Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» 8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау жырдағы оқиғалар желісін, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тартысты белгі қоя оқи отырып анықтайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 8 Пән: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:

Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау

Сабақ мақсаттары

жырдағы оқиғалар желісін, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тартысты белгі қоя оқи отырып анықтайды.

Бағалау критерийі

әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін түсінеді;

сюжеттік желісі мен эпилог/прологтарды (егер болса) анықтайды.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология:

әдеби шығарманың жанры, жыр, сюжеттік желі т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, Қорқыт жырларының желісіне тоқталатын болсам, мен ... ойлаймын т.б.

Пәнаралық байланыс

Дүниежүзі, Қазақстан тарихы пәндерімен байланыс. Қорқыт - әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар тұлға.

Алдыңғы білім

Оқушылар төменгі сыныптан Қорқыт ата туралы халық аузында айтылып жүрген аңыздардың желісін біледі, сонымен қатар қазақтың эпостық жырларымен («Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр»), қобыз аспабының ерекшелігімен таныс.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы









Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.

1. Жаңа сабаққа оқушы назарын аудару.

Қорқыт бабамыздан қалған,

Қобыз - өкініш пен арман.

Тыңдасаң, сыр айтады,

Өкініп мұң айтады.

Оғыз - ұрпақтары тірі,

Қобыз заманының үні.

Бозінген боздағаны,

Жүректі қозғағаны...

Қысқаша тұжырым: Қорқыт пен қобыз – егіз ұғым. Қобыз -күллі түркі дүниесінің кие тұтқан аспабы.

Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийін оқушылар өздері құрастырады.


Сабақтың ортасы



11-13

























Жаңа тақырыпты меңгерту.

Қорқыт жырлары туралы мұғалім қысқаша ақпарат береді:

ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ («Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан») – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. Ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғ-да бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В.В.Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма «Деде Горгуд» (Баку, 1950), «Книга моео деда Коркута» (М.-Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 ж. тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этникалық мұра ретіндегі «Қорқыт Ата кітабында» қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол.


«Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» мәтіні таратылады.

Ж/ЖЖ/Т. «Белгі қоя отырып оқу» стратегиясы

Мәтінді оқып отырып оқушы мынадай белгілер қояды:

С – «сұрақ»


Ж – «жауап»


Б – «білемін»


ЖН – «жаңа нәрсе»


Қ – «қызықты»


БК – «білгім келеді»


СБ – «сұрағым бар»


А – «анықтау»


Қабілеті жоғары оқушылар «Қызықты, Білгім келеді, Сұрағым бар, Анықтау» деңгейлерімен жұмыстанса, қабілеті төмендеу оқушылар «Сұрақ, Жауап, Білемін, Жаңа нәрсе» деңгейінде ойланады.

Жұптық/топтық талқылау

Мәтін үзінділерімен танысып, белгілеп болғаннан кейін жұптарымен бөліседі. Жұпта талқылау жасағаннан кейін топтарға бірігеді.

«Ең, ең, ең ... ұтымды жауаптарды» таныстырады.

Дескриптор

  • жыр мәтінімен танысады;

  • белгі қоя отырып оқиды;

  • жұпта, топта талқылайды;

  • ең қызықты тұсын таныстырады.

Бақылау парағымен жұмыс.


Жыр мәтінінен үзінділер

























Белгі қою кестелері











Сабақтың аяғы

36-40


7. Рефлексия «Менің пирамидам» Оқушылар өз әрекеттері мен ұстанымдарын жан-жақты қарастырады.

стикерлер



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2018
16560
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі