Материалдар / ПЕДАГОГТЕРДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІН ТАРАТУ - БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН СТРАТЕГИЯСЫ

ПЕДАГОГТЕРДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІН ТАРАТУ - БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН СТРАТЕГИЯСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада педагогтардың инновациялық тәжірибесін тарату ,тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда инновациялық бағыттағы жұмыс түрлерін ұйымдастыру жолдары жазылған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қарағанды облысы білім басқармасының

Балқаш қаласы білім бөлімінің

«№24 мектеп -интернаты» КММ

Маулетова Индира Омаржановна


ПЕДАГОГТЕРДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІН ТАРАТУ - БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН СТРАТЕГИЯСЫ


Бұл мақалада педагогтардың инновациялық тәжірибесін тарату ,тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда  инновациялық бағыттағы жұмыс түрлерін ұйымдастыру жолдары жазылған.

Пәндерді оқыту әдістемесі мұғалімнің танымдық қызметі мен
ойлау жүйесінің ара-қатынасын анықтай түсуде. Ол мұғалімнің дербестігін,
танымдық қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, интеллектуалдық ойлау
мүмкіндіктерін қалыптастырады. Мұғалімнің жеке тұлғасы , білімі, өз ісіне жауапершілігі, әдістемелік шеберлігі -оқушының білімге деген ынтасын арттырудың кепілі. Мұғалім өз тәжірибесінде инновациялық технологияларды пайдалануда мынандай ерекшеліктерді ескеруі қажет:

  • әр оқытушының жеке және дара шығармашылық қабілетті әр оқытушының жеке және дара шығармашылық қабілеттері ескерлсе;

  • оқу-тәрбие үрдісінде мұғалім оқушының пәнге деген шығармашылық қызығушылығын арттыратын тапсырмалар құрастыра алса және оқу-тәрбие үрдісінде мұғалім пәнді оқытуда оқытудың қазіргі және әдіс-тәсілдерін пайдаланса;

Инновациялық тәжірибені таратудағы зерттеудің әдістері – философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерді, педагогикалық тәжірибелерді теориялық талдау, зерттеу тақырыбыбойынша арнайы сауалнама, әңгіме, диагностикалық-тестік байқау жүргізу,тәжірибелік жұмыстар нәтижелерін статистикалық өңдеу, қорытындылау әдістері қолданылады.
Инновациялық тәжірибені таратудың маңыздылығы: инновациялық технологияларды пайдалануда оқушының шығармалашылығын арттыру, өскелең ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін олардың бойына ұлттық адамгершілік құндылықтарды дарыту құралы — оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыратындай танымдық қызығушылықтарын арттыруға үнемі жағдай тудырып отырудың тиіміділігі; инновациялық технологияларды пайдалануда оқытушының шығармалашылығын арттыруда пән сабақтарын түрлендіріп өткізіп, әртүрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланып отыру қажеттілігі.

Педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін-өзі іс жүзінде көрсете білген шебер педагогтардың жұмыс жүйесін зерттеп, жинақтау –тәжірбиені кеңінен таратудың басты формасына жатады. Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу және бақылау критерийлерінен өтеді.

Тәжірибені таратудың критерийлері:

1. Жаңашылдық – белгілі бір қалыптасқан әдістемені жоққа шығару емес, оны жетілдіру, толықтыру;

2. Жоғары нәтижелілік;

3. Тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану мүмкіндігі;

4.Тәжірибенің оңтайлылығы; көкейтестілігі, оның ғылым үшін және педагогикалық тәжірибе үшін құндылығы;

5. Бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі.

Технология — шеберлік, іскерлік деген ұғымдарды береді, ал П.В.
Беспалько «Оқу тәрбие процесінің алдын-ала жүйелі түрде жобалануы, оны
тәрбиеге жүзеге асыру, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеге
жүзеге асатын жобасы» деп қарастырады. Т.И. Шамова «Білім беру
технологиясы оқуышаларға ыңғайлы қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету
мақсатында білім беру үрдісін жобалаудағы, ұйымдастырудағы мұғалімдер мен
оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің үрдістік жүйесі» деп анықтама береді.
Қалай дегенмен де технология инновациялық іс-әрекет оқытудың жаңа
формалары, амалдарымен іздене отырып, жоғары нәтижеге жетуге талап етеді.
Жаңа педагогикалық технология ұғымына тән, белгісіз, жаңа оқыту амалдары,
іс-әрекетімен ізденуді, яғни, білім  мен тәрбие берудегі оның ғылыми
нәтижеге қол жеткізуі, жаңа ізденістерін оңтайлы пайдалану, сол арқылы
жоғарғы көрсеткіштерге жету деген сөз.

Педагог озат педагогикалық идеяларды және жаңашыл педагогтардың тәжірбиесін игеру үшін оларды өзінің педагогикалық жүйесінің құрамдас бөлігі етеді, жетілдіріп дамытады. Оларға өзінің шығармашылық ойының элементін енгізеді. Педагогикалық тәжірибе жұмысын ұйымдастыру арқылы – ұстаз шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі және шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі анықталады. Педагогтың тәжірибесіндегі жаңалық арқылы басқа педагогтарға үлгі болып, озат тәжірибесі таратылады, ендеше ол жұмысты ұйымдастыру, жүргізу білім беру мекемесінің жаңашыл бағытының көрінісі.




Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп.-№3 1999ж.
2. Методологические и теоритические проблемы изучения,обобщения и использования передового педагогического опыта. – М.,1978 ж.
3. Кухарев Н.В.Педагог-мастер, педагог-исследователь. Гомель,1992 ж.
4. Тұрғынбаева Г. Ұстаздық шығармашылық..
2008 ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