Жунисова
Зинура Шарипхановна
ПЕДАГОГ
МӘРТЕБЕСІН
КӨТЕРУ
Мұғалім мәртебесін көтеретін –
мұғалімнің өзі ғана. Кәсіби жақтан жоғары білікті, өзінің
шығармашылығы мен біліктілігін үнемі көтеріп отыратын жаңашыл,
жаңалыққа жақын мұғалім ғана қоғамда жоғары мәртебе иесі болып,
беделі артатындығы
рас.
Бүгінгі күні қоғамда мұғалім
мәртебесі туралы әртүрлі пікірлер қалыптасып отыр. Дегенмен де,
білім мазмұнының өзгеруіне байланысты, мұғалімге деген көзқарас та,
талап та өзгеруде. Осы жерде Қазақстанның жоғары оқу орындарын
бітіруші түлектерінің басым көпшілігі педагогтер екенін айтуға
болады. Бұл дегеніміз педагог мамандығының қоғам дамуы үшін аса
қажеттілігінің, зор маңыздылығының көрсеткіші, себебі егер бұл
мамандыққа қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп мамандарды
даярлау кажеттілігі де туындамаушы еді. Оның үстіне, қазіргі
үздіксіз білім беру жүйесінің дамуына байланысты сапалық деңгейлері
жоғары, кәсіби кұзіретті мұғалімдерге деген сұраныс жыл сайын
күшейе түсуде. Себебі мұғалім – елдің болашағын көркейтіп, рухын
биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі
мамандық екенін жалпы қоғам мойындап отыр. Бүгінгі күн
мұғалімдердің атына әр түрлі өкпе, реніштер де айтылып жатады.
Көбіне олардың біліктілігінің төмендігі, шәкірттермен арадағы
қарым-қатынасы, оқыту әдістерінің көнерген немесе дәстүрлі
түрлерінің қолданылуы туралы айтылады. Осы жерде мұндай кемшіліктер
қандай себептерге байланысты туындауда? деген заңды сауал
туындайды. Оған жауап: біріншіден, жоғары оқу орындарын бітірген
жастар мектептегі педагог кадрлардың қатарын толықтыруға асықпайды,
сондықтан қазіргі педагогикалық құрамның басым бөлігін 40 жастан
асқан мұғалімдер құрап отыр. Екіншіден, жоғары оқу орындары әлі
күнге дейін дәстүрлі түрде білім беруде. Сондықтан,
тәжірибелі ұстаздар мен жас мұғалімдер өз мамандығына қатысты жеке
тұрғыдан да, кәсіби тұрғыдан да, шамалары бірдей көрсеткішке ие
болып отыр.
Сонымен қатар қазіргі заман
мұғалімдеріне қойылатын жалпы талаптарға сай кәсіби кұзіреттілік,
бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік белсенділік, шығармашылық
қабілеттерінің жоғары деңгейде дамыту сияқты қосалқы міндеттерді де
тыңдаушылар бойына сіңіруде филиалда атқарылып жатқан жұмыстар аз
емес. Сондай-ақ, қазіргі мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі –
өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған
шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру болса, осындай жауапты
міндеттерді сапалы деңгейде іске асыруда филиалдың алға қойып
отырған міндеті – аймақтың әрбір мұғалімінің білімін жетілдіру.
Осыған байланысты, қоғамның дамуымен бірге мұғалімнің білімі де
жаңарып, толықтырылып отыруы керек деген қағида назарға алынып,
тыңдаушыларды курстан кейінгі қолдау мақсатында түрлі семинарлар,
кеңестер беріліп отырады. Қоғамның экономикалық дамуына байланысты
жас ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары да туындап
отыратындығы рас. Бұл ретте, қазіргі оқушылардың сұраныстары да
жоғарлай түсуде, ал мұғалімнің тұлғалық өсуі – біліктілікті
жетілдіру арқылы іске асатын үдеріс. Ал кәсіби білігі мен білімі
жоғары мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматы ретінде
тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстарды сапалы
атқаратындығы күмән тудырмайды. Сонда ғана мұғалімдерді баланың
қоғамдық қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысы
ретінде қабылдауға
болады.
Қай заманда да қоғам
ұстаз мәртебесіне селқос қарамаған. Өйткені, ұстаз ұлды ғана емес,
тұтастай ұлтты тәрбиелеуші. Бір айта кетерлігі, педагог болудан
кейінгі жас буын басын алып қашады. Өзі ұстаздан тәлім алса да,
келешегін білім-ғылым саласымен байланыстырып елестете алмайтындар
қатары көбейгені сөзсіз. Неге? Ұлы ақын Абайдың «Адамның
адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деген сөзін бала кезден
санамызға сіңірдік, енді балаларды да осы тұрғыда тәрбиелеудеміз.
Бірақ, қазір жастар арасында осы жолға бет бұратындар саны жылдан
жылға азайып барады. Олар мұғалімдік мамандық «болашақта қажетсіз
мамандық» дегенмен түсіндіргісі келеді. Уақыт дәлелдегендей,
денсаулық пен білім мәселесі қай заманда да қажеттілігін жойған
емес.
Қорыта айтқанда, мұғалімнің
басты қызметі жаңа қоғамға сай білімді, көкірегі ояу, тәрбиелі, әр
уақытта еліне қызмет ететін, оңды-солын білетін жақсы азамат
қалыптастыру. Ал, мұғалімнің негізгі міндеті – қазіргі кездегі жаңа
оқыту мен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай
дамыту.