалап үйрету

üДопты кеудемен зырғанап алу тәсілін үйрету

üДопты бір-біріне жоғардан беру тәсілін үйрету

üДопты бір-біріне төменнен беру тәсілін үйрету

üДопты жанынан беру тәсілін үйрету

üТордан доп ұру тәсілдерін үйрету

üТорда қарсылас ойыншыға тосқауыл қою тәсілін үйрету

Сабақтың тақырыбы: Волейбол: Тұрған қалыпта оңға, солға, алдыға, артқа қарай ауысулар, жоғардан допты екі қолмен тосу

Мақсаты және міндеті:

                                      1. Күш қабілет деңгейін жетілдіру.

                                     2.  Қимыл қозғалыс деңгейін  дамыту

                                    3. Инабаттылыққа тәрбиелеу

 

Қолданылатын спорт құралдар: ысқырық, секундомер, волейбол  добы

 

 

Бастапқы бөлім: 10 мин

_Сыныпты сапқа тұрғызу.Кезекшіден рапорт қабылдау.Оқушылармен сәлемдесу.Сабақ тақырыбымен таныстыру.Мақсатын түсіндіру.Спорт алаңда дене қыздыру жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындау.Оң жақ қапталмен, сол жақ қапталмен, артқа қарай жүгіру.Арнайы жүгіру жаттығулары.Тізені көтере жүгіру.Аяқты артқа, жанға, алға сермей жүгіру.Жылдам жүгіру.Тыныс алу жаттығулары.Ж.Д. жаттығулар құралсыз мойын, иық, кеуде, бел, жамбас, аяқ. 6-8 рет.Сапқа тұрғызу

<p

www.jospar.kz

Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар

орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар

</p

 

 

Негізгі бөлім: 30 мин

Оқушыларға алаң ішіндегі орын ауыстыру әдіс тәсілдерін үйрету: Алайда оқушылардың көпшілігі ыңғайлы да оңтайлы орын таба алмай қалуы да  мүмкін.Бұл жердегі міндет- белгілі бір ойын тәсілін дәл орындап шығу.Сондықтан орын ауыстыру техникасының элементтері ойын барысындағы әрбір жағдайды дұрыс бағдарлап, соған қарай тез қимыл-әрекет  жасауды қажет етеді.Орын ауыстыруға мынадай қимыл-әрекеттер енеді.

1) қадамдар жасау – тік тұрған ойыншы әр түрлі бағытта ілеспелі (қосалқы) қадамдар жасайды: алға, артқа, оңға, солға аттау және екі қадам жасау.2) секіріп қалу (секектеу)- бұл екі қадам жасау, бірақ қимылдың соңына қарай ұшу әрекеті көрініс береді.

Оқушылырды екі топқа бөлу,қарама-қарсы ара қашықтығы 5-9 м жерден допты жоғардан, төменнен беру және қабылдау әдіс-тәсілдері;1-ші жоғарыдан қабылдау.волейболшы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғлыс жасап,ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады.Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереді.Төменнен қабылдау,қайтару әдіс-тәсілдері;қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады.Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады,қолдың қарын көтеріп, бұрады.Содан кейін барып қайтарады.Допты қабылдау көбіне орын ауыстырғаннан кейін,әсіресе қорғаныста ойнағанда орындауға тиімді.Жаттығуларды орындағандағы кезде қателіктеріне назар аудару, ескертулер жасау.Соңында сыныпты топқа бөлу арқылы ережеге сәйкес екі жақты ойын ойнату.

 

 

Аяқталу бөлімі: 5 мин

 

  Сыныпты сапқа тұрғызу.Сабақты қорытындылау.Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма беру.Оқушылармен қоштасу. Ұйымдасқан түрде оқушыларды сыныпқа жіберу.


Сабақтың тақырыбы: Допты беру әдісі: төменнен және жоғарыдан тіке беру әдісін үйрету

Сабақтың мақсаты: 

а) волейбол ойынның әдістерін үйрету

ә) спорттық қабілеттерін дамыту

б) салауаттылыққа тәрбиелеу

Ұйымдастыру кезеңі
а) сапқа тұрғызу,
ә) рапорт қабылдау
б) амандасу, қысқаша жаңа сабақты түсіндіру
в) оқушылардың спорт киіміне көңіл бөлу 
Дайындық бөлімі:
Жүгіру.
Жүгіру барысында қатарды сақтауын қадағалау
2. Қолды жоғары көтеріп еркін дем алу.
Қолды жоғары көтергенде демді ішке тарту, қолды төмен түсіргенде демді сыртқа шығаруды үйренуге көңіл бөлу
3. Бастапқы қалып: қос қол бүйірде аяқтың ұшымен, өкшемен, табанның ішімен, сыртымен жүру әдісі.
Жаттығуды жасаған кезде, дененің тік ұстауына назар аудару
Негізгі бөлім

Волейболшының қалпы (тұрысы).
Волейболшының қалпы(тұрысы) оның кез келген бағытта қозғалысты бастауына, сонымен бірге қажетті жағдайда кез келген тәсілді орындауына мумкіндік беретін бастапқы жағдайы. Ойын барысында ойыншы көп уақыт бойы негізгі тұрыста болады.

Ойыншының негізгі тұрысы

Сетканың алдына (қолды сеткаға тигізбей) топпен жоғары қарай секіріп жүріп өту. Аяқтар тізеден бүгіліп, иықтың кеңдігіндей етіп қойылады. Бір аяқ шамалы ғана ілгері қойылып кеуде ілгері еңкейеді. Дененің салмағы екі аяққа бірдей түседі. Қарсыласының алаңына қарап тұрып, ойыншы қолын алдына ұстайды.

Арнайы жаттығулар

Алаңда орын ауыстыра білу
Алғашқыда асықпай орынды ауыстыра білуге дағдылану. Мұғалімнің ысқырығы арқылы бір мезгілде алаңда орынды тез ауыстыра білуіне көңіл бөлу. 
2. Допты төменнен алу әдісінің алғашқы элементтерін үйрену. Волейбол ойынының элементтері бар арнайы ойын ұйымдастыру.
Мұғалімнің бұйрығы арқылы алаңдағы оқушылар қолды бір мезгілде допты төменнен қабылдау әдісін үйрену.


3. Допты жоғарыдан беру, қабылдау әдісінің алғашқы элементтерін үйрету.
Тік тұрған қалыптан ойыншы бір аяқты екіншісінің жанына қойып, допты жоғарыдан берудің ерекше жағдайына көшеді. Бұл жағдайда бүгілген аяқтар бір бағытта болады.
4. Допты жоғарыдан беру, қабылдау кезінде кететін кемшіліктер.
Қатар қойылған аяқтардың қозғалысындағы кішкентай сәтсіздік, кез-келген қозғалыстың дәдігін бұзып, кеуденің қисаюына әкеледі.

5. Допты төменнен тіке тура беру арқылы ойынға қосу.
Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алға ұстап тұрады.екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады.Допты алға сәл лақтыру арқылы допты ойынға қосады.
6. Допты төменнен қабылдау әдісін үйрету. 
Ұшып келе жатқан доптың шапшаңдығына сәйкес қолын жәй ғана тосады және білегін артқа төмен қарай тартып соққыны азайтады.

Ұшып келе жатқан доптың шапшаңдығына сәйкес қолын жәй ғана тосады және білегін артқа төмен қарай тартып соққыны азайтады.

Қорытынды бөлімі

1. Сабақты қорыту.
2. Кеткен кемшіліктерді, жетістіктерді саралап әрбір оқушыға жеке түсіндіру.
3. Бағалау.
4. Үйге тапсырма.

Ойынның негізгі ережелері.

Волейболда әрқайсысында 6 адам болатын екі команда ойнайды. Бір команданың ойыншылары алаңның ортасында тартылған тор арқылы допты екінші команда жағына алаң шекараларының ішіне түсетіндей немесе қарсылас ойын ережелерін бұрын қабылдап, қайыратындай ретте бағыттайды.

Алаңның ұзындығы – 18, ені – 9 метр болып, тор арқылы 2 тең бөлікке бөлінеді.

Жарыс 3 немесе 5 кезеңнен тұрады. Олардың әрқайсысы командалардың бірі 25 ұпай жинағанша жалғаса береді. (есеп 24: 24 болып тұрғанда командалар бірінің екіншіден 2 ұпай артықшылығы болғанда ойнайды). Оқушылар жарысы көп жағдайда 3 партиядан тұрады.

           Жас-өспірімдер

          13-14жастағылар үшін

            15-16жастағылар үшін

           17-18жастағылар үшін

Ер балаларҚыздар

2 м. 20 см.2м. 10 см.

2 м. 35 см.2 м. 20см.

2 м. 43см.2 м. 24 см.

 

Допты екі қолмен жоғарыдан беру.

Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағытта жібереді. \1 слайд\

Допты екі қолмен төменнен қабылдау.

Қарсыластың ойынға қосқан не шабуылдайтын немесе алдайтын соққымен жіберген добын төменнен екі қолмен қабылдаған жақсы. Бұл жағдайда допты қабылдаудан көп қате кетпейді. Қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қоллдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын (тоқпан жілікті) көтеріп, бұрады.

Допты жұдырықпен қабылдағанда доп дәл тимей, шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді. Оған себеп- доп алақанда көбірек кідіріп қалуы мүмкін. Допты қабылдауды көбіне орын ауыстырғаннан кейін, әсіресе қорғаныста ойнағанда орындауға тура келеді. \2 слайд\

Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру.

Дұрыс тұра білу- жаңа басталған волейболшы үшін басты шарт. Ойыншының дұрыс қалпы аяғы иық кеңдігіне тізеден бүгілген күйінде кеуде ілгері кеңейтіледі, аяқтың біреуі шамалы ғана ілгері шығарылады. Қол шынтақтан бүгілііп, бір – біріне қаратылады. Бұл қалып тұрақты болып қалмауы керек, ол ойын кезіндегі жағдайға байланысты өзгертіліп отырады. Егер тордан шоршыған допты қабылдау керек болса, онда ойыншы біршама бүгіледі де, секіре жазылып, допты соғу арқылы ойынды жалғастырады.

Волейболшылар алаңға қосылғанда адыммен жүгіру және секіру арқылы орын ауыстырады.

    Допты төменнен тіке ойынға қосу.

Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буынынан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады. Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді. Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады. \3 слайд\

  Тіке шабуылдау соққысы.

Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады. Ұшып келе жатқан допты кеудеден кейін, қолдарын алға әрі жоғары көтере серпіле секіру керек. Ұратын қол допты соғу үшін сермеледі. Кеуде шамалы ғана артқа шалқайтылады. Соғу кезінде кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмсынады. Соққы допқа күшті тиюі үшін қолдың ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл болу үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс.

  • Бір не екі қадаммен секірген кездегі аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділігін орындап көру;

  • Шабуыл соққысын жасау:

  • Екпін алып, тор арқылы допты лақтыру(бұл жаттығуды орындағанда шабуылдап доп соғуға тән қимыл- қозғалыстардың ырғағын сақтай білу):

  • Екпін алып секіру, допты қағып алу:

  • Волейбол добын жоғары лақтырып, тор арқылы «шабуыл соққысын» жасау (әуелі тек жай секірістен және жұппен орындау)

  • Серігінің көтере лақтырып берген добын тор арқылы соғу.\4 слайд\

Дене шынықтыру пәні мұғалімі балаларға білімдер жинағын беріп қана қоймай, оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек.өйткені дене тәрбиесі- оқушының денсаулығын қалыптастыру мен қоса отаншылдық және рухани тәрбиенің көзі болып табылады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!