Материалдар / Тәуелсіздігіміздің алғашқы іргетасы-Конституция
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздігіміздің алғашқы іргетасы-Конституция

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата заңымыз Конституция туралы
Авторы:
22 Маусым 2024
97
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ АЛҒАШҚЫ ІРГЕТАСЫ - КОНСТИТУЦИЯ


Елу жылда ел жаңа демекші, еліміз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен, азат, құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізу жолында көптеген қиыншылықтар мен тар жол тайғақ кешуден өтті. Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық қатынастардың барлығын демократияландыруға жол ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық түбегейлі өзгеріске ұшырады. Отандық құқық жүйесі қалыптасты. Презеденттік басқару енгізіліп, мемлекеттің әлеуметтік, демократиялық, құқықтық сипаттары күшейді. Еліміздің жарқын болашағына деген сенімді жинақтаған Негізгі заң - Конституция өмірге келді. Адам құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, құқықтық тәртіпті, заңның қоғамдағы құқықтық қатынастарды реттеудегі рөлін нығайтуға нақты жағдайлар туды.

Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды етуге тиіс болатын. Бүгінде біздің еліміз 1995 жылы қабылданған Конституция бойынша өмір сүреді. Ол қабылданғаннан кейін Қазақстан өзінің одан әрі даму жолын түпкілікті таңдап алды. Бүкілхалықтық референдумда қабылданған Негізгі заңымыз, шын мәнінде қоғамдық келісімге айналды, сол бойынша үкімет Қазақстанды деморатиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетке айналдыруды өзіне басты міндет етіп алды, ал азаматтар Конституцияны және еліміздің заңдарын бұлжытпай орындауға жауапкершілікті өз мойындарына қабыл етті.[2,64 б.]

Конституция - әр елдің мемлекеттік қоғамдық құрылымын көрсететін, яғни мемлекеттік құрылымды талдап көрсететін негізгі құқықтық - саяси құжат. Конституциямыздың Ата заң аталуы, әрбір өз атасын сыйлаған қазақтың Конституцияны да атасындай сыйлау керек деген тұжырымнан шықты деп ойлаймын. Ата Заңның әрбір бабын сақтамасақ, ол жай ғана құжат, қағаз болып қалады. Конституцияның орындалуы - ел азаматтарына тікелей байланысты болғандықтан да, азаматтарымыз бас заңды білуі және оны өмірлік жолдарында пайдалауға тиіс. Ата-бабаларымыз арман еткен тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгі күні біз Конституциялық кеңістікте өмір сүріп жатырмыз. Елімізде өз Контитуциясы арқылы мемлекеттік органдар құрылды, мемлекетіміздің келешектегі ісі, талабы көрініс тапты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан жол" атты кітабында: "1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда болған жоқ. Ол Егемен Қазақстанда конституциялық құрылыс орнату үшін бұрыннан жинақталған тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан да, кімде-кім еліміздің негізгі заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білуі керек" - деген болатын.[3, 35 б.]Алғашқы қабылданған 1993 жылғы Конституцияның кейбір баптары бүгінгі күнге ілесе алмағандықтан, яғни бұл конституция демократиялық мемлекет пен нарықты экономиканы қалыптастыру үшін қажетті заңдық негіздерді құрды, алайда заң шығарушы, атқарушы биліктердің өкілеттігі, жерге жекеменшік, мемлекеттік тіл және т.б. мәселелер шешімін тиісті деңгейде таппаған болатын, Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында жаңа Конституция жасалып өмірге келді. Жаңа өмірге жаңаша қадам басқан демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет үшін оның ең басты қазынасы ретінде адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылды. Бұл дегеніміз, мемлекет адам өмірін қолсұғушылықтан қорғауға, сонымен қатар өзіне құқыққа қайшы әрекеттерден өзінің сақтануына мүмкіндік беруге міндеттенді. 1995 жылғы Конституция еліміздің конституциялық құралымы негізін қалаумен бірге, республика қызметінің: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламенттік дауыс беру арқылы шешу сияқты түбегейлі принциптерді бекітті. Жаңа Ата заңымыз қоғамдық - саяси институттардың құқықтық негіздерін, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін анықтап, мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің негізін қалады.

Конституцияның басты ерекшелігі, өзім болашақ құқық маманы ретінде, қоғам мен мемлекеттің ең жоғарғы заңды күші бар құқық нормаларының жүйесі деп айтар едім. Конституция бір жағынан, адам мен қоғамның, екінші жағынан адам мен мемлекет арасындағы қатынастар негізін, сонымен бірге мемлекет қызметінің ұйымдастырудың негізгі қағидаларын, адам мен азаматтың негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті атқару органдарының қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидаларын бекітуші және реттеуші заң болып табылады. Сондықтан Конституция еліміздегі қолданып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалайды және барлық заңдар Конституциядан негіз алады.

Биыл біздің еліміздің егемендік алып, тәуелсіз ел атанғанына 30 жыл толады. Біз тәуелсіз елдің жастары ретінде, тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді, тәуелсіздік алғаннан кейінде мемлекет болу жолында кездескен қиындықтарға қарамастан, қазіргі таңда құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырғанымызды бағалап, келешегіміздің одан әрі дамуына өз үлесімізді қосу - міндетіміз. Еліміздің тәуелсіздік алып, ары қарай өркендеуіне елімізде қабылданған Конституцияның орны ерекше. Конституция - мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі. Осы тарихи құжат арқылы біздің еркіндігіміздің негізі, тәуелсіздігіміздің іргетасы беки түсті. Конституцияның қағидалары толықтай елімізді демократияландыруға, экономикалық дамуға, халықаралық деңгейда өсуге, мемлекеттің әлеуметтік, саяси-құқықтық тұрақтылығын сақтауға, еліміздің ауыз бірлігі мықты ел болуға шақырады.

Өркениетті дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата заңымызды құрметтеу біздің міндетіміз әрі парызымыз. Конституцияның 34 бабында: "Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті" - делінген. Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білу керек. Конституцияны құрметтеу мен сақтау арқылы, біз еліміздің, Отанымыздың одан әрі дамуына және қоғамдық келісім мен бейбітшілік, татулық пен сыйластыққа қол жеткізе аламыз.


Оңалов Бауыржан

2 курс студенті



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!