Аймаков Бекзат
Еркинулы
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің «қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін
даярлау» мамандығының 2-курс
магистранты
Қазақтың шандозы
еді...
XX ғасыр басындағы кезең –
ғасыр мен ғасыр алмасып, дүние жаңарғанда дүр сілкініске
түсетіндей, күрделі кезең болды. Адамзат баласына көптеген
ауыртпашылық әкелді. Егемендігі жоқ елдер, еркіндікке қолымыз жетер
ме деп армандады. Қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу қайраткерлері
елді оятуға тырысып бақты. Қоғамдық сана өсіп, ұлттық сана
сілкінген уақыт болды. Әр салада өзгерістер, жаңарулар қылау
берген. Бұл өзгерістерден әдебиет саласы да кенде қалған жоқ. Бұл
кезеңде үлкен әдебиет жасалды. Сол себептен, XX ғасыр басындағы
әдебиет туралы сөз болғанда, профессор Бейсенбай Кенжебаев ояну
кезеңі болды, ояну дәуірінің әдебиеті болды деген ойды астарлай
жазып жүрді. Бұл кезеңдегі әдебиетке деген көзқарас әрқалай. Біраз
уақытқа дейін зерттеуші-ғалымдар бұл кезең әдебиетін жеке бөліп
алып зерттеген жоқ. XX ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеудің алғашқы
легіне, ұлы М.Әуезовтан бастап С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаилов,
Б.Кенжебаев, С.Қирабаев, Т.Кәкішов және де көптеген әдебиетшілердің
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті жайында ойлы пікірлерімен,
орнықты зерттеулер жасалды. М.Әуезовтың «Әдебиет тарихы»,
С.Мұқановтың « XX ғасырдағы қазақ әдебиеті», Қ.Жұмалиев «Қазақ
әдебиеті», Б.Кенжебаев «Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ
жазушылары», Б.Ысқақовтың «Сәбит Дөнентаевтың өмірі мен
творчествосы» аталатын зерттеу еңбектерін жатқызуымызға болады. Қай
дәуір әдебиеті де алдымен орта мектептерге арналған оқулықтардан
бастама алатыны белгілі. Бұл ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне де
сол жол – оқу құралдары мен оқулықтар арқылы жасалды. XX ғасыр
басындағы қазақ әдебиеті әлденеше буын әдебиетшілер тарапынан
зерттелген. Сол әдебиетшілердің бірі әрі бірегейі профессор –
Бейсенбай Кенжебаев. Дәуір әдебиетін зерттеуде Б.Кенжебаевтың рөлі
орасан зор. Қай кезең әдебиеті болмасын қоғам мен халық, қоғам мен
оның бойында жасалған рухани қазына байлықты өзара таразыға салып,
талдап беру үшін оның ғылыми жүйесін жасамақ керек. Осы кезекте XX
ғасыр басындағы қазақ әдебиетін жүйелеу принциптеріне назар
аударалық. Б.Кенжебаев «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» деп
аталатын ұғымды бір дәуір әдебиетіне таңбалай айтуы – қырқыншы
жылдардан басталады. Бірақ, ғалым іштей жіктеуге ол жылдары барған
жоқ. XX ғасыр басындағы әдебиетке келгендегі зерттеушілердің
көзқарастары да әрқилы болды. С.Мұқановтың «XX ғасырдағы қазақ
әдебиеті бірінші бөлім, ұлтшылдық, байшылдық дәуір» аталатын
зерттеу еңбегі барын көпшілік қауым білемесі анық. Өз уақытында
цензура жауып тастаған еңбек болып табылады. Автордың емеурініне
қарағанда зерттеу еңбегі екі бөлімнен құралуы керек болатын.
«Ұлтшылдық, байшылық дәуір» аталатын алғашқы бөлім жазылды. Екінші
бөлім жазылған жоқ. Ол кедей таптан тұратын қазақ кеңес әдебиетіне
арналуға тиіс болатын. Көрнекті ғалым Е.Ысмайыловтың жүйелеуіне көз
жүгіртер болсақ, XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті жайында: «XX
ғасыр әдебиеті тарихында өзінің стиль, бағыт ерекшелігімен көрінген
әдебиет салалары: сыншыл реализм әдебиеті, демократияшыл әдебиет,
1916 жылғы көтеріліске байланысты халық творчествосы сияқты» -
дейді. Ал академик Қ.Жұмалиев « 1) XVIII ғасырдың екінші
жартысындағы әдебиет; 2) XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет;
3) XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет» деп жүйелеп, «Бұдан
кейінгі дәуірлер – XX ғасырдың Октябрь революциясына дейінгі
әдебиет және Октябрь революциясынан кейінгі совет дәуіріндегі
әдебиет болып бөлінеді» - деп жазды. Бұл проблема жөнінде әдебиетші
Ә.Дербісалин: «Әдебиеттің даму жолын ғасыр бойынша бөліп қарау –
қатып қалған принцип емес. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ әдебиетінің
даму кезеңдерін үш үлкен кезеңге бөліп қарау болатын сияқты. Көне
дәуірден XIX ғасырдың 60-70 жылдарына дейін, 60-70 жылдардан Ұлы
Октябрьге дейін және Октябрьден кейінгі Совет дәуірі» - деп
жүйелеген. Ә.Дербісалин пікіріне ден қояр болсақ, қазақ әдебиеті
бары үш дәуірге бөліп, жүйеленуі керек деген қорытынды шығады.
Бүгінгі көзқараспен үлгілі жүйеден емесі
белгілі.
Б.Кенжебаев дәуір әдебиетін
жүйелеуге біртіндеп келді. Әр кезеңде әрқалай жүйеледі.
Материалдарды жинақтау, зерттеу барысында біртіндеп жетіліп отырды.
XX ғасыр басындағы әдебиет – қазақ әдебиеті ғана емес, жаһан
әдебиетінде күрделі кезең болып табылары даусыз. Ол кезең
қаламгерлерінің уақытында ұлтшыл, Алашордашыл атанбаған бірі жоқ.
Олардың мұрасын зерттеуші ғалымдар да ұлтшылдық қармағына тез түсіп
отырған. Осы кездегі ұлтжанды алашордашыл деген ұғымдар ең ардақты
да абыройлы ұғымдар екені белгілі. Дегенмен, ол уақыттарда саяси
жарғы есебіне жүрді. Сондықтан көбісі мұндай батылдыққа бара
бермеді. Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев сынды ғалымдардың XX ғасыр
басындағы қазақ әдебиеті үшін күйіп, бейнет шегуі осы пікірімізге
дәйек. Бірі – ұзақ жылдық айдауда болса, екіншісі КОКП қатарынан
аласталып, ҚазМУ-ден қызметінен қуылды. Б.Кенжебаевтың XX ғасыр
басындағы қазақ әдебиетін зерттеу процесі ұзаққа созылған. Асықпай,
байсалды жүргізілген. Оны қазақ әдебиетін зерттеуге үндеген ұлттық
намыс болуға керек. Өйткені, бір сөзінде ғалым : «Осыдан аз-ақ жыл
бұрын бізде XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетін менсінбеушілер мен
жете бағаламаушылар болды. Кейбіреулері XX ғасыр басындағы қазақ
әдебиетін жинақтап, бастырып, зерттеуге тиісінше көңіл бөлмеді» -
деп жазды.
Ғалым бұл олқылықтардың орнын
толтырып, менсінбеушіліктің негізсіз екенін жан-жақты дәлелдеуге
тырысты. Ғалым деректеріне сүйене отырып түйетініміз, XX ғасыр
басында қазақ әдебиетінде:
-
Қаламгерлер саны
өскен
-
Әдебиеттің сапасы артқан.
Қазақ әдебиетінің төл туындылары көбейгендігін
көреміз.
-
Бұрын көбінше аударма кітаптар
жарық көрсе, енді төлтума шығармалар өріс
алған
-
Қазақ әдебиетінде бұрын-соңды
болмаған жаңа жанр үлгілері пайда болды.
Ғалым бұл жайында «XX ғасыр
басында қазақ әдебиетінде әдебиеттік жаңа жанрлар туа бастады.
Бұрын қазақ әдебиеті тек өлең, жыр болып келетін жалаң поэзиялық
әдебиет болса, XX ғасыр басында қазақ әдебиетінде жаңа әдебиет
жанрлары туды; бірді-екілі прозалық (повесть, роман), драмалық
шығармалар көрінеді. Қысқасы бұрынғыға қарағанда қазақтың XX ғасыр
басындағы әдебиеті өзінің кадры жағынан да, жанры жағынан да едәуір
өсті, профессионалдық әдебиетке айналды» - дейді. Өз зерттеулерінде
Мәскеу, Қазан, Уфа, Омбы, Ташкент архивтеріне зер сала қараған. Көп
әдебиеттерді, көп материалдарды ерінбей отырып көшірген.
Б.Кенжебаев қазақ әдебиетін зерттеуге жан-жақты дайындықпен келгені
көрініп тұр. Тұтас әдеби процесті зерттеуге дейін дәуірдің
әлеуметтік-саяси ахуалын, оқу-ағарту мәселесін, оларды бұқара
халыққа жеткізетін баспасөзін, іргелі ақын-жазушылары өмірі мен
әдеби тағдырын жеке-дара зерттеп алды. Сөйтіп барып бір дәуір
әдебиеті жайында жан-жақты зерттеу жүргізуге кірісті.
Б.Кенжебаевтың күрделі дәуір әдебиетін біртіндеп зерттеп, игеріп
келе жатқанын аңғарған М.Әуезов университет ректорына арнайы хат
жолдап, өкшесін басып келе жатқан ғалымның осы салада С.Торайғыров,
М.Сералин баспасөз жайындағы кітаптарын жоғары бағалай отырып: «Бұл
қолдап-қолпаштауға лайықты тема, өйткені автор алдына бүкіл әдеби
процесті зерттеу мақсатын, сондай-ақ еңбекші қауымның ұлан-асыр
тілегі мен тіршілігіне тікелей байланысты демократиялық бағытты
дереу талдау мақсатын қойып отыр. Осы тұстағы әдебиеттің даму
проблемасы ешбір нақтылы ғылыми-зерттеу назарына түсіп көрген емес.
Доцент Б.Кенжебаев докторлық диссертациясын ойдағыдай
қорғапкетеріне күмән келтірмесек керек» - деп сенім білдіріп,
диссертация кеңесшісі болуға келісімін берген екен. XX ғасыр
басындағы қазақ әдебиетінің бас зерттеушісі Б.Кенжебаев бұл дәуір
әдебиетіне осылай кіріскен. Ғалым зерттеулерінде сол дәуірдегі
әлеуметтік жағдайды талдайды. Ресейге қараған қазақ жеріне
капитализм элементінің ене бастауы, 1904 жылғы орыс-жапон соғысы,
1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократиялық революцияның, 1916
жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, 1917 жылғы Ақпан, Қазан төңкерісі, оның
елдің әлеуметтік жағдайына ықпалы, содан келіп баспасөзге, ағарту
саласына , әдебиетке тигізген әсері кең талданып айтылады. Әрине,
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетін зерттеуші бірден-бір ғалым
Б.Кенжебаев емес. Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Ы.Дүйсенбаев та бұл
дәуір әдебиетін зерттеген. Б.Кенжебаевтың зерттеушілік ерекшелігі –
әдеби процесті қоғам жағдайы, әлеумет өмірімен тығыз байланыста
қарастырады. Әдебиеттің қоғамдық өмірмен тығыз байланыста туып,
сонымен өрелес дамитындығы хақ. Б.Кенжебаевтың ұтымды тұсы: «әдеби
процесті сол кезең баспасөзімен тығыз байланыста қарастыруы»
қатарлас ғалымдардың ешбірінде қайталанбаған жайт дер едік. XIX
ғасырдың соңы мен XX ғасыр басында қазақ даласында ашылған
мектеп-медреселер тарихын зерделеп, «ояну» дәуірінің әдебиетін
зерттеу үшін халықтық ояну кезеңін көрсетудің керек екендігін ұғына
білді. Бүгінгімен салыстырып не жетпейді деп емес, өткенмен
салыстырып әдебиетке не әкелді деп қараған ғалым. Зерттеуге білек
сыбана кіріскен Б.Кенжебаев XX ғасыр басында өмір сүрген
ақын-жазушылардың көзін көрген, ағайын-туыстарына жолығып, олардың
естелік әңгімелерін жазып отырған. М.Сералиннің туысы Ақыш,
қызметтесі Жұмаш Елено, Сұлтанмахмұттың туыстарыШәйбай Айманов,
Шаймерден Торайғыров, тіпті М.Әуезов естелігін жазып алуы, Мақыш
Қалтаевтың қызымен жазысқан хаттар осындай ойға жетелейді. Әсте,
материал көптік етпейтіндігін, дәуір әдеби процесін, жеке тұлғаны
тануға септігін тигізетінін назарда ұстаған болуға керек. Ғалым
архивінен мынадай бір үзік: «1932 жылы, Баянауыл қазағы Баспақ
ақсақалмен әңгімелесіп отырып, одан Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы
сұрадым.
-
Сұлтанмахмұт бірбеткей, мінезі
бір қыйлы адам еді ғой! – деп күрсінді.
-
1918 жылы, жаздыкүні ауылға
келді. Ауру. Емделіп жүрді. Сөйтіп жүріп, бір күні ол милиция
болыпты. Шырағым, Махмұт-ау, өзің сырқатсың, өзің милиция болыпсың,
мұның қалай? – деп сұрадым.
-
Халық милицияны жамандайды.
Милиция халықты жамандайды. Осының қайсысы рас екенін білу үшін
милиция болдым – деп жауап қайтарды
Махмұт.
-
Өзіне дейінгі зерттеушілер
еңбектерімен салыстырғанда Б.Кенжебаев зерттеуінің тыңғылықты,
ауқымды болып келуінің сыры осында жатыр. Дегенмен, өзге
зерттеушілер сияқты Алашорда қайраткерлері атан атап тұрып, өзінің
монографиясына енгізіп, тереңірек зерттей алған жоқ. Уақыт талабы
сол болды. Б.Кенжебаев жетпісінші жылдары Міржақып Дулатов жайында
«Мірдің оғындай еді», Мағжан Жұмабаев жайында «Ұстаз», Жүсіпбек
Аймауытов туралы «Телегей теңіз» т.б. естеліктер жазып, ҚР Орталық
архивіне тапсырады. М.Әуезов Алматыда 1959 жылы 15-19 июнь
аралығында Қазақ әдебиетінің негізгі мәселелеріне арналған
ғылыми-теориялық конференцияны қорытқанда
:
«Көпшілікке ұнаған баяндаманың
бірі – Бейсенбай Кенжебаев жолдастың баяндамасы болды. Ол
баяндаманың өзіне тән, көбімізге ерекше бір қорытындылары
болғандықтан сол тұсына аз-кем тоқталып өтейін, - деп бір, екінші
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті шығармаларын көп зер салып
әзірлеп жүрген Бейсенбайдың баяндамасындағы қорытынды, жаңағыдай
сын пікір өте орынды, дұрыс айтылған ой деп білемін» - деп екі
мәрте жоғары бағасын беруі тектен-тек емес. Бұл Б.Кенжебаевтың
әдебиетіміздегі бір күрделі кезеңнің бас зерттеушісіне айналуының
белгісі. Бұл – ғалымның бүкіл ғұмырын арнап жүргізген зерттеуінің
шын бағасын алуы болатын. Бұл –Б.Кенжебаевтың XX ғасыр басындағы
қазақ әдебиетінің бас зерттеушісі екендігінің тағы бір айғағы болса
керек. Ғалымның бұл саладағы еңбектері уақыт сынына төтеп берген,
алда да болашақ ұрпаққа қызмет ете беретіні сөзсіз. Қорыта
айтқанда, артына өшпес мол зерттеу еңбек қалдырған ірі тұлға
Б.Кенжебаев қазақ әдебиеті тарихының барлық кезеңдерінің
зерттелуіне өз үлесін қосқан қазақтың үлкен ғалымы. Ол ғылымда екі
жақты жеңіске жете алды. Өзі зерттеді, шәкірттер тәрбиелеп, өзіндік
мектеп қалыптастыра алды.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
Төреқұлов Н. Профессор
Бейсенбай Кенжебаев творчествосы. Алматы – Қазақ университеті,
1974
-
Кәкішев Т. Ұстаз мерейі. А.:
Жазушы, 1984. -288
-
Ергөбек Қ. Баянғұмыр
А.,1991
-
Кенжебаев Б., Есназаров Ө. XX
ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. А.: Мектеп,
1966.-300
-
Кенжебаев Б. XX ғасыр
басындағы әдебиет, 1993
-
Кенжебаев Б. Қазақ әдебиетінің
тарихының мәселелері. А.: Ғылым, 1973-168б
-
Сүйіншәлиев Х. Қазақ
әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А.: Қазақстан, 1967-388
б.