400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қара жорға» биі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қара жорға – бiртұтас желiге құрылған, бiрнеше бөлiмнен тұратын, берiк композициялы, нағыз буын биi. Қара жорға – қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Атап айтқанда, қазақ бұл бидi шаруадан қолы босаған кездерiнде тамашалайтын болған. Ол үшiн бiр қарулы мығым жiгiттi ортаға қара жорға ретiнде шығарып, атқа ұқсатып төрт аяқтатып тұрғызып қоятын. Сонан кейiн бидi жақсы билей алатын бiр бозбаланы ортаға шығарып, қол соғатын. Домбырашы дәстүрлi “Қара жорға” би әуенiн тарта бастағанда бишi атқа, яки қара жорғаға билей жүрiп жақындап, алдымен аттың кекiлiн, құлағын, жалын сипап барып ноқта, сонан соң жүген са¬лу рәсiмiн жасайды. Бұдан кейiн арқасын, сауырын сипап жүрiп, атты ерттеуге кiрiседi. Мұ¬ның бәрi би арқылы орындалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы №1 мектеп-гимназиясы

Оғзод Лаура

5 ә сынып оқушысы

«Қара жорға» биі

Қара жорға – бiртұтас желiге құрылған, бiрнеше бөлiмнен тұратын, берiк композициялы, нағыз буын биi. Қара жорға – қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Атап айтқанда, қазақ бұл бидi шаруадан қолы босаған кездерiнде тамашалайтын болған. Ол үшiн бiр қарулы мығым жiгiттi ортаға қара жорға ретiнде шығарып, атқа ұқсатып төрт аяқтатып тұрғызып қоятын. Сонан кейiн бидi жақсы билей алатын бiр бозбаланы ортаға шығарып, қол соғатын. Домбырашы дәстүрлi “Қара жорға” би әуенiн тарта бастағанда бишi атқа, яки қара жорғаға билей жүрiп жақындап, алдымен аттың кекiлiн, құлағын, жалын сипап барып ноқта, сонан соң жүген са­лу рәсiмiн жасайды. Бұдан кейiн арқасын, сауырын сипап жүрiп, атты ерттеуге кiрiседi. Мұ­ның бәрi би арқылы орындалады.

Iшпек, тоқым-ер са­лып, құйысқандауға келгенде ат үркiп, теппек болып мiнез көр­сетедi. Ат ерт­телiп болғаннан кейiн, бишi жiгiт атты айнала көпшiлiктiң алдында буын биiнiң небiр нәзiк қимылдарын жасап, өнерiн көрсетуге барын салады. Осыдан кейiн бидiң ең шарықтау шегiне, әсем де, қызғылықты сатысына куә боласыз. Бишiмiз ерттеулi аттың төрт аяғын тағалау жосынын жасап, неше түрлi қимыл-әрекетке толы би ырғағына басады да, “Қара жорғасына” қарғып мiнiп, атүстi қозғалысының ең күрделi де әсем қимылын көрсете бастайды. Аттың қолтығына аяқтарын өткiзiп алып, шалқайып, еңкейiп, оңға-солға аунай аттың бауырына түсе билеп, жұртты қыран-топан күлкi қызығына батырады. Егер қонақтар арасында жас би­шiлер болса, олар да биге қосы­лып, ойын көрiгiн қыздыра түседi.

Қара жорға биi сонымен бiрге малшы қазақ жаз жайлауға шығып, қымыз бен бағлан етiне тойынған шағында кәдiмгi ат үстiнде билейтiн, бүгiнгi акробаттарша өнер сайысына тү­сетiн ойын-тамашаның гүлiне айналатын.

Қара жорға биiнiң шығу тарихы тым ерте заманға мең­зейдi. Ежелгi Ғұн, Үйсiн, Қаң­лы, Найман-Керей хандықтары тұсында атты әскерлер ұзақ жорықтарда жүргенде үзiлiс­терде алқа-қотан тұра қалып, жаппай би билейтiнi, ол бидiң “Жылқы биi” (“Ма у) деп аталатыны жөнiнде ертедегi қытай жазбаларында сақтал­ған.

Қара жорға биiн тек қа­зақтар ғана билемейдi. Оны өз әуендерiмен, өз аспаптарында моңғол малшылары да билейдi. Қазақтың “Қара жорғасына” ұқсайтын қимыл-қозғалыстары да бар. Тұтастай алғанда, “Қара жорға” биi – қазақтар мен моңғолдарға ортақ өнер деп қараудан қашқақтаудың еш жөнi жоқ.

