Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қысқы ойындар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ тақырыбы:
Қысқы ойындар.
Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында қысқы ойындар тақырыбына қатысты
жаңа сөздерді меңгерту. Басқа тілден енген сөздер туралы ақпарат беру.
Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың байланыстырып
сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Қысқа мәтіндер арқылы спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы
Жетістік
критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қысқы ойындар, мұз қалашығы
жайлы ақпараттар береді, қысқы ойын түрлерімен таныстыра алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлемдер арқылы
қысқы ойындар, оның көріністерін сипаттай алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында
сыныптастарымен қысқы ойындар жөнінде тілдесе алады, қарапайым
сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.
Негізгі
түсініктер:
Қысқы ойындар, шаңғы тебу, коньки тебу, шанамен сырғанау, қар
лақтыру, түрлі мүсіндер, қатырады, таң қалдым, шеберлік.
Сабақта
қолданылатын
материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат,
тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер.
Оқыту әдістері:
Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері»
тренингі, «Тауға барамыз!» рөлдік ойыны, “Не артық?” дидактикалық
ойыны, «Броундық қозғалыс» әдісі, топтық жұмыс, «Баспалдақ» әдісі,
сергіту жаттығуы.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға
психология-
лық ахуал
туғызу
Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне»
тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды
түгендейді.
Сабағымызды дыбыстық жаттығудан
бастаймыз
Ыс-ыс-ыс ,келді қыс
Ан-ан-ан,сөқты боран,
Ар-ар-ар,үлпілдек қар,
Ты-ты-ты аяз қатты
Оқушылар «шаттық
шеңберіне» тұрып,
мұғаліммен сәлемдеседі.
Мұғалім үстеліндегі
суреттерді
алу,суреттерді
құрастыру арқылы
топқа бөліну
Үй
тапсырмасын
тексеру
Өткен тақырыптарды еске алу мақсатында
берілген сөйлемдердің «дұрыс»,»бұрысын»
анықтау
1 Хоккей ойынына
екі команда
қатысады
Дұрыс бұрыс
2 Бір командада 10
ойыншы болады
3 Бұл ойын 5
кезеңнен тұрады
4 Әр кезең 20
минуттан болады
5 Алаңда
ойыншыларға
қолын допқа
тигізуге тыйым
салынбайды
6 Хоккей ойыны
қарсыластарының
қақпасына
шайбаны көбірек
соғуды көздейді
Оқушылар сөйлемдердің
«дұрыс»,»бұрысын»
анықтайды
Формативті бағалау
жауап дұрыс болса,
«шапалақтайды», жауап
бұрыс болмаса «аяқтарын
қозғалтады»
І. Қызығушы-
лықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген
қызығушылығын арттыру мақсатында сұрақтар
қояды:
Алдарыңда жатқан суреттерден нені көріп
тұрсыңдар?
Осы берілген суреттер қысқы ойындарға жата
ма?
Балалар, қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?
Оқушылардың жаңа сабаққа деген
қызығушылығын арттыру мақсатында тақтаға
«Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «Қысқы
ойындар» сөзіне ассоциаграмма құрғызады.
Қыс өте тамаша мегіл .Қысты балалар асыға
күтеді.Өйткені қысқы ойындар да,қыс мезгілі де
өте көңілді.
Суретке қарап, қысқы ойындардың түрін ата,сөйлем
құрастыр
Сұраққа жауап береді.
«Ой шақыру»
стратегиясын қолдану
арқылы тапсырманы
орындайды
ІІ.
Мағынаны
тану
Мәтінмен танысу
1. Тыңдалым,оқылым мұғалім оқып отырған
кезде оқушылар таныс емес сөздердің
астын сызады,тақтадағы жаңа сөздермен
танысады
Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті
тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен
таныстырады, аудармасын айтады. Оларды
оқиды, оқушыларға қайталатады.
Қар лақтырып-кидали снежки
бөкебай-шарф
Тау басында
Қысқы демалыс көңілді өтті. Мен, Әлібек,
Дана, Алуа, Әли бесеуіміз тауға бардық.
Тауда Алуа мен Дана шанамен сырғанады.
Ал Әлібек, Әли үшеуіміз шаңғы тептік.
Киіміміз, қолғабымыз су болды. Етігімізге
қар кірді. Бірақ біз тоңбадық. Түстен кейін
саябаққа бардық. Онда коньки теуіп, қар
лақтырып ойнадық. Таза ауа. Айналамыз
ақ қар. Әлібек қардан ақ аю жасады. Алуа
мен Дана ақшақар, ал Әли екеуіміз аққала
жасадық. Әли аққалаға өзінің бөкебайын
байлады. Сәбізден мұрын жасадық. Сосын
бәріміз қардан үйшік жасадық. Қарды до-
малатып бір жерге жинадық. Ішіне шам
қойдық. Қардан жасалған ертегі қаласы
әдемі болды.
Тыңдалым. Оқылым.
Жаңа сөздерді
тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс
айтылуымен ауызша
жаттығу жүргізеді
Оқушылар мәтінді оқиды
әр сөйлемнің
аудармасын айтады
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Жазылым. Айтылым.
Қисынды ойлау қабілетін жандандыру,
сауатты жазуға машықтандыру үшін
1-топ мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырады
2-топ мәтін бойынша диалог құрастырады
3-топ мәтінге жоспар құрады
Тапсырмаларды
орындайды,постерді
қорғайды,
формативті бағалау
«бір саусақ»
Әр топқа суреттер беріледі,Суреттерді мәтін
мазмұны бойынша орналастыр
Оқушылар суретттерді
мәтін бойынша
орналастырады
Формативті бағалау
« шапалақ »
ІІІ. Ойтолғаныс
1-топ Ақшақар сөзін жіктейді
2-топ аққала сөзін тәуелдеіді
3 топ үйшік сөзін септейді
тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құраңдар.
• Тебеміз, қыста, сырғанақ, біз.
• Жарыстар, өткізіледі, мектебімізде, түрлерінен,
қысқы, спорт.
• Мектепаралық, мәнерлеп, жарыстар, өтеді,
сырғанаудан
Венн диаграмасын қолдану арқылы тақырыпты
бекіту
қысқы ойындар жазғыойындар
Тапсырманы орындайды
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
IV. Бекіту Топтық жұмыс. «Галлереяны шаралау» әдісі.
Оқушыларға мәтін құрау үшін «Қысқы
ойындар» деген тақырып беріледі.
Аталған тақырыпқа
қатысты әр топ мәтін құрау
мақсатында «қысқы
ойындар» тақырыбына мәтін
құрастырады.
V. Бағалау Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың
бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды
бағаны өзі қояды.
бағаланады.
VI. Үйге
тапсырма
7-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия Мұғалім түрлі түс қағаз таратып береді. қағаздарға
«көңілді», «көңілсіз» смайликтерді
салып ,көңіл-күйлерін білдіреді
Оқушылар сабақтан
алған әсерлерін
смайликтерді салу
арқылы көңіл-күйлерін
білдіреді