Материалдар / «Сөйлеу тілін дамыту барысында қолданылатын жаттығулар»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Сөйлеу тілін дамыту барысында қолданылатын жаттығулар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Нейрогимнастика ( миға арналған гимнастика) - бұл мидың толық дамуын арттыруға бағытталған қарапайым жаттығулар. Жаттығулар жиынтығы интеллектуалды процесті тиімді оңтайландырады, сонымен қатар баланың ақыл-ой қабілеттерін арттырады. Ми жаттығулары балалардың ақыл-ой белсенділігін жақсартуға, жарты шарлардың жұмысын синхрондауға және сөйлеу функцияларын қалпына келтіруге көмектеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2020
2490
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Наурузова Нургуль Камиловна бірінші санатты дефектолог, логопед мұғалімі.

Талдықорған қаласы №13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен) КММ.


«Сөйлеу тілін дамыту барысында қолданылатын жаттығулар»

Біздің арнаулы сыныпта және үйден оқитын зиятында ауытқуы бар оқушыларға логопедиялық көмек көрсетіледі. Оқушылардың көбісінде сөйлеу тілінің күрделі кемістігі, сондықтан олармен кешенді жұмыс жүргізіледі.

Бүгін сіздерге сабақта өткізілетін «Нейрогимнастика» жаттығуын және ұсақ моториканы дамытуға арналған «Қарындашпен массажды» ұсынғым келіп тұр. Бұл жаттығуды мұғалім де, ата-ана да жасата алады.

Нейрогимнастика ( миға арналған гимнастика) - бұл мидың толық дамуын арттыруға бағытталған қарапайым жаттығулар. Жаттығулар жиынтығы интеллектуалды процесті тиімді оңтайландырады, сонымен қатар баланың ақыл-ой қабілеттерін арттырады.

Ми жаттығулары балалардың ақыл-ой белсенділігін жақсартуға, жарты шарлардың жұмысын синхрондауға және сөйлеу функцияларын қалпына келтіруге көмектеседі.

Жүргізу ережесі:

Мәжбүрлеусіз күн сайын жасау. Сапалы болу үшін аздан бастаған дұрыс. Гимнастиканың ұзақтығы 5-7 минуттан аспайды. Жаттығулар қызықты болу үшін оларды үйде, далада жасауға болады. Жаттығудың бір жақсысы кез-келген жерде және кез-келген уақытта жасауға болады.

Баланың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып тапсырманы күрделендіре беруге болады, мысалы орындау қарқынын жеделдету.

Әр жаттығудың дәл және дұрыс орындалуы өте маңызды. Балалар қызығушылықты жоғалтпау үшін жаттығуларды біріктіріп, өзара ауыстыруға болады.

«Энергиялық есінеу» жаттығуы.

Бала көзін жұмып, есінеу қимылын жасай отырып жақ сүйектері қосылган аймағын ұқалау керек. Ұзақтығы - 1-2 минут.

Күнделікті орындау барысында зейін мен ақпаратты саналы түрде тыңдау қабілетін дамытуға көмектеседі.

«Жұдырық - қабырға - алақан» жаттығуы.

Мұғалім немесе ата-ана алдын-ала ойластырылған бірізділікпен жасалынатын үш қозғалысты көрсетеді.

1. біріншіден, алақан түзетілді;

2. содан кейін - жұдырыққа түйілді;

3. әрі қарай алақан шетінен қойылады;

4. тура солай кезектілік қайталанады.

Құлақ-мұрын.

Сол қолыңызбен мұрныңыздың ұшын, оң қолыңызбен қарама-қарсы сол құлақты ұстаңыз. Біруақытта құлақ пен мұрынды босатып, қолдарыңызды шапалақтаңыз, қолдарыңыздың жағдайын «керісінше» өзгертіңіз.

Лезгинка.

Сол қолыңызды жұдырыққа түйіңіз, бас бармағыңызды ашып қойыңыз, саусақтарыңызбен жұдырықты өзіңізге қарай бұраңыз. Оң қолыңызбен, тік алақаныңызбен көлденең қалыпта бас бармағынызды, сол қолдың кішкентай саусағына тигізіңіз. Осыдан кейін, бір уақытта оң және сол қолдардың жағдайын өзгертіңіз. 6-8 рет қайталаңыз.

Жоғары жылдамдықтағы позицияның өзгеруіне қол жеткізіңіз

Қарындашпен массаж.

Соңғы уақытта саусақ массажына деген қызығушылық артуда. Қарапайым саусақтарды бүгу мен жазу массажы баланың сөйлеу тілінің даму үрдісін жақсартатыны дәлелденген. Массаж мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы ұсақ моторикасы бұзылған балаларға ұсынылады. Мұндай жаттығуларды жүйелі қолдану сөйлеу белсенділігін арттыруға, есте сақтау мен қиялды дамытуға, зейінді шоғырландыруға, жағымды эмоционалды фон қалыптастыруға көмектеседі.

«Сырғанақ»

Қолдың сырт жағымен қарындашты айналдыру.

Нұсқаулық

«Қарындашты білектің сырт жағына қойыңыз, қолыңызды төмен еңкейтіңіз. Қарындашты екінші қолыңызбен ұстаңыз.Қарындаш білектен төмен қолдың сырт жағымен сырғанап кету керек.»

«Кран»

Бір саусақпен үстелдің бетінен қарындашты көтеру.

Нұсқаулық

«Қарындашты үстелдің шетіне қойыңыз. Оны төменнен бір саусағыңызбен көтеріп көріңіз. Енді бұл жаттығуды басқа саусақтарыңызбен жасаңыз».

«Сырғанау»

Қарындаштың ұшын төмен қаратып, бас бармақ пен сұқ саусақпен ұстап сырғанату.

Нұсқаулық

«Қарындашты сурет салғандай ұстаңыз. Саусақтарыңызды қатты ұстаңыз. Алдымен қарындашты жоғары, содан кейін төмен жылжытыңыз. Бұл қимылдарды екінші қолыңызбен қайталаңыз»

«Алақан»

Қарындашты кезекпен әр саусақпен екінші қолдың саусағына ауыстыру.

Нұсқаулық

«Қарындашты оң қолдың сұқ саусағымен қысыңыз, ұстап тұрыңыз, оны сол қолдың сұқ саусағыңызға өткізіңіз. Қарындашты оң қолыңыздың ортаңғы саусағымен ұстаңыз. Оны сол қолыңыздың ортаңғы саусағына өткізіңіз. Қарындашты таяқша тәрізді басқа саусақтарға беріңіз ».

«Алтыбақан»

Саусақтарыңыздың арасынан қарындашты айналдыру.

Нұсқаулық

«Оң қолыңызға қарындаш алыңыз және сол қолдың саусақтарының арасынан кезекпен айналдырыңыз. Енді сол қолыңызбен қарындашыңызды оң саусақтарыңыздың арасынан айналдырыңыз. Оны құлатып алмауға тырысыңыз».

«От жағу»

Алақанның арасынан қарындашты айналдыру.

Нұсқаулық

«Қарындашты оң алақанға салыңыз. Оны сол қолыңызбен жабыңыз. Алдымен алақан арасына қарындашты жайлап білектен саусақтың ұшына дейін асықпай , содан кейін жылдамырақ айналдырыңыз. Мұны екі қарындашпен бірден жасауға тырысыңыз».

«Фортепиано»

Қарындашты кезекпен саусақтарыңызбен басыңыз.

Үстелде жатқан қарындашты саусақ ұштарымен кезекпен басу.

«Жасырынбақ».

Нұсқаулық:

«Қысқа қарындашты алып, жұдырығыңмен қысып, жасыр».

«Бөлтірік».

Нұсқаулық:

«Қарындашты бас бармақ және сұқ саусақпен айналдыру».

«Тікұшақ».

Нұсқаулық:

«Жіңішке қарындашты үш саусақпен алып, оны айналдыр».












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!