Шам жарығы түбіне
түспес
Жер бетінде қанша адам бар,
барлығы да тіршілік үшін алға ұмтылып өмір сүруде. Жан-жағыңа
қарасаң, қыбырлап жүрген бір адам. Ал енді сол адамдардың
барлығының ішкі дүниесіне үңіле алмайсың. Өйткені әркімнің танысы,
араласатын ортасы, жақын-жуығы бар.
Қазақта «Кісіге қарап сөз
алма, сөзіне қарап кісіні ал» деген мақал бар. Сырттай қарасаң,
ойлы жасқа берілген тәрбие секілді.
Біздің халық Сол секілді шам
жарығы түбіне түспес деген сөз де -астарлы айтылған ой. Оны әркім
өзінше түсінеді. Бірақ бір ғана мағынасы-қайыры жоқ адамның
іс-әрекетіне қара айтылған сөз дер едім. Сөзімнің тұздығын
А.Байтұрсыновтың «Қара бұлт «мысалы жетіп жатыр. Онда шөлдеп тұрған
жерге бір тамшы да жауынын тамғызбай, барып теңізге құйған бұлттың
әрекетін айтады. Және оқырманға келелі ой тастайды. Сол секілді сен
де қайырымсыз болма деген ойды үнсіз ғана
ұғынасың.
Адамдар есейе келе ақыл-ойы
толысып, өмірлік сабақтарын қорытып, артқыға бірдеңе айтқысы
келеді. Оны жастар тыңдағысы келмейді. Қызықтырмайды. Жаны
жайсаң,қайырымды адамдар қашан да жақсылық жасауға әзір
тұрады.
Ел басқарған адамдардың
халқына қайыры тимеуі
Ел ағалары, басшылары деген
сөздің өзі салмағы ауыр сөз. Бірақ шынында, елдің қамын ойлап
жүретін адамдар некен-саяқ емес пе? Бұл сөзім біреулерге ауыр тиер.
Дәлел келтірсем. Ресеймен бір Одақта өмір сүрген кезде қазақтан
оқығандар саны көп болды. Ал қалың қазақ баласына жанашыр жан
небәрі 3-ақ болды. Олар: Шоқан, Ыбырай, Абай. Ал басқа оқығандар
қара басын ойлап, тілмәштық жұмыспен
айналысты.
Сырт көзге қайырымды боп
көрінгенмен, айналасына пайдасы тимейтін адамдар туралы сыр шерткім
келеді.
Мына өмірде адам баласының ең
басты құндылығы-қанға сіңген ұлттық санасының болуы дер едім.
Ақылыңа ақыл қосып, ойыңды сан-саққа жүгіртетін, кеткен қателігіңді
түзетуге мүмкіндік беретін де –осы ұлттық даналықтың қазынасы. Оны
өмірлік тәжірибесіне қарап жасады, артында мұра боп қалдырды.
Сондай айтулы, мағынасы тереңде жасырылған шешендік сөздің бірі-шам
жарығы түбОны өмірлік тәжірибесіне қарап жасады, артында мұра боп
қалдырды. Сондай айтулы, мағынасы тереңде жасырылған шешендік
сөздің бірі-шам жарығы түбнде түспес. Кезінде бұл сөзді Абай
Жанғұтты
Сөз ұққан халық астарлы ойдан
терең мағына іздеген. Мен де осы сөздің тереңіне бойлап, ойым
сансаққа жүгірді. Тіпті қай бағытта айтсам екем деп те
қиналдым. Ей, алла, неткен жүйрік ойдың иелері едіңдер. Мен
өзіме сабақ алдым. Нді ешкімге еріксіз кінә артпауға, ренжімеуге
бел будым. Бұл сөзімді біреулер менің қателігім екендігін ұғынар
деген ойдамын.
Өз еліңнің байлығы өзіне
бұйыруы керек.
Шам жарығы түбіне
түспес
Тәңірінің күні
жарқырап,
Ұйқыдан көңіл ашар
көз.
