Материалдар / Сабақ жоспары 9- сынып 80 жылдардан бергі ақындар айтысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары 9- сынып 80 жылдардан бергі ақындар айтысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Айтыс өнерінен үзінді көрсету. Сол айтысты ескере отырып, оқушыларды айтысқа баулу. « Білім» және «Тәрбие» жайлы топ арасында шағын айтыс ұйымдастыру.. «Бәдік айтысы», «Жануарлар мен адам айтысы», «Жұмбақ айтысы», «Салт айтысы» - деп жазылған қағаздарды жазуын көрсетпей парта үстіне қоямыз, сол қағаздарды алу арқылы оқушылар топқа бөлінеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
682
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні

07.11.2017ж

Сыныбы

9

Пәні

Әдебиет

Тақырыбы

80- жылдардан бергі ақындар айтысы.

Сілтеме

Электрондық оқулық. Интернеттен қосымша мәлімет. Оқулық.

Мақсаты

Оқушыларды  өз  бетімен  жұмыс  істете отырып, ой қозғау, ой  қорыту,  осы  күнгі  айтыстарды  бұрынғы  айтыстармен  салыстыра  білу  дағдыларын  дамыту.

Оқыту нәтиже

Айтыстың түрлерін, жанрлық ерекшелігін, тарихын біле отырып, сөз өнерін  қадірлеуге ,суырыпсалмалық  өнерін бағалай білуді  үйренеді.

Түйінді идея

« Айтыс  -  сөз барымтасы»

Блум таксоном.

7 модуль

ресурстар

Сабақтың мазмұны

 

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

3 мин.

Қызығушылықты ояту.






















Психологиялық ахуал орнату. Топтастыру.

 

Ұйымдастыру. «Бәдік айтысы», «Жануарлар мен адам айтысы», «Жұмбақ айтысы», «Салт айтысы» - деп жазылған қағаздарды жазуын көрсетпей парта үстіне қоямыз, сол қағаздарды алу арқылы оқушылар топқа бөлінеді.

Қағаздарды алу арқылы   4 топқа бөлінеді.

1 «Оптимистер»

2 «Пессимистер»,

3. «Риалистер»,

4 «Сарапшылар»

Қадағалу.

Білу

 

5мин

Сыни тұрғыдан ойлау

Миға шабуыл

 

Түрткі сұрақ

Ой шақыру

1. Айтыс дегеніміз не?

2.Айтыс өнерінің қандай түрлерін білесіңдер?

3.Айтыскер ақындар  туралы қандай ұғымдар бар?

4. Қандай алғашқы айтыскер ақындарды білесіңдер?

5.Айтыскер ақындардың жеңісі неде?

6.Айтыс жанрын  қандай ғалымдар арнайы зерттеген?

7. Ш. Уәлиханов айтыс туралы не айтты?

8. Түре және сүре айтысы дегеніміз не?

9.Қазіргі таңда осындай айтыс түрлері бар ма? Мысал келтір. 

Осы сұрақтарға оқушылар     біртіндеп жауап береді, өз ойларын айтады, өмірмен байланыстырады,соның нәтижесінде проблемалық сұрақ тудырады. Ол сұрақтарды дәптерге жазады.

(Дәптермен жұмыс)

 

Марапаттау.

Смайлингтер арқылы бағалау

 Түсіну

10 мин

Сыни ойлау Басқару және көшбасшылық.

Миға шабуыл. Топтағы бірлескен және ұжымдық жұмыс.

Әр топ оқушылары оқулықтан тақырыпты «Жигсо» әдісі  бойынша бөліп оқиды да, бір-біріне түсіндіреді.

Әр топ бүгінгі тақырыпты бөліп алып оқиды. Оқыған бөлімдеріне тақырып қояды. Сол оқыған бөлімдерін     талдайды.

Жұлдызша арқылы бағалау.

Қолдану

5 мин

Талантты және дарынды баланы оқыту.

Ой қозғау.

 Топ басшыларына тапсырма беріледі , сол тапсырмаларға жауап беруге тырысады.

Берілген кесте бойынша  салыстыру  жұмыстарын жүргізу.

І топ   Бұрынғы айтыстар жөнінде мәлімет айтады.

ІІ топ. Қазіргі айтыстар жөнінде мәлімет береді.

ІІІ топ. Екі айтыстың ұқсастықтарын айтады.  VІ топ. Айырмашылықтарын айтады. Әр топтың көшбасшылары жауап береді. Топ мүшелері толықтыруға болады.

Марапаттау.

 

Сергіту сәті.

 

 

 

 

3 мин

Диалогтық оқыту.

Тез  ойла.

«Өз жартыңды тап» оқыта үйрету ойыны бойынша

оқушыларға берілген сұрақтардың жауабын  екінші оқушы оқиды.

Бір оқушыға  сұрағы беріледі, екінші  оқушыға жауабы  беріледі.  Олар бір –бірін табады.                              

 

Талдау

7 мин

Электрондық оқулықты қолдану

Сыни тұрғыдан ойлау.

Ой шақыру.

 

Айтыс өнерінен үзінді көрсету. Сол айтысты  ескере отырып, оқушыларды айтысқа баулу. « Білім» және  «Тәрбие» жайлы топ арасында шағын айтыс  ұйымдастыру.

Табыс критерийлері арқылы бағаланады.

Нақыл сөздерді қолдану.

қазіргі таңдағы мәселелі сұрақтардың жауабы бола алатын ойларды қолдану.

3. Шешендік сөздерді қолдану.

1.Оқушылар  берілген тақырып бойынша айтысады. Топ ішіндегі сөзге шебер оқушы екінші топ оқушысымен айтысуға шығады. Кімнің сұрағы  мен жауабы нақты, тиянақты болса, сол топ оқушылары жүлдегер деп есептеледі. Ұпай саны қойылады.

 Өзін-өзі және өзара бағалау.

Жинақтау

5мин

Сыни ойлау.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Ойын жинақтау.

 

Топтарға бөлініп « Оптимистер», « Пессимистер», «Риалистер» рөлдік ойынын өткізу. «Сарапшылар» тобы оқушыларды бақылап,  жауаптарының мазмұндылығы мен  дұрыс  орындалуына байланысты бағалайды.

« Оптимистер» айтыстың болашағы , бүгінгі күнгі айтыстың өркендеуі туралы өз пікірлерін білдіреді.

«Пессимистер», керісінше, айтыстың бүгінгі күнгі дамуына кедергі болып жатқан себептер туралы ой қозғайды.

«Реалистер» айтыста бейнеленетін   өмір шындығы туралы нақты мысалдармен   ой өрбітеді.

Мадақтау

Бағалау

2 мин

 

Жеке, топпен бағалау.

Жұлдызша, смайлинг және түсті қағаздар арқылы бағалау.

Сабақ барысында жинақтаған бағаларын жинап, өздері қорытынды бағаларын шығарады.

Жиынтық бағалау.

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!