Материалдар / ҚМЖ А.Сүлейменовтің «Бесатар» повесіндегі көтерілген мәселелер 11-сынып

ҚМЖ А.Сүлейменовтің «Бесатар» повесіндегі көтерілген мәселелер 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"А.Сүлейменовтің «Бесатар» повесіндегі көтерілген мәселелер" ҚМЖ,11-сынып 11.1.2.1 – әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2024
239
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар (әдебиет)

Бөлім:

I бөлім. Тарихтың шертіп пернесін

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

16.10 .2023

Сынып: 11 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

А.Сүлейменовтің «Бесатар» повесіндегі көтерілген мәселелер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.2.1 – әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Сабақтың мақсаты

  • Кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы көрінетін автор бейнесін анықтау;

  • Көркемдегіш құралдар арқылы көрінетін автор бейнесін анықтау.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Сәлемдесу.

Қызығушылықты ояту.

  1. 1916 жылы елімізде қандай тарихи оқиға орын алды?

  2. Ұлт-азаттық көтерілістің басталуына не түрткі болды?

  3. А.Сүлейменовтың осы тақырыпқа байланысты қандай шығармасын білесіңдер?

  4. Шығармадағы көтерілген мәселе не?

Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстырады.

А. Сүлейменов «Бесатар» повесінде кейіпкер Крейгердің іс-әрекеттері арқылы құндылықтарды айқын көрсетеді. Қазақ секілді «бұратана» ұлтты ұнатпайтыны сонша, бунтқа қатысы бар дегендерді қолға түсіреді. Әкесі Төреханды «Сәруарды абақтыға отырғызамын» деп қорқытса, Сәруарды «әкеңді оққа ұшырамын» деп қорқытуы – адамгершілік құндылықтардың аяққа тапталғанын көрсетеді.

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді




Жауап:«Бесатар» роман-трагедиясы 1916 жылғы көтерiлiстiң бiр тәулiгiн – 7 июльдiң сәскесi мен 8 июльдiң бесiнi арасындағы қысқа мерзiмдi уақытта ғана өз кейiпкерлерiнiң көзiмен ала отырып, бүкiл көтерiлiстiң әрi бауыздау, әрi қылта, әрi шешушi сипаттарын әдемi бейнелейдi.



Дескриптор

- сұрақтарға жауап береді


Сабақтың ортасы


30 минут





1-тапсырма.

Шығарма кейіпкерлеріне тән ерекшеліктерді анықтаңыз.

Шығарма кейіпкерлері

Кейіпкерлердің шығармадағы басты рөлі

Қандай іс-әрекеттер арқылы көрінеді?

Сәруәр



Крейгель



Иноземцев



Голоножкин



Төрехан



Мұқағал





2-тапсырма.

Ұсынылған тапсырмалар арқылы шығарма идеясын автор қалай бергеніне талдау жасаңдар.

1-топ.

Түркістанның босағасын келін болмай кесір боп, 16- жылдың шілдесі аттады. Автор оқырманға не айтқысы келеді?

2-топ.

Автордың шығарманы үлкен трагедиямен аяқтауы нені көрсетеді? Талдаңыз;

3-топ.

Автор тарихи шындықты осы шығарма арқылы қаншалықты аша алды? Ойыңызды дәлелдеңіз;



3-тапсырма.

«Ағы келіп әптер- тәптерімізді шығарды, енді қызылы қайтер екен?» осы сөйлем арқылы повесіндегі көтерілген мәселелерді анықтаңыз. Анықтаған мәселелерін қазіргі өмірмен байланыстырыңыз. Дәлелдер келтіре отырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашыңыз.


Қорытынды сұрақтар

  1. А.Сүлейменовтың «Бесатар» шығармасының тарихи маңызы қандай?

  2. Шығармадағы автор бейнесі дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Шығарма неліктен «Бесатар» деп атала


Оқушылар шығарма кейіпкерлеріне тән ерекшеліктерді анықтайды. Олардың шығармадағы басты рөлін, қандай іс-әрекеттер арқылы көрінетінін ажыратады.








Оқушылар ұсынылған тапсырмалар арқылы шығарма идеясын автор қалай бергеніне талдау жасап, постер түрінде ұсынады.

Оқушылар повестегі көтерілген мәселелерді анықтайды. Анықтаған мәселелерін қазіргі өмірмен байланыстырады. Дәлелдер келтіре отырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашады




Оқушылар осы сөйлем арқылы повесіндегі көтерілген мәселелерді анықтайды. Анықтаған мәселелерін қазіргі өмірмен байланыстырады. Дәлелдер келтіре отырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашады


Сұрақтарға жауап бере отырып, өзіндік ойларымен бөліседі.




Дескриптор

-Шығарма кейіпкерлерінің шығармадағы басты рөлін анықтау;

-Ойын кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы дәлелдеу;









Дескриптор

- Автор оқырманға не айтқысы келетінін анықтайды

- Автордың шығарманы үлкен трагедиямен аяқтауы нені көрсететінін талдайды

- Автор тарихи шындықты осы шығарма арқылы қаншалықты аша алғанын өз ойымен дәлелдейді.



Дескриптор

-Шығармадағы көтерілген мәселелерді анықтай алады

-Мәселелерді өмірмен байланыстыра алады

-Мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан аша алады

-Ойы жинақы жеткізілген

-сұрақтарға жауап береді

https://kitap.kz/audio-book

А.Сүлейменов, «Бесатар»


Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

  • Сабақта алған 3 маңызды ақпарат

  • Қиындық келтірген 2 мәселе

  • Сабақта ұнаған 1 аспект

Үйге тапсырма: «Бесатар» повесін оқу

Оқушылар бүгінгі сабаққа кері байланыс береді

Үй тапсырмасын жазып алады.

Оқушылардың жауабына қарай ФБ қойылады


Қосымша тапсырмалар

Осы сабағымызда А. Сүлейменовтің «Бесатар» повесі бойынша шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде сценарий, соның ішінде киносценарий жазуды ұсынамыз.

Сценарий – кинофильмнің, телеарна қойылымының композициялық негізі. Сценарий әдеби шығарма негізінде жазылады.

Ол кино және телеарна сценарийі болып бөлінеді. Сценарий жазу кезінде диалог сөзін жазу, оны өрбіту өте маңызды.

Крейгер. Сен жаңағы бүзық шалдың баласысың ғой.

Сәруар. Иә.

Крейгер. Жігіттер сені, кеше, қалада деп келіп еді.

Сәруар. Иә.

Крейгер. Ташкендемісің?

Сәруар. Шымкентте.

Крейгер. Қашан келдің?

Сәруар. Кеше

Крейгер. Ауылыңа соқтың ғой?

Сәруар. Түлкі бұлаң неме керек, Крейгель мырза, Ауылға соқпасам, апақ-сапақта ат сабылтып атам өлді ме?

Крейгер. Оқа емес. Оқа емес. Мауқыңды бас, сағынып келген ауылыңа, бүгін болмаса ертең барып басарсың. Бұл да өз ауылың.

Кадр мазмұны

План

уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Екі босағадағы үйіліп жаткан көп берд

ңкенің коңыр сырлы дүмдері көрінеді

жалпы

2 сек

Домбыраның күңіренген дауысы

Киіз үйдің төрі. Төрде төбедей болып отырған Крейгер

жалпы

0,5 сек

Крейгель қымыз жұтып сәл аңырып калды да, қияқтап қойған жирен мұртының жиегін сүртті

Крейгер с

рлы зеренді қос қолдап қаусырып апты. Қымызды да төңкере салмай, дәмін алып, талмап отыр

үлкен

1,5 сек

Сары ала зеренді шиырып жіберді. Сары ала зерен сары ала текеметті жабу пішкендей, дөңгелеп сызып шығып, енесіне, сабаға тартты

Алғашында абыржыған Сәруар

жалпы

1 сек

Сары ала зеренді шиырып жіберді. Сары ала зерен сары ала текеметті жабу пішкендей, дөңгелеп сызып шығып, енесіне, сабаға тартты

Иә, бұл – сценарий. Кейіпкерлердің диалогімен бірге сценарийі жазылады. Киносценарийде уақыт маңызды. Әрбір кезең минут, секундына дейін жоспарланып, кейіпкерлердің іс-әрекеті кадрларға бөлінеді. Сонымен бірге, киносценарийде көрініс планының маңызы зор. Камераға түсіру үшін көлемі көрсетіледі.

Түсіндіру

Киносценарийде уақыт көрсетіледі, оның әр бөлігі кадр деп аталады. Кейіпкерді үлкейтіп жақыннан немесе кішірейтіп алыстан көрсетуді план деп атайды. Кейіпкер диалогтері киносценарийдің құрамына енеді.



1. «Бесатар» повесі бойынша автордың оқырманға жеткізгісі келген ойын белгіле.

  1. Ұлт пен ұлттың тең екенін, басқа ұлтқа деген өшпенділікті жою

  2. Адами құндылықтың адам, қоғамдағы маңыздылығын пайымдау

  3. Қазақ елінің еркіндігі, шекара тұтастығы

  4. Басқа елдерден тәуелсіз болу, тыныш өмір сүру

  5. Барлығы дұрыс

2.уАнықтамаға сәйкес келетін терминді анықта.

Объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Белгілі бір заттың не құбылыстың маңыздылығы әрі пайдалылығы.

  1. Құндылық

  2. Ұлттық құндылық

  3. Жалпыадамзаттық құндылық

3. Үзіндіні оқы. Крейгель әрееті арқылы қандай құндылықтардың аяққа тапталғанын анықта.

Шал турасында қателеспепті. Баладан кейін жеке алып қап тергеуге салғанда қыңбады. Қыңдыра алмады. Балаңды «абақтыға жабам» дегенде ғана жалт бұрылып, «абақтысы нес?» деп шошып қалды да, бұл жауап кайырмаған соң, қайтадан мүлгіді. Кете кеткенше тіс жарып ештеңе деген жоқ.

Дұрыс жауап саны: 2

  1. Адамгершілік

  2. Әйел адамның құқығы

  3. Жеке бас бостандығы

  4. Ұлттық ар

4. Үзіндіні оқы. Қандай құндылықтардың аяққа тапталғанын анықта.

Рекеңді менің де атқым келген жоқ, бірақ болыс бұйырса құлақ аспайтын не шама бар? Сағы сынып, бағы тайған ел екен, бес жігіт бір шалмен қашқан бақтық алмас бәрібір, «кезіге калсаң, таптап кет» деген бұйрық бар еді, бесеуін жайпап біткенде қолыма Рекең ілікті — оны да аяғам жоқ. Керегетастың көк шалғын тұмсығындағы ақыр тасқа көлденең сап алдымен сақалын үйттім-ау, батыр. Кәрінің сақалы да бір, карашадағы ебелек те бір — күкірт тиер-тиместе қаулап кетеді. Алдымен сақал үйтілді, жетпістен аскан кәрі емес пе — үйтуге жарар шаш таппадық бірақ. Жо, жас батыр, дүниеде үш емес, төрт қызық бар, төртінші қызық — алқымды жапқан ақ сақалды өртеген. Қарғыстан қорыққан сөз бе екен: жігіт атып, жесір теуіп, сақал өртеп алғысқа қалған жақсы. Көкейіңді крес тессе, жас батыр, сақал өрте, сақал өрте... Ақ сақалынан әп-сәтте айырылып көсесі шыққан Рекең «атып таста» деп жалынды, «атып таста» деп, жата кеп жалынды, «атпаймын» деп мен кергідім. Жылады-ау сосын Рекең, күйелеш бетін жас жуып жылады-ау, сосын Рекең.

  1. Басқа ұлттарды тең көрмеу

  2. Ішкі саясатына араласу

  3. Территория тұтастығына қол сұғу

  4. Біреуге қиянат жасау, қорлау

5. Үзіндіні оқы. Мұқағалидің психологиялық күйзелісінен кейінгі әрекетін анықта.

Не жазып ек, бұ құдайға, не жазып ек? Өз байлығым өзіме сор боп тигендей бұ құдайға не жазып ек, не жазып ек? — деді Мұқағали содан соң кереқарыс мандайын жұдырығымен періп-періп жіберіп.

Маңдайымды өзім соғып, өз бармағымды өзім шайнап, өз жер, өз байлығымды озім қарғардай не жазып ек? Ақылым сенен кем бе екен, қайратым сенен кем бе екен? — деді Мұқағали өксік буған етжең денесін игере алмай қалған ендігі сәтте. Алпамсадай сары жігіт, сонсоң, қара тасты кақ жарып кіріп кеткісі, сіңіп кеткісі келгендей, екі бүктеліп бұға берген ақ офицерді тастың үстінен жұлып алды.

  1. Өкініш

  2. Ыза

  3. Кек

  4. Барлығы

6. Киносценарийдің өзіне тән белгілерін ата.

  1. Уақыт көрсетіледі

  2. Кадрлерге бөлінеді

  3. План түрі көрсетіледі

  4. Барлығы




Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!