Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ
іс.
«Жемқорлық –мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу
болатын,
болашағына кесірін тигізетін
індет».
Н.Ә.
Назарбаев.
Елбасы алға
тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық
ұйымдар жұмысының негізгі міндетіне айналып отыр. Елімізде
жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту
шараларына орай 2015 жылы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар
қабылданды. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот
алдында тең.
Сыбайлас
жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды
бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру
мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған
іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Осыған орай
№20 ЖОББМ – де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
іс-шаралар» жоспары жасалып, бекітіліп жұмыс түрлері жүргізілуде.
Айта кетсек, негізгі мақсат-міндеттері: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу. Құқықтық мәдениет деңгейін
жоғарылату, шешімдердің ашықтығы және жариялылығы. Оқу-білім
үрдісінде оқушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз
әрекеттердің алдын алу, оларға қатаң бақылау қою.
Және де,
мектептің 1-қабатында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу
мақсатында оқушылар мен ата-аналарға арналған мектептегі теріс
әрекеттер, ұрлау, күшпен ақша алу жағдайларын кездестіру кезінде
оқушылар өз ескертулерін жасап, өтініштерін хат жазу арқылы
білдіретін арнайы «сенім жәшігі» ілінген. Бұл жәшікке келіп түскен
хаттар апта соңында мектеп әкімшілігі және мектеп инспекторының
қатысуымен алынып, жұмыс жүргізіліп, қаралады. Сонымен қатар, сенім
телефондары жазылып, көрсетілген.
Күнделікті
оқу процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағаланып
отырады. Білім беру ұйымдарында ата-аналардан ақша жинау туралы
фактілердің орын алуын болдырмау мақсатында мектебімізде,
педагогикалық ұжыммен « Сыбайлас жемқорлықсыз ел-өркендеуші ел»
тақырыбында жиналыс өткізіліп, түсінік жұмыстары
жүргізілді.
Сондай-ақ,
отбасындағы бала тәрбиесі туралы аналардың пікірін білу, талқыға
салу, әкелердің бала алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында
ата-аналармен де кездесу, жиналыстар өткізіліп, хаттамалары
жазылды. Ата-аналардың бұйрықпен танысқаны туралы қолдары
қойылды.
Ал
оқушылармен мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер «Жемқорлықсыз
болашақ» тақырыбында түрлі сауалнамалар, дебат, жиналыстар, тәрбие
сағаттарын өткізіп, осы тақырыпта сурет көрмесінде
ұйымдастырды.
Сыбайлас жемқорлықпен
күресу – қоғамның, әр азаматтың ісі екенін әр отбасы түсінуі керек.
Ұлы Абай атамыз айтқандай, «Ұрпағымызға асыл мұра ретінде
арсыздықты әкелетін байлықты емес, тәрбие, білім, имандылықты
қалдыр» ,- деп сыбайлас жемқорлық – адам табиғатының бұзылуына,
адамгершіліктің тапталуына әкеледі. Сондықтан да, жемқорлықсыз
қоғам – нұрлы болашақ кепілі.