Психологиялық тренинг-
сабақ
Тақырыбы: Өзін- өзі көрсете білу
деген не?
Мақсаты: Мұғалімдерге өзін- өзі
көрсетіп, тәжірибесін молайту барысындағы ойларын
анықтау.
Күтілетін нәтиже:
-
Өзін- өзі көрсетіп, ойларын ортаға
салады;
-
Проблемалық жағдаяттардан шығудың жолдарын
іздестіреді;
-
Шығармашылықпен жұмыс жасау қабілеттері
дамиды;
Барысы:
І) «Достық торы» шаттық
шеңбері
Адамдардың бір- біріне жақсы
тілек айтып, жақсы сөз, нышан білдіру, адамға үлкен рухани қазына
беретіні бәрімізге мәлім. Осы мақсатта халық мақалы «Жақсы сөз-
жарым ырыс» тегінге айтылмаған. Жақсылық тілеп, осыған
дағдылануымыз керек. Олай болса бір- бірімізге жақсы тілек, жағымды
сезім сыйлайық.
Менің қолымда жіп. Осы жіпті мен бір саусағыма
іліп, кез келген адамға лақтырамын да оған тілек айтамын, ол да
келесі адамға, сөйтіп барлық топ мүшелері қамтылғанша
жүргіземіз.
Міне бізде «достық торы» пайда
болды. Достығымыз ұзағынан болсын, бір- бірімізбен байланысымыз
үзілмесін.
ІІ) Қызғушылықты ояту.
«Молекулалар» ойыны (музыкамен топқа бөлу). 2
топқа бөліп отырғызу.
ІІІ) Мағынаны тану
І топ
сұрағы: «Өзін- өзі көрсете білу деген
не?» 3 минут(жеке жауап)
ІІ топ
сұрағы: «Өзін- өзі көрсете білу үшін
не қажет?» 3 минут
(Екі топ өз ойларын ортаға
салады және олар бір- бірінің жауаптарын
толықтырады)
ІV) Топтық жұмыс
І топ
сұрағы: «Өзіннің ішкі «мен» дегеніңді
бұғаулардан босату» деген нені білдіреді? 3
минут
ІІ топ
сұрағы: «Қолдарыңнан келетіннің бәрін
жасаңдар» деген нені білдіреді? 3 минут
(Екі топ өз ойларын ортаға салады және олар бір-
бірінің жауартарын толықтырады)
V) Жағдаяттардан
шығу(жеке)
І
топ: «Сен жұмысқа келіп тұрсың,
сенімен бірге тағы бір мұғалім келіп тұр. Сондықтан да сіздердің
біреуіңізді таңдайды. Таңдап алу кезінде сен өзіңнің барлық жақсы
қасиеттеріңді көрсетуге тиіссің. Сен барлық жақсы қасиеттеріңді
көрсету үшін не істейсің?»
ІІ
топ: «Сен басқа мектепке жұмысқа
келдің. Жаңа әріптестерің сені өздеріндей қабылдаулары үшін сен
бірінші кезде қандай қасиеттеріңді көрсете бастайсың?
Неге?»
VІ) Тірек
нүктесі
Өз
күшіңді сезінудің өзі күш береді. Әр адамның бойында өзіне ішкі
бостандық сезім мен күшін сенім білдіретін, яғни өзі бағалайтын,
өзіне ең ұнамды қасиеті болады. Оны біз тірек нүктесі деп атаймыз.
Өйткені қиын сәттерде сол қасиеттер жанымызға қуат
береді.
Тапсырма: Әр қатысушы өз бойындағы тірек нүктесін
атап берсін. Қасиеттеріңізді нық сеніммен айтуы керек. Алайда,
бірақ, егер де, мүмкін деген сөздерді қоспай айту керек. 2 минут
уақыт беріледі.
Қорытынды: Міне, әр адамның қиын сәтте
демеу болар нық сеніммен айта алатын жақсы қасиеттері болады. Сол
қасиеттер жанымызға қуат береді. Бірақ жанымызға қуат беретін тек
бір ғана тірек нүктеміз емес, барлығымызды жақсы жағынан көрсететін
тірегіміз барлық мүшемізде болсын деп
тілеймін.
VІІ) «Қарлы кесек»
ойыны
2
топ әрқасымыз газет алып одан қарлы кесек жасаймыз. Енді менің
белгім бойынша қарлы кесектерді қарсыластарымызға лақтыра
бастаймыз. Белгіленген сызықтан шығуға болмайды. «Болды» белгісі
бойынша ойын аяқталады. Қай топта кесектер аз, сол топ жеңімпаз
атанады.
Қорытынды:
Құрметті әріптестер! Бүгінгі
психологиялық тренинг сабағымыз аяқталды. Олай болса, қазір
сіздердің алдарыңызда әрқайсыңызға жүректер жатыр. Сол жүрекке
бүгінгі сабақтан алған әсеріңізді жазасыз.Жүректің бір жағына
қандай әсер алдыңыз? Екінші жағына нені көре алмадыңыз? Соны
жазыңыз.
Осымен сабағымыз аяқталды. Сіздерге алдағы
уақытта еңбекте жеміс тілеймін! Сау болыңыздар!
І
топ: «Сен жұмысқа келіп тұрсың,
сенімен бірге тағы бір мұғалім келіп тұр. Сондықтан да сіздердің
біреуіңізді таңдайды. Таңдап алу кезінде сен өзіңнің барлық жақсы
қасиеттеріңді көрсетуге тиіссің. Сен барлық жақсы қасиеттеріңді
көрсету үшін не істейсің?»
ІІ
топ: «Сен басқа мектепке жұмысқа
келдің. Жаңа әріптестерің сені өздеріндей қабылдаулары үшін сен
бірінші кезде қандай қасиеттеріңді көрсете бастайсың?
Неге?»
І топ
сұрағы:
«Өзін- өзі көрсете білу деген
не?»
ІІ топ
сұрағы:
«Өзін- өзі көрсете білу үшін не
қажет?»
І
топ: «Өзіннің ішкі «мен» дегеніңді
бұғаулардан босату» деген нені білдіреді?
ІІ
топ: «Қолдарыңнан келетіннің бәрін
жасаңдар» деген нені білдіреді?
Александров орта жалпы білім
беретін мектеп- балабақшасы
Психологиялық тренинг-
сабақ
Тақырыбы: «Өзін- өзі көрсете білу
деген не?»
Дайындаған: Д.Е.
Косдаулетова
2011 оқу жылы