Қуатты ойдан бас
құрап,
Еркеленіп шығар
сөз.
Абай.
Әр адам- жеке құндылық. Жүрек
түкпіріндегі асыл ойларын алмастай пікірлерімен жарқ еткізіп
көпшілікке ұсына алады. Менің де қолыма еріксіз қалам алдырған,
жанымды толқытып, өзімді қоярға жер тапқызбай қинаған -бір ауыз
сөйлем. «Шам жарығы түбіне түспес» деген халықтың даналық сөзі.
Айтуға оңай. Бірақ қазақ боп туғасын, пікір айтпай қалуды күнә
санадым. Оған менің ар-ұятым жібермейді.Осыған дейін
оқып-білгендерімді сарапқа салатын кез жеткен секілді. Жетпесі
болса, кешіріммен қарайды деген ойдамын.
Бір шындық бар. Оны жасыра
алмаймын. Қазіргі сүйенетініміз-ғаламтор. Бар тапқаным-Абайдың
Жанқұтты шешенге берген жауабы.«Шам жарығының түспесі бола ма?»
дегенде, Абай: «Шам жарығы түспейді табанына» деген екен. Құпия.
Айтар ойы тереңде жасырылған. Өзіңше болжам жасауды керек
ететін,ой-өрісіңнің деңгейін тексеретін мағыналы
ой.
Әр дарын иесі-Алланың еліне
сыйлаған сыйы, қайталанбайтын тұлғасы.
Тарихи, әдеби еңбектерде елдің
саяси, рухани өміріне атсалысқан, халық қамын ойлаған тұлғалар
көптеп саналады. Сталиндік репрессия қазақ халқына өз қиындығы мен
зұлматын қоса әкелді. Аз ғана дәлел келтірсем. Маңдайға біткен үш
дана: Шоқан, Ыбырай, Абай; түйедей құрдас Сұлу Сәкен, еңбекқор
Бейімбет, жүрегі туған жерім деп соққан «Жансүгірдің әнші ұлы»
Ілияс; бесарыстар:Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім
Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатовтардың өзі
қараңғы қазақ даласына жағылған шамшырақтар емес пе еді? Тұрмыстың
небір қиындығын басынан кешіріп, туған халқына қалтқысыз қызмет
етті. Қазақ даласын билеген орыстардың, тіпті өз қазағының талауына
түссе де, ілім-білімді насихаттады, небір көркем туындыларды
дүниеге әкелді. Адамды қозғайтын, болашаққа жол сілтейтін,
көкірегіне жарық сәуле шашатын-білім. Ендеше, білім оларда
кемерінен асып,төгіліп тұрды. Бағалайтын заман, қуатты қолдау, әділ
билік болмады. Өздері өмір сүрген заманның бет-бейнесін,
салт-дәстүрін туындыларында мәңгіге ұмытылмастай қалдырып
кетті.
Әдебиет-тұнып тұрған сурет,
жанды құбылыс. Күлдіріп, сүйдіріп, еріксіз жылатып тұрған,
сезіміңді қозғайтын керемет күш (Жан-дүниеммен сезінгенімді
сездіріп отырмын). Оған дәлел-біз тұшынып оқыған қадау-қадау роман,
повесть, әңгімелер. Оның бәрін санамалап жатудың қажеті жоқ деп
ойлаймын. Себебі:«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген,
қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге болады. Себебі
ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани, ой тәрбиесінде
сыңаржақ азамат болады»,- деген Мұхтар Әуезовтың сөзі көзі қарақты
адамға жетіп жатыр.
Қазақ халқына жетпейтін
қасиет-барды бағаламау. Мен аяймын адамдарды. Бейшаралығы,
көрсоқырлығы үшін. Жек көремін іштарлығы
үшін.
Ақын Абай «Өзіңде бармен көзге
ұрып, Артылам деме өзгеден. Қызғанышын тудырып,Азапқа қалма
кезбеден»деп ,өз басынан кешкесін айтып кетті-ау деп ойлаймын
осынау өсиетті. Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды. Ал Мұхтар
Шаханов «Түсінісу теоремасы» өлеңінде: « Бір жас дарын көтерілсе
мінбеге, Жұрт түсінбей қалмаса екен деп тұрам»дейді. Айтпаса да
түсінікті.
Қорыта айтқанда, ешқашан да
шам жарығы түбіне түспейді. Ол-әлемге төгілген нұр. Қайтсем
нұрландырам, адаспайтындай тура жолды нұсқай алам деп соңғы тамшысы
қалғанша сәулесін төккен нұр. Оны көруге көз
керек.
Мен бұл шағын мақаламды жүрегі
«елім» деп соққан, халық үшін қызмет еткен қайраткерлерге арнадым.
Неге десеңіз,өзінен гөрі өзгені ойлау-кез келгеннің қолынан
келмейтін іс. Олар-беліне қыстырған шоқпардың салмағын сезінген,
ауыртпалықтан қашпаған адамдар. Адамдар емес-ау, қайратты, нар
тұлғалар. Қалың жұртқа «Ей, қазақ,барыңды барында бағала. Қолыңнан
келсе, сен де ондай адамдарға өз жарығыңды ұсынып, бақыттың дәмін
татуға мүмкіндік жаса» дегім келеді. Себебі олар-табиғи жаратылысы
ерекше жандар.
Осының бәріне кінәлі-
адамдардың іштарлығы
ұлы тұлғалар ешқашан қазақ
елінің тарихында ұмытылмақ емес.
«Жақсының өзі өлсе де, сөзі
өлмейді» деген сол.
Бұл өмірге адамдар қонақ.
Тірісінде бағаламай, өлгеннен соң дәріптеудің не қажеті бар? Қайран
арыстар-ай! Алақанға салып,бағалау керек
еді.
Айтсам, таяқтың бір ұшы
өзімізге тиеді. Мұхтар Шахановтың «Түсінісу теоремасы» өлеңінде: «
Бір дарын көкке көтерілсе,» деген сөзі . Неге адамдар білімдіні
құртады екен?
Өткен өмірге көз салып,
әдебиет саласында не байқадыңыз деп біреу маған сұрақ қойса,
жауабым дайын
шам
I лампа,
свеча;- аспалы шам висячая
лампа;- балауыз шамвосковая
свеча;- жайдақ (соқыp) шам коптилка
(лампа без
стекла); керосин
(білте) шам керосиновая
лампа;- май шам свеча;- электр шамы электрическая
лампочка;- үстел шамы настольная
лампа;-шам білтесі фитиль для
лампы;- шам пиаласы
(шынысы)
пузырь;-шам жағу зажечь
лампу;- шам жарығымен жұмыс істеді
(он) работал при свете
лампышам жарығы түбіне
түспес букв. свет лампы не падает
вниз (делать добpоту окpужающим, не заметив близких
людей);
соңына шам алып түсті преследовал
((он) гнался за ним, не взиpая на
темноту)шам сөнген кез поздний час
(когда потушена
лампа); шам жамырады наступила ночь
(когда зажглись
огни); перен. уст. Ильич шамы электричество
(лампочка
Ильича)IIстыд,
обида;- шам көр
(ал)-
обижаться;- шамына тиу задевать за
живоеқарақұлақ атану -
қасқырға шам называться черноухим -
это обида для волкашамына тиетін сөз
оскорбительное слово
Үйінде ұл –қызы
бардың,
Көгінде сөнбес жұлдызы
бар.
Шамның жарығы түбіне
түспес,
Жақсының қадірі жақынына
білінбес
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз
Жақсыдан жаман туады ,
Жарығы жоқ, суы жоқ, ауыл
қайтіп күн көрер... жиғаны жоқ, күйі жоқ адам қайтіп күн көрер...
Мұнайлы өлкенің бүгінгі тірлігі – мұңлы. Қара алтынның үстінде
«жалаңбұт» отырған ауылдар әлі де бар. Жанып тұрған шам жарығы
түбіне түспесе, оның сәулесінен не пайда? Қара алтын құны қарыштап
тұрғанда қарық болмаған ауылдың күйі, мұнай арзандағанда мүлдем
мүшкіл. Қазыналы қазақ жерінде ауыл кеші көңілді болуы керек еді
ғой...
Көңілсіз көрініс, сүреңсіз
тірлік. Судың соңында көше кезген халық. Бұл
ауылда
Ақтүйенің қарыны жарылды-деген секілді. "Алла
жарылқады" ісіміз оңға басты деген мағынада айтылған сөз. "Жақсының
жақсылығы жақынына білінбес, шамның жарығы түбіне түспес" -деген
секілді. Туысыңа істеген жақсылық ол саған бір міндет секілді болып
көрінеді, ал оған сен қанша жақ-сылық жасасаң да білінбейді.
Қазақтың даналығы осы емеспе. Тіпті өзіңді өзгедей сезінуге,
туыстықққа бірлікке шақырады. Сен өзіңнің туған туыстарыңа ғана
емес, жалпы адамзатқа ортақ мүддеде өмір сүр деп
біледі.
Оны мына сөзден аңғарамыз. "Жақсылыққа жақсылық әр адамның
ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі". Расында жақсылыққа
жақсылық істеу кез-келген адамның парызы. Ал жамандыққа жақсылық
істеу, кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Осыған байланысты
"өзінің көзіндегі бөренедей затты көрмей біреудің көзіндегі
қылтанаққа көзі түсті"-деген халық даналық сөзі бар. Кейбір адамдар
кейде өзінің кім екенін білмей басқа біреуге ақыл айтып, басқаны
сынап жатады. Сондықтан адам ең бірінші өзінің кім екенін тануы
шарт. Содан кейін барып қана әрекет ете білу керек. Бір адам
бір адамның айнасы деген сөз тегін айтылмаса керек.Адамзат өмірінде
аса маңызды өзіндік өзгешелігімен анықталатын қазақ
философиясында бұл категориялардың алатын орны
ерекше.
Қазақ халқының шығармалары дүниетанымдық,
даналық мәселелерге
толы.
Бір күні бір
адам кедей болады. Ол жол бойында келе жатып ей құдай-ай мені
соншама бейшара қылып жараттың ғой деп қатты налыпты. Жүріп келе
жатып қатты ренжіпті. Аяғына киіп жүрген кебісіде жыртылып қалыпты.
Ең құрмаса маған аяағыма киетін кебісімді де түзу қылып бермеді деп
айқайға басып келе жатады. Сөйтіп ұзақ жол жүріп келе жатса жол
бойында аяғы жоқ адамды көріпті. Сөйтіп ол өз тәубасына келеді.
Тәуба мен аяғыма киетін кебіс үшін жылап жүрсем, оның кебіс киетін
аяғыда жоқ екен ғой деп. Міне халық даналығы. Мақал-мәтелдер,
ертегілер, халықтық шығармалар данышпандықтың сүзгісінен
өткен, ертелі-кеш өз мағынасын жоғалтпайтын халық даналығы.
Ұлтының санасында мәңгі
жаңғырмақ.
Қазақ
халқының ұлттық санасының қалыптасуы оның
даналық дүниетанымының қалыптасыуның ең басты жолы.
Халық санасында ерекше орын алған мәселелер
оның күнделікті өмір тіршілігіне байланысты туындады. Халық
санасына оның тереңінде шөгіп жатқан құндылықтарға сәуле түсірген
ол ғылым-білім болды. Халықтық дүниетанымының қалыптасуы
күнделікті өмір тіршілігімен тығыз байланысты болды. Көптеген
ұлттық даналықтың қалыптасуына әсер еткен ол күнделікті өмір
әрекеті. Адам жалпы өз тағдырын жасаушы өмірдің негізін құрушы
басты себепші, өзгертуші пенде болса, оның өмірінде ерекше оын
алған құндылық оның ұлттық
санасы.