Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Пуантилизм техникасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар өнер мектемтеріндегі көркемсурет бөлімінің ұстаздарына және көркемсурет мектептерінің педагогтарына арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Б.Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебі» КМҚК











Ашық сабақтың жоспары


Тақырыбы: Пуантилизм техникасы.













Педагог: Әсенова М.







2020-2021 оқу жылы



Педагог: Әсенова Мадина Маратқызы

Пәні: Кескіндеме

Сыныбы: Дайындық, 1сыныптар

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Пуантилизм техникасы.


Сабақтың мақсаты:


1.Білімділік: пуантилизм туралы түсінігін тереңдету; фломастер арқылы нүктелеп сурет салуға үйрету;

2.Тәрбиелік: эстетикалық талғампаздыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

3. Дамытушылық: оқушылардың көру, бейнелі ойлау қабілеттерін дамыту; шығармашылық ойлау қабілетін, ой - қиялын арттыру;


Сабақтың түрі: теориялық,практикалық.

Сабақтың әдісі: эскиздер, дайын бұйымдар.

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: карандаш, өшіргіш, А4 беті, фломастер.


Сабақтың жоспары:

 І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІҮ.Практикалық жұмыс.

Ү.Сабақты бекіту.

ҮІ.Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

ҮІІI. Сыныпты жинақтау


Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру:

Сыныпты жабдықтап, оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыны журналға белгілеу. Құралдарын тексеру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үй жануарларын суреттеп келу.

Үй тапсырмасын тексеріп, тиісті бағаларын қоямын


III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

«Пуантилизм» сөзінің француздың «пуант» – «нүкте» сөзінен шыққан, яғни нүктелермен сурет салу дегенді білдіреді.

Кескіндемедегі бұл бағыт 19 ғасырдың 2 жартысында пайда болған. Пуантилизм бағытымен жұмыс жасаған суретшілер кенеп бетіне таза араласпаған бояуларды жағып отырған. Бөліктермен қатарлап жағу арқылы сурет салған. Олардың түрлі түсті боп араласып көрінуі картинаға жалпылай қарағанда білінеді. Мұндай тәсіл оптикалық араластыру деп аталады. Түстерді табуы, араласуы және көп түсті ғажайыптың пайда болуы палитрада емес, кенепте емес ол көрерменнің көзінде және қабылдау сезімінде болады. Осы үшін арнайы жазу техникасы - пуантилизм ойлап табылды. Нүктелі жағыстар кенеттен таза түстерді физикалық және математикалық заңдылықтарының өзара қатынастарының орналасуының сәйкесітігін кенепте көрсетті. Пуантилизм ретсіз импрессионистік ұйымдастыру манераларын нақты және жүйелілік картинаға белгілі бір тақырыптағы тұрақтылық берді. Жазудың жаңа техникасы өте қиын, суретшілердің көп уақытын және көп еңбектеуді, адамның күшін, еркіндік эмоцияларын қажет етеді. Дегенмен де шығармашылық тәсіл ретінде қазір кескіндемедегі ерекше техника болып қалды.

Пуантилизм - Францияда 1885 жылдары пайда болған сурет өнерінің неоимпрессионизм бағыты. Бұл бағытта сурет салғандар Поль Синьяк, Анри Кросс, Люсьен Писсарро, Камиль Писсарро. Ал оның пайда болуына ықпал еткен француз суретшісі Жордж Сера (1859-1891). Оның осы бағытта салынған ең атақты еңбегі «Гранд - Жатт аралындағы жексенбі күні» атты туындысы. Пуантилизм сөзінің екінші бір атауы бар. Ол дивизионизм - бөлінген, майдаланған дегенді білдіреді.

Үлгі суреттер көрсету.

Жордж Сера «Гранд-Жатт» аралындағы жексенбі күні











ІҮ.Практикалық жұмыс.

Бүгінгі сабақта пуантилизм техникасында «Алтын балықты» бейнелейміз.

Бірінші қағазға дұрыс орналастырудан бастаймыз, суреттегі заттарды орналыстырамыз.


Бояу процессіне кірісеміз. Балықтың контурларын тоқсары фломастермен нүктемен белгілейміз.


Балықтың көздерің қара фломастермен белгілейміз.


Балықтың ішін сары түспен белгілейміз. Тоқсары түске жақын орналасқан сары түстердің арасы жиі болуы керек. Әрбір бөліктің ортасы ақшыл болып қалуы керек.

Балықты аяқтаған соң, қанық және ақшыл жасыл фломастермен балдырлардың суретін саламыз. Балалар ұмытпаңдар нүктені жиі салсаңдар суретіміз әдемі боп шығады.


Судың астындағы тастар мен қабықтарды саламыз.


Құмды сары және тоқсары түстермен белгілейміз.



Жұмыстың аяқталуы. Суды белгілейміз.


Ү.Сабақты бекіту.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Пуантилизм дегеніміз не? Пуантилизм қай елден шыққан?

Пуантилизммен жұмыс жасауда қандай жеңілдіктер мен қиындықтар болды?

Оңай жағы?

Қиын жағы?

Оқушылардың дайын жұмыстарына шолу жасап, үздік жұмыстарды мадақтау.


YI.Бағалау:

Сабақтан алған әсерлері туралы смайликтер таңдайды


Өте жақсы Жақсы  Орташа Онша емес


YII.Үйге тапсырма:

Фломастермен пуантилизм техникасында жемістердің суретін салып келу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2021
1311
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12