Материалдар / Шебердің қолы ортақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шебердің қолы ортақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда халқымыздың қолөнері белсенді түрде дамып келе жатыр. Ұлттық қолөнер — салт-дәстүрімізді жетілдіріп, мәдениетіміздің озық жетістігін көрсете алуда. Халық өнерінің бай мұраларын сұрыптай отырып, заманымызға сай сапа, түр беру әдісімен оларды әрі дамыту, оны бүгінгі ұрпаққа меңгерту ол игілікті іс. Осы жағынан алғанда ұлттық қолөнердің тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары, себебі ұрпақ тәрбиесіне әсер етеді, олардың қабілеттерінің жетілуіне, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Тамыз 2021
445
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазіргі таңда халқымыздың қолөнері белсенді түрде дамып келе жатыр. Ұлттық қолөнер — салт-дәстүрімізді жетілдіріп, мәдениетіміздің озық жетістігін көрсете алуда. Халық өнерінің бай мұраларын сұрыптай отырып, заманымызға сай сапа, түр беру әдісімен оларды әрі дамыту, оны бүгінгі ұрпаққа меңгерту ол игілікті іс. Осы жағынан алғанда ұлттық қолөнердің тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары, себебі ұрпақ тәрбиесіне әсер етеді, олардың қабілеттерінің жетілуіне, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі.

 Қолөнер — біздің рухани байлығымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, ол бірнеше ғылымдардың дамуынан пайда болған өнер туындылары. Аталмыш кәсіп еліміздің экономикасын көтеруге ықпал етуде. Қазақ халқының қолөнері әлем халықтарына мақтанышпен көрсететін көрме. Оған дәлел — біздің киіз үйіміз бен оның ішіндегі көз жауын алатын сәндік қолөнер бұйымдары.  Ғасырлар бойы қалыптасқан пішіндер мен тәсілдердің бай мұрасы негізінде шеберлер қазіргі заманғы сюжетті композиция элементтерін көрсететін ағаш, металл, керамика, киізден жасалған ерекше шығармаларды дүниеге әкелуде.

Сәндік қолданбалы өнер тек қана тәжірибелік жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызы көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туындыны айтады. Қазіргі кездегідей бұрынғы өткен заманда да адамдар өз тұрмысын өздері әсемдеуге ұмтылған. Адам өмірінде сәндік қолданбалы өнер шығармалары үлкен орын алады. Қазақ жерінде ХV ғасырда қолөнер қолөнер ұлттық дәстүр тұрғысынан дамыған.Сәндік – қолданбалы өнерге: алаша, тоқыма бұйымдар, ағаштан жасалған бұйымдар, темірден түйілген бұйымдар, барлық адам қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын жатқызамыз. Біздің заманымыздың суретшілері мен қолөнер шеберлері тері, ағаш, сүйек өңдеудегі ескі технологияларды меңгеріп, қайта жаңғыртуда. Солардың арқасында халық қолөнерінің көптеген сырлары белгілі болды. Осылайша көне бұйымдар көркемдігі мен әсерлігін жоғалтпай, қазіргі заманғы шеберлердің қолынан қайта жаңғыртылып отыр. Түркістан облысының шеберлері ұлттық дәстүрді жалғастыра отырып, тоқыма және киіз, кілем, алаша, басқұр, баулар тоқиды.

Түркістан облысы «Балдәурен» орталығы филилалы жас суретшілерді, сәндік-қолтаңбалы көркемөнер өкілдерін дарынды және мақсаты айқын жасөспірім тарбиелеу, тәуелсіз ой қалыптастыруға, өзіндік тұлға болып қалыптасуына мүмкіндіктер беру мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінен жас белсенділерді және оқу озаттарын өз шаңырағына жинады. «Өнер қалашығы» жас суретшілер мен сәндік-қолтаңбалы көркемөнер аталатын ауысымда жас өрендерге қолөнер бұйымдарын өз қолдарымен жасап көрсету жолында «Invented in Baldauren» аталатын шеберлік сыныптары жүргізілген болатын. Жұмыс барысында демалушылар киіз, тоқыма жіптер, қағаз, фетр маталарын қолдану арқылы түрлі заттар жасады. Орталық демалушылары мен қызметкерлері ұлттық қолөнерімізге баулитын шеберлік сынып нәтижесін көрме арқылы тамашалауға мүмкіндік алды.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!