Қалыптастырушы бағалау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қалыптастырушы бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушыны критериалды бағалауды негізі қалыптастырушы бағалау. Қалыптастырушы бағалау барлық тоқсанда күнделікті сабақ беру барысында жүйелі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі болып табылады.

Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргізіліп отырады, балл мен баға қойылмайды. Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс әрекеті арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға, сабақты әрі қарай жоспарлауға ықпал етеді. Қалыптастырушы бағалау -мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің және басқа қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қаматамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы.

Қалыптастырушы бағалау:

Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды

Негізі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді

Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалаудың түрлері:

Үй тапсырмасын тексеру

Ауызша сұрау

Өзін-өзі бағалау

Топпен жұмыс

Жұппен жұмыс

Жеке жұмыс

Сабақ барысында оқушыларды сапалы тапсырмалармен жəне бағалауды объективті үдерісімен қамтамасыз ету қажет. Тапсырмалар оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сəйкес болуы тиіс. Бағалау бойынша əдістемелік ұсынысында тапсырмалар үлгілері ұсыныс ретінде берілген. Мұғалім бағалаудың кез келген түріне тапсырмаларды өз бетінше құрастыра алады.

Сабақта жəне үй тапсырмасы ретінде берілген кез келген тапсырма оқушылардың қалыптастырушы бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Қалыптастырушы бағалаудың нəтижесі бойынша мұғалім оқушының жұмысына жазбаша (дəптерге немесе күнделікке) немесе ауызша түрдегі жауаптарына түсініктеме (кері байланыс) ұсынады. Кері байланыс берудің нақты саны жəне оқушыларды түгел қамту бойынша талаптар жоқ. Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын басып шығару жəне сақтау талап етілмейді.

Оқу бағдарламалары мен жоспарларға сəйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде БЖБ (бөлім бойынша жиынтық бағалау) өткізіледі. Аталған жиынтық бағалау түрінің нəтижесінде оқушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Тоқсан барысында бір пəннен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау үшеуден артық өткізілмейді. БЖБ-ның максималды балын, формасын (бақылау, тəжірибелік немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрақ, эссе жəне т.б.) жəне БЖБ-ны қай сабақта өткізуді мұғалім өз бетінше анықтайды. Мұғалім БЖБ-ны орындау уақытын тапсырмаларды жəне оларды орындауға жұмсалатын уақытты есепке ала отырып өзі анықтайды. БЖБ-ны 15-20 минут аралығында орындалатындай етіп ұйымдастыру ұсынылады.

Мұғалім КТЖ-да (күнтізбелік тақырыптық жоспар) ТЖБ өткізуге 1 сағат бөледі. БЖБға КТЖ-да арнайы сағат бөлінбейді, ол сабақтың бір бөлігі болып табылады. Кез келген жиынтық бағалау тек өтілген материалдарды қамтуы қажет. Соңғы БЖБ-ны тоқсанның аяқталуына кем дегенде 1 апта қалған уақыт аралығында өткізу жоспарланады. Бір күнде білім алушыларды шамадан тыс жүктемеу жəне бағалауды дұрыс үйлестіру үшін тоқсандық жиынтық жұмысты екеуден артық өткізбеу ұсынылады. Сондықтан тоқсандық жиынтық жұмыстың кестесін құрған дұрыс.

Бір отырыста бірнеше пəндер жəне/немесе параллель сыныптар бойынша модерация өткізуге болады. Тексерілген жұмыстардың ішінен мұғалім үш жұмысты іріктейді: бір максималды балы бар, бір минималды балы бар жəне бағалау қиындық туғызған жұмыстар. Егер мұғалім бір параллельдегі бірнеше сыныптарға сабақ беретін болса, жұмыстардың жалпы санынан іріктеледі. Модерация бойынша отырыста мұғалімдер балдарды балл қою кестесіне сəйкес талқылайды, қажет болған жағдайда балл қою кестесіне ұжыммен бірлесе өзгерістер жəне/немесе толықтырулар енгізеді. Модерация қорытындысы бойынша балдарына өзгеріс енгізілетін оқушылардың жұмыстары қайта тексеріледі Модерацияны аяқтағаннан кейін отырыс хаттамасына қол қойылады. Хаттама əдістемелік бірлестік жетекшісінде сақталады.

Мен өз сабақтарымда критериалды бағалауды жиі қолданамын, яғни сабақтың басында оқушылар нені білуі тиіс, не нәрсеге қол жеткізу керек деген мақсатпен сабақтың критерийін интерактивті тақтаға жазып көрсетемін немесе әр оқушыға қағазға жазылған күйде сабаққа құрылған критерийлерді таратамын. Жалпы критерийлерді әрдайым өзім құрастырып қана қоймай, кейбір тақырыптарды оқушылармен бірігіп құруға дағдыланудамын. Сабақ критерийлері өткен сабақпен байланыстырыла құрылады, өйткені ағылшын тілі сабақтарында кейбір түсінуге қиын грамматикалық құрылымдарды дамыту, жетілдіру мақсатында көбірек жұмыстануды қажет етеді және әр сабақта оқушылардың сабақта ағылшын тілінде сөздік қорларын пайдалануы, сөйлеген кезде немесе оқыған кезде дауыс ырғағына, яғни дауысты көтеріп немесе төмен түсіру мәнеріне көңіл бөле отырып, сабақ критерийлерін құрамын.

Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Оқытушы бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек» деп, айтқандай, оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі-білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.









































«Қайназар ауылындағы № 1 орта мектеп Қайназар бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















Ағылшын тілі пәніндегі қалыптастырушы бағалаудың жүргізілуі

Ағылшын тілі пәні мұғалімі:

М.Т.Құлмұрзаева























2017-2018 жж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2018
491
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі