Тағылымды саяхат сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тағылымды саяхат сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Саяхат сабақтар қазір жаңа бағдарламаға өнікті енуде. Дамыған мемлекеттерде сабақтың 80 пайызы табиғат құшағында саяхат ретінде және музей сабақтар болып өтіледі. Барлығы көру арқылы өтетін болғандықтан оқушының есінде жақсы сақталады және кіріктіріліп оқытылады. Нәтижелі болады.Көптеген әдіс қолданылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тағылымды саяхат сабақ

Маңғыстау - киелі де қасиетті мекен. Оның әлі де зерттелмеген, біз білмейтін жұмбақ жерлері көп екен. Мен сондай жердің бірі Жемсеңсайды көзіммен көріп, аяқтай барып, зерттеу барысында ғана таныстым. Бұрын атын да естімеген екенмін. Мен оныншы мамыр күні сол Жемсеңсай деген сайда ұйлығып өсетін өсімдікті жетекшілеріммен бірге зерттеуге бардым. Ол күні ауа-райы біз жоспарлағандай болмады. Күн бұлттанып, аспанды лезде бұлт торлап, жаңбыр жауып, жел соғып күн салқын болды. Сай Орталық Қаратауда орналасқан. Таудың үсті ызғырық суық болды. Күннің суықтығына қарамай, жолға шықтық.Жолымыз қатты алыс болды. Көп жол жүрдік, жол қатты қиын болды, бір қорыққаным, құлап кетеміз бе деп ойладым. Аман-есен жеткенде, шөпті таба алмай әлек болдық. Сол жерден көмектесіп жол көрсететін бір ағайды таптық. Өсімдікке жету қиын болды, бірақ оған да қиын жолмен жеттік… Мақсат қойған адам бәріне де жетпей ме?

Жемсеңсай-Тұщыбектің батысында. Шайыр аулынан батысқа қарай 5 шақырым қашықтықта орналасқан. Тау жотасындағы сай. Жемсең - тікенекті, қызыл сары өсімдік. Ол көп, ұйлығып өсетіндіктен, жергілікті тұрғындар сайды солай атаған. Ал биология ғылымында ол (БОЯРЫШНИК-CRATAEGUS) деп аталады. Сазгер Ерекен Қорабаевтың өлеңінде Жемсеңсай ерекше аталады. Ол сайдың аталуы туралы тарихшылар мен филологтар білуі мүмкін.

1) Жем сөзінің мағынасын білу;

Жем- өзен аты, жем – құстар мен малдардың қорегі, суда көп тұрған затты ақжем болған деп те айтады

2) Сең сөзінің мағынасы

Қазақта - сеңдей соғылған, сең жүрді деген сөздердің ішкі мағынасына қарасақ, мол, көп деген ұғымды береді.

Сонда сайды онда өсетін мол долананы сеңге теңеп атауы да мүмкін ғой. Халық жер атын қоюда көп қателеспеген. Көргенін сөзге айна қатесіз түсіре білген. Тұрғын халық долананы ертеден пайдаланған, емшілер науқастарды емдеген, тамақ ретінде пайдаланған. Қураған жапырақтарын малға жем ретінде берген немесе малдарын сол сайға жайған. Сайда ұйлығып өсу себебі - ылғалды қиыршықты құмақты жердің болуы. Долана гүлдегенде өте әдемі көрініс береді.

Сонымен қатар долананың экологияға қарсы күресе алатын қасиеті бар. Ол шаң мен газға өте төзімді. Долана бір жағынан сәндік ағаш саналады. Сондықтан бағбандар оны аулаға, орталық алаңдарға көп өсіреді.

Долана калориясы жоғары өсімдіктің қатарына кіреді. Ағзаның дәрумендер мен минералдарға деген 1 тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыру үшін, 1 стақанын қолдану жеткілікті.



Мейрамқызы Жанат, Ақтау қаласы №20 о/мектеп

Тауға барған кезде маған ол жердің саф таза ауасы, әдемі тау шыңдары ұнады.Жемсең деген шөптің пайдасы өте мол екен: ауырып қалған адамдарға қасиетті шөп осы,исі де керемет, емдік қасиеті бар шөп екенін түсіндім.Сол жерде қалғым-ақ келіп еді, жаңбыр астында болғасын кері қарай қайттық. Жолға жеткенде бір шәйханаға кіріп тамақтанып, кері қарай қайттық. Өмірімдегі ең ерекше және қиын саяхат осы болды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2021
313
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі