Материалдар / ҚМЖ 11-сынып С.Сейфуллин және «Сыр сандық» өлеңі

ҚМЖ 11-сынып С.Сейфуллин және «Сыр сандық» өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сыныптың ҚГБ бойынша ҚМЖ С.Сейфуллин және «Сыр сандық» өлеңі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қырқүйек 2024
338
3 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

I бөлім. Тарих тың шертіп пернесін

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

1.09.2023

Сынып: 11 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

С.Сейфуллин шығармашылығы, «Сыр сандық» өлеңі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.1.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну.

Сабақтың мақсаты

әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді талдайды.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

Қызығушылықты ояту кезеңі.

1.Суретте не берілген?

2.Әр суреттің өзіндік ерекшелігі қандай?

3.Екі суреттің өзара байланысы бар ма?


  • Сұрақ-жауап стратегиясы

1. Достық деген не?

2. Жақсы досты қалай табам?

3. Нағыз достықты қолдан жасауға бола ма?

4. Дос қатесін кешіруге, түзеуге бола ма?

5. Нағыз достықты өмірде қалай танимыз?

6. Өлең жолдарында ақын нағыз досты қалай суреттейді?

7.Қазіргі уақытта шынайы, нағыз достық бар ма?


«Ой қозғау» әдісі арқылы достық туралы (Доссыз адам тұссыз тағам т.б) мақал айтып, төмендегідей ашық сұрақтар қойып, жаңа сабақтың тақырыбын ашамын.

1.Сыр деген не?

2. Сандық деген не?

3. Ал адамның сыр сандығы дегенді қалай түсінесіңдер?

Олай болса,

Өмірде жан екенсің қия алмайтын,

Өлеңнің құшағына сия алмайтын.

«Қазағың кәне?»- десе, «Мінеки!»-деп

Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын,-деп ақын сырбай Мәуленов жырлаған Сәкен Сейфуллиннің ішкі жан сұлулығымен жырлаған «сыр сандық» өлеңіне тоқталмақпыз,-деп жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырамын.

Сәкен Сейфуллин өмірі және шығармашылығы

Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру

Оқушылар суретке назар аударып, оларға қатысты сұрақтарға жауап береді. Өз ой-пікірлерін білдіреді.






Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын білдіреді. Бір-бірінің жауаптарын толықтырады.







Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларымен бөліседі.













Оқушылар Сәкен Сейфуллин өмірі және шығармашылығымен танысады.

Дескриптор

- сұрақтарға жауап береді.

- ой-пікірлерін білдіреді.






Дескриптор

-Сұраққа жауап береді


Қалыптастырушы бағалау: ауызша жарайсың, сұрақтарға жауап бере алдың, негізгі ойды әлі де анықта, ойыңды жинақта, т.б.



Сабақтың ортасы


30 минут





Сыныппен жұмыс

1-тапсырма.

«Сыр сандық» шығармасынан үзіндімен танысып, ақын көтерген өзекті мәселені анықтаңыздар.

Сұрақтар:

1.«Сыр сандық » сөзінің мағынасы не деп ойлайсыздар?

2.«Сыр» деген не?

3.«Сандық» деген не?

4.«Сыр сандық» дегендегі «сандық» сөзі қандай мағынада тұр?

5.Ал, «адамның сыр сандығы» дегенді қалай түсінесіңдер?

6. Ақын қандай өзекті мәселені көтергенін анықтаңыздар.

7. Оқылған өлең шумағынан қандай ой түйдіңдер?

Нені ұқтыңдар?


Жеке жұмыс

2-тапсырма. Түсіну картасын жасау.


Өлең несімен ерешеленеді?

Өлең шумақтық өрнегі қазақ поэзиясына әсері қандай болды?

Өлеңдегі көтерілген мәселе қандай?

Өлеңнің идеясы


Өлеңнің мазмұнымен танысып, өлеңнен тірек сөздерді тауып , өзекті мәселені анықтап, өлеңнің мағынасын ашады.

Символ (рәміз) – әдебиетте ойды астарлап суреттейтін ерекше балама бейне.

Сыр сандық шашуы”

Әр адамның ішкі сыры –

Берік қойма сақталған.

Сол қойманың сыр түкпірін

Достың досы – ақ ақтарған







Өлеңнің ерекшелігін анықтап, оның поэзиясына әсерін түсіндіреді. Өлеңдегі көтерілген мәселені, идеясын анықтап, ойын дәлелдейді.


Дескриптор

- тірек сөздерді анықтайды

-өзекті мәселені анықтайды

- өлеңнің мағынасын ашады

-сұрақтарға жауап береді.















Дескриптор:

-Өлеңнің ерекшелігін түсіндіреді;

-Өлеңнің қазақ поэзиясына әсері;

-Өлеңдегі көтерілген мәселені анықтайды;

-Идеясын анықиайды;

-Ойын дәлелдейді.



Сабақтың соңы

5 минут

«Сыныптан шығу билеті»

  1. Бүгінгі сабақта маған не ұнады?

  2. Бүгінгі сабақта мен неге қол жеткіздім?

Мен үшін не қиын болды?


Үйге тапсырма: «Сыр сандық» өлеңінен үзінді жаттап келу







Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар (Әдебиет)

Бөлім:

I бөлім. Тарих тың шертіп пернесін

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

4.09.2023

Сынып: 11 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.3.1 – көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету.

Сабақтың мақсаты

көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсетеді


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Әдісі: «Мина » әдісі

Өлеңнің тақырыбын, негізгі идеясын бүгінгі күнмен байланыстырыңыздар

1.Сәкеннің шын есімін атаңыз

2.Сәкеннің туған өлкесі және туған жылы

3.Өлеңдер жинағын ата

4. Ақынның отбасы, ата-анасы туралы әңгімеле

5.Ақынның білімі

6. Мұхтар Әуезовтың Сәкен Сейфуллин туралы естелігін өрбітіп айтыңыз

7. 1916 жылы Сәкен Сейфуллин қайда қатысады?

8. 1918 жылы қандай оқиға болды?

9. Ақынның прозалық шығармаларын атаңыз?

10.1925-1933 жылдардағы ақын тағдыры туралы әңгімеле



Сәкен Сейфуллин өмірі және шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасы бекітіледі.


Дескриптор

- сұрақтарға жуап береді



Сабақтың ортасы


30 минут





Сыныппен жұмыс

1-тапсырма.

Тақырыпқа сай,дос туралы мақал-мәтелдер кім біледі?


2-тапсырма. Ұйқасын тап,ойлан.

1. Достықты берік сақта

Дос сенімін .......

2. Болмасын амал достық

Болсыншы .......... достық

3. Шын достықты жасайық

Дұшпандықтан ....

4. Достық үшін ......

Саған тиген үлес

5. Сыр сандыққа шын достықты сыйғызған,

Сәкен ақын неткен ғажап,....


Жеке жұмыс

3-тапсырма. «Сәйкестендіру» әдісі бойынша берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, шыққан сөз тіркестері бойынша өлеңдегі ақын жырлаған сұлу сезім жайында ой толғап, ұлттық мүдде тұрғысынан қарастырыңдар.

адалдық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қастық

мансап

сарай

достық

таза

алтын

ар -ұждан

жаны

қоймаға

шыңдағы

достық

адал

арамдық

құнды

байлық

жаны

таза




Тақырыпқа сай,дос туралы мақал-мәтелдер айтады.





Берілген мақал-мәтелдің, өлең жолдарынның ұйқасын табады.









 Берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, шыққан сөз тіркестері бойынша өлеңдегі ақын жырлаған сұлу сезім жайында ой толғап, ұлттық мүдде тұрғысынан қарастырып, өз ойларымен бөліседі





Дескриптор

- дос туралы мақал-мәтел айтады.

- ұйқасын табады


Қалыптастырушы бағалау: ауызша жарайсың, сұрақтарға жауап бере алдың, негізгі ойды әлі де анықта, ойыңды жинақта, т.б.





Дескриптор

- мағынасына қарай сәйкестендіреді.

- ақын жырлаған сұлу сезім жайында ой бөліседі

- ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды


Сабақтың соңы

5 минут

«Сыныптан шығу билеті»

  1. Бүгінгі сабақта маған не ұнады?

  2. Бүгінгі сабақта мен неге қол жеткіздім?

  3. Мен үшін не қиын болды?


Үйге тапсырма: жаттау











Тексерілді:


Қысқа мерзімді жоспар(Әдебиет)

Бөлім:

I бөлім. Тарих тың шертіп пернесін

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

6.09.2023

Сынып: 11 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі қазақи ұғымдар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.2.3.1 – шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау.

Сабақтың мақсаты

шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қызметін талдай отырып, автор стилін анықтайды


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Оқушыларды түгелдеу, сәлемдесу.

«Артық болмас білгенің»

Ақынның бұл өлеңі 1926 ж «Досқа жазылған хат» деген атпен шыққан. Олең ақын өміріндегі 1923 ж Қызылжар қаласындағы болған жағдайға байланысты туған. Халық комиссары Сәкенді бір сапарында вокзалдан күткен досы Шәріпжан Тотаев аяғын сындырып алады. Бірақ кейінгі тағы бір кездесуде Сәкенді танымайды, шақыртқанына келмейді.

Оқушылар үй тапсырмасын айта отырып, қосымша ақпаратпен танысады.


Сонда көңілі қалған Сәкен ақын «Үлкен шенділерге табынғыш, жарамсақ. Былтыр күтіп аяғын сындырған доссымағым ұлық болсам шырқ айналар, соқыр тауық болғаны ма ?»-дегенді ойлапты. (Сәкен туралы деректерден...)

Дескриптор

-үй тапсырмасын айтады



Сабақтың ортасы


30 минут





1-тапсырма. Берілген кесте бойынша өлеңді талдаңыз.

Тақырыбы

адал достық пен амал достықты айыра білу

Идеясы:

адамгершілік асыл қасиеттерді дәріптеу, адалдыққа үйрету

Жанр түрі:

Лирика (көңіл-күй)


2-тапсырма. Өлең құрылысына талдау жасаңыз.

Сыр| сан|дық|ты| а|шып| қа|ра|, А

А|шып| қа|ра|, сыр|ла|сым|, Б

Сым| пер|не|ні| ба|сып| қа|ра|, А

Ба|сып| қа|ра|, жыр|ла|сын|! Б

Өлең тармақтан, бунақ, шумақтан тұрады.

4 тармақ,2 бунақ,7-8 буындық, шалыс ұйқасқа жатады.

Жалпы:

Шумақ саны: 21

Тармақ саны: 84

Бунақ саны: 2

Буын саны: 7-8

Ұйқас түрі: шалыс ұйқас


Есте сақта! Ұйқас түрлері.
1) қара өлең ұйқасы ( а а б а )
2)шұбыртпалы ұйқас ( а а а а )
3)ерікті ұйқас ( а б в г б)
4)кезекті ұйқас ( а б в б )
5)шалыс ұйқас ( а б а б )
6)егіз ұйқас ( а а б б)
7)аралас ұйқас ( а а б в б в б б б)
8)осы күнгі ерікті ұйқастар ( а б а б в г д)


3-тапсырма. Өлеңді оқып,өлеңнен айшықты сөздер мен сөз тіркестерін дәптерге теріп жазыңдар.

Эпитет: нағыз дос, сымбатты тау, құзды шат, аққан су, сылдыраған бұлақ, алтын жазу, қымбат жасау, асыл сым, алтын сарай, мұз бұлақ, берік қойма ,сыр перне.

Көп мағыналы және омоним сөздер: қол, кілті, беті, жасау

Оқушылар берілген кесте бойынша өлеңнің тақырыбын, идеясын, жанр түрін талдайды.







Өлең құрылысына талдау жасайды.

Өлеңдегі шумақ, тармақ буын, бунақтарды тауып, ұйқастың түрін ажыратады.
























Өлеңді оқып,өлеңнен айшықты сөздер мен сөз тіркестерін дәптерге

теріп жазады, түрлерін ажыратады.



Дескриптор

-тақырыбын анықтайды

-идеясын анықтайды

-жанрлық түрін ажыратады.



Дескриптор

- тармақ, бунақ, шумақты ажыратады.

- ұйқас түрін ажыратады


Қалыптастырушы бағалау: ауызша жарайсың, сұрақтарға жауап бере алдың, негізгі ойды әлі де анықта, ойыңды жинақта, т.б.















Дескриптор

- өлеңнен айшықты сөздерді анықтайды.

- сөз тіркестерін анықтайды.




Сабақтың соңы

5 минут

«Сыныптан шығу билеті»

Сабақтан алған әсерім...

Не үйретті?
















Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

I бөлім. Тарихтың шертіп пернесін

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

8 .09.2023

Сынып: 11 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінің көтерген мәселесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.2.4.1 – көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.

Сабақтың мақсаты

көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.

3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әні тыңдалады

Сабақтың тақырыбы , оқу мақсаты таныстырылады

Сұрақ-жауап стратегиясы

1.    Достық деген не?

2. Жақсы досты қалай табамыз?

3. Нағыз достықты жасауға бола ма?

4. Дос қатесін кешіруге, түзеуге бола ма? 


Дескриптор

-сұрақтарға жауап береді


https://www.youtube.com/watch?v=LaAD7H128Ww


Сабақтың ортасы


30 минут





Жеке тапсырма

1-тапсырма .  “Досқа айтылар сыр” ішкі толғаныстарын монолог ретінде жазу 

Мысал:

        «Сыр сандық» өлеңі ой мен сезім терең қабысқан, өмір, достық, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан туған шығарма. Ақын тек өз жайын, өз басының мұңын, өзінің арманын ғана айтып отырған жоқ, жалпы адамзатты ғана толғандыратын, жалпы адам баласын ойландыратын құндылықтарды жырлап отыр.

       Нақақтан күйіп кеткен Сәкендей асыл ағаларымыздың обалы – опасыз суайттарда, екі жүзді көлгірлерде, «басыңа бұлт төнсе» іздеп таба алмайтын «көлеңке- доссымақтарда»». Олардың бойында оянбай қалған адамдық қасиеттеріне тамызық болып ояту – біздің адамзат алдындағы борышымыз. 



2-тапсырма.  Ақынға ашық хат

Оқушылар “Досқа айтылар сыр” ішкі толғаныстарын монолог ретінде жазады


















Оқушылар ақынға ашық хат жазады.

Дескриптор

-монолог жазады

- ішкі толғаныстарын жеткізеді.


Қалыптастырушы бағалау: ауызша жарайсың, сұрақтарға жауап бере алдың, негізгі ойды әлі де анықта, ойыңды жинақта, т.б.


Дескриптор

-хат жазады

-құрылымын сақтайды


Сабақтың соңы

5 минут

«Сыныптан шығу билеті»

  1. Бүгінгі сабақта маған не ұнады?

  2. Бүгінгі сабақта мен неге қол жеткіздім?

  3. Мен үшін не қиын болды?



Өлең астарлы жұмбақ мағынада жазылған. Түсінбеген оқушы өлеңді тауық туралы деп қалуы мүмкін. Өлеңнің прологы жеті жолдан тұрады. «Мұнда жем іздеген жанама тауықтың» әрекеті жөнінде айтылады. Негізгі ой, негізгі түйін – адал достық жайында. Өз өмірінің қиын кезеңінде жанынан табылмаған айнымалы, айналғыш, уәдеде тұрмайтын, сырға саяз, сертке тұрақсыз адамдар жайында айтылған. Автор ол жайында ашып айтып жатпайды, жем бар кезде жолында топырлайтын тауық туралы айтып келеді де, «шындап берік сүйіскен» нағыз достар жайына тоқталады. Қаламгердің «Тар жол тайғақ кешу» мемуарлық романы арқылы біз ақынның өмір жолына қанықпыз, жан түршігерлік атаман Анненковтың азап вагоны, Дүйсенбі деген жалған атпен еліне жаяу оралуы, сталиндік репрессия зобалаңы – оның өмірінің ең азапты тұсы болғанын және сол Голощекин геноциді құрбаны болғанын білеміз.

Күй шертуге анда – санда

Сырласарлық жан керек, – деген ақын өзіне шын дос, шынайы жанашыр іздеді. Өлеңді өрлей берсек, одан ары ақын Сарыарқа тауының сымбаты мен қалың зергер құзды шаттарын жырлайды. Үңіле қарасақ, «қалың нудағы тіп-тік, сұңғақ сыр жиып тұрған шың суреті» ақынның өз бейнесі ме дейсің?! Ал, «шыңның нақ басындағы алтын жазулы қақпа тасы, текшелеген сымнан жасалған сандық» оның қойнауындағы тұңғиық сыр – ақынның жан дүниесі. Сандық іші толған қойма асыл сымдар пернесін тек сыршыл, жібек талдап түйін түйген түршіл адамдар ғана таба алады, – дейді сыр сандық иесі.





Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

I бөлім. Тарих тың шертіп пернесін

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

11 .09.2023

Сынып: 11 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінің тілдік ерекшелігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.3.3.1 – шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақтың мақсаты

-Шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық

тұрғысынан талдайды

- Әдеби эссе жазады


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.

3.Үй тапсырмасын сұрау

4.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Ән шырқау»  Қ.Ыдырысовтың сөзіне жазылған  «Достар, достар» әнінің орындалу клипі бейнетаспадан көрсетіледі.

Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру

Оқушылар  Қ.Ыдырысовтың сөзіне жазылған  «Достар, достар» әнінің орындалу клипі бейнетаспадан көріп,бірге шырқайды.


Дескриптор

-үй тапсырмасын айтады


Сабақтың ортасы


30 минут





1-тапсырма: «Үш түрлі әңгіме» әдісі арқылы төмендегі ұсынылған әңгіменің 3 түрінің бірін таңдап, көтерілген мәселені дәлелдей отырып, қазіргі өмірмен байланыстырыңдар.

  1. Әңгіме-дебат: Автор нағыз достың бейнесін бере алды ма?

  1. Келісімшілік әңгіме: Нағыз дос қиындықта қасыңнан табылады

Зерттеушілік әңгіме: Негізгі ойды қоғаммен байланыс-тырып ой қозғау.


2-тапсырма

Оқушылар ұсынылған әңгіменің 3 түрінің бірін таңдап, көтерілген мәселені дәлелдей отырып, қазіргі өмірмен байланыстырады.

Дискриптор:

-тапсырманы таңдайды;

-өз ойын дәлелдейді;

  • -қазіргі өмірмен байланыстырады.

Қалыптастырушы бағалау: ауызша жарайсың, сұрақтарға жауап бере алдың, негізгі ойды әлі де анықта, ойыңды жинақта, т.б.


Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. «Плюс, минус - қызықты»

Плюс

Минус

Қызықты




1.Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс түрлері

  1. Ұнамады, түсініксіз болып қалды

  2. Барлық деректер мен әдістер қызықты

Үй тапсырмасын беру.






























Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

I БӨЛІМ. ТАРИХ ТЫҢ ШЕРТІП ПЕРНЕСІН

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

13 .09.2023

Сынып: 11 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіне композициялық талдау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.2.4.1 – көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.

Сабақтың мақсаты

көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

І.Ұйымдастыру кезеңі

(Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау)

ІІ.Қызығушылықты ояту. Ой шақыру.

  • Эссе дегеніміз не?

  • Ол қандай нәтижеге бағытталады?

  • Әдеби эссе дегеніміз не?

  • Оның қандай түрлері бар? (оқушылар жауабы тыңдалады).

Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушылар назары сабаққа аударылады.


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.


Оқушылар эссе туралы түсінік қалыптастырады.


Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлерін анықтайды.


Дескриптор

-сұрақтарға жауап береді




Қалыптастырушы бағалау










11-сынып

«Қазақ әдебиеті» оқулығы


Сабақтың ортасы




























ІІІ. Мағынаны тану

Әдеби эссенің түрлері

Бүгін біз сабағымызда әдеби-талдау эссесін жазатын боламыз. Ол үшін әдеби-талдау эссесінің құрылымын еске түсірейік.

Тапсырма. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінің идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңыз.

Тапсырма. Құрылымы бойынша негізгі бөлімді жазыңыз.

Негізгі бөлімнің екінші бөлімін жазады.

Қорытынды бөлім. Бұл бөлімді тезиске оралу міндетті емес. Қорытынды бөлімде не жазылады?


Оқушылар әдеби эссенің түрлерімен танысады.









Оқушылар әдеби-талдау эссесінің құрылымын еске түсіреді.






















С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінің идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңыз.

Кіріспе бөлімнің құрылымымен танысады.




Кіріспе бөлім бойынша тақырыпты түсіну сөйлемін жазады;

тақырыптың өзектілігін анықтап жазады;

тезис жазады.

Әдеби-талдау эссе құрылымы бойынша негізгі бөлімді жазыңыз.

Негізгі бөлім бойынша тезисті қолдаушы пікір жазады;

Аргументке дейінгі баяндау сөйлемін жазады;

Аргумент жазады;

Аргументті талдайды;

Абзацты қорытындылаушы сөйлемді жазады;


Қорытынды бөлімді жазады.













ҚБ
























Дескриптор:

  • Тақырыпты түсіну сөйлемін жазады;

  • Тақырыптың өзектілігін анықтап жазады;

  • Тезис жазады.



Дескриптор:

-Негізгі бөлім бойынша тезисті қолдаушы пікір жазады;

-Аргументке дейінгі баяндау сөйлемін жазады;

-Аргумент жазады;

-Аргументті талдайды;

-Абзацты қорытындылаушы сөйлемді жазады;

-Негізгі бөлімнің бір абзацынан екінші абзацына өтетін сөйлемді жазады.




Дескриптор:

-Қорытынды бөлімді жазады.

ҚБ





С.Сейфуллин «Сыр сандық»

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Мен нені түсінбедім?

(Оқушылар стикерге өздерінің түсінбеген тұстарын, сұрақтарын жазып, мұғалімге қалдырады.)

Үздік эсселер «Автор орындығында» оқылады.

-Балалар, бүгін сіздер әдеби-талдау эссесін жазып шықтыңыздар.

«Автор орындығы». Үздік эсселер «Автор орындығында» оқылады.


Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  1. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?

  2. Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?

  3. Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?

  4. Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?

Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?










Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

I бөлім. Тарих тың шертіп пернесін

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

15 .09.2023

Сынып: 11 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңініндегі антонимдер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.2.5.1 – қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау;

11.3.4.1 – шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын жазу.

Сабақтың мақсаты

қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдайды.

шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын жазады.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесіп, назарын сабаққа адару.

Қызығушылықты ояту.

«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы

С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңін оқып, шығармадан оқушы өзіне қатты әсер еткен тұстарын немесе үзінділерді таңдап алып, кестенің оң жақ бетіне жазады. Келесі сол жақ бетіне не себепті әсер еткенін жазады.

Маған әсер еткені ... мені таңқалдырды...

Себебі



Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңін оқып, шығармадан оқушы өзіне қатты әсер еткен тұстарын немесе үзінділерді таңдап алып, кестенің оң жақ бетіне жазады. Келесі сол жақ бетіне не себепті әсер еткенін жазады.



Дескриптор

  • Өлеңнен мысал келтіреді;

  • Себебін нақты жазады.

ҚБ




11-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы


М ағынаны тану.

1-тапсырма.

«Сыр сандық» өлеңін М. Шахановтың « Достық пен махаббат» өлеңімен ВЕНН диаграммасы арқылы салыстырып, талдау жүргізіңіз.

М. Шаханов « Достық пен махаббат» https://bilim-all.kz/olen/4355-Dostyq-pen-mahabbat

Өзендер мен көлдердің,

Көлден шалғай шөлдердің,

Биіктер мен алыптардың,

Жылулар мен жарықтардың арасын

Жалғап келген бір ән бар.

Парасатты мұңданудан

Жерді қирап күл болудан,

Таңды қарадүрсіндіктен,

Адамдарды күншілдіктен

Қорғап келген бір ән бар:

Ол ән - ұлы достық әні, негізгі әні ғаламның,

Ол ән - ұлы махаббаты менің сайын даламның,

Дала көңіл бабамның.

Сол екі ән гүлденер жер

Салмақ тауып саналы.

Сол екі әнді білмегендер

Өмір сүрдім демесе де болады.



2-тапсырма. С. Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі автор қолданған

« Әр адамның ішкі сыры –

Берік қойма сақталған»,

«...Сол қойманың сыр түкпірін

Достың досы – ақ ақтарған»,

«...Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара, сырласым.

Сым пернені басып қара,

Басып қара, жырласын!», - тірек сөздері арқылы әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуіне талдау жасаңыз.

Тірек сөздердің қолданысы

Әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың байланысы

Сіздің ойыңыз







3-апсырма. «Сыр сандық» өлеңі мен М. Шахановтың « Достық пен махаббат» шығармаларын салыстыра отырып, 70 сөз көлемінде әдеби сын жазыңыз.


«Сыр сандық» өлеңін М. Шахановтың « Достық пен махаббат» өлеңімен ВЕНН диаграммасы арқылы салыстырып, талдау жүргізіңіз.


Өлеңдерді салыстырып талдайды;

Ұқсастығы мен айырмашылықтарын таба алады.


























С. Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі автор қолданған тірек сөздердің қолданысын талдайды;

Әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың байланысын анықтайды;

Өз ойын білдіреді.










Сыр сандық» өлеңі мен М. Шахановтың « Достық пен махаббат» шығармаларын салыстыра отырып, 70 сөз көлемінде әдеби сын жазыңыз.

Құрылымы мен сөз көлемін сақтап әдеби сын жазады.

«Автор орындығында» өз жұмыстарын оқиды.


Дескриптор

  • Өлеңдерді салыстырып талдайды;

  • Ұқсастығы мен айырмашылықтарын таба алады.

ҚБ



























Дескриптор:

-Тірек сөздердің қолданысын талдайды;

+Әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың байланысын анықтайды;

-Өз ойын білдіреді.

ҚБ







Дескриптор

-Шығармаларды салыстырады;

-Идеясын анықтайды;

-Әдеби сын жазады.


С. Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі,

М. Шахановтың « Достық пен махаббат» өлеңі

https://bilim-all.kz/olen/4355-Dostyq-pen-mahabbat



Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс.

«Сұрақ-жауап» әдісі

1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?

2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз?

3. Сіз үшін бүгін не қиын болды?

4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз?

5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды?


Үй тапсырмасы

Достық туралы мақал-мәтелдерді жазып, өлеңнен 3 мысал келтіру арқылы олардың мағынасын ашып жаз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