Материалдар / "ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК — БІЛІМ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ" тақырыбында мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК — БІЛІМ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ" тақырыбында мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім сапасы оқытушылар қызметінің сапасына тікелей байланысты екендігі айқын. Осы бақытта оқытушылардың кәсіби білімін жетілдіру жұмысына ерекше мән беріледі. Мектеп — әдістемелік жұмыстардың негізгі орталығы. Кез-келген педагогикалық іс-әрекет дұрыс орындалуы үшін тура байланысты пен байланыс та ойдағыдай жүзеге асырылуы керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
809
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ташенова Болған Таргиновна

«Қырғауылды ауылындағы қазақ орта

мектебі» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің «Қазақ тілі мен әдебиеті»

пәнінің І санатты мұғалімі,




ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БІЛІМ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ


Педагогика ғылымы үнемі оқытудың тиімді әрі жүйелі әдістерін іздестіру бағытында дамуы. Оның негізгі міндеті оқыту сапасын көтеруге әсер ететін әдіс-тәсілдерді анықтау. Жалпы педагогикада берілгендей жаратылысау пәндерін оқыту әдістемесінде де оқытудың әдістері деп білім беретін мақсатына жетуге бағытталған оқытушы мен оқушының белгіл бір тәртіпте жүзеге асырылатын іс-әрекет қарым-қатынастарының бірлігі мен үйлесімділік тәсілдерін айтады. Оқушылара сапалы да тиянақты білім берудің негізі өз пәніңді жан-жақты игеру, оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойламын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдістерін қолдану.

Мектеп өмірінде оқытушы басты тұлға. Мектеп оқытушысы балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы, әрі ұстазы., ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс.

Оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеулеріне педагогикалық технологияның өте тиімді екеніне көзім жетті. Бұл технологияның ерекшелігі білімді жатқа меңгеру емес, оқушыларың өз бетінше меңгеруге ұмтылатындығы, есту, көру, қабілеттерін арттыруға, сөздік қорын ауызша, жазбаша. Сонымен қатар, мен өз тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту жұйесін» де қолданып келемін. Деңгейлеп оқытудың ерекше бір тиімділігі оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізіп, өздерінің білім-білік дағдыларын көрсете алуында. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытушы оқушылардың нені меңгергенін біліп отырады. Бұл әдісте оқытушы тек бағыт беруші ғана. Соның нәтижесінде оқушыларда білуге деген ерекше құлшыныс пайда болып, басқалардан қалып қалмауды ойлап, өз мүмкіндігіне арай дайындық жасайды, тырысады, жарысады.

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс істеу оқушылардың білімін шыңдап, стандарт деңгейді меңгеріп қана қоймай, оларыдң шығармашылықпен жұмыс істеуіне де зор мүмкіндік тудырады. Демек, жаңа технология оқушыны мынадай жетістіктерге жеткізеді:

  • Әр оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады;

  • Әр оқушының жеке қабілеті анықталады;

  • Бір-бірімен жарысады, тырысады;

  • Әр оқушы өз деңгейі мен қабілетіне қарай бағаланады;

  • Өзін-өзі бағалай алады;

  • Қорытынды жасай алады.

Білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы инновациялық технологияны дұрыс пайдалану.

Білім беру сапаы дегеніміз білім беру нәтижесінің тұлға, қоғам мен мемлекет сұраныстарына сәйкестілік өлшемін білдіреді. Білім сапасының құрылымдық жіктелуі келесідей:

  • Бітіруші түлектің сауаттылық сапасы жеке тұлғаның даму сапасының, жалпы мәдени және танымдық, білімділік дайындығының бірлігі және ол рухани-адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық, т.б. мазмұнмен толытырылады.

  • Білімге қғамның әсері мен білімдік орта сапасы ескерілетін білім жүйесінің сапасы.

Еліміз әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында кәсіби білім берудің

сапасы арттырудың мақсаты төмендегідей міндеттерді көздейді:

  • Білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту;

  • Оқыту технологияларын жетілдіру;

  • Білім беру сапасын ұлттық бағалау жүйесін дамыту жолдары арқылы шешу

Осындай жұмыстарды жүргізу әр оқытушының шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындауларын қадағалау қажет. Мысалы, әдебиет сабағында оқулықпен ғана шектеліп қалмай, әр түрлі қызықты мәліметтер берілуі керек. Сабақты қызықты етіп өткізу үшін оқытушы өзі даярлануы керек, яғни төменде көрсетілген дәйектерді ескеруі қажет:

  • Әдебиет сабағында оқушылардың қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу керек;

  • Берілген тапсырманың орындалу амалдарын біліп, оны ұғыну керек;

  • Қосымша әдебиеттер оқып, білімді күнделікті толықтыру керек;

  • Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек.

Міне, өз білімін осылайша толықтырып отыратын оқытушы оқушысын еш уақытта жалықтырмайды деп есептеймін. Әр сабаққа құрылған тапсырманың міндетті деңгейі өтілген жаңа сабақты бекіту және өткен сабақтарды пысықтауға арнап құрылады, бұл деңгейді сынып оқушылары тлық орындайды, яғни үлгермеуші жоқ екенін осыдан анықтауға болады.

Келесі деңгейдегі тапсырмаларды өз бетімен орындау шығармашылық жұмыс бастамасы. Келесі 4-деңгейді орындайтын оқушылар бірте-бірте дараланып шыға бастайды. Басқа оқушылар да осы балаларға еліктеп, сабақтан тыс уақыттарда да жұмыс істеуге өз беттерімен отырады. Ал, 4-деңгей тапсырмаларын үнемі жеке карточкалар арқылы беіп отырамын. Егер, қабілетті оқушы өз уақытынан ерте аяқтайтын дәрежеге жетсе, басқа оқушылардың жұмысын тексеруге рұқсат беремін, бұл оқушының өзіне деген сенімділігін, оқытушының сенімінен үшін аянбай еңбектенетінін көрсетеді.

Шығармашылық жұмыстарды ойдағыдай атқару үшін оқытушылардың оқушыға берер әсері болуы керек. Мысалы: оқушыға сенім қалыптастыру үшін «сен білесің», «сенің қолыңнан келеді», «үйренесің» деген сөздер қажет;

  • Оқушының өз ойынан шыққан жетістігін жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеп отыру керек.

Осы айтылған әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру оңай шаруа емес. Оған шығармашылық тұрғыдан ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасай білген жөн. Қараевтың бұл технологиясының пайдасы, яғни жетістіктері аз емес. Сонымен қоса, қиындық туғызатынжерлері де баршылық. Ең алдымен осы уақыт ішінде бұл технология бойынша жұмыс істеудің тиімді жақтарын айтатын болсам:

  • Әр оқушы өздігінен жқмыс істеуге дағдыланады;

  • Оқушының жеке қабілеті айқындалады;

  • Іштей бір-бірінен қалмауға тырысады, тапынғанын көріп риза боласыз;

  • Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;

  • Әр бала өз деігейіне, қабілетіне қарай бағаланады;

  • Сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өзінің алатын бағасын біліп отырады;

  • Жұмыс дәптерінің соңына әр деңгейді орындағаны жайлы белгі қойып, жинаған ұпай санын өздері жазып отырады;

  • Даму мониторингін құрып, дамуын қадағалауға және ата-анасымен байланыс жасауға жеңілдік туғызады;

  • Бір ғана сабақта тапсырманың бірнеше түрін орындайды;

  • Жаңа оқулықтағы тапсырмалар осы технологияға негізделіп берілген.

Еліміз тәуелсіз саясатының тізгінін өз қолына алып, жаңа буын оқулықтарын шығарып жатқан тұста ойлауы мен қарым-қатынасы жаңаша, оқытудың озық идеяларын меңгерген іздемпаз, шығармашыл, кәсіби деңгейдегі ұстаз қажет-ақ.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Оқыту-тәрбиелеу технологиясы» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы, №6, 2013;

  2. «Ел-назар» Республикалық журналы, 10, 2013;


Ұсыныстар:

Білім сапасы оқытушылар қызметінің сапасына тікелей байланысты екендігі айқын. Осы бақытта оқытушылардың кәсіби білімін жетілдіру жұмысына ерекше мән беріледі. Мектеп әдістемелік жұмыстардың негізгі орталығы. Кез-келген педагогикалық іс-әрекет дұрыс орындалуы үшін тура байланысты пен байланыс та ойдағыдай жүзеге асырылуы керек.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!