Материалдар / «Тау тұлғалы-Исатай Тайманұлы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тау тұлғалы-Исатай Тайманұлы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың азаттығы үшін халық-азаттық күресін бастаған қазақтың батыры Исатай Тайманұлын білу әр-бір қазақтың парызы.Тау тұлғалы бейнесі, батырлық ерлігі үшін тарихта қала білген. Халық , елі үшін қасық қаны қалғанша шайқаса білген.Сондай-ақ халықты дұрыс басқармай,әділетсіздік,озбырлық көрсеткен хандарды тақтан тайдырып отырған
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



















Мақала

«Тау тұлғалы-Исатай Тайманұлы»























Дайындаған: Молдалиева Д.И

Аннотация

Қазақтың азаттығы үшін халық-азаттық күресін бастаған қазақтың батыры Исатай Тайманұлын білу әр-бір қазақтың парызы.Тау тұлғалы бейнесі, батырлық ерлігі үшін тарихта қала білген. Халық , елі үшін қасық қаны қалғанша шайқаса білген.Сондай-ақ халықты дұрыс басқармай,әділетсіздік,озбырлық көрсеткен хандарды тақтан тайдырып отырған.

Аннотация

Знать казахского батыра Исатая Таймановича, который начал Народно-освободительную борьбу за освобождение казахов,-долг каждого казаха.За образ горного человека, героический подвиг он сумел остаться в истории. Народ, за свою страну, сражался до тех пор, пока не осталось крови.А также править народом,править ханами,проявившими несправедливость, произвол.

Аннотация

It is the duty of every Kazakh to know the Kazakh hero Isatai Taimanuly, who started the people's liberation struggle for Kazakh liberation.The city was known in history for its image of the mountain, for its heroic feat. The people fought for their country until there was a spoonful of blood left.In addition,he deposed the Khans,who mismanaged the people, showed injustice and arbitrariness.





























Түйін сөз.

Азаттықты аңсаған, халықтың қамы үшін өз өмірін көтеріліске арнаған, халықты бастаған ұлт –азаттық көтерілістің басшысы болған батыр жанды –Исатай Тайманұлы ел есінде ұмытылмайды.

Қазақта халықтың азаттығы үшін,халықты басқарған ханның озбырлығы үшін жанын шүберекке түйіп,қасық қаны қалғанша шайқаса білген батырларымыз халықтың есінде,елдің жадында мәңгі сақталмақ. Сондай халық үшін барын салып,өз өмірін халық үшін құрбан еткен, ұлт-азаттық көтерілісті бастаған –Исатай Тайманұлы болатын. Халықтың басын біріктіріп, тарихта қалған үлкен ұлт-азаттық көтерілісті бастай отырып,көптеген жеңістерге жеткен еді. Ендеше батырдың өмір жолына тоқтала кетейік. Исатай батырдың кіндік қаны 1791 жылы Қызылқоға ауданындағы Тай­сой­ған құмында дүниеге келген. Қазір бұл жер «Тайман жалы» деп аталады. Әкесі Тайман Бегәліұлының отбасы 1808 жылы Махамбет ауылынан 13 шақырым жоғарыдағы Шой (Бақсай) өзегі тұсынан Жайық өзенінің оң жағалауына, ішкі орда­да отырған Бөкей сұлтанның қарамағына өткен.Ел ішіндегі есті қариялардан жеткен әңгімелерге қарағанда, Бөкей сұлтан мен Тайман әрі дос, әрі сырлас болған. Жалтыр көлінің жағасында отырғанда шешесінің жылдық асын берген Бөкей жиналғандар алдында Тайманмен достығы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, балаларына даритынына сендіріпті. Исатайдың старшын болуына осы жайт әсер етсе керек. Данагөй қариялар оның 1837 жылы қазан айында хан ордасын шаппауын батырдың әкесі Тайман мен Бөкейдің арасындағы достықты бұзғысы келмегенімен топшылайды.[4,4] Исатай Тайманұлы 21жасында старшын болып,әділдікті тура айтатын,қара қылды қақ жарған,парсаттылығымен,батылдығымен,шыншылдығымен көзге түсе білген.

Бізге осындай бейнесімен жете білген Исатай Тайманұлын жырламаған жыр,айтылмаған сыр, теңелмеген теңеу болмаған еді. Серіктесі сол заманның ақын жанды батыры Махамбет Өтемісұлының қайсы бір жырын алсақ та, батыр бейнесін толықтай аша білген. Махамбет жырларының басым көпшілігі Исатайды жырлаған.Жыр дастанына қоса отырып,теңеу эпитетінің мағынасы жағынан көркем де, астарлы екенін көруге болады. З.Қабдолов: «Махамбет өмірдегі қасіреттің синониміне, өнердегі қасиеттің символына айналған аса аяулы әрі ардақты ат» – деп атап көрсеткендей, Махамбеттей баһадүр ақынның ұлы тұлғасы қазақ халқының жауынгерлік қасиетінің, ерлік дәстүрі мен ұлттық классикалық мұрасының өзіндік қайталанбас ерекшелігін айғақтайды [2, 49]. Истатай Тайманұлының бейнесін ашып беретін Махамбеттің өлеңдеріне шолу жасап кетейік. «Исатай басшы, мен қосшы» – деп Махамбеттің өзі айтпақшы, Исатайды басшы ретінде де, батыр ретінде де аса құрметтеген. «Тарланым» толғауының басында Исатайды сұңқарға, арыстанға теңеп оның сыртқы бейнесін, тұлғалық образын суреттесе, соңғы жолдарын Исатайдың батырлығын, ержүректігін шебер бейнелеумен аяқтайды. Бұл толғауда Махамбет Исатай батырдың толық портретін жасап шыққан десек те болады. Махамбет суреттеу барысында теңеу сөздерді емес, көбінесе метафора мен гиберболаны жиі қолданған. Мұны «Атқан оғы Еділ, Жайық тең өткен...» деген өлең жолдарынан байқауға болады. Өзіне басшы етіп,құрмет тұтып,өзінің қосшы екендігін аңғарамыз.Махамбет Өтемісұлының қай өлеңін алсақ та, тау тұлғалы батыр, шыншыл, тапқыр,және де птариот, сонымен қоса елді бір тудың астына біріктіре білетін көшбасшы екендігі айтылады.

Исатай - басшы, мен - қосшы

Исатайдың сол күнде

Ақтабан аты астында,

Дулығасы басында.

Зығырданы қайнайды,

Астына мінген ақтабан

Ақ бөкендей ойнайды.[2]

Қасына ерген көп әскер.-деген өлең жолдарынан әскерді бастаған қосшы,астында ақтабан ақ боз аты бар,басында дулыға сонымен қоса дулығасы болғанын және де жаудан тайсалмай соғыстан еш қаймықпай қарсы шығатын батыр бейнесін көруге болады.Әлбетте көтеріліске басшы болу батырдың қолынан келетін ерлік екенін айтпаса да білуге болады.

Кермиығым, кербезім,

Керіскедей шандозым*!

Құландай ащы дауыстым,

Құлжадай айбар мүйіздім!

Қырмызыдай ажарлым,

Хиуадай базарлым,

Теңіздей терең ақылдым,[2]

Тебіренбес ауыр мінездім! Осы тұстан Исатай бейнесінің жаңа бір қырын көруге болады.Исатай бейнесіне үңілетін болсақ, келбетті, ажарлы,екі иығына екі кісі мінетіндей алып денелі,даусы зор,ат құлағында ойнайтын шабандоз,және де көпшіл,ақылы дариядай терең бір сөзбен айтқанда бойында артық міні жоқ нағыз адам деген батыр бейнесін көруге болады. Махамбет сол заманның жыршысы бола отырып, Исатай Тайманұлының бейнесін сомдауға жаралған яғни халыққа жеткізуші жан деп елестетуге болады. Жанында көтерілісте де, шайқаста да бірге болып, Истай бейнесін тарихта қалдыра білуге үлкен үлес қосқан. Маңдайын сары сусар бөрік басқан,

Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан.

Айқаласа белдігі байланған.

Астана жұртын айналған;

Атына тұрман болсам деп,

Жұртына құрбан болсам деп,

Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен,

Атқан оғы Еділ-Жайық тең өткен,

Атқанын қардай боратқан,

Көк шыбығын қанды ауыздан жалатқан-

Арыстан еді-ау Исатай!

Бұл фәнидің жүзінде

Арыстан одан кім өткен?! —[2]

дегенде, Исатайдың сыртқы тұрпатының көз сүрінетіндей келісті де айбындылығы, іс-қимылының алапаттығы, "жұртына құрбан болсам" деген мақсатының ірі де ізгілігі ғажап тартымды суреттелген.Исатай батырдың «жұртына құрбан болсам»деп,деген сөздерінен жаудан тайсалмайтын елі үшін жанын пида еткенін көреміз.Бірақ өлеңнің соңында соғыста тапқанын көреміз.Қаза болғанша қаншама жаудың жанын алып, жер жастандырып, өзі жаудың оғынан қаза болған.

Міне, Исатай батырдың бейнесі осындай еді.Исатайдың бейнесін жырлаған Махамбеттің Исатай өлімінен кейін еш нәрсеге зауқы соқпай, тауы шағылып,жоқтап, «Арыстан одан кім өткен?»деп,күңіренгенінен Исатайдың досқа адал,айнымас ақыреттік дос екені көрінеді. Халық,ел деп өз жанын құрбан еткен батырдың өліміне бүкіл халық қайғырып, жоқтау айтып, қара жамылғанын көптеген өлеңдерде айтылады. Оған дәлел Махамбеттің «Ау қызғыш құс»өлеңі.

Исатайдың ерлігімен бейнесіне терең үңілетін болсақ, қарапайым халыққа теңдік әперу жолында өз өмірін құрбан еткен батыр. Қазақтың бүгінгі күнде тәуелсіз,азат болғандығы Исатайдай батырдың ерлігінің нәтежесі деп толықтай айта аламыз. Себебі Исатай заманынан қазақтың азаттығы бізге шүберекке түйген аманаттай жете білген еді.

Исатай бейнесін айта беру келешек ұрпақты батыр тұлғалы етіп тәрбиелеуге,халқын ардақтайтын патриот етіп шығаруға тәрбиелейді.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Егемен Қазақстан 2005 жыл

2.Қазақ хрестоматиясы 2007ж «Білім»баспасы.

3. Әлемдік педагогикалық ой-сана, «Таймас баспа үйі»

4. «Махамбет жырлары» үзінді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!