Сабақ жоспары Тоғызқұмалақ ойыны 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Тоғызқұмалақ ойыны 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тоғызқұмалақ үйірмесі немесе факультативке, дене шынықтыру мамандарына қажетті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойыны, ережелері мен ерекшеліктері
Пәнаралық байланысы: Тарих, математика, әдебиет.
Мақсаты: 1. Оқушыларға ұлттық ойын тоғызқұмалақтың тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету.
2. Оқушыларға тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез
орындау, ой — өрісін дамыту және ұқыптылыққа , өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, достық қарым — қатынасқа, ұжымдылыққа, ұлттық рух
қа тәрбиелеу.
Керекті құрал — жабдықтар:Тоғызқұмалақтар, слайд — презентация.
Күтілетін нәтижесі: Оқушылар ойынды меңгереді, күрделі тактикаларды шешеді.

Сабақтың түрі:Практикалық: жаттығулар орындау, жарыс
1. Ұйымдастыру кезеңі
І. Ой қозғау
1. Тоғызқұмалақ ойыны қашан пайда болды?
2. Қазақ өкілдерінен кім ойнаған?
3. Тоғызқұмалақ ойыншыларын білесіңдер ме?
4.Тоғызқұмалақ ережесін білесіңдер ме?

II. Негізгі бөлім:
Жаңа сабақ:Ойын ережелері мен ерекшеліктері
Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның жылдам ойлау қабілеті, епшілігі арт
ады.

Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:
• Құмалақ
• Қазан
• Отау
• Бастаушы
• Қостаушы
• Тұздық
• Атсырау
Тоғызқұмалқ ойыны арнайы тақтада қарама-қарсы отырған екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз — тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.
Қазақша атаулары:
№9 отау маңдай
№8 отау көкмойын
№7 отау қандықақпан
№6 отау белбасар
№5 отау бел
№4 отау атсыратар
№3 отау ат өтпес
№2 отау тектұрмас
№1 отау арт
Тоғызқұмалақ қашан пайда болған? Слайд бойынша: Тоғызқұмалақ ойынының жазылу тәртібі.
Толық жазу үлгісі төмендегідей ретпен жүргізіледі:
1. Жүрілетін отаудың нөмірлері көрсетіледі.
2. Отаудағы құмалақтар саны жазылады.
3. Соңғы құмалақ түскен отаудың нөмірі
4. Ондағы құмалақтар саны
5. Тұздық алынған жағдайда Х белгісі қойылады.
6. Қос нүкте (:) – табысты жүрісті, сызықша (-)
жай жүрісті бейнелейді.
7. Леп белгісі (!) – күшті жүріс.
8. Сұрақ (?) белгісі — қате жүріс
9. Екі леп белгісі (!!) – өте күшті жүріс
10. Екі сұрақ белгісі (??) – өте қате жүріс
11. Сұрақ және леп белгісінің қатар келуі (?!) – ойландыратын жүріс.


Ойындағы ерекшеліктің бірі – «тұздық» деп аталады. «Тұздық» алу үшін соңғы құмалақ қарсыластың екі құмалағы бар отауларының біріне (9 — отаудан басқасына) түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтыруы керек..
Ойыншы «тұздық» алған отауына арнайы белгі қояды. Енді сол «тұздық» жарияланған отауға түскен құмалақтардың бәрі «тұздық» алған ойыншының қазандығына аударылып отырады. Тағы бір ескеретін жағдай, «тұздықты» ойын барысында бір рет қана алады және аттас отаулардан «тұздық» алуға болмайды.
Аттас отаулар деп – нөмірлері сәйкес келетін отауларды атайды. Мысалы, бастаушының 1 –отауы мен қостаушының 1 – отауы аттас, 2 –отауы мен 2 -отауы аттас т. с. с. Демек , егер де бастаушы қарсыласының 6-отауынан тұздық ашса, қостаушы бастаушының 6-отауынан тұздық аша алмайды.
Ойындағы тағы бір ерекшелік —
«атсырау» деп аталады. Ойын соңына қарай қай ойыншының жүретін жүрісі болмай қалса, сол ойыншы «атсырауға» ұшырады деп есептелінеді. Қарсыласын «атсырауға» ұшыратқан ойыншы өзінің отауларында қалған құмалақтардың барлығын қазандығына салып алады, міне осыдан кейін ғана әр ойыншы өздерінің ұтып алған құмалақтарының есебін шығарады. Ойынның қасиеті туралы.

Ойынның нәтижесі туралы айту.
“Ми гимнастикасы” сабақты пысықтау арқылы сұрақтар қою
1. Тоғызқұмалақ ойыны қазақ ұлттық ойын түріне кіре ме?

2. Тоғызқұмалақ тақтасы неше бөлікке бөлінген?

3. Әр бөлікте неше отау, неше қазандық бар?

4. Тұздық ашуға бола ма және оны қалай ашамыз?

5.Тоғызқұмалақ терминдерін ата?

6. Отаулардың аттарын білесің бе?

7. Бірінші ойынды бастаған ойыншыны қалай атаймыз?

8. Жұп, тақ сандар дегеніміз не?

Видео көрсету “Тоғызқұмалақ ережежелері” сабақты қайталау
”Ойнай білмеген, ойлай білмейді” тоғызқұмалақ тақтасымен ойын және электронды түрде компьютермен жекелей ойын. Қателіктермен жұмыс.
Қорытынды: Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. Ережелерді есте сақтау, жаттығу.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
7992
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі