«Өзіңді мамандықтар әлемінде тап»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өзіңді мамандықтар әлемінде тап»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өзіңді мамандықтар әлемінде тап» тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Өзіңді мамандықтар әлемінде тап»

Сынып сағатының мақсаты:

оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сынып сағатының міндеті:

Мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру және жеке тұлғаны тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.

Бағалау критерийлері:

Таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру, жеке тұлғаның оқу - тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру.

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

Үлестірмелі кестелер, даналық сөздер, компьютер,
баяндамалар, плакаттар.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру



Алғашқы сөз (кезең)













Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі




















































Соңы (бекіту)

Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не?

«Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді,» Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыздар. Бүгін сабақта біздер осы маңызды тақырыпқа тоқталамыз.

Мамандық таңдау- жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдерінің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандық таңдауда Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе,» -деген сөзін басшылыққа алу керек.

Әлемде 50000 жуық мамандық бар екен, және жыл сайын оған 500 ге тарта жаңа түрі қосылып отырады . Олардың ішінен өзімізге қажеттісін таңдап алу үшін бізге икем, қабілет және мінез қажет.

Сондай –ақ енді- енді өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтері бар.

Міне, адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы, қоғамның сұранысы, тұлғаның қабілеті осы үш фактор

мамандық таңдауда бірін -бірі толықтырады. Осы мақсатта «Өзіңді мамандықтар әлемінде тап» тәрбие сағатымыз туралы әңгімелесеміз

Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

Мұғалім:- Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.

1 – оқушы: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Әсмепаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

 

Мұғалім: Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал – мәтелдер біледі?

Еңбек түбі - береке.

Еңбек түбі - зейнет.

Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді,

Ерініп ілбіп кетсең – иегің тасқа тиеді.

Біліп істеген мақсатына тез жетеді.

 

Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

2 – оқушы: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

3 – оқушы: Ал мамандық – еңбек қызметнң түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.

4 – оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі олу үшін әдейі оқу керек.

Мұғалім: Сонымен балалар, белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екен.

Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

    -    Мұғалім, кітапхнашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т.б.

-         Балалар, сендер қандай мамандықтықтарды көбірек естисіңдер?

-         Мұғалім, кітапхнашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т.б.

Ал енді, балалар, қазір «Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз. Қазір мен сіздерге мамандықтар жазылған карточкаларды үлестіріп беремін. Ал сендер сол мамандық туралы  өз пікірлерініз білдіріңіздер.


Мамандық таңдаудың 7 қадамы. 
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін. 
Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін. 
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін. 
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін. 
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін. 
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық!

Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2024
357
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі