Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қолданбалы курс "Ой ұшқырлығы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі
Авторлық бағдарлама
«Ой ұшқырлығы»
(Қолданбалы курстың берері мол...)
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі : Г.Н.Нугманова
2020-2021 оқу жылы
Алғы сөз
Бір-екі жылдан бері орта мектепті
бітірушілерге бітіру емтихандарының түрі де,мазмұны да өзгертіліп
беріліп отырылғаны баршаға аян.Мектеп бітіруші түлек қазақ тілі мен
әдебиеті пәндерінен өзінің ой жүйесін,тыңғылықты білімін,он бір жыл
бойына алған терең түсінігін дәлелдейтін емтихан түрі-эссе жазу
түрінде беріліп отыр.Ал,эссені-ой ұшқырлығы десек те
қателеспейміз.Эссенің жазылуы мен оған қойылатын талаптарды
меңгерту,мазмұны құрылымына сай келетін,жақсы бағаланатын эссені
жазу үшін оқушыға тыңғылықты дайындық қажет.Сондай мақсатта биылғы
оқу жылында 11 сыныптың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы сынып
оқушыларына қолданбалы курс ретінде берілген сағатымды «Ой
ұшқырлығы» деген атаумен алып,мемлекеттік емтиханға дайындауға
бағыттап жоспарлап,аптаның әр дүйсенбісінде бір сағат арнап
жүргізіп отырмын. Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнер.
Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері
бар. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша
таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған. Шешендік сөз
парасатты ойға, ұшқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Айтылған
ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап қайтару - шешендіктің басты
қасиеті.Шешендік өнерді «сөз маржаны» десе де болады немесе өз ойын
жеткізуде ой ұшқырлығын таныта білу шешен сөйлеудің бір бағыты десе
де артық болмас. Сондықтан оқушыларды шешендік өнерге,ойын әдемі
жаза білуге баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса
құрметпен бағалағандықтан, 11- сынып оқушыларын ата-баба ізімен
шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына
дарыту – басты мақсат.
Бұл бағдарлама 11-сынып оқушыларының жас
ерекшеліктеріне сай
алынған.
11- сынып оқушылары әдебиет пәніне негіздей
отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің
арқасында шебер сөйлеуге,сөзін әдеби түрде жазып жеткізе алуға
жаттығады.Бұрын оқушыларым эссе мен шығарманы шатастырып,берілген
тақырыпқа шығарма жазып келіп жүрді.Бағалау критерийлерін
түсінбеген еді... Эссенің жалпы жазылу құрылымымен таныстыру
мақсатында осы бағдарлама түзілді. Бұл бағдарлама болашақта мектеп
бітірушінің емтиханға терең дайындықпен келуіне арналған жұмыс
жоспарын қамтиды. Нәтижесінде сабақ беретін 11 сынып оқушыары эссе
жазуға машықтанды.Эссе критерийлерін орындап қана қойған жоқ,әр
сабақ сайын өз ойлау қабілеттерін шыңдап,эссе жазу шеберліктерін
жетілдірді. Құнттап қараған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі
көркем, ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады.Жалпы,бұл
бағдарлама қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмекші
құрал боп табыларына сенімім
мол.
Гаухар Нурлыгайнқызы.
Бағдарлама құрылымы 4 бөлімнен тұрады.
-
Түсінік хат
-
Мазмұндық бөлім
-
Нормативті бөлім
-
Ақпараттық – әдістемелік бөлім
Түсінік хатта:
* Курстың мақсаты мен міндеттерін;
*Берілген бағдарлама өзектілігінің (оның маңыздылығы және қажеттілігі) негіздемесін
*Оқу әдістерінің жалпы сипаттамасын
*Курс мазмұнының бағдарлы пән мазмұнына сәйкестілігін қамтиды.
Мазмұндық бөлімде : курстың құрылымы мен мазмұны сипаталады.
Онда:
-тараулар мен тақырыптар ерекшеленеді және олардың көлемі анықталады.
* оқушы меңгеруі тиіс білім мазмұнына сипаттама беріледі.
* тиянақты меңгеруді талап ететін мәселелер ерекшеленіп көрсетіледі
* курстың негізгі міндеті және қосымша мазмұны нақты көрсетіледі
* іс-әрекет түрлері мен тәсілдері , оқушылардың өзіндік және шығармашылық жұмыстарының деңгейі міндетті түрде сипаталады.
Нормативті бөлімде :
* жекелеген тақырыптарды меңгеруге бөлінетін уақыт (күнтізбелік жоспарлау)
* оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар (білім,білік, дағдылар)
* білім ,білік дағдыларды қандай іс-әрекет түрлерімен беруге болатыны
Ақпараттық әдістемелік бөлімде:
Курс бағдарламасында бағалаудың оқушыларға түсінікті нақты критерийлері көрсетілуі қажет. Мұндай критерийлер мұғалім мен оқушының оқыту кезіндегі өз ара қарым – қатынасын анықтайды. Соған сәйкес оларға төмендегідей талаптар қойылады.
* бағалау құралдары мен әдістеріне сипттама берілуі (әсіресе шығармашылық сипаттағы тапсырмалар үшін) ;
* оқушылардың білімін бағалауға олардың тұлғалық қасиеті мен дамуындағы өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік беретін бақылау құралдарының әр түрлі болуы;
* бақылау құралдарының курстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі;
*бағдарламаның міндетті мазмұны элементерінің дәл бағалануы;
* тек қорытынды бақылауды қарастырып қоймай оқытудың аралық нәтижелерін қадағалауға мүмкіндік беруі тиіс.
Сонымен қатар бұл бөлімде ұсынылып отырған курсты оқыту барысында жүзеге асырылатын пән аралық байланыстар сипаты мен пайдаланылатын әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
Дайындалған курс бағдарламалары алдымен бірлестік мәжілісінде талқылануы керек . Курс бағдарламасын талқылау кезінде бірлестік жетекшілері мен бірлестік мүшелері төмендегі мынандай талаптарды басшылыққа алуы керек.
-
Бағдарламаның оқушыларға жаңалық ретінде танылу дәрежесі
базалық білім беру бағдарламасында берілмеген ,оқушыларға таныс емес білім мазмұнының қамтылуымен сипаталады.
2.Курс мазмұнының қомақтылығы
оқытуда алға қойылған барлық мақсаттарды орындауға бағытталған білім мазмұның анықталуымен қамтамаыз етіледі
3.Бағдарламаның ғылымилығы
прогрессивтік ғылыми білім мен өмір сүру тәжірибесінің ең бағалы жақтарының енгізілуімен сипатталады;
4. Курстың практикалық бағыты
оқушы қабілетін дамытуға және алған білімін іс жүзінде әр түрлі тапсырмаларды орындауда қолдануға мүмкіндік беретін материалдардың қамтылуымен анықталады.
5. Оқу материалдарының байланыстылығы мен жүйелілігі
ілгерідегі тақырыптар кейінгі тақырыптардың мазмұнын ашуға , олардың өз ара ортақ байланысын жүзеге асыруға негізделіп, анықталуымен сипатталады.
6.Бағдарламаның оқыту мақсаты мен тапсырмалардың қаншалықты сәйкестігі ,оқыту әдістерін таңдау дәрежесі
оқу тапсырмаларының мазмұны теориялық материалдардың қолданбалы сипатын ашатындай болуымен сипатталады.
7.Мерзімдік ресурстардың нақты мүмкіндік дәрежесі
Оқу материалдарын оқушылардың сапалы игеруіне жеткілікті және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретіндігімен анықталады.
Түсінік хат
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2016 жылдың 16 қарашасында шыққан №660 бұйрығына сәйкес 2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін орта мектептердің 11- сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға өзгерістер енгізілген болатын.11- сынып оқушылары үшін эссе жазу міндеттелді.Бұл ұсынып отырған бағдарламам- осы бұйрықты жүзеге асырудың көмекші құралы деуге болады.
Бағдарлама аптасына 1 сағатты,жылына 34 сағатты қамтып жасақталды.Оның 30 сағаты бағдарламадағы материалдарды оқуға,3 сағаты шығармашылық жұмыстарды орындауға,1 сағаты оқушылардың курс бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қорытындылауға беріледі.
Қолданбалы курс мақсаты:
-11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау емтиханына тыңғылықты дайындау;
-Оқушыларға эссе жазудың қыр-сырын үйрету;
-Оқушылардың эссеге қойылатын талаптарды меңгеруін қамтамасыз ету;
-Оқушы сауаттылығын арттыру;
-Өз ойын еркін жеткізе алатын Тұлға даярлау
Курс жұмысының міндеті:
Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын
дамыту;
*Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі шешендік
сөздерді
анықтау
*Би-шешендердің даналық сөздерінің мәнін
түсінуге
үйрету
*Шығармадағы көркем бейнелердің
ерекшеліктерін аша білуге
бағыттау;
*Ауызекі және жазба тілде байланыстырып
сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу)
дамыту;
*Кітап оқуға деген ынтасын
арттыру;
*Өзіндік ой-пікір айта білуге
баулу;
*Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық,
адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді
дарыту.
* Өз бетімен жұмыстану арқылы шығармашылыққа
шыңдау
Қолданбалы курс жұмысынан күтілетін нәтиже:
-11 сынып оқушылары қорытынды аттестаттау емтиханына тыңғылықты дайындық жүргізеді;
-Оқушыларға эссе жазудың қыр-сырын үйренеді,түрлі жанрдағы эссені ажырата алады;
-Оқушылар эссеге қойылатын талаптарды меңгеріп алады,,эссесінде авторлық позициясын түсінгендігін көрсете алады;
-Оқушы сауаттылығын артады;
-Өз ойын еркін жеткізе алатын Тұлға қалыптасады
-
өздік сөздік қорын
толықтырады
-оқу материалдары бойынша курста әдеби түрде
жазу дағдыларын
меңгереді.
-сөздерді мақсатқа негізгі ойға, мазмұнға
сәйкес өз бетінше талдап қолдана
алады.
-шығармашылығын шыңдайды,танымдық қабілеттері
дамиды,өзіндік ой қорытуға ойын әдеби тілмен өрнектей білуге
дағдыланады.
-халықтың қанатты сөздерінің мәнін ,
мағынасын түсініп, одан тәрбие
алады.
Қорытынды аттестаттау – жалпы орта білім беру ұйымдарында өткізілетін 11- сынып білім алушыларына арналған мемлекеттік бітіру емтиханы.
Емтихандарды өткізу формалары:
Ана тілі мен әдебиеті (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан эссе түрінде өткізіледі, оған 3 астрономиялық сағат бөлінеді.
Мектеп бітірушілерге таңдау үшін 10 тақырып беріледі; эссе тақырыптары берілген конверттер емтихан басталғанға дейін 15 минут бұрын ашылады; эссе көлемі – 250-300 сөз. Эссе тақырыптарын ҚР Білім және ғылым министрлігі анықтайды. Эссе тақырыптары 10 наурызға дейінгі мерзімде ашық баспасөзде жарияланады.
Эссе – ол тақырыпты түпкілікті және толық қамтуға есептелмеген нақты мәселе бойынша жеке көзқарасты білдіретін шағын көлемдегі, еркін композициялық прозалық шығарма. Эсседе ауқымды мәселелердің талдауы болмайды. Ол бір мәселе бойынша жаңа, субъективтік көзқарас болып табылады, ондай шығарма философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық сипатта болуы мүмкін. Эссенің мақсаты – өзіндік шығармашылық ойлау және сол ойды жазбаша бере білу дағдыларын дамыту. Эссе мазмұнында ең алдымен ойды нақты және сауатты тұжырымдау, ақпаратты жүйелеу, негізгі түсініктерді қолдану, себеп-салдар байланысын және тәжірибені нақты мысалдармен көрсете білу, ойларын қорытындылай білу бағаланады.
Эссе құрылымы оған қойылатын мынадай талаптармен анықталады:
- эссе авторының ойлары проблема бойынша қысқа тезистер ретінде беріледі;
- ойлар дәлелді болуы тиіс, сондықтан тезистерден кейін дәйектер жазылады.
Дәйектер – қоғамдық өмірден, алынған фактілер, оқиғалар, өмірлік жағдайлар мен өмірлік тәжірибелер, ғылыми дәлелдер, ғалымдардың пікірлеріне жүгіну және т.б. Әрбір тезиске екі дәйек келтіріледі, себебі бір дәйек келтіру көп жағдайларда жеткіліксіз, үш дәйек ықшамдыққа және көркемдікке бағытталған жанрда жазылған шығарманы «ауырлатуы» мүмкін.
Сонымен, эссенің құрылымы (тезистер мен дәйектердің саны тақырыпқа, құрылған жоспарға, ойды дамыту логикасына байланысты болады):
- кіріспе;
- тезис, дәйектер;
- тезис, дәйектер;
- қорытынды.
Кіріспе және қорытынды бөлімдерде қарастырылып отырған проблемаға назар аударуы қажет (кіріспеде мәселе қойылады, қорытындыда автордың ойы нақтыланады). Эссе тіліне эмоционалдық, экспрессивтік, көркемдік тән екенін оқушылардың түсінулеруі аса маңызды. Сонымен қатар, эсседе сленгті, шаблонды фразаларды, сөздерді қысқартудан аулақ болу қажет. Эссені жазуда қолданылатын тіл жеңіл қабылданатындай болуы тиіс.
Эссені жазудың формальді ережесіне сәйкес атауының болуымен ерекшеленеді. Эссенің ішкі құрылымы еркін болуы мүмкін. Бұл жазба жұмысының шағын түрі болғандықтан, соңында қорытындылауды міндетті түрде қайталау талап етілмейді, олар негізгі мәтіннің немесе атауының ішіне енгізілуі мүмкін. Дәйектеме мәселені тұжырымдаудың алдында болуы мүмкін. Мәселені тұжырымдау соңғы қорытындымен сәйкес келуі мүмкін.
Эссе жазу барысында мынадай типтік қателіктер жиі кездеседі:
- ұзақ кіріспе;
- детальдар санының жетіспеушілігі;
- мысалдары суреттелмей берілген пайымдаулар;
- көпсөзділік, себебі, эссе көлемі нақты мөлшермен шектелген;
- автордың шынайы ойын көрсете алмайын ұзын сөйлемдердің болуы, қайта керісінше қысқа сөйлемдер үлкен әсер қалдырады. Эсседе ұзын сөйлемдер мен қысқа сөйлемдер ауысып отырса, ол өте тиімді болады;
- ғылыми терминдерді қолдану, энциклопедиялық сөздерді келтіру эссені түсінуді ауырлатады және оқушының назарын басқа жаққа аударады, эссенің мәні төмендейді.
Бұл бағдарлама 11-сынып
оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай
алынған.
11- сынып оқушылары әдебиет пәніне негіздей
отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің
арқасында шебер сөйлеуге,сөзін әдеби түрде жазып жеткізе алуға
жаттығады. Эссенің жалпы жазылу құрылымымен таныстыру мақсатында
бағдарлама түзілді. Бұл бағдарлама болашақта мектеп бітірушінің
емтиханға терең дайындықпен келуіне арналған жұмыс жоспарын
қамтиды. Құнттап қараған,қолданбалы курстың жұмысына үздіксіз
қатысып отырған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем, ойы
терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады және эссені өз
талаптарына сай әдемі етіп жазып шыға
алады..
Қазіргі күнде шәкірттеріміз заман талап етіп жатқан пайдалы, беделді мамандықты таңдайды, белгілі бір оқу саласына түсіп, оны бітіріп, белгілі маман болуды қалайды. Сол үшін мектеп қабырғасында мамандыққа дұрыс бағыт сілтенуі керек деп санаймын. Сондықтан оқушының кәсіби бағдарлануы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Мамандықты дұрыс таңдауда мектептегі берілетін пән негіздерімен қоса қолданбалы курстардың да әсері бар екендігіне жылдан-жылға көзіміз жете түсуде.
Жалпы оқу бағдарламасын іске асыру қосымша әдістемелік оқу құралдары, арнайы құралдар мен көрнекі және зертханалық құралдар, баспа материалдар, электрондық оқулық, видеофильмдері және видеофрагменттер, ақпараттық және техникалық оқу құралдары бар арнайы жабдықталған оқу кабинеттерінде жүргізуі тиіс.
Қорыта айтқанда, бағдарлы оқытудың мақсаты — өздігінен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін- өзі жетілдіріп өсіруші, өзін- өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындау (эссеге) арнаулы курсының бағдарламасы
Аптасына-1 сағат,жылға 34 сағат бөлінген.
Курстың мазмұны төмендегі жоспардағы тақырыптарды қамтиды:
р/с |
Тақырыптар |
Күтілетін нәтиже |
Мерзімі |
1 |
Эссе туралы түсінік |
Эссенің шығу тарихы,қолданылу орыны туралы мәлімет беру |
|
2 |
Эссе мен шығарманың айырмашылығы |
Эссе мен шығарманың анықтамасы,құрылымы,мақсаты,ұқсас тұстары,айырмашылығы туралы |
|
3 |
Эссе және оған қойылатын талаптар |
Оқушылар эссе жазудың талаптары,жанрлары,жазылу ерекшеліктері |
|
4 |
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |