Шорт-трек.
Қазір біздің елімізде қысқы
спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Олардың ішінде конькимен
жүгіру, шаңғы, биатлон, тау шаңғысы, мәнерлеп сырғанау, фристайл,
шорт-трек, сноуборд, хоккей... Бұл спорт түрлерінен спортшыларымыз
да ел намысын қорғап жүр. Өзімізге осы қысқы спорт түрлері қатты
ұнайды. Соның бірі бізге ерекше ұнайтын, қысқы спорт түрлерінің
ішінде кеңінен танымал – шорт-тректі айтқымыз келеді. Шорт- трек
бұл қандай спорт түрі?
Шорт-трек өткен ғасырдың соңғы
жылдарында Солтүстік Америкада пайда болса керек. Ағылшындар мұны
ойлап шығарған біздер едік, бірақ Англияда өpicтеп кете қоймады да,
бір ағылшын онымен канадалықтарды таныстырып сол елде бастау алып
кетті дейді.
Шорт-трек спортының пайда болғанына ғасырдан
асыпты. Алайда, ол ресми түрде халық арасына 70-жылдардан бастап
таныла бастады. Конькимен жүгiру спортын егжей-тегжейлi зерттеген
голландиялық маман Мартин Коолхаз шорт-трек спорты 1896-1897 жылдан
бастап белгiлi болған спорт түрi екендiгiн айтады. Бiздiң
пайымдауымызша, конькимен жүгiру спортының негiзi осы шорт-трек
спортының пайда болуына апарып соққан. €йткенi, ұзақ қашықтыққа
конькимен жүгiрушiлер дайындықтарын шыңдау үшiн қысқа қашықтыққа
жылдамдыққа жарысатын болған. Алайда, бұл жаттығудың аяғы үлкен
спорттың пайда болуына себебiн тигiзетiндiгiн ешкiм аңғарған
жоқ.
1905 жылы ең алғаш Канадада
шорт-тректен ұлттық бiрiншiлiк
ткен. Оның жеңiмпазы канадалық
Фред Логан есiмдi спортшы болған. Одан кейiн бұл спорт түрi АҚШ-та
кеңiнен насихаттала бастады. Шорт-трек спортының солтүстiк
америкалық спорт түрi деп аталып кеткендiгi де сондықтан. Тек ширек
ғасыр өткеннен кейiн барып шорт-трек
спорты Еуропаның есiгiн сығалап, ағылшын спортының қатарына ендi.
Бүгiнде Ақ Олимпиада ойындарында солтүстiк америкалықтар мен
еуропалықтардың шорт-тректен алдына жан салмайтындығы сондықтан.
Ал, бұл спорттың сары құрлыққа қашан келгендiгi туралы да кеңiнен
тоқталуға болады.
Шорт-трек спорты негізінен конькимен жүгіру жарысының бір түрі.
Алайда шорт-трек спортында конькишілер ұзақтыққа емес, қысқа
қашықтықта әрі жылдамдыққа жарысады. «Short Track» сөзін ағылшын
тілінен аударғандағы мағынасының өзі «Қысқа қашықтық» дегенді
білдіреді. Шорт-тректен жарыс былайша өтеді. Әйелдер де, ерлер де
1500, 500, 1000 және 3000 метрлік қашықтарда күш сынасады. Бірінші
орын алған спортшы-5, екінші орын алған спортшы – 3, үшінші орын
алған спортшы – 1 ұпайға ие болады. 1000 және 1500 метрлік
қашықтарда мәреге алты спортшы шықса, 500 метрлік қашықтықта
олардың сандары төртеуден аспайды, ал метрлік қашықтықта
олардың сандары төртеуден аспайды, ал 3000 метрлік қашықтықтағы
бәсекеге алдыңғы үш қашықтық бойынша бірінші-сегізінші орын алған
спортшылар ғана жіберіледі. Ереже бойынша іріктеу және финалдық
жарыстар өтеді. Жеңіске төрт қашықтықтың қорытындысында ең көп
ұпайға ие болған спортшылар жетеді.
Міне, осындай шорт-трек деген спорттың пайда болғанына да ғасырдан
асыпты. Ал, біздің Қазақ шорт-трегіне 28 жылға жуық. Осы уақыт
аралығында біздің қазақ жігіттері Әлем Кубогында, Әлем
чемпионатында жақсы нәтижелер көрсетті. Үздіктер қатарында Аслан
Даумов , Абзал Ажғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Азамат Сұлтаналиев,
Айдар Бекжанов, Артур Сұлтанғалиев, Денис Никиша, Инна
Симонова, Ксения Мотова, Дарья Волокитина, Азамат Нұрмағанбетов,
Данабек Қайыров, Ринат Мәженов, Ерхат Кубашев сынды дарынды қазақ
шорт-трекшілерімізді атап өткеніміз жөн. Біздің
шорт-трекшілеріміз 2005-2006 жылдардан бастап Әлем Кубоктарына,
Әлем чемпионаттарына қатысты. Жоғарыда айтып өткендей Құрама
команданың бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков Қазақ шорт-трегінің
дамуына, үлкен жетістіктерге жетуіне аянбай тер төккен ағамыздың
еңбегін жігіттеріміздің озық нәтижелерінен-ақ білуге болады.
Сонымен бірге, елімізге Кореядан жаңа жаттықтырушы-кеңесшінің
келуінде айта кету керек. «Тірі қалғандар ғана чемпион
болады!» деген ұстаныммен өмір сүретін Джимми Джен бұған дейін АҚШ,
Оңтүстік Корея, Австралия құрамаларын жаттықтырған болатын. Ал
қазір Джимми Джен шорт-тректен Қазақстанның Ұлттық
Құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі, әрі Әлем мойындаған өте білікті
маман.
Ал, биылғы жаңалығымыз өткен XXII –ші қысқы Олимпиада Ресей
Федерациясының Сочи қаласында Еліміздің Ұлттық Құрамасы сапында
өзімнің жерлестерім, батысқазақстандық шорт-трекшілеріміз
қатысқан болатын. Олар Аслан Даумов, Абзал Ажғалиев, Нұрберген
Жұмағазиев, Инна Симонова, Айдар Бекжанов, Денис Никиша, Артур
Сұлтанғалиев. Қанжығамызға медаль бұйырмаса да,
шорт-трекшілерімізді ақ Олимпиаданың финалына 5-щі орынға
табан тіреп, алдыңғы қатардан көрінгеніміз үшін мақтан тұтамыз.