Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тарих пәні мұғалімі С.Р.Исабекованың шығармашылық есебі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тарих пәнінің мұғалімі Исабекова Сандуғаш Рахметоллақызының шығармашылық есебі
Тақырыбы: Тарих сабағында ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Мақсаты: Сабақтарында және сабақтан тыс уақытта ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып білім деңгейін арттыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері: Ақпараттық – коммуникациялық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін: -оқушының дайындық деңгейін , ынтасын және қабылдау жылдымдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесінде жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.
-
Оқушылардың ақпаратпен жұмыс іскерлігін қалыптастыру,
-
комуникативтік қабілетін дамыту,
- ақпараттық қоғамның тұлғасын дайындау, -берілетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру, зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру.
Мен мұғаліммін... Осы бір ауыз сөзді талай сыр, талай мағына жатыр десенізші.Өзін мұғалім деп санайтын адам қандай болу тиіс? Әрине, ол – сананы да, сапалы білім беретін жеке тұлға. Әріптестерім, оқушыларым менің бойымнан әрқашан да білімді, жан-жақты алға қойған мақсатына жете алатын адамды көру керек. Жаңа технологияларды меңгеріп қана қоймай, үнемі алға ұмтылу және өз ісіне талдау жасай білу, ізінді басып келе жатқандардың қателеспей, жақсы нәтиже көрсету үшін болашаққа зор үмітпен қарау- мұғалімнің басты міндеті. Мені, осындай мұғалім ғана өз білім нәрімен сусындататын оқушыларын да алдына мақсат қойып, үнемі ізденуге, жарқын болашаққа ұмтылуға тәрбиелей алады...
Мұғалімнің негізгі мақсаты- сабақ үрдісін ұйымдастыру ғана емес, жаңа технологияларды қолдану ғана емес, керісінше ол оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін, өздік танымдық біліктілігінің дамыта отырып білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. Міне осы-мұғалімнің іс-әрекетінің негізгі қағидасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
«Адам байлығының ең тамашасы- білім. Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді» деген Әл- Бирунидің жақсы бір ойы бар. XXI ғасыр – білімділер ғасыры болмақ. Ол үшін жаңа бетбұрыс керек. Қазір ұстаз мойнына көп жүк артылып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы- бүгінгі жастар. Сіздер оларға қандай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады»- деген ұран тастап отыр. Сондықтан егеменді елдің ертеңі оқу- білімнің тереңдігімен өлшенеді.
Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.Бүгінгі заман әр ұстаздан үздіксіз ізденімпаздық пен шығармашылықты, кәсіби шеберлікті, құзырлылыққа жету жолындағы инновациялық технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру жүйесінде жаңа технологиялар өмірге келуде. Осы педагогикалық технологияларды жете түсініп, оны меңгеру мұғалімнің өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыруға көмектеседі.
Осы 23 жылдық педагогикалық тәжірибемде балаларға саналы білім беру мақсатында бірнеше технология түрлерін оқып , ой елегінен өткізе отыра сабағымда элементтерін қолданған болатынмын.
Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, мұғаліммен тең дәрежеде ұстай алады. Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Тарихшы ұстаз АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап, интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.
Әр сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. Кез – келген пәндік әдістеме оқушыларға сол пәнді тереңдетіп игеруге, алған білімді практика жүзінде қолдануы мен проблемалық жағдайлардан шыға алуымен айқындалады.
Ақпараттық технологиялардың
бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары.
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда
бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді
ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану
арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясын игеруге үйретеміз.
Демонстрациялық материалдар даярлау, сыныппен кері байланыс жүргізу
үшін интерактивті тақта мүмкіндігі шексіз. Интерактивті тақтаға
термин сөздерді жазып, сөздікпен жұмыстар жүргізу оқушылардың
сөздік қорын да байытып, қажетті мәліметтерді еске сақтауына
мүмкіндік береді және осы тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады.
Мен тарих сабақтарында компьютерді, интерактивті тақтаны жиі
пайдаланамын. Тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар, сызбалар,
кестелер жасау, термин сөздерді жазу сабақ жүргізудің
мазмұнын кеңейтіп, оқушылардың түсінігін тереңдете түседі. Кейбір
сабақтарда видеофильмдер көрсетіп отырамын. Сабақты қорыту
кезеңінде сынақхаттар, сөзжұмбақтар, ойталқы сұрақтарды да
компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы жүргіземін.
Барлық бақылау жұмыстарының түрлерін және қорытынды тест
жұмыстарын тек қана компьютер арқылы жүргіземін. Себебі бұл әдіс
уақытты тиімді пайдалану үшін өте қолайлы. Оқу процесі кезінде
компьютерді тиімді пайдалану және қолдану оң тәжірибе беріп отыр.
Оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын
арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін
қалыптастыруға дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы
жағдай туғызып отыр. Тек сабақ кезінде ғана емес сабақтан тыс
кезде де оқушылар компьютермен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар
беремін
Интерактивті тақта – басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функционалды, сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда;
- Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
-Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
Интерактивті әдіс – бұл:
-Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;
-Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау
-Өздерін – өздеріне бағалату
-Іс – әрекет барысында білім алу
1.Диагностика сәті. – «Миға шабуыл» – жаңа сабақты өтілген тақырыптармен байланыстыру үшін бірнеше сұрақ беру арқылы мұғалім соқушылардың білгендерін ортаға салдыртады.
2. Ізденіс тенденциясы сәті – Мұнда оқушылар жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып «миға шабуыл» әдісі арқылы жинақтаған түсініктерін кеңейтіп өз беттерінше оқулықпен немесе басқа қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды.
3. Тұсау кесер – әрбір топ белгілі бір сұрақтар бойынша өз мәліметтерін қорғайды. Осыдан кейін барып мұғалім әлі де жетіспей жатқан жағдайлардан ақпарат береді.
4. Сабақты қорыту – пікірсайыс, рольдік ойын, сөзжұмбақ шешу әдістері арқылы бекітіледі.
Бұл әдісте мұғалім 5 – 7 минут уақыт алады, қалған уақыттың бәрінде оқушылардың өздері ізденіп танымдарын арттыруға жағдай туады. Бұл әдіс бойынша оқушылар өз білімін өздері бағалайды. Жаңа әдіс – тәсілдердің бірі – СТО технологиясы. Бұл технология элементтерін де сабақта жиі қолданып отырамын. Қазақстан тарихынан «Жоңғар шапқыншылығы» тақырыбының қорытынды кезеңінде Венн диаграммасын қолдандым. Бұл оқушылардың білімін тереңдетіп қана қоймай, материалды жан – жақты меңгеруге, деректермен дәйектерді салыстыру, жүйелеу, талдау дағдыларын дамытуға негіз болды. Әр сабақта тапсырмаларды алдын ала беру арқылы студенттерге қосымша материалдарды табудың жолын көрсетіп отырамын. Жаңа сабақ барысында оқушылардың әкелген, оқыған, меңгерген материалдары негізінде оқушылар ақпараттық құзыреттілігі дамиды, пәнге деген қызығушылықтары артады, ақпаратпен жұмыс істеуді меңгереді. Нақты мәліметтер мен деректерге сүйеніп, материалды талдауға, сараптауға, дәлел келтіруге, ақпарат көздерімен ғылыми тұрғыдан жұмыс жүргізе білуге дағдыланады. Жалпы тарих пәні мұғалімі ретінде сабақтан тыс оқушылар арасында әртүрлі тақырыптарда конференциялар, дөңгелек үстелдер, зияткерлік ойындар, тарихи оқиғаларға байланысты кештер өткізіп отырамын. Бұл шараларды ұйымдастыруда мен оқушыларға тек қана бағыт беріп отырамын, ондағы мақсатым оқушылардың жан – жақты шығармашылық, терең ізденіс, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Барлық шараларды өткізген кезде ақпараттық технологиялар – интерактивті тақта, компьютер, видеокамера қолданылды
«Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы», яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептің оқушылары да білімді болмақ. Сондықтан өз білімімді ылғи да көтеріп отыруға тырысамын.
Сабақтарды түрлендіріп өткізу тек қана оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ғана арттырып қоймай, білім сапасын көтеруге де жағдай жасады: дүние жүзі тарихынан білім сапасы 72%-дан 78,8%-ға дейін, ал Қазақстан тарихы-79,5%-дан 96%ға дейін көтерілді.
Соңғы үш жылда оқушылардың білім сапасы төмендегідей:
Дүние жүзі тарихынан:
-
2016-2017 оқу жылы:
Үлгерімі: 100%
Білім сапасы: 72%
-
2017-2018 оқу жылы:
Үлгерімі: 100%
Білім сапасы: 75%
-
2018-2019 оқу жылы:
Үлгерімі: 100%
Білім сапасы: 78,8%
Қазақстан тарихынан:
-
2016-2017 оқу жылы:
Үлгерімі: 100%
Білім сапасы: 79,5%
-
2017-2018 оқу жылы:
Үлгерімі: 100%
Білім сапасы: 82,8%
-
2018-2019 оқу жылы:
Үлгерімі: 100%
Білім сапасы: 96%
Қорыта айтқанда, ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
-Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
-Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
-Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
-Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;
-Тіл байлығын дамытады;
-Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
-Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
-Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»- деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.