Қара жорға биiн Қазақстанға алғаш әкелiп таныстырған Арыстан ақсақал былай деп едi: Қара жорға – ұлтымыздың таза болмысын бейне­лейтiн төл өнерiмiз.Оны балет, не болмаса Еуропаның басқа билерiмен салыстыруға, немесе оларға елiктеуге әсте болмайды. Ол секiрiп, шоршып жү­рiп секеңдеп билейтiн жеңiл, дарақы би емес. Аты айтып тұрғандай, қазақтың қоңыр табиғатына бейiм өз өмiрiнiң айнасы, сондықтан да келсiн-келмесiн бұзып билеу­шiлерге еш келiспеймiн. Тiптi бұзғысы келiп бара жатса Қара жор­ғада несi бар? Басқа би жасап, секiрiп ырши берсiн. Ал және де айтарым, оны ән тү­рiнде емес, би түрiнде қабылдауымыз керек. Қара жорға биi халықтың қара жорғаға арнап шығарған күйi негiзiнде қалыптасқан”


«Қара жорға» биінің шығу тарихына тоқталу

Шамандық дәуірден бастау алатын ескі әдебиет және өнер жұрнағы болған бағзы заманға қайрылсақ, би өнеріне ешкімнің де таласы жоқ.

Қытайдағы белгілі ғалым Ясын Құмарұлы өз еңбектерінде шаман бақсыларының басына үкі тағынып, денелеріне түрлі шашақты киімді киіп, биге басқан көріністері Азияның терістігіндегі жартас суреттерінде көп жолығатындығын, бұл суреттердің бүгінгі Қазақстанның аумағынан да табылатындығын жазған еді. Ғалымның пайымынша Баянжүрек жартас суреттері мен Шынжаңның Бардақұл жартас суреттеріндегі осындай шамандық бейнелер осыдан 3500 жылдың (б.з.б. 2000 – 1500 ж) арғы жағындағы туынды деп бағаланған. Осындай жартас суреттерінде бейнеленген бақсы образдары тек бақсылық киім киіп, жын шақырумен ғана тынбастан, олар дабылын соғып немесе басқа күй аспаптарын шертіп, би билеп тұрғанымен ерекшеленеді. Міне бұдан біздің ата-бабаларымыздың ән-күйінің, әдебиеті мен биінің тарихының сонау алыста жатқандығын ұғынамыз.

1980 жылдардан басталған Шынжаң жеріндегі халық мұраларын қайтадан жинауға байланысты, халық ішіндегі билер де көптеп жиналды. Соның ішінде қазақ халқының өзіне ғана тән: “Аю биі”, “Қара жорға биі”, “Ортеке биі” (қуыршақ биі), “Көк түйме биі”, “ Шешеке биі” секілді төл билеріміз қағазға түскен еді.

Қытай қазақтарында көп биленетін бидің бірі біздің тақырбымыздың тақиясын кигізіп отырған «Қара жорға биі». Бидің оқиғалық мазмұны мынадай: жылқы түлігінің жабайы кезінде бір қазақ жігіті дала жылқысының біреуін шалмалап ұстап алып, қолма-қол үйретіп, ауылына мініп келеді. Жылқының өңі қара оның үстіне жорға екен. Өз табысына қуанған әлгі жігіт алдымен атын ойнақтатып ат үстінде, онан соң жерге түсіп билейді. Ауыл адамдары қызу қарсы алады.

Ал бидің шығу тарихына келсек, қытай жазбаларында мынадай деректер кезігеді. “Қытайдың Таң дәуіріндегі “Шынжаң билері” деген кітаптың 2-том, 310-бетінде: “Таң хандығы дәуірінде “Жылқы биі, тост күйі” атты музыка болған. Хан, Таң патшалығы кезінде Орта Қытайға батыс өңірлерден көптеген жылқы кіргізіледі.

Осыған байланысты Таң дәуірінде Шынжаңда “жылқы биі ” көп таралды, – деп жазылған”. Сол кітапта тағы да: “Таң патшалығының жаңа тарихы” деген кітаптың шығыс тармағынан үзінді келтіре келіп: “ол кездегі музыка аспаптарынан сыбызғы, барабан, көп түтікті сыбызғы, били, табақты қоңырау болса, билерден “Жылан”, “Арыстан”, “Жылқы”, “Арқан” билері бар еді. Осыдан барып, қырғыздар арасында “Жылқы биі ” таралған.

Қазір Шынжаңның жер жерінде “Жылқы биі” кеңінен ойналып жүр. Мәселен Іле, Алтайды мекендеген қазақтар мен Тасқорғанды мекендеген тәжік, Атұшты мекендеген қырғыздар арасында “Жылқы биі” таралған. Қазақ халқына жаппай таныс “Қара жорға” биі осы жылқы биінің дамыған, басқа нұсқа деген межелер бар. «Қара жорға» биі басқа ұлттарда бар болғанымене олардың биленуі қазақ биінен өзгеше екен.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 желтоқсан
1068
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі