Қоғамдағы әлеуметтік желінің
жағдайы
Кейде жақсы ой мен
жаңалықтар уақыт шегімен қорқыншты әрі
зиянды дүниеге
айналуы мүмкін. Бұған жақсы мысал – ғаламтор
және әлеуметтік желілер.
Ол құрылған кезде, адамдарға ойларымен,
идеяларымен бөлісуге және алыс туыстарымен
байланыс орнатуға мүмкіндік беру үшін жасалды.
Ал
бүгінде ол
құбыжыққа айналды десек те
болады. Тіпті егер сіз оны пайдаланбауды шешсеңіз де ол
сіздің өміріңіздің барлық салаларына белсенді
қатысады.
Интернет түн
ортасында үлкен қалада серуендеуден қауіпсіз
емес. Мысалы,
сіз
Facebook-тен фотосуретті "жоя " алмайтыныңызды білдіңіз бе?
Facebook те
"жою" деп белгіленген батырма
бар, сол арқылы сіз өз
жарияланымыңызды профильіңізден
алып тастай аласыз,
бірақ Facebook әрқашан кез келген жүктелген
дүниенің көшірмесін сақтайды.
Бұл
сіздің Facebook-ты
пайдалануға
аранлған келісіміңізде (пользовательское соглашение) көрсетілген. Ал
сіз
оны оқыдыңыз ба?
Сіз осы әлеуметтік желі
сайттарындағы соңғы пайдаланушылармен жасалған
келісімдерді соңына
дейін оқып көргенсіз
бе?
Сіз өзіңіздің желідегі
есептік жазбаңызды жоя алмайтыныңызды
білесіз бе? Әрине,
сіз
оны өшіре аласыз, бірақ ол ешқашан толығымен
жойылмайды,
ал хакерлер белсенді емес есептік жазбаларды жақсы
көреді. Құпия сөзі
де ешқашан өзгермейді. Сондықтан, желіге жүктегеннің
бәрі,өте ұзақ уақыт бойы ғаламторда қалатынына сенімді болыңыз және
оны әр түрлі себептермен әр түрлі адамдар көре алады. Мәселен,
веб-сайтқа кірген сайын сіздің IP-мекен-жайыңыз журнал файлына
жазылады және сол веб-сайтпен байланыста
болады.
Қазіргі таңда еңбектеген
баладан, еңкейген қартқа дейін смартфондар пайдаланады. Ал олардың
бала денсаулығына тигізер орасан зиянының өзін былай қойғанда,
моральдық тұрғыдан әсері өте күшті. Әлеуметтік желідегі мазақтар
мен қорлауға төзбей өз жанын қиған балалар мен жасөспірімдер де
бар. Мұны пайдалану салдарынан балалар ерте жастан агрессивті,
тұйық, сыртқы ортаға бейімделмеген болуы әбден
мүмкін.
Ал енді әлеуметтік желіде
танысып, табысқандар жайына келсек. Беті аулақ десек те, көп
қайғылы жағдайлар «олар әлеуметтік желі арқылы танысқан» деген
сөзден басталатыны жалған емес. Экранның ар жағында отырған адамның
болмыс бітімін танып болмай, желідегі желдей ескен сөзіне арбалып
отбасылық зорлық көргендермен тізім таусылмайды. Талай жанның
маңдай тер, табан ақысын жымқырып, алдап тақырға отырғызып, сан
соқтырып кеткендер қаншама. Ересектердің өзін арбауына түсіріп,
қиялдың алысына алып кететін бұл құбылыс, құпия мен қауіпсіздік
ұғымдарын жете түсінбейтін балаларды құмырсқа құрлы көрмесі
анық.
Кезекті тіркелушілер мен
лүпілдерге берсек. Қазір адамдардың көпшілігі желіге өз өмірлерін
салып, барын көрсетіп мақтанып жатса, енді біреулер одан да асып
түседі. Яғни, олар өздеріндегі жоқты бар етіп көрсетуге тырысады.
Қымбат автокөлік, зәулім сарай, таусылмас ақша қоры тағысын тағы.
Мұндай жалғандықты жүктеген соң қанша қаралым, қанша лүпіл болғанын
санап әр сәт сайын телефонына үңіліп, ойы шашырайды. Бұл сәтте
адамдардың болашақты былай қойғанда ертеңгі күнге деген толғанысы
жойылады және бойында өз өзіне деген жалған бағалау жүйесі көрініс
табады. Әлеуметтік желідегі тағы бір үлкен олқылық, қазіргінің
тілімен айтқанда «тренд» деп аталады. Трендтің айтқаны болады деп
жүрген жұрт, жақсы мен жаманды айырудан қалғандай. Ерін мен қабағын
ісіртіп, одан қала берді азғындықтың жолына жетелейтін түрлі
іс-әрекеттер жасап, жарысуда. Мұндағы мақсат бір: жұрттан қалмау.
Осылайша тізбектесек түйнектей дүниеден түйедей мәселеге
соқтығарымыз анық. Алайда бір нәрсені ескерген жөн. Адамзат қай
ғасырда не ойлап тапса да, қажеттіліктен жасады. Әр нәрсені
пайдаланудың өз жөні мен жосығы бар. Жоғарыда айтып өткен ғаламтор
мен әлеуметтік желінің өзі сізге көп жағдайда көмектесе алады,
соның ішінде:
-
Ақпаратты
іздеуге;
-
Компаниялармен
байланысуға;
-
Серіктестер
табуға;
-
Жұмыс
табуға;
-
Сарапшылардан кеңес
алуға;
-
Үйде отырып шет тілдерін
меңгеруге т.с.с.
Саралап айта берсек бұл
тізімді де тоқтаусыз жалғай беруге болады. Сол себепті де бүгінде,
келешек те өз қолымызда екенін естен шығармасақ жөн болар
еді.
Гулдана
Ермекқызы