«Б.Жылқыбаев атындағы
балалар өнер мектебі» КМҚК
Ашық сабақтың
жоспары
Тақырыбы: Сызықтық және түстік
перспектива.
Педагог: Әсенов
С.
2020-2021 оқу
жылы
Сызықтық және түстік
перспектива
Ашық сабақтың негізгі
әдістемелік бағдары.
Педагог: Әсенов Сағындық
Әсенұлы
Өткізілген
күні:______________
Уақыты:_____________
Тақырып: Сызықтық және түстік
перспектива.
Мақсаты: Перспектива заңдылықтарына
сүйене отырып сурет салуға үйрету.
Білімділік: Перспектива туралы түсінік
беру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаның сұлулығын
байқауға, оны өзге қырынан танып-білуге
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген
қызығушылығын дамыту.
Сабақ
түрі: Топтық
сабақ.
Әдіс –
тәсілдері: Баяндау, сұрақ - жауап, сурет
салу.
Көрнекілігі: Плакаттағы суреттер, тақтада
кеңістікті салу жолдарын көрсету, репродукциялармен
жұмыс.
Пәнаралық
байланыс: Сызу, Геометрия, Физика,
Түстану, Бейнелеу өнері тарихы
Құрал –
жабдықтар: Альбом, қарындаштар, гуашь,
акварель.
Сабақтың
барысы:
1.
Ұйымдастыру.
2. Сәлемдесу, оқушыларды
тексеру.
3. Жаңа сабақты
түсіндіру.
4.
Бекіту.
5. Сурет
салу.
6. Қорытындылау,
бағалау.
7. Үйге тапсырма
беру.
Жаңа сабақты
баяндау
Айналадағы қоршаған ортадағы
заттар мен бұйымдарды мұқият бақылаған әрбір адам заттардың бізден
қашықтаған сайын кішірейе түсетінін жақсы біледі. Сурет салғанда
алыстан көрінген заттарды жақындағымен салыстырғанда кішірейтіп
көрсету ғана маңызды емес, сонымен қатар ол қағаз бетінде үлкен де,
кіші де болмауы керек. Міне осындай кейбір қызғылықты жағдайларға
перспектива ұғымы толық мағлұмат береді.
Жалпы перспектива латынның "Perspicio" қазақша "арғы - бергі жақты
айқын көру" деген ұғымды білдіреді. Ертеде итальян және неміс
суретшілері өз туындыларында перспективалық заңдылықтарды
қарастырған. Мысалы, Леонарда Да Винчи, Паоло Учелло, Альбрехт
Дюрер т.б. Соның ішінде перспектива заңдылығын зерттеуге кезінде
неміс суретшісі Альбрехт Дюрер зор үлес қосқан. Перспектива
заңдылықтарын бейнелеу өнерінің барлық сабақ түрінде кездестіруге
болады. Перспектива - сызықтық, ауа және жарық пен көлеңке
перспективасы болып бірнеше топқа бөлінеді. Қай суретті салсақ та
ең алдымен көкжиек сызығын немесе көру деңгейін анықтауымыз
қажет.
Сонымен, көру деңгейі - суретшінің көз деңгейін білдіретін ойша
алынған жазықтық. Сызықтық перспективада бақылаушыдан қашықтаған
сайын заттардың бөлшектері мен сызықтары кішірейе беріп көкжиек
сызығында бір нүктеге яғни шығу нүктесінде барып қосылады. Шығу
нүктесі әр уақытта көкжиек сызығында жатады. Көкжиек сызығына
жақындаған сайын параллель сызықтардың ара қашықтығы бір - біріне
жақындай түседі.
Сызықтық перспективаның
заңдылықтары
Белгілі бір бұрышпен көкжиек
сызығына қарай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеге барып
қосылады. Параллель сызықтардың қосу нүктесі әр уақытта көкжиек
сызығында жатады. Мысалы, телеграф бағаналарының көкжиек сызығынан
төмен орналасқан сызықтары төменнен жоғары қарай бағытталса,
көкжиек сызығынан жоғары орналасқан сызықтар жоғарыдан төмен қарай
бағытталады, бәрі көкжиек сызығынды
түйіседі.
Ауа перспективасында артқы
шепте орналасқан ағаштардың түсі қанық емес екені көріп тұрады.
Олардың түсі алдыңғы шептегі ағаштар сияқты анық емес. Бұл
құбылыстың себебі, бізді қоршаған денелер алыстаған сайын жарық пен
ауа кеңістігінің әсерінен түстерін өзгертеді. Біз алыстағы заттарды
көгілдір түске боялған ауа қабаты арқылы көреміз. Бұл
құбылыс ауа
перспективасы деп аталады. Мына
суреттердегі алдыңғы шептегі ағаштардың түсі қанық, тіпті қара.
Алыстаған сайын ашық сүр түске өзгере бастайды. Мұнда да ауа
перспективасының кұбылысын байқаймыз. Демек графикалық жұмыс істеу
барысында қара түстің қанықтығын азайта отырып, ауа перспективасын
беруге болады. Ауа перспективасы — бұл заттар алыстаған сайын
пішіндерінің анықтығын жоғалтып, түстері суық тарта бастайтын
құбылыс.Алыстағы таулардың қалай құбылатынын байқаған боларсың.
Шыңын қар басқан таулар өте алыстан ұлпа бұлттардай жеңіл, көгілдір
болып көрінеді, ал жақындаған сайын — егер орманды тау болса жасыл
түске, қарлы тау ақ түске енеді. Ал кешке күн батар мезгілде таулар
күлгін түске боялады. Ауа кеңістігінің перспективасын тұманды күні
жақсы бақылауға болады. Егер жақындағы денелердің түстері мен
пішіндері анық көрінсе, олар алыстаған сайын түстерінің анықтығын
жоғалтып, тым алыстағылары мүлдем тұманға «батып» кетеді.Ауа
перспективасы сызықтың перспективамен салыстырғанда денелердің
өлшеміне емес, олардың түстерінің қанықтығына әсер етеді. Сызықтың
және ауа перспективалары бір-бірімен тығыз байланысты. Оған
төмендегі фотосуреттерге қарап көз жеткізуге болады. Алыстағы
денелер өлшемі жағынан кішкентай пішіндері анық емес, түстері
қанықпаған және анағұрлым суық реңкті болып көрінеді. Сондықтан
шығармада толық кеңістік әсерін беру үшін сызықтық және ауа
перспективаларын қатар қолдану қажет.Табиғат көрінісін сызықтық
немесе ауа перспективасы арқылы ғана бейнелеуге болады. Сызықтық
және ауа перспективасының екеуін бірдей бере отырып, модульдік
сурет салып көреміз. Оқушыларға бірнеше сұрақтар
қоямын.
Практикалық
жұмыс: Оқушыларды 2 топқа бөлеміз.
Бірінші топ тек сызықтық перспективаны қолданып, екінші топ ауа
перспективасын қолданып А4 форматына сурет
салады.
-
Бірінші пейзаж туралы сызықтық
немесе ауа перспективасы берілген деп
айтуға бола ма?
-
Екінші пейзаж туралы не
айтасын,?
-
Пейзаждардың қайсысында сызықтық перспектива жақсы
берілген?
-
Қай
пейзажда ауа перспективасы жақсы байқалады?
Жауабыңды түсіндір.
Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты қорыта келе біз
сызықтық және ауа
перспективасымен көрінісімен сурет салу жолдарымен таныстық.
Өтілген сабаққа қорытынды сұрақ жауап арқылы
жүргізіледі.
1.
Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
2. Перспектива нешеге
бөлінеді?
(ата?)
3. Ауа перспективасымен сурет
салғанда қандай құбылыстар болады?
4. Жылы түстермен ауа
перспективасын көрсетуге бола ма??
Бағалау. Сабаққа жақсы,
белсенді қатысқан оқушыларды атап айтып, жақсы салынған суреттерді
көрсетіп, мадақтау арқылы бағалау