Қаратау
ғажаптары
Біз жақында Орталық
Қаратаудағы «Бүркітсайға» саяхат жасадық. Жол бастаушы сол жердің
тарихын жақсы білетін құсбегілер: Мереке Өтеғалиұлы мен Өтеген
Нұрмергенұлы. Олар бізге таудың географиялық орналасуы ерекше
екенін айтты. Құсбегілер осы жердің тұрғыны болғандықтан, осы
өлкеге қатысты ел аузында сақталған әңгіме-аңызды жақсы біледі
екен, сонымен қатар олар құс баптаудағы өздерінің өмірлік
тәжірибелерімен ой бөлісті. Бүркітті қалай ұстауды, түлетуді, аңға
салуды, тамақтандыруды, адамдармен қорықпай қарым-қатынасқа қалай
үйрету керектігін сөз етті. Біз білмеген нәрселерді құсбегілерден
сұрап білдік. Мереке ағамыз бізге құсбегілікке қалай келгенін айтып
берді. Оның айтуынша, ол басында үйрететін адам іздеген, ел
арасынан таппаған. Мереке ағамыз үйрететін адам жоқ деп апшымаған
құсбегілік туралы кітаптарды көп оқыған. Ағамыз газет бетінен
құсбегілерді көріп оларға хат жолдаған. Бір күні Мереке ағаға
білікті құсбегіден хат келген. Сол хат жазған кісінің арқасында
Маңғыстауда Мереке есімді құсбегі пайда болды. Мереке аға өзінің
білгендерін жас буынға үйретіп жүр. Мерекенің қазіргі таңда
шәкірттері өте көп. Мереке аға бізге бүркітке керекті заттарды
әкеліп, көрсетіп, қалай қолдануды үйретті.
Ол жердің табиғаты өте әдемі
екен. Біз жолы болғыш адам екенбіз, себебі: біз барған кезде бүркіт
аспанда төбемізден кетпей ұзақ ұшты. Онысы қызғыштай балапандарын
қорғаштап жүргені. Баласының амандығы үшін адам да, жануар да отқа
түседі емес пе?! Оның тыным таппай қалықтағаны, аналық махаббатының
жоғарылығы бізге ұнады. Бізді шыр айналып, әуеде сырттай бақылап
кетпей қойды, бүркіт қалықтап, өзінің балалары үшін бәйек болды.
Сол сәтте баласы үшін шырылдады. Баласына қауіп төнсе, адамға да
шабуыл жасайтыны айтылды. Өтежан құсбегінің басынан осындай сәттер
өткен де екен. Оның ұясы адамның қолы жетпейтін таудың ұшар
басындағы қия шыңда орналасқан. Бүркіттің аналық махаббаты жүрекке
сезім ұялатты. Маған бұл саяхат танымдылығымен қызықты болды.
Бүркітшілердің табиғатты тануы, түз тағысын төзімділікпен қолға
үйретуі, оны бізге түсінікті етіп жеткізуі әсерлі болды.
Шатқалдардың ортасы сыңсыған дәрілік шөп, тау, бүркітінің қылығы,
өсімдіктердің бітісі, бәрі үйлесімді әдемі табиғат құрап тұр.
Табиғат шексіз де әсем әлем екеніне енді көзім
жетті.
Сәуірбай Ерқанат, 8 «А»-
сынып
Жетекшісі: Бүркітәлиев
Дулат