Материалдар / Қауіпсіздік ережесі. Ағзаны қалпына келтіру техникасының түрлеріне шолу жасау (5 сынып)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қауіпсіздік ережесі. Ағзаны қалпына келтіру техникасының түрлеріне шолу жасау (5 сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру пәнінен ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2021
555
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп: «Рахат ауылдық округі №1 орта мектебі» КММ

Сабақ номері № 49


Бөлім:

5 бөлім Шаңғы/кросс/коньки дайындығы

Педагогтің аты-жөні

Аюбайұлы Қанат

Күні:

15.01.2021

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі.
Ағзаны қалпына келтіру техникасының түрлеріне шолу жасау 1

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.2.1 қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын орындау мен дайындау аясындағы негізгі компоненттерді білу және түсіну

Сабақтың мақсаты

-Шаңғы сабағында қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;

-Спорттық жабдықтарын бойына байланысты дұрыс таңдауды үйрету;

-Оқушыларды шаңғы дайындығы кездерінде шаңғымен жүру

әдіс- тәсілдерімен таныстыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

10 минут

Сәлемдесу, түгелдеу.  Қауіпсіздік ережесімен таныстыру, қайталау. Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында, шаңғы дайындығына қатысты сұрақтар қою (миға шабуыл)

Шаңғы жолы дегеніміз не?

Олар қандай болады?

Шаңғышы киімі мен аяқ киіміне қойылатын талаптар қандай?

Шаңғы құралын қалай күтіп ұстау қажет?

Амандасады,

сұрақтарға жауап береді

Стикерлер, смайликтер

Интернет ресурстары

Ортасы

25 минут

Шаңғы /Кросс/ Коньки

Қауіпсіздік ережесімен таныстыру

Ағзаны қалпына келтіру жаттығулары

Оқушылар спорт залды айналып жүре отырып тыныс алу қалпын акелтіру. Қолды жоғары көтере отырып мұрынментерең дем алады да, қолды түсіргендедемдіауызбеншығарады.

Шаңғы дайындығындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

1. Киім ойдағыдай жылы болу керек. Міндетті жылы іш киім, тоқыма қолғап пен спорттық бас киім болуы керек. Желді күні кеудеше киген дұрыс.

2. Шұлық киіп, ұлтарақ салғанда, аяқты қыспауы үшін аяқ киімінің кең болғаны дұрыс.

3.Аязды күндері оқушылардың денесін үсік шалғандай белгі байқалса, ол жердің айналасын қармен қызарғанша ысқылап, көмек көрсету қажет.

4. Шаңғының бекіткіші дұрыс киілуіне әрдайым назар аударып отыру қажет.

5. Қалың қармен, мұздақты жерлермен, бұталар арасынан сақтықпен өту қажет.

6.Таудан төмен сырғанау тек қана мұғалімнің рұқсатымен, кезек пен белгілі арақашықтықты сақтай отырып жасалады.

7. Тауға көтерілу арнайы белгіленген жерлерде ғана мүмкін, сондай – ақтаудан түсіп келе жатқандардың жолын кесіп өтуге тыйым cалынады.

8. Шаңғы әр оқушының бойының биіктігін есай таңдалуы керек.

9. Шаңғы тебу алаңын ашығар сәтте, оқушыларшаңғы мен таяқты қауіпсіз етіп жинап ұcтау қажет.

10.Құлаған сәтте алға және артқа құлауға болмайды оң немесе сол жаққа құлаған өте дұрыс.

11.Шаңғы мен қар жоқ жолсыз жермен жүруге тиым салынады, оқушылардың өміріне өте қауіпті. Ережелерді әр оқушы қатаң сақтауы керек.


Шаңғы жабдықтарын бойға байланысты дұрыс таңдау

1.Сапта тұрған оқушыларға шаңғы жабдықтарын қалай таңдау керек екенін көрсету үшін, бір оқушыны ортаға шығарып сол оқушы бойына байланысты шаңғы таңдау. Классикалық шаңғы оқушы бойынан 15-20 см ұзын болатындай таңдаған дұрыс. Оқушылар қолын жоғары көтеріп қолдың білезік тұсынан келетіндей таңдауына болады.

2.Шаңғы таяғын оқушы бойынан 30 см қысқа болғаны дұрыс, немесе қолтығынан келетіндей етіп таңдауға болады.


Шаңғымен жүру әдіс- тәсілдерімен таныстыру.



Критерийлер: Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады, оны шешудің балама жолдарын ұсына алады.

Дескриптор: - Спорт дайындығы кезінде қауіпсіздік ережелерін түсінеді және өз сөзімен айтып бере алады.

- Бойына байланысты шаңғы жабдықтарын дұрыс таңдай алады, және қандай шаңғыларды пайдалануға болмайтындығын біледі.

- Ағзаны қалпына келтіру үшін жаттығулар орындай алады.

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік

























Стикерлер, смайликтер





























































Сурет













Сурет

Соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.




Рефлексия

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: -нені білдім, нені үйрендім. –нені толық түсінбедім.


Кері байланыс




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!