Қашықтан өткізілетін сабақтың тиімді тұстары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қашықтан өткізілетін сабақтың тиімді тұстары

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге, мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қашықтықтан өткізілетін сабақтың тиімді тұстары







Қашықтықтан оқыту жоғары оқу орындарында дәстүрлі  түрде өз орнын тауып келген оқытудың бір түрі екендігі бізге бұрыннан белгілі. Дегенмен, қазіргі таңда әлемде болып жатқан індеттің таралуына байланысты бұл оқыту түрінің маңыздылығы арта түсті. Себебі, еліміздегі мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары Covid-19-дың таралу қаупіне байланысты өз жұмыстарын тоқтатып, білім алушыларды қашықтықтан оқытуға кірісті. Ал, қашықтықтан оқыту босаңсуға жол бермейді, өйткені қазіргі заманғы технологиялар оқу үрдісінің барлық кезеңдерін қашықтық форматқа көшіруге толығымен мүмкіндік береді. Яғни, қашықтықтан оқыту карантин жағдайында оқу үрдісін жалғастыруға мүмкіншілік туғызып отыр. Осындай оқу үрдісіне мен қызмет атқарып отырған Торғай гуманитарлық колледжі де ат салысып отыр.

Біздің оқу орнында мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс ретінде негізінен Edu-Page платформаcы және кері байланыс ретінде Whats App мессенджері де қолданылады. Куратор және пән оқытушыларымен студенттер қашықтықтан Zoom платформасы арқылы онлайн режимде жүздеседі. Сонымен қатар, пән оқытушылары күнделікті бейнесабақтарын түсіріп отырады.

Осыған орай, қашықтан өткізген ашық сабағымнан тәжірибе бөліскім келеді. Сабақ тоғызыншы желтоқсан күні өтті. «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбындағы сабағым «Бастауыш білім беру» мамандығының БМ-12 тобында Zoom платформасы арқылы өтті. Сабақтың мақсаттары қойылып, жетістік критерийлері берілді. Студенттер алдыңғы сабақ бойынша «Сәйкестендір» және «Жұптастыр» тапсырмаларын орындап, өткен материалды еске түсірді. Жаңа сабақ «Ой толғау» әдісі арқылы студенттерге сұрақтар қойылудан басталды. Сұрақтарға студенттер дұрыс әрі нақты жауап бере алды. Содан соң «Ақпараттық қауіпсіздік және оның түрлері» бойынша презентация ұсынылды. Жаңа материал берілген соң 3 тапсырма берілді: 1) Кестеге ақпараттың қолжетімдігінің, құпиялылығының және тұтастығының қауіптерін жазып, толтырыңдар; 2) Мәтіндік редакторды (SmartArt) қолдана отырып, ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі ұғымдарын және оның қауіптерін жіктеуді жазыңыз; 3) Деректердің тұтастығын бұзу туралы сөйлескен кезде қолданылатын сөздердің нөмірлерін сәйкестендіріңіз. Студенттер тапсырмаларды ерекше қызығушылықпен орындады. Өйткені, тапсырмалар топқа бөлу арқылы орындалған болатын. Яғни, Zoom платформасының топқа бөлу мүмкіндігін қолдандым. Студенттерді сессиондық залдарға бөліп, белгілі бір уақыт аралығында топпен орындаған жұмыстарын бақыладым. Нәтижесі өте жақсы болды. Тапсырмалар уақытымен орындалып, жұмыстарының нәтижесімен бөлісті. Студенттер осы орайда үлкен қызығушылық білдіріп, өте белсенді түрде жұмыс жасады. Тапсырмалар орындалған соң сабақты бекіту сұрақтары берілді. Бұл кезеңде де студенттерді сессиондық залдарға бөліп, қажетті жауап алынды. Өз тәжірибеме сүйене отырып, Zoom платформасы арқылы топпен жұмыс жасау тиімді деп айтқым келеді. Сабақ соңында рефлексия жасалды. Рефлексия Jamboard қосымшасы арқылы жүзеге асырылды. Яғни, студенттер сабақтан алған әсерлерін осы қосымшада жазып, жазылған пікірлерімен бөлісті. Үй тапсырмасы беріліп, студенттердің жұмысы бағаланды. Сабақты Zoom бағдарламасы өткізу арқылы қойған мақсаттарыма толығымен жеттім деп айта аламын. Zoom бағдарламасы арқылы тақырып зерделенеді, сол арқылы топпен «жанды» қарым-қатынас, байланыс орнатылады.

Бүгінгі күні қолда бар қашықтықтан және онлайн-оқыту жүйелері оқытушы мен студенттер арасында тығыз байланыс орнықтыруға мүмкіндік береді, әрі нақты білім беру үрдісін қамтамасыз етеді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2020
277
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі