Материалдар / Педагог мәртебесін көтеру – жаңашыл мұғалімді қалыптастырудың бастауы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагог мәртебесін көтеру – жаңашыл мұғалімді қалыптастырудың бастауы.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2019
526
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагог мәртебесін көтеру – жаңашыл мұғалімді қалыптастырудың бастауы. «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» Н.Ә.Назарбаев. Бүгінде әр қазақстандық өзінен, Отанымыздың дәулеті артуы үшін мен не істедім деп сұрауы керек. Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміз өзінің дамуына қарқын қосарына менің сенімім мол. Педагогикалық мамандық – қазіргі уақыттағы ең белгілі мамандықтардың бірі, тіпті осы мамандық басқа да мамандықтарды анықтайды деп те айтуға болады. Себебі, еңбектің басқа түрлері арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық қызметтің барысында меңгеріледі. Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген. Педагог дегеніміз – мәңгі жастықтың кәсібі. Өзінің жасы нешеде болса да, педагог жеткіншек ұрпақтың мүдделерімен өмір сүреді, олармен араласу педагогтың өмір бойы өзін рухани тұрғыдан жас болып сезінуіне мүмкіндік береді. Педагог мәртебесін көтеру педагогикалық мамандықтың ерекше тұстарын көрсете біліп, түсіндіріп, жаңашыл мұғалімдерді қалыптастырумен тікелей байланысты. Қазіргі уақытта мұғалімдердің қызметінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану кеңінен тарап келеді. Педагог мамандардың заман көшінен қалмай, сауаттылық пен ептілікті қатар алып келе жатқаны педагог мәртебесінің жоғары екендігін өздігінен тағы бір дәлелдейді. Сонымен қатар, жаңа, жан-жақты қалыптасқан, ақпараттық технологияларды меңгерген тұлғаны тек жоғары мәртебелі, өз құзіреттіліктерін қалыптастыра білген жаңашыл педагог қана тәрбиелейді, қалыптастырады. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан- жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры..Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.

Сондықтан, әрбір педаготың мәртебесі әрдайым жоғары болуы тиіс. Педагог мамандығы қызыға да, қызғана да қарайтын мамандыққа айналуы керек. Осы орайда «педагог мәртебесін арттыру – адам капиталын, мамандықты құрметтеуге бағытталған құтты қадам. Ұстаздарға мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсетілуі, заң әзірленуі – көңіл қуантады. Бұл тұрғыда педагогтер де  жаңа технологияларды меңгеріп, білімін әрі қарай жетілдіріп, тәжірибесін арттырып отырулары керек. Ол үшін мұғалімнің білімі мен біліктілігі оның педагогикалық шеберлігімен ұштасуы қажет. Елбасы Жолдауында «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау керектігін атап өтілді. Жолдауда педагог мәртебесін көтеру, мұғалімдерге үлкен қолдау көрсету қажеттілігі айтылды. Педагог мәртебесін көтермей білім саласында жетістікке жету, одан әрі қарай өрлеуіне үміт арту мүмкін емес секілді. Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда еңбегінің биіктен көрінуі, күнделікті жаңашылдығы арқылы, жан-жақты берген тәрбиесінің дұрыс әрі жоғары бағалануы, болашақ педагог мамандарды тәрбиелеуге қызығушылықты ояту педагог мәртебесінің жоғары болуымен тікелей байланысты деген ойдамын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!