"Қазақстан -мейірімділік мекені" эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақстан -мейірімділік мекені" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе оқушы үшін де, тәрбиеші үшін де, мұғалім үшін де қажет.Аталмыш эссені жазушы 6-сынып оқушысы Нұрсайын Мерей Мұхтарұлы.Шығармашылық жұмыс патриоттық тәрбие бере отырып, мейірімділік пен дархан қазақ халқының қонақжайлығы мен бауырмалдығын,кеңпейілділігін, дәріптейді.Әрбір оқырман өзінің игілікті ісіне жаратары сөзсіз.Мейірімділікке, бауырмалдыққа баулиды.Кез келген сабақта,сынып сағаттарында пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан – мейірімділік мекені

Эссе



Мейірімділік дегеніміз не? Мейірімділік - ол адам бойына бітетін өте жақсы қасиет. Мейірімділік адамдарға жақсылық жасау, көмектесу, қамқор болу, адал дос болу деп түсінемін. Мейірімді болу әр адамның қолынан келе бермейді, мейірімді болу үшін адамдар жайлы жаман ойламау керек, әр адамға көмек сұрағанда көмектесу керек, қызғаншақ болмау керек және адамдар тез татуласа білу керек, әділ болу керек, өтірік, өсек айтпау қажет. Мейірімді болған адамның есесі өзіне қайта айналып келеді дегенді анам әрдайым айтып отырады. Сондықтан адам əрқашан жақсылық жасаудан, мейірімділік жасаудан тынбауы керек, себебі əрбір адам өзі істеген əр ісі үшін сауап алады. Мейірімділік тек қана адамдар мен адамдар арасында ғана емес, сонымен бірге адамдардың жануарлармен, табиғатпен қарым-қатынаста да байқалады. Әр адамның мейірімді де қайырымды болуы оның отбасындағы тәрбиесіне , өскен ортасына байланысты. Қазақ халқы - өте жомарт, мейірімді, кеңпейіл, қайырымды, данышпан халық. Қарт ата-анасын қарттар үйіне тапсырмаған.Тіпті жер бетінде жыбырлаған жәндік екеш жәндікке де қиянат жасамаған.Барлығы Алланың жаратылысы деп қараған, оған қатігездік көрсетуге қорыққан .Осының бәрі келешек ұрпаққа көрсетілген үлгі-өнеге емес пе ? Егер жер бетінде барлық адамдар бір-біріне мейірімді болып, ешкімнің ала жібін аттамаса,қорлық –зомбылық көрсетпесе жер бетін тек жақсылық жайламас па еді.

Бұрынғы кезде қазақ халқы жетімдерін жылатпаған, жат елге қаңғыртпаған дегенді қазақ әдебиеті сабағында Марат Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесін өткенде апайым Айгерім Сүлейменовадан естіп едім. Қанша жетім болса да бауыры Қалиді балалар үйіне тастап, хабар -ошарсыз кетіп, ес жинағаннан соң ағасы Манаптың іздеп келгендегі, оның мейірімге толы жүрегінің бар екенін дәлелдесе, туған - туыссыз жат қолында өмір сүрген інісінің бауырсыз өскедігі, ағасын мойындамай, жатсынып қалғандығы, оның мейірім көрмегендігін дәлелдейді. Міне, мейірімділік пен мейірімсіздіктің айырмасы. Мейірімділік – ол басқалардың игілігі үшін қамқор болу дегенді білдіретіндігін осыдан-ақ көруге болады. Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады. Адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағаты-әдептіліктің белгісі. Біз қазақ, қандай заман, қандай қиын күндері болсын бір-бірін сүйреген, тастамаған елдің ұрпағымыз. Біз қазақ, қуғын-сүргін кезеңінде де жер ауып келген өзге ұлт өкілдерін бауырымызға басып, тек солар ішсін, солар жесін деп барымызды ауызына тосқан қазақтың ұрпағымыз.


Мейірімділіктің жоғалуы – қазақтығымызды жоғалтумен тең дегенді естуіміз бар ғой, солай ма, достарым?! Адамдар бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік , мейірімділік, сүйіспеншілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді.














Нұрсайын Мерей

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы Е.Өмірбаев орта мектебі 5-сынып оқушысы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2018
3489
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі