Салауатты өмір салты, 7-сынып, дәрігерлік кеңес

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Салауатты өмір салты, 7-сынып, дәрігерлік кеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
Дұрыс тамақтанбау, диета сақтамау, зиянды әдеттер адам денсаулығын бұзады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Салауатты өмір салты

Дана халқымыз ас мәзіріне, дастарқанға баланың өмірге келген күнінен бастап ерекше көңіл бөлген. «Ана сүті-бал» деген дана сөз осы күнге дейін мәнін жойған жоқ. Ана сүті нәресте үшін ең негізгі дәрумен, оның орнын ештеңе алмастыра алмайды. Бала уызына жару керек. Уызына жарымаған деген қазақта қағидалы сөз бар. Бұл басында малға байланысты айтылған. Кейін адам денсаулығына қатысты айтылып жүр. Қазіргі жастар арасында баланы емізбейтін, дайын қосымша сүтпен қоректендіретін (смесь) жас аналар көптеп кездеседі. Сондықтан олардан туған балалар жиі ауырады. Қазіргі балалардың аурушаң болуының бір себебі-сол. Шама келгенше, ана сүтімен қоректендіргенді ұсынамын және қолдаймын.

«Ауру астан» деп, сақтандырған дана халқымыз дұрыс құнарлы тамақтануды және оның себептерін өздерінің кейінгіге қалдырған ұлағатты қанатты сөздерінде ескерткендей. «Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса, аузыңды тый». Бұл жерде ауызды тыюда үлкен мән бар: бірінші мәселе-тазалық, жеке бас гигиенасын сақтау, 2-сі тоя тамақтанбай-жиі аз-аздан тамақтану, үшіншісі, шала, тез пісетін, көбі көшеде дайындалатын тамақтардан аулақ болу, газды сусындарды мүмкіндігінше пайдаланбау. Осы жайлар мектеп балалары арасында көп айтылмайды.

Дұрыс тамақтанбау, диета сақтамау, зиянды әдеттер адам денсаулығын бұзады. Бірақ ауыз өзімдікі деп, үнемі көшеден тамақтанатын жастар саны көбейіп барады. Мектеп, колледж жанында осындай тез пісетін тамақтардың сатылуы қынжылтады. Бұлар заң бойынша мектептен қашық орналасуы тиіс. Оны көзіміз көріп те жүр. Қазіргі статистика осыны дәлелдейді. Тамақ құрамындағы витаминдердің құрамы, құнарлылығы, көкеністер, балық өнімдерінің, дәндердің болуы ескерілген. Негізінде, әрбір отбасындағы әйел-отанасы балаларына қолдан өзі пісірген тамақтарды, сусындарды өзі дайындағаны дұрыс. Өзі көзімен көріп, өзі қолымен дайындап тұрғасын, оның ағзаға ешқандай зияндылығы жоқ. Соның ішінде, ұлттық тағамдардың: қазы-қарта, ет, шұбат, қымыз, қаймақ, сары май, ежегей, құрт, ірімшік, прензе, сүзбе, дрожсыз –табиғи ашытқымен пісірілген нанның қуаты күшті.

Ата –бабамыз «Ас –адамның арқауы», «Әуелгі байлық -денсаулық, екінші байлық -ақ жаулық, үшінші байлық-он саулық», -деп қолмен қойғандай айтқан. Қазіргі адамдарды, оның ішінде, жастарды семіздік жайлап барады. Оның басты себебі-қимылдың аздығы, қазіргі балалардың құлшынысы компьютер, ұялы телефон, смартфон, планшетте. Қимылсыз, үнсіз, ұзақ отырып, өзді-өзі ойнайды. Заманның сұранысына орай, компьютерге тәуелділік қалыптасты. Соның кесірінен де балалардың жүйке жүйесі бұзылуда. Ұйқысыздық орын алуда. Мезгілімен ұйықтау-денсаулық кепілі. Ұйқы-мидың витамині. Мұны болдырмас үшін, балаларды спортпен шұғылдандыру, ата-ана мен балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орындарының міндеті. Қимыл қозғалыстың көбі автоматтандырылған себептен, жалқаулар көбейіп, бұрынғы дәстүрдегі жүгіріп қозыны қайыру, қой сауу, атқа шабу, отын жинау, оны тасу, су тарту, жеткізу бүгінде жоқ. Әрбір ата-ана өз баласының салауатты өмірін өзі ұстануға тиісті.

Мектеп балаларының кейбірінің сөйлеу тілі дамымауда. Біздің әжелеріміз немерелерін ертегі, санамақ, аңыз, жаңылтпаш шешендік сөздермен жаттықтырып, тілін дамытқан. Қазір осы дәстүр кемшін деп айтуға негіз бар. Бұған компьютердің, экология, дұрыс тамақтанбаудың септігі тиюде.

Салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 380 Қаулысымен тұжырымдалған. Әрбір адам өзі салауатты өмір салтын қалыптастырып, өз денсаулығына мұқият болғаны абзал.


Сәуірбаева Айнұр, дәрігер, Ақтау қаласы, №2 емханасы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2021
465
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі