Материалдар / Прозалық шығармаларды сатылай кешенді талдау. (5 сынып)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Прозалық шығармаларды сатылай кешенді талдау. (5 сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Прозалық шығармаларды сатылай кешенді талдау. (5 сынып). Арналған бағдарламаБілім берудің түрлері мен әдістерін жаңартудың мақсаты - әр оқушының шығармашалық қабілетін барынша дамыту, ұлттық өнердің түрлі жанрларын білуге, жалпы ұлттық мәденитке баулу болып табылады. Біз, ұстаздар қауымы, болашақ ұрпақтарымызды бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелегіміз келсе, бар күшімізді мектепте білім сапасын арттыру үшін жұмсауымыз керек. Ол үшін жаңа технологиялар мен әдістер әбден қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
10272
20 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп








Прозалық шығармаларды сатылай кешенді талдау.

(5 сынып)




Құрастырған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Солтанова А.А.




2017-2018 оқу жылы.



Алғы сөз


Білім берудің түрлері мен әдістерін жаңартудың мақсаты - әр оқушының шығармашалық қабілетін барынша дамыту, ұлттық өнердің түрлі жанрларын білуге, жалпы ұлттық мәденитке баулу болып табылады. Біз, ұстаздар қауымы, болашақ ұрпақтарымызды бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелегіміз келсе, бар күшімізді мектепте білім сапасын арттыру үшін жұмсауымыз керек. Ол үшін жаңа технологиялар мен әдістер әбден қажет.

Жастарды ой-өрісі кең, жаны бай, адамдармен қарым-қатынас жасай алатын, адамгершілігі мен жауапкершілігі жоғары, қоғамнан өз орнын тапқан, іскер де қабілетті, шығармашыл тұлға деп білуіміз керек. Осы мақсаттарға жетуде бүгінде оқыту үрдісіне еніп жатқан өзгерістер баршылық. Солардың бірі – сатылай кешенді талдау технологиясы.

«Сатылай кешенді талдау – ұлттық құндылығымызды бағалай білуге, оның білім көкжиегінде кең таралуына ықпал етіп күнделікті өмірде қолданылу аясын жақсартуға бағыттайтын оқыту,»- деп түсінік береді технология авторы Нұрша Оразахынова. Бүгінгі таңда бұл технологияны білікті ұстаздарымыз тек қазақ тілінде ғана емес, ағылшын тілі, математика, химия, әдебиет, тарих т.б. пәндерді оқытуда қолданып келеді. Әсіресе мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге дайындау мақсатында өз тәжірибемде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ үстінде, факультативтік, таңдау сабақтарында оқушы білімін жүйелі, нақты меңгерту үшін сатылай кешенді талдау жұмыстарына машықтандырып келемін. Бұл әдіс арқылы білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен шектелмей, баланың жалпы тұлғалық дамуына ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесім табуына да септігі мол деп есептеймін. Әдебиет пәнінен әдеби шығарманы, поэзияны, халық ауыз әдебиеті үлгілерін, шығарманың компазициялық құрылысын, өлеңнің құрылысына сатылай кешенді талдауға үйрету өзекті мәселе болып отыр. Төменде осындай талдаудың бірнеше түрін ұсынып отырмын.














Ғ.Мүсірепов. «Жаңа достар» әңгімесі.


1.Авторы: Ғ.Мүсірепов. 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның семьясында туған. Өз аулында ескіше оқып, хат таныған 14 жасар Ғабит 1916 жылы Обаған деген жердегі нағашыларының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі, бұл мектепті бітірісімен Пресногорьковтағы екінші басқыш орыс мектебінде оқып, жеті жылдық мектептің көлемінде білім алады. Ақын әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері,"Кездеспей кеткен бір бейне" кітабы үшін 1968 жыл Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды, қазақстан Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығын (1977) алды, 3 мәрте Ленин (1962, 1972, 1974), 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту (1957), “Халықтар достығы” (1982) ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

2.Тақырыбы-ең әуелі бірінші жақта жазылуында. Барлық оқиғалар бас қаһарман Қайроштың көзімен көрініп, көзқарасымен беріледі. Баяндаудың бұл тәсілі кейіпкерлердің портретін «ішкі жағынан» көрсетіп жасауда ұтымдылық танытқан. Лирикалық шегіністер, толқынды толғаныстар адам жанын жан-жақты ашып көрсетуге таптырмас табыстарға жетелеген. Романның басындағы он жасар бала мен соңындағы өмірдің не бір қия соқпақтарынан өткен сақа жігіттің өмірге деген көзқарастарындағы жер мен көктей айырма даму үстінде шебер көрсетілген. Романды ажарландырып тұрған тағы бір өрнек – Ғ. Мүсіреповтің шығармашылығына тән жеңіл әзіл мен ащы мысқыл. Юмор мен сатира жау жақтың іс-әрекеттерін бейнелегенде жиі қолданылған. «Қазақ солдаты» романында соғыс шындығы реалистік шыншылдықпен бейнеленген.

3.Жанртүрі-шағын көлемді эпикалық жанр түрі-әңгіме. Әңгіме дегеніміз- көлемі шағын, әдеби дүние. Оқушысын тез тапқыш, өткір, икемді, сүйкімді жанр.

4.Идеясы-автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде,оны өз көзқарасы, дүниетанымы арқылы бейнелейді. Шын дос – таусылмас қазына.

5.Шығарманың композициялық құрлысы-сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын ой бірлігі.

Шығарманың композициялық бөлімі бес кезеңнен тұрады.

5.1.Сюжеттің басталуы-әңгіменің кіріспесі іспетті, әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал- жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар суреттеледі. Қайроштың ауылдан кетуі.

5.2.Сюжеттің байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы іспетті шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Қайроштың қалаға келуі, Шеген мен Борашқа кездесуі,танысуы.

5.3.Шиеленісуі- оқиғаның адамдар арасындағы әрекеттің шиеленісіп, ширығуы.Достыққа апарар жолда.

5.4.Шарықтау шегі- сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы, адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің күшейіп өрбіп жеткен жері, драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.Қаланың қызықтары мен шыжықтары.

5.5.Шығарманың шешімі- суреттердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі» Адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі, түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал-күйі, күллі құбылыстың соңғы сахнасы. Мария апайдың мейірімділігі, ана аманаты.

6.Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі:

Қайрош

Бораш

Шеген

Мария апай

Қайроштың анасы

7.Портрет.

а) Шеген - сұлу, сұңғақ денелі,бұлшық еттері болаттай, күнге күйген, тобылғы торы

ә). Бораш – аққұба, қағылез, қыз мінезді, көздері жаңа туған бұзаудың көзіндей, бір аяғын ақсай басады

8.Мінездеме

Қайрош – білімге құштар, ақкөңіл, адал, қайратты, ақылды, мейірімді, жанашыр

Қайроштың анасы – абзал, кең жүректі, қамқор

9.Мақал-мәтелдер

Әліпті таяқ деп білмейсің

Өлімнен ұят күшті

Қарға баласын аппағым дейді

10.Тұрақты тіркестер:

Жау жүрек, шегіңді қатыратын, құлағына құйып жатыр, екі көзі алақандай болу

11.Диалект сөздер

Қасқа, үгіршіктер, қорада

12.Жер-су аттары

Гурьев, Каспий, Сарытау, Ақ Жайық.

13. Түйіні тәрбиелік мәні: адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. 


Әбдіда Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі.


1.Автор:Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келген. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүлдің қолында қалған. Жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. 1929-1932 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында оқиды, 1953-1956 жылдары Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын бітіреді. Еңбек жолын "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде алдымен пошта тасушы (1926), содан кейін корректор болып істеген (1927-1928) ол небары 4-5 жылда "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газеті редакторының орынбасары (1932-1934) дәрежесіне дейін көтеріледі. Әбділданың "Жұмысшының гудогі" өлеңі 1926 жылы "Жұмысшы" газетінде басылады. Әрі қарай өлеңдері "Жұмысшы" және "Еңбекші қазақ" газеттерінде шығып тұрады. Жиырма бес жастағы Әбділда 1934 жылы Қазақстан жазушылар одағының хатшылығына, ал 1939 жылы оның төрағалығына сайланады. 30-жылдары ақын көп оқу, тынымсыз іздену үстінде өндіре де жазады, шығармаларының көркемдік сапасы жағынан да айтарлықтай биікке көтеріледі. "Жаңа ұрпақ" (1935), "Лирикалар" (1936) деп аталған жинақтары бірінен соң бірі жарық көреді.

2.Тақырыбы: Бұл ертегінің тақырыбы еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүюді, ел үшін еңбек етуді үйрету.

3.Жанр түрі-шағын көлемді эпикалық жанр түрі-ертегі.

4.Идеясы: Бұл ертегінің идеясы-ел үшін, отан үшін Толағайдай ерлер туса екен деген тілек, ниет.

5.Шумақ: 40 шумақтан тұрады.

6.Тармақ: 234 тармақты.

7.Бунақ: Бунақ саны-2.

8.Буын саны: 7-8 буынды.

9.Ұйқас түрі: Аралас өлең ұйқасымен (а,а,б,в,в,б) жазылған.

10.Ертегінің композициялық құрылымы:

10.1Сюжеттің басталуы: Саржан атты мергеннің ұлды болуы.

10.2.Сюжеттің дамуы:Толағайдың ер жетуі.

10.3.Шиеленісуі:Толағайдың халқын ойлап күйзелуі.

10.4.Шарықтау шегі:Толағайдың еліне тауды көтеріп әкеліп, жаңбыр жауғызуы.

10.5.Шешімі:Толағай-елі үшін құрбан болды.

11.Әдеби-теориялық ұғымдар:

Теңеу-ақ маралдай, туған айдай екі қасы, ақ тістері ақ меруерттей,

қос жұлдыздай көз жанары, жанған өрттей, көбелектей от айналған, аждаһадай аузын ашқан, тал шыбықтай майыстырып, көк теңіздей көк шалғыны.

Эпитет- ақша беті айменен тең, кере қарсы, ақша маңдай, мөлдір су, көк құрақ.

Кейіптеу-кеудесімен бұлт бөгеген, маңдайынан тер көл боп ақты, түн қап-қара шашын жайды.

12.Сөздікпен жұмысы:

отыз күндік мереке-ұзақ уақыт тойлау,

жай оты-найзағай,

сұсы басты-айбатынан сескенді,

еткен еңбек желге ұшты-зая кетті,

егілмеген-жыламаған.

13.Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: Толағайдың елге деген жанаршылығы мен еліне деген сүйіспеншілігі арқылы ерлік, батырлықты дәріптеу.

Қуандық Шаңғытбаев «Сабалақ»


1.Автор: Қуандық Шаңғытбаев (1925-2001). Қазақстанның халық

жазушысы, ақын. Қазіргі Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданында туған. 1937 жылы Қуандықтың 12 жасында әкесі Төлеген "халық жауы" ретінде он жылға айдалып кетеді. Төлегеннің ағасы Жоныс пен Қуандықтың нағашы ағасы Саудаатылады. Бала Қуандықты пионер қатарынан шығарады.

Он бес жасында үздік оқыған Қуандық Алматыға келіп, Қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Сол 1940 жылы бірінші курстың студенті Қуандық Шаңғытбаевтың тұңғыш кітабы шығады. 1942 жылы 2-ші курстың студенті Қуандық Қазақтың мемлекеттік баспасына жұмысқа алынады.Тұңғыш өлеңдерін жаза бастаған болашақ ақын Мұхтар Әуезов, Бейсембай Кенжебаев, Әбу Сәрсенбаев секілді тұлғалармен танысады. 1942 жылы Қуандық "Қазақ жүрегі" атты (кейіннен "Ар") бірінші өлең жинағын баспаға тапсырады. Сол жылы редактор Қуандыққа бастығы Бейсембай ағасы Мұхтар Әуезовтың "Абай" романының қолжазбасын редакциялауға жасырын береді. Партия орталық комитетінің адамдары кітаптың шығуына қарсы болғасын, Кенжебаев пен Шаңғытбаев "Абайды" ешкімге білдірмей жарыққа шығарады, және 1942 жылдың 26 шілдесінде "Соц. Қазақстан" газетінде бірігіп рецензия жазады.
2. Тақырыбы:
Абылай ханның ерлігі, батырлығы. (Ақын сонау тарихта болған ертедегі қазақ қалмақ арасындағы соғысты шығармасына арқау еткен.) 
3.Идеясы:Абылай тағы туама деп қазақтан,

Тосып келем, сол ендігі арманым!

Қазақ елінің арасынан Абылай сияқты біртуар азаматтардың шығуын армандайды, үміттенеді. 

4.Жанр түрі: Поэма
5. Cабалақтың бейнесі: Қабағы түйілген, қара мұртты, жеңіл шидем шапанды, астында құстай ұшқан тұлпар, қолында қаруы бар, соңында ерген қол,«Абылайлап!» ұрандаған.

6.Шумақ: 4

7.Тармақ: 16

8.Бунақ: 3

9.Буын саны: 11
10. Ұйқас түрі: а б а б Шалыс ұйқас 
11. Композициялық құрылысы: 

11.1.Сюжеттіңбасталуы: Қазақ қалмақ соғысы. 
11.2.Сюжеттіңорын: Аңырақай жерінде. 
11.3.Сюжеттіңбайланысы: Қазақ әскерлеріне жеңілу қаупінің тууы. 
11.4.Шиеленісі: Сабалақтың «Абылайлап!» ұрысқа кіруі. 
11.5.Шарықтау шегі: Қазақ қолының жеңіске жетуі. 
11.6.Шешімі: Сабалақтың ерлігі. 
12. Әдеби-теориялық ұғымдар:

Эпитет:Көз қарықты, таудай кепті, қар талды. 

Теңеу:Қаршығадай тас қомданып шүйілген. 
Баудай қағып ояқты да бұяқты. 
Тұрақты тіркестер: 
Бармағын шайнау өкіну, қиналу. 
Жүзі жайнау қуану, мәз болу. 
Көз ұшында алыста. 
Көз қарығу көзі талу. 
13. Түсіндірме сөздік: 
Аңырақай жердің аты 
Сарбаздар әскер, қол, жасақ 
Дүбірі шуы, дыбысы 
Түзде далада 
Туы жығылу жеңілу.

14. Түйіні, тәрбиелік мәні:Отанын сүйе білуге, елінің ертеңгі болашақ жастар екеніне сенімін арттыру.

М.Әуезов «Ақын қонақтар»


1.Автор: Мұхтар Әуезов 1897 жылы қазіргі Семей облысы Абай ауданында дүниеге келді. Алғашында атасы Әуезден мұсылманша сауат ашып, хат таниды. Кейін мұғалімдер семинариясында оқиды. Төңкеріс қарсаңында Алаш қозғалысының Семейдегі жұмысына қатысады. 20 жылдары Ленинград университетінде, Ташкенттегі Орта Азия университетінің аспирантурасында оқиды. Бұл жылдары Мұхтар Әуезов әлем әдебиеті үлгісімен терең танысып, жан-жақты, кемел білім алып шығады.Мұхтар Әуезовтің алғашқы шығармашыларының көлемдісі де, көркемі де прозалық әңгіме, повесть түрлерінде жасалды.

Мұхтар Әуезов жиырмасыншы жылдардың бас кезі мен орта шенінде көптеген әңгімелер ( “Қорғансыздың күні”, “Жетім” , “Жуандык”, “Ескілік көленкесінде”, “Кім кінәлі”, “Бартыма” т. б.) жазып, оларда ескі қазақ ауылының алуан түрлі әлеуметтік шындығын реалистік дәстүрде бейнелейді.
“Қорғансыздың күні ” (1921) – жазушының алғашқы жарық көрген әнгімесі. Мұнда Ғазиза деген панасыз жетім қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлыққа шыдамай, боранға ұрынып, үсіп өлгені айтылған. Бұл шығармада Ақан сияқты қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді.
“Қорғансыздың күні” өзінің көркемдік бітімі жағынан қазақ әдебиетіне жаңа өрнек енгізді. Адам өмірінің қайталанбас, дара ерекшелігі әңгімеде шебер ашылған. Шығармада болыс Ақан, оның серігі Қалтай, пәк, сәби қыз Ғазиза, оның қарт әжесінің бейнелері өте шынайы көрінеді.“Жетім” деген әңгімеде Қасым атты жетім баланың қасіретті балалық шағы, Иса деген жамағайынның қорлығына шыдамай, ауылдан қашып шыққан бетінде, қараңғы түнде, тоғай ішінде өлгені айтылады.Өмірден зәбір көргендердің мұңы мен наласын үлкен әлеуметтік толғақты мәселе ретінде сипаттау сыншыл реализмнің негізгі белгісі еді.“Ескілік көлеңкесінде” ескі салт бойынша өлген апасының орнына кәрі жездесіне тоқалдыққа баруға ризалық білдірген, өзін сүйген жігіт Қабыштың тілегімен есептеспеген Жәмеш деген қыздың халі әңгімеленген. Мұхтар Әуезов өмір қайшылықтары мен теңсіздіктерін әр қырынан көрсету арқылы қазақ әдебиетінде психологиялық прозаның үлгілерін тудырды.“Жуандық” (1926) әңгімесінде момын кедей Жақсылықтың өз жолын тауып, ерікті, баянды өмір жасауға ұмтылғаны, бірақ бұрыннан кедей - кемтарды уысында ұстап, тізе батырып үйренген Әбіш, Құрман секілді байлардың оған қиянат, зорлық жасағаны көрсетіледі.

2.Тақырыбы:Ғұлама ақын Абайды акылдығы, өнерге кұштарлығын жайлы.

3.Идеясы: Қазақ елінің арасынан Абай сияқты біртуар азаматтардың болуы.

4.Жанр түрі:Романнан үзінді (әңгіме)

5.Әңгіменің композициялық құрылымы:
5.1.Сюжеттің басталуы: Абайдың науқас күйі
5.2.Сюжеттің дамуы: Зере мен Ұлжанның әңгімелері
5.3.Шиеленісуі: Құтты қонақтардың келуі, жырлары
5.4.Шарықтау шегі: Барластың батасы
5.5.Шешімі: Қонақтарды аттандыру

6.Сөздікпен жұмыс:

Мүсін - бет әлпет, келбет, пішін
рең - шырай
қылаң - ақшыл, бозғыл
құлан таза - әбден, мүлде
сейілу - айығу, жадырау
машық - әдет, дағды
пейіл - ниет, ықылас
қажау - мазалай беру
қан базар - қалың жиын
сұм науқас - созылып, айықпаған ұзақ ауру.

7.Түйіні, тәрбиелік мәні: Ұлтын сүюге, ұлттық құндылықтарын қадірлеуге баулу, өнер адамын құрметтеуге үйрету.



Сәбит Мұқанов «Лашын»


1.Автор:Сәбит Мұқанов (900-1973). XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінін бірі – академик жазушы Сәбит Мұқанов. Бүкіл шығармашылық жолы кеңес өкіметінің билік құрған жылдарымен тұспа-тұс келген ол өз заманының көкейкесті тақырыптарын шығармаларына арқау етті. Әдебиеттің барлық жанрында еңбекетті. Қоғамдық мәселелермен айналысты.

Өмір жолы. Сәбит Мұқанов 1900 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келеді. Қазір бұлауыл Сәбит Мұкановтың есімімен аталады.

Жеті жасқа келгенде әкесі, бір жылдан соң шешесі қайтыс болып, жетімдіктің зардабын шегеді. Жастайынан ауыл байларының малын бағып, жалшылықта жүреді. Сегіз жасында ауылдағы молдадан оқып, сауатын ашады. Табиғатынан зерек Сәбит хат танығаннан-ақ, әр түрлі кітаптарды оқуға талпынады. Түрлі қисса, дастандарды оқиды. Абайдың, татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың шығармаларымен танысады. Көп дастандарды жатқа айтатын болады.

Бірте-бірте әдебиетке, өлеңге қызығушылығы оянады. Он екі жасынан бастап, өлең шығаруға талаптанады. Ойын-тойда айтысқа түсіп, өлең шығарып, "өлеңші бала" атанады.

1918 жылы бір қатар жаңашыл мұғалімдерден дәріс алады. 1919 жылы Омбыдағы мұғалімдер курсын бітіріп, ауылда аз уақыт мұғалім болады.

Кеңес өкіметінің жұмысына араласады. 1919-1922 жылдары ел арасынан астық жинау науқандарына қатысады, Ақмола губерниялық комитетінде әр түрлі қызметтер де болады. 1922 жылы Орынбордағы жұмысшылар факультетіне (рабфак) түседі. Бір қатар орыс ақындарының шығармаларымен танысады. 1926-1928 жылдары әр түрлі баспа, баспа сөз орындарында істейді. 1928 жылы Ленинград университетіне түседі. Бірақ тұрмыстың ауыртпалығынан оны бітіре алмайды. 1935 жылы Мәскеудегі қызыл профессура институтын тәмамдайды. Алматыға оралып, "Қазақ әдебиеті" газетінің редакторлығына тағайындалады. 1936-1937 және 1941-1954 жылдары Қазақстан Жазушылар одағын басқарады, 1937-1941 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында дәріс оқиды. 1954 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі болып сайланады. 1968 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанады. Бірнеше съездерге делегат, басшы органдардың мүшесі болып сайланады.

1973 жылы қайтыс болады.

2.Тақырыбы:Әміршіл-әкімшіл жүйенің саясаты мемуарлық шығармаға өз ізін қалдырғаны.

3.Идеясы:Оның ұлттық санаға тигізген зиянын әділ бағалаудың қажеттігі.

4.Жанр түрі:Роман (әңгіме).

5.Әңгіменің композициялық құрылымы:
5.1.Сюжеттің басталуы:Құсбегі, Ахмет.
5.2.Сюжеттің дамуы:Ахмет лашынының мүсіні.
5.3.Шиеленісуі:Өрбуі Ахмет лашынының өнері.
5.4.Шарықтау шегі:Сәбит пен Ахметтің саятшылыққа шығуы.
5.5.Шешімі: Есте қалған сол бір ерекше күн.

6.Әдеби-теориялық ұғымдар:

Теңеулер:жұдырықтай, қайықтай, жолбарыс тырнағындай, біздей, сауысқандай,ұстарадай.

Эпитет:Жарау ат, құлақ естір жерде жоқ , қыран құс қисық ұшып, түзу ілер, Шабдан мұртты,  айдын көлді дабылдаттым, айдын көл.

7.Ауыспалы мағынада қолданылған сөздер:
Саңғиды, сіберлеуі, оттап отыру,іліп қалу.
8.Портреттеу
Көк көзді, шабдан мұртты, ақсұр, қушық бетті, түрін байырғы орыстан айырып ала алмайтын

9.Сөздікпен жұмыс.
Қадім – араб оқуы мен жазуы.
Атбелгілік – ат жаратып , баптауды кәсіп етушілік.
Лашын – жыртқыш құстар тұқымдасына жататын саят құсы
Дуадақ – қанаты үлкен , мойыны ұзын дала құсы .
Дабылдау - Қаңғыр-күңгір дыбыс шығару.
Түлек – құстың тілеуіне байланысты жас мөлшері .
Саят – құс салып , аң аулаушылық .
Тақыстанып - әккіленіп, қуланып.

10. Түйіні, тәрбиелік мәні: Мұның жас ұрпақты ерлікке баулу үшін үлкен тәрбиелік мәні бар. Бір кезде бүркіт, лашын, тұрым­тай, ителгі сияқты құстарды сері­лік, саятшылық үшін үйретіп, саят­шы­лықты кәсіп ететін қазақтар ел арасында көбейіп келеді.  Жанұясына адал, балапандары үшін қандай қауіпке де бас тігіп, тіке шабатын құстардың қатарында қарға барын біз көбіне біле бермейміз.


Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі


1.Авторы:Сапарғали Бегалин бұрынғы Семей облысы, ауданы Дегелең ауылында, кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Атасы Бегалы Сапарғалидың да бес жасында кәлимаға тілін келтіріп, арабша сауатын ашып, өзі оқытқан.  Табиғатына зерек, ұғымтал балаға оқу оқыған, білім алған өте ұнайды. Бала Сапаштың одан кейінгі білім алуына немере ағасы, сол кездегі оқымысты Ысмағұлдың ықпалы өте зор болады.  Ағасы кішкене Сапаштың алғырлығына көңіл аударып, оны үнемі жанынан тастамай Қарқаралы, Семей сияқты қалаларға ертіп жүретін.  1911 жылы қалаға келген бала пристаньда қара жұмысқа түседі. Содан қазақтың тұңғыш ағартушы- мұғалімі Құлжанов Нұрғали мен Нәзипаның үйінде атының басын ұстап, делбеші боп жүріп, орыс-қазақ училищесін 1915 жылы бітіріп шығады. 1914 жылы жас Сапарғалидың тұңғыш өлеңі «Айқап» журналында басылады. Жас ақынның алғашқы туындылары  «Азамат арманы», «Көшер ме тұман серпіліп», «Қазақ қыз-бозбалалары» атты өлеңдері болатын. 1916 жылғы дүрбелеңде окоп қазуға зорлық-зомбылықпен жіберілген жігіттердің қалың легінде Сапарғали да кете барады. Мұстафа Шоқай басшылығымен Думадан арнайы шешім алдырып азаматтарды аурудан, өлімнен құтқарып, 1917 жылы  елге оралады. Бұл тұста жас ақын бірталай өлеңдер жазады. Кейінгі жылдары сотта, газетте, ғылыми қызметте, Жазушылар Одағында кеңесші болып істейді.   Сапарғали Бегалин 1983 жылы дүниеден өтті. Қазақ балалар әдебиетіне сіңірген ересен еңбегі үшін «Құрмет белгісі» және «Халықтар достығы» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

2.Тақырыбы:Шоқан бойындағы отаншылдық сезімнің туу, қалыптасу жолдарын бейнелейді.

3.Идеясы:Шоқанның азғантай ғана ғұмырында қазақ әдебиеті мен тарихында мол мұра қалдыруы, өз халқының әдет-ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігіне қатысты дүниеге деген ерекше көзқарасы мен оларға деген құрметі оның балалық шағында-ақ қалыптасып үлгергенін ұрпаққа жеткізу.

4.Жанр түрі:Әңгіме.

5. Кейіпкелері: Шыңғыс, Шоқанның анасы, Мысық, Жақып, Сыдық, Шоқан

6. Оқиға орны: Құсмұрын бекеті, Шыңғыс күзегі
7.Әңгіменің композициялық құрылымы:

7.1.Әңгіменің басталуы:Сары бала қуанышы.

7.2.Дамуы:Мысықтың  жасаған ойыншықтары.

7.3.Байланысуы:Бала Шоқанның үйіне ертіп әкелуі.

7.4. Шиеленісуі:Ерке, тентек Жақыптың мінезі.

7.5.Шарықтау шегі:Мысықтың  Шоқанды мазасыздана күтуі.

7.6.Шешімі:Шоқанның қайырымдылығы.

8.Кейіпкерлерге мінездеме бер:
Шоқан Қайырымдыәділуәдеге берікөнерді құрметтеу Мысықты үйіне әкеліп тамақ береді. Киім береді. Інісінің әділетсіз әрекеттеріне тосқау салады. Мысықтың өнеріне қызығады.
Мысық Өнерлізерек Мүсін жасайды. Көргенін пайымдай алады.
Жақып Тентек Үйіне келген балаға сотқар мінезін көрсетеді.

9.Түйіні, тәрбиелік мәні: Балалар арасындағы достық қарым - қатынастың адалдығы, бала Шоқанның бойындағы кішіпейілділік, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді дәріптеу.

Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан».


1.Авторы: Қалмақан Әбдіқадыров (1901-1964). Қазіргі Қызылорда облысы

 Шиелі ауданы Шиелі кенті дүниеге келген.

Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған (1925). Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді. 30-жылдарда өлеңді өндірте жазып, “Екпін”, “Шахтер”, “өлеңдер” жинағын баспадан шығарды. Ақынның 1935 — 51 ж. аралығында жазған “Май”, “Батыр”, “Сәтбаев”, “Еділ-Дон”, “Келес қызы” поэмалары нақты өмір шындығынан алынып, қазақ азаматтарының ерлігі мен өнегелі істерін бейнелеуге арналған. Әбдіқадыровтың “Қажымұқан” повесі 1954, 1956, 1959 ж. қайта басылды, 1970 ж. орыс тілінде жарық көрді. “Алатаудың бауыры” (1935), “Амантай” (1936), “Тапқыш” (1937), “Тәтті қауын” кітаптары республикада балалар әдебиетін дамытуға айтарлықтай үлес қосты. “Серт” жинағына 1941 — 45 ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда жүріп жазған өлеңдері топтастырылған.

Әбдіқадыров аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ол Шығыс әдебиетінің классиктері Әбілқасым ФердоусиӘлішер Науаи өлеңдерін (1948), қырғыз А. Тоқомбаев, орыс жазушысы В.М. Кожевников шығармаларын аударған. Ол тікелей парсы тілінен тәржімалаған “Мыңбір түннің” 4 кітабы үш рет-1949, 1955, 1962 ж. Қайта басылды. Әбдіқадыров аудармасы әлемдік әдебиеттің алтын қазынасына жататын осы шығарманың ең үздік нұсқаларының бірі болып табылады. Жазушы жауынгерлік  Қызыл Жұлдыз орденімен, марапатталған.

2.Тақырыбы: Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан.

3.Идеясы:Қазақ халқының атақты палуаны, классикалық күрестің дүние жүзілік чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолы қызықты, тартымды баяндалған.

4.Жанр түрі:Повесть  (хикаят) – баяндау түрінде  қара  сөзбен  жазылған оқиғалы  көркем шығарманың  түрі.

5.Әңгіменің композициялық құрылысы:

5.1.Басталуы:Мұқанның саудагер Иван Ногичке жалданып жұмыс жасау

5.2.Дамуы: Орлий Масликовтың жалдамалы қызметіне ауысуы

5.3.Шиеленісуі:Бір шана шөпті бай үйіне жая сүйретіп келуі

5.4.Шарықтау шегі: Иван Лебедевтің мектебінен дәріс алуы, өзіне жақын дос табуы

5.5.Шешімі: Париж сахнасында өнерін көрсетіп, құрметке бөленуі

6.Сөздікпен жұмыс:
Қыламық - Жұқалаң түскен қар. 
Кеспек- Сұйық зат құйып сақтайтын ағаш ыдыс, бөшке. 
Кіреші- Жүк тасушы. 
Бастырық- Шөпті ауып кетпеу үшін басып тұратын ұзын сырық. 
Күртік қар -Жел үріп әкеп, біржерге үйіп кеткен ,бекіп үлгермеген қар.
Пұт -16 кгилограмға тең.
Шабата -Талдың қабығынан тоқылған аяқ киім.

Қызылжар-қазіргі Петропавл.

Кіресін алу-ат-көлігін жалдама жұмысқа беру.

Кіре-жалдамалыкүшкөлігі.

Городовой-қала бастығы.

Полицмейстер- полиция бастығы.

7.Түйіні, тәрбиелік мәні: Қажымұқан өнер мен күшін Отан, халық мәртебесін асыруға жұмсаған патриот екенін ұғындыру.


С.Жүнісов «Ақырғы бәйге»


1.Авторы: С.Жүнісов. (1. 2. 1934 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылту ауданы, Қызылту ауылы) – Қазақстанның халық жазушысы (1996). Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазҰУ - ін бітірген (1957). "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналында (1957 - 59), Қазақ драма театрында (1960 - 64) әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Қостанай педагогикалық институттында оқытушы (1964), "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі (1964 - 68), КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1988 - 92) қызметтерін атқарған. "Аманай мен Заманай" романы (1987) бойынша "Заманай" аттыкөркемфильмітүсірілді. Жүнісовтің "Ажар мен ажал" (1967), "Тұтқындар" (1972), "Жаралыгүлдер" (1973), "Қызым, сағанайтам" (1973), "Қосанар" (1974), "Әрүйдіңеркесі" (1975), "Қысылғаннанқыз болдық" (1976), "Кроссворд" (1981), "Елім - ай", "СабалақАбылай", "Сәукеле", тағы басқа пьесалары республикалық және облысы театрлар сахналарында қойылған.

2.Тақырыбы: Ақырғы бәйге 

3.Идеясы: Құлагер мен Ақан серінің трагедиялық жан күйі.

4. Тегі,түрі: роман (үзінді) 

5.Шығарманың композициялық құрылысы:

5.1.Оқиғаның басталуы: Көкшенің дүлдүлін көргенше асыққан
5.2.Байланысуы: Той думанға дала табиғаты бар нұрын төгіп тұрғандай
5.3.Дамуы: Құлагерге қамшы сала көрме
5.4.Шиеленісуі: Қазір сонау бір кезеңде шаңымды да көрмей қаласың
5.5.Шарықтау шегі: Пой-пой, шабысына болайын
5.6.Шешімі: Құлақ шекесінен бірдеме сарт етті

6. Әдеби-теориялық ұғымдар:

Теңеу: Оқжетпестің қайрақ тасындай , майда жалы жібектей,шұңғыл табақтай кең ойпат.

7.Түйіні, тәрбиелік мәні: Өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар  ғұламаларының елге  жасаған игі  істерін  қадірлей  білу.


Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»


1.Авторы:Қабдеш Жұмаділов  24 сәуірде 1936 жылы  ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. 

Жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1998).Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-не (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң, ҚАЗҰУ-тін бітірді (1965).«Қазақ әдебиеті» газетінде (1965-1967) «Жазушы» баспасында (1967 –1976). Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. кабинетінде (1976 – 1981) қызмет істеген.

1981 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспсөз беттерінде, ал «Жамал» тырнақалды әңгімесі 1956 ж. Үрімжіде шығатын «Шұғыла» журналында жарияланған. 1 өлеңдер жинағы, 8 роман, 5 повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық көрген.

Олардың негізгілері «Қаздар қайтып барады» (1967) атты әңгімелер жинағы, «Көкейкесті» (1969), «Соңғы көш» (1974-1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары, «Дарабоз» (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары Жұмаділовтың соңғы жылдардағы көлемді шығармасы – «Таңғажайып дүние» (1998) ғұмырнамалық «Қылкөпір» (2003) романдары.

Жазушының публицистикалық мақалалары «Қалың елім қазағым» (2000) жинағында жарияланды. Шығармалары орыс, украин, белорусь, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде, «Соңғы көш» романы түрік тілінде басылып шыққан.

Негізгі еңбектері 2003-2004 ж. Он екі томдық шығармалар жинағына топтастырылған. Медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының, (1983), Қазақстанның Мемлекттік сыйлығының (1990), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты,Үржар ауданының «Құрметті азаматы».

Үржар аудандық «Уақыт тынысы», «Пульс времени» газетінің журналисі Зоя  Асылхановна Буланова Қ. Жұмаділовтың «Дарабоз» дилогиясын орыс тіліне аударды. Үржар ауданының «Құрметті азаматы».

2.Тақырыбы:Қазақ пен қырғыз  арасындағы тарихи қалыптасқан қарым-қатынастың бауырластықтың жалғасы ретінде көрсету.

3.Идеясы:Қазақ романдарындағы тәуелсіздік.

4.Әдеби тегі:Әңгіме.

5.Сюжетті-композициялық талдау

Оқиғаның басталуы.
1. 1. Алатау қазақ пен қырғыздың құт береке қонысы.
1. 2. Сапарға сайланып шығу - ел дәстүрі
2. Оқиғаның байланысы.
2. 1 Ұрпақтар сабақтастығы – ата аманаты.
2. 2 Сән - салтанаты жарасқан елдің татулығы.
3. Оқиғаның дамуы.
3. 1 Текті жылқының жершілдігі. Төреқұл әңгімесі.
3. 2 «Қозыкүрең»жайлы Саяқбай әңгімесіндегі күдікті ойлар.
4. Оқиғаның шиеленісуі.
4. 1 Қозыкүреңнің қашып шығуы – жылқышыларға үрей туғызуы
4. 2 Атылған оқ Қозыкүреңге дарымады.
5. Оқиғаның шарықтау шегі.
5. 1 Қозыкүреңнің елге оралуы - жаралы жауынгердің елімен қауышуы тәрізді
5. 2 Суыт жүрістен қызылмай боп зорыққан ат оңалмады.
6. Оқиға шешімі.
6. 1 Қозыкүрең өлімі, адамша арулап, терісін сыпырмай көмеді.
6. 2 сыйластық жарасымы - Ағыбайға Төреқұлдың сыйы.

6.Сөздік

Ақалтеке – Түркімендік жүйрік жылқы тұқымы

Бесті – Бес жастағы жылқы

Қу мүйіз – Көп нәрсені бастан кешірген, ысылған, төселген

Өрелеу - Аттың алдыңғы аяқтары мен арты бір аяғын шалып байлау, өре (шідер) салу.

7.Түйіні, тәрбиелік мәні: Тағдыр тәлкегімен туған жерден жырақта жүрген қандастарымыздың киелі топырақ, қасиетті атамекеніне оралуды зарыға аңсап күткен сағынышы, арман – мүддесі, көз жасы, үміт – сенімі. 


М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасы.


 

  1. Авторы: Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Мамандығы тракторшы, филолог. Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). "Оңтүстік Қазақстан" (1960-65), "Лениншіл жас" (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің баспа,полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. М.Шахановтың "Балладалар" (1968), "Ай туып келеді" (1970), "Қырандар төбеге қонбайды" (1974), "Сенім патшалығы" (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым.

"Махаббат заңы" атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974). Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері жұртшылыққа кеңінен таныс.

М.Шаханов — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1972). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 

республикалық "Жалын" журналының бас редакторы т.б. қызметтер атқарды.

 КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР-ның Халық депутаты. 1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2004—2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазір 2004—2007 депутат. "Жалын" журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін "XXI ғасыр және Руханият" атты халықаралық элита клубының Президенті.

  1. Тақырыбы: Махамбет батырдың өмірден өтуі, зұлымдық пен әділдік тартысы.

  2. Жанр түрі: Поэзия (поэма).

  3. Идеясы: Батырдың көрегендік қасиетін көрсету, өлімге бас имеген қайсар рухына бас ию.

  4. Шумақ саны: 12

  5. Тармақ 63

  6. Бунақ саны: 3

  7. Буын саны: 7-8, 11,15 аралас буынды.

  8. Ұйқас түрі: шұбыртпалы ұйқас (а-а-а-а-а), шалыс ұйқас (а-б-а-б)

  9. Әдеби – теориялық ұғымдар:
    Эпитеттер: қайсар ақын, сойқан заман, шомбал жігіт, сұр ішік т.б.
    Метафора: Ақын деген – киелі аққу самғаған
    Дисфемизмдер: оңбаған, жүзіқара, сорлы.

11.Оқушылармен бірлесіп, поэманың композициялық жоспарын құру:
11.1. Оқиғаның басталуы: Махамбеттің өзінің өлерін күні бұрын сезуі.
11.2.Оқиғаның дамуы: Сұлтан тыңшыларының батырды қапыда өлтіріп, басыналуы.
11.3.Оқиғаның шиеленісуі: Батырдың басы үшін қымбат сый алған жігіттіңәкесіне келіп мақтануы.
11.4.Оқиғаның шарықтау шегі: Әкесінің ашуға мінуі.
11.5.Оқиғаның щешімі: Әкенің үкім шығарып, баласын жазалауы.

12. Сөздік жұмысы: 
зауал – қиындық, қайғы
шомбал – алып, ірі
ішік – бағалы тон
пенделік – адамның ұнамсыз қасиеттері
ғаламат – орасан, зор
үкім – шешім, билік
кею – ренжу
13. Тәрбиелік мәні: Елжандылыққа, батырлар есімін дәріптеуге, әділдікке баулу.


Нәсіреддин Серәлиев «Аңсау» әңгімесі.

1.Автор:Нәсіреддин Сералиев (25.10.1930, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қашқансу ауылы - 20.11.1984Шымкент) - жазушы. Қызылорда педагогика институтын (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген (1952). 19521958 жылдары "Ленин жолы газетінде тілші, 19581962 жылдары "Үгітші блокноты", "Ак желкен". "Балдырған" журналдарында әдеби кызметкер, 1962 - 1965 жылдары "Онтүстік Қазақстан" газетінің Кызылорда облысындағы меншікті тілшісі. 1964 - 1984 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі, жауапты хатшы кызметтерін атқарған. Шығармалары 1952 жылдан жариялана бастады. "Еңлікгүл" көркем фильмінін сценарийінің авторы ("Казакфильм". 1974). Орыс жазушылары А.П.Гайдардың, И.С.Котяровскийдің. С.А.Баруздиннің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.

2.Тақырыбы:Немеренің атаға деген сағынышын, адамдар арасындағы қарым-қатынас, қазақ әйелінің бойындағы парасаттылық, әдептілік, кішіпейілділік, үлкенге құрмет сияқты игі қасиеттерді көрсеткен.

3.Идеясы: Ана тілінде сөйлейтін Қарттың бойындағы.

Немерені аңсау аңқаулықты аңсау.

4.Жанр түрі:Проза(әңгіме)

5.Композициялық талдау
5.1.Оқиғаның басталуы: Қалымбет қарттың қалаға баласының тойына жабдық алуға келіп, кешкі уақытта қалып қойғаннан кейін қонақ үйге бармақ болады. Бірақ, қонақ үй қызметкерлері төлқұжатыңыз жоқ деп кіргізбейді. Сөйтіп, амалы қалмаған қария биік үйлердің арасындағы бір орындыққа жантая кетеді.
5.2.Оқиғаның байланысы: Ойнап жүрген Ермекке бір қария кел, мұнда тығыл деп айтады сол уақытта бала қарттың жадағайының астына тығылмай, қарттың мойнына асыла кетеді де атам келді деп мәз болып қалады. Кейін Ермек Қалымбет қартты үйіне ертіп апарады да анасына: ата келді, деп қуанышты сезімін айтады. Кейін бала қариядан ауыл, ауылдағы аттар, бауырсақ туралы сұрақтар қояды.
5.3.Оқиғаның шарықтау шегі: Ермек ұйықтап жатқан уақытта қарт сездіртпей ұйқыдан тұрып, кетпек болады. Сол уақытта Ермектің анасы Қалымбет қартты дастархан басына шай ішуге шақырады. Дастархан басында қария мені іздесеңдер мына мекен - жайдан таба аласыңдар деп тұрғылықты жерін айтады.
5.4.Оқиғаның шешімі: Ермек атасын сағынғаны соншалық бөтен қарияны өз атасындай көріп, оны өз үйіне алып келеді.
6. Сөздікпен жұмыс
Зеңкиген – еңселі, биік;
Қапырық – өте ыстық;
Саяжол – ағаштардың көлеңкесі түсіп тұрған жол;
Жаялық -жас нәрестені орайтын жөргек мата;
Алагүл – қоңыздың бір түрі;
Азанда – таңертең;
Кремтлен – матаның атауы;
Қиямет – қиын:

7.Түйіні, тәрбиелік мәні: Немерені аңсау аңқаулықты аңсау.



Д.Дэфо «Робинзон Крузо»


1.Авторы: Даниэль Дефо (1660, Лондон -1731) – Ағылшын жазушысы, публицист. Атақты «Робинзон Крузоның өмірі мен таңғажайып, қызықты оқиғалары» романының авторы. Оның ата-бабаларының фамилиясы Фо болған, жазушы оған «Де» әріптерін қосқан. Дефоның әкесі қолөнерші болып, шеберхана ұстаған. Ол ұлын рухани академияға берген. Болашақ жазушы онда француз, итальян, испан және латын, көне грек тілдерін үйренді. Дефо Диссентер колледжін бітірді. Ол кәсіпкер шарап сатушы болып, Франция, Италия, Испания және Португалия елдерінде болды.

Өзінің алғашқы шығармаларынан бастап, Дефо буржуазиялық өкіметке қарсы болды. Ол герцог Монмауттың Яков ІІ геқарсы көтерілісіне қатысты. 1688-1689 ж.ж. мемлекеттік төңкерісті жақтады. Өзінің саяси көзқарасы үшін Дефо абақтыда да отырды. 1731 ж. 26 сәуірде кредиторлардан қашып жүрген кезде семьясынан алыс жерде қайтыс болды.

Дефо өз заманының саяси өмірі, экономикасы, моралі, діні, тарихы жайлы көптеген публицистикалық шығарма жазды. «Таза қанды ағылшын» (1701) атты өлеңмен жазылған памфлетінде дандайсыған ақсүйектерді, діни фанатизмді әшкереледі. Дегенмен, Дефо көптеген шығармаларында буржуазиялық құрылыстың нығаюын, сауда-саттықтың дамуын қуаттады («Жобалардың тәжірибесі», 1697 ж.). Дефоның тұңғыш романы «Робинзон Крузо» оны дүние жүзілік даңққа бөледі. «Робинзон Крузодан» (1719) кейін Дефо «Капитан Сингльтон» (1720), «МолльФлендерс» (1722), «Полковник Жактыңтарихы» (1722), «Роксана» (1724), «Капитан Карлтонның мемуары» (1728) романдарын жазды.

2.Тақырыбы:Аралдағы теңізшінің өмірі.

3.Идеясы:Бір жылға жуық аралдадағы өміріндегі кездескен қиындықтарын көрсету.

4.Жанр:Роман (әңгіме)

5.Кейіпкер: Робинзон Крузо.

6.Композициялық құрылымы:

6.1.Оқиғаның басталуы:Кеме теңізде апатқа ұшырап, жалғыз өзі белгісіз аралға шығып қалғаны.

6.2.Оқиғаның дамуы: Аралға ат қойды, кемедегі нәрселерді тасуы.Өзіне лайықты жер қарауы.

6.3.Оқиғаның шиеленісуі: Аң аулау үшін, жұмыс істеу, ұйықтау үшін және көңіл көтеру үшін белгілі сағаттар белгілеп, өзінің уақытын бөлді.

6.4.Оқиғаның шарықтау шегі:Егіншілікпен айналысуы.

6.5.Оқиғаның аяқталуы:Кемеге алаң болып, екінші орынға көшуді ұмытып кетуі.

7. Сөздікпен жұмыс.

Сал-ағаштан байланыстыра жасалған жүзу құралы.

Мұқтаждық-қажеттілік.

Қайла- жер қазатын аспап.

Мұқатып-жүзін қайырып.

Астау-аузы кең үлкен ыдыс.

Құдды- тәрізді.

Нана қою- сену.

Кендір- кендір өсімдігінен есілген жіп.

Қуаңшылық- құрғақшылық.

Күллі- бүкіл

8.Әңгіменің түйіні, тәрбиелік мәні.Жазушы адам рухының мықтылығын, еңбектің бәрін де жеңетінін, мінездің ұстамды да сабырлы болуы адамды тұлға ететініне тәрбиелейді.

 

Ойымды қорыта келе, дұрыс ұйымдастырылған мұндай жұмыстардың нәтижесі, біріншіден, оқушы білімін нақтылайды, екіншіден , өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой-қабілетін арттырады, үшіншіден,қажет кезінде алған білімін тәжірибеде қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Қазіргі қазақ тілінің мұғалімінің негізгі мақсаты - арнайы әдіс-тәсілдер, техникалық, компьютерлік құралдар арқылы тұлғаны дамыту.

Қоғамдық ізгілендіру – ХХІ ғасырдағы өркениетті дамытудың талабы.
















Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиева, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай. «Әдебиет» 5сынып. Алматы, «Атамұра», 2010.

  2. Г.Құрманбай, Б.Әрінова, Г.Омарова «Әдебиет. Хрестоматия»

5 сыныпАлматы, «Атамұра», 2010.













































МАЗМҰНЫ

  1. Алғы сөз.........................................................................................................2

  2. Ғ.Мүсірепов. «Жаңа достар» әңгімесі.........................................................3

  3. Әбдіда Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі.................................................4

  4. Қуандық Шаңғытбаев «Сабалақ» ...............................................................6

  5. М.Әуезов «Ақын қонақтар».........................................................................7

  6. Сәбит Мұқанов «Лашын».............................................................................9

  7. Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі..............................................10

  8. Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан»......................................................11

  9. С.Жүнісов «Ақырғы бәйге».......................................................................13

  10. Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»........................................................................14

  11. М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасы.........................................15

  12. Нәсіреддин Серәлиев «Аңсау» әңгімесі....................................................17

  13. Д.Дэфо «Робинзон Крузо»........................................................................18

  14. Пайдаланған әдебиеттер.............................................................................20




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!