Сабақтың ортасы
25мин
|
(Б,Т.ЖЖ,К) Тоғызқұмалақ
ойыны.
Тоғызқұмалақ ойынын жақсы
меңгеру үшін тақ, жұп сандарын үйрету тақ сандар (1, 3, 5, 7, 9,
11, 13, 15, 17, 19, 21.... ) ашық жұп сандар (2, 4, 6, 8, 10, 12,
14, 16, 18, 20....) жабық деп жазған жөн. Тоғызқұмалақ ойынын
үйретушілерге бір ескерте кететін нәрсе тақ санды құмалағы бар
отаулар тоғызқұмалақ тілінде-ашық жұп санды құмалағы бар отаулар –
жабық отаулар деп аталады.
ОТАУЛАРДАН БАСТАП
ЖҮРУ.
Тоғызқұмалақ ойыны басталарда,
әр ойыншының тоғыз отауында тоғыздан 81 құмалақтары
болады.
Ойынды солдан оңға қарай
жүріспен кез келген отаудан бастауға болады. Ол үшін ойыншы (ақ
жағы) жүріс жасалатын отауда бір құмалақ қана қалдырып, басқаларын
түгелімен қолына алады да, келесі отаудан бастап, әр- бір отауға өз
жағының да, қарсыласының да қолындағы құмалақтары біткенше
бір-бірден салып шығады. Сонда ең соңғы салынған құмалақ
қарсыласының тақ санды құмалағы бар кез келген отауына түсіп, сол
отаудағы құмалақтар санын жұп жасаса, (2, 4, 6, 8, 10. т.с.с.) бұл
жүріс табысты болып саналып, сол отаудағы барлық құмалақтарды өз
қазанына салады.
Тоғызқұмалақ ойынында
қарсыластар алма-кезек жүріп отырады. Қара жақтын мақсаты да
қарсыласының тақ санды бір отауына өзінің қолындағы соңғы құмалағын
түсіріп, жұп жасап, сол отаудағы құмалақтарды ұтып алу болып
табылады. Осы тәртіппен жүріс алма-кезек ауыстырлып отырады.Егер
жүріс кезінде ойыншылардың ең соңғы құмалағы қарсы жақтың
кез-келген бір отауына түсіп,сол отаудағы құмалақтар санын тақ
жасаса (1, 3, 5, 7, 9, 11, 13.т.с.с.) немесе, өз жағының
отауларының біреуінде тақ жұбына қарамай келіп түсіп жатса, жай
жүріс жасалады деп саналып, ол отаудағы құмалақтар ешбір қазанға
алынбайды.
Тоғызқұмалақта ойнаушылардың
алдарына қоятын негізгі мақсаты-кем дегенде өз қазанында 82 құмалақ
жинап, қарсыласын ұтып шығу. Екі жақтың бірдей ұтуы, не ұтылуы
мүмкін емес.
Ойын аяақталған соң
ойыншылардың қазанындағы құмалақтардың соңы 81-ден болса, ойын тең
ойын деп бағаланады. Тоғызқұмалақта тең ойын болуының басты шарты –
екі жақтың да тақта бетінде, тұздықтарының
болуы.
Оқушыларды екі топқа бөліп
тоғызқұмалақ ойының ойнату
|
Үлкен бос ойын
кеңістігі,ысқырық
Ойын ережелері бойынша
ақпарат:
|