Тәуелсіздік құрбандары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік құрбандары

Материал туралы қысқаша түсінік
Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Мақала
Тәуелсіздік құрбандары
Тәуелсіздік- еркіндік, бостандық. Осынау бір ғана сөздің астарында қаншама
қанды жылдар мен сырлы жылдар жатыр. Қазақ елі - әу бастан еркіндікке
ұмтылған самұрық құс тәрізді, өте айбар, еңсесі еркін, мақсаты айқын өте
күшті халық. Мемлекетіміздің іргетасы қаланғаннан бастап-ақ, еліміз
тәуелсіздік үшін сан ғасырлар бойы күресіп келді. Бұл- сонау орта
ғасырлардан бастап бабалар биік қойған ұлы мақсат екені айқын. Біз- төрт
құбыламыздан жауларымыз ентелеп тұрғанда да, қаймықпай қарсы тұра
білген батырлардың жалғасымыз. Оның дәлелі, кешегі азаттықтың ақ
жалауына серпін берген «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы.
XVIII ғасырдың бірінші жартысы- жерімізден құт кетіп, елден ынтымақ,
халықтан береке, батырлардан бірлік кеткен, сай сүйегіміз сырқыраған уақыт
еді. Өз ішінен аласапыран болып жатқан халықтың одан сайын еңсесін
түсіріп, бас көтере алмайтындай хәлге жеткізді. Жоңғар қонтайшысы- Қалдан
Церен бастаған жаудың 70 мың жасағы, шығыс және оңтүстік-шығыс
бағыттардан құмырсқадай қаптап, лап қоя бергенде халқымыз ботадай
боздап, қойдай қырылды. Бұл- халқымыздың басына келген үлкен нәубет әрі
алапат қырғын салдары еді. Осы кезде еліміз жүз мың әскерінен айырылса,
ал, қаза тапқан қараша халықтың саны одан да асып түскен еді. Бірақ, рухы
жасымайтын өр мінезді қайсар халқыма қай жауы батсын? Хандар мен
батырлар елдің басын біріктіріп, бір ту астына жиналып, елдік пен ерліктің,
азаттық пен еркіндіктің үкілеген үмітін ақ найзаға тақты. Қоршылықтың
қоршауын бұзды. Еркіндікке ұмтылыстың тағы бір сатысы- сол ғасырдың
соңғы жылдарындағы әйгілі Сырым батырдың ұлт-азаттық көтерілісі еді.
Кіші жүз қазақтарының өз хандарынан көрген әділетсіздігі мен зобалаң орыс
саясаты, қызу қанды халқымыздың титығына тиген секілденді. Топ ішінен
жеке дара Сырым Датұлы қол бастап, азаттыққа ұмтылыстың кезекті бір
алғышартын ұйымдастырды. Алайда, батырдың ұйымдасқан көтерілісі,
көбіне сәтсіз шыққандықтан және оны қолдамаған сұлтандардың әсерінен
болуы керек, тәуелсіздіктің еркін желі сезіле қоймады. Десек те, халық
жадында сақталған, тарихымыздың алтын бір қойнауы ретінде ұрпақтар
сабақтастығымен мәңгі айтылып, сақталатыны сөзсіз. Жаңа ғасыр, жаңа
серпін, жаңа бастама, жаңа ұмтылыс. Бұлайша толғанғанымыздың себебі,
ХІХ ғасыр- еркіндік үшін ұмтылыстың жаңа парағы іспеттес болды. Ж.
Нұрмұхамедұлы, Ж.Тіленшіұлы, Есет батыр, И. Тайманұлы мен
М.Өтемісұлы сынды қазақтың даңқты батырлары, күн астындағы ғаламда
азаттықтың алауын жақты. Ұзақ жылдар бойы көтеріліс жасап, халықтың

рухын жігенлендіріп, ұлт болашағын саралай білді. Қоқан, Хиуа мен
Бұхардың озбырлығын ауыздықтай білді. Осы кезеңдегі ірі айтулы
тұлғалардың бірегейі, Шыңғыс тұқымы, Абылай ханның немересі, қазақтың
соңғы ханы- Кенесары Қасымұлы. Азаттықтың- озат символы. Батырдың
ұйымдастырған көтерілісі, қазақ аумағын түгелдей дерлік қамтыған ірі саяси
оқиға ретінде тарих сахнасында қалды. Ресей империясының шектен тыс
салық салуына және әділетсіз билігінінің болуына, қазақ жерін отарлап
бекініс салынуына қарсы болған Хан Кене, өзіне сенімді батырларды,
халықты жиып, көтерілістің алғашқы белгілерін бұрқ еткізді. Он жыл
уақытқа созылған батырдың қимылы, орыс патшасы мен генералдарын
аяқтарынан тік тұрғызды. Кеудесі батылдыққа толы қазақтың ержүрек
сарбаздары- зеңбіректі, отты мылтығы бар қаруларға ұмтылғанда
орыстардың өзі абдырап, бытырай қаша жөнелді. Алайда, қазақтың негізгі
жауы сырттан болсын ба? Өз ішімізден не бір сатқын сұлтандар Кенесарыны
жақтамай, орыс патшасына бас иді. Десек те, Кенесарының осындай
өлшеусіз ерліктері бодандықтан бостандыққа ұмтылыстың айқын көрінісі
болғаны анық. Кейінгі ХХ ғасырларда да еліміз талай зорлық пен
зомбылықты, аштықты, соғысты, қырғынды бастан өткерді. Сағы сынбады,
жігері жасымады. Сүрінген уақыттарда бойына күш жинап, қайта тұрды.
Алаш зиялылары халықтың көкірегін көтеріп, көзін ашса, екінші жағынан
қарулы қақтығыспен Торғай даласында ойран салған Амангелді Иманов
батыр еді. Атасы Иман батыр- жоғарыда айтылған Кенесарының сенімді
батыры әрі негізгі қолын басқарған қолбасшысы еді. «Тектіден, текті туады»
демекші- сол батырдың ұрпағы да өзі секілді көтерілісші болып, көк аспан
астында бостандыққа ұмтылыс жасады. Ел тарихындағы еркіндікке деген
соңғы әрі қанды оқиға- Желтоқсан көтерілісі. Сол кезеңде қазақ
басқармасына тілі де, діні де, мәдениеті де жат орыс өкілі келіп тұрақтады.
Қазақ бұқарасы бұл шешімге наразы болып, жалынды жастардың қанды
ұрысына ұласты. Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова,
Е.Сыпатаев сынды жігері байсал, рухы асқақ жастар елі үшін мұзға да, отқа
да төзді. Бұл- бұған дейінгі ата-бабаларымыздың өшпес ерлігі мен қайсар
мінезі, дәл осы жастардың бойына дарып, еркіндікке деген асқақ арманның
жалғаушысы ретінде көрініс тапты. Мақаланың ішінде аталған, аталмаған
азаттыққа үлестерін қосқан әрбір тұлға отаны үшін шейіт болды.
Кешегі бөрі мінез бабалардың арманы болған- арайлы тәуелсіздігімізге биыл
отыз жыл толып отыр. Бес ғасыр бойы (15-20ғ) қоршылық пен бодандықтың
тар шекпенін киген ұлтымыздың осынау қасіреті, бүгінгі күні халқымыздың
қасиетіне айналып отыр. Еліміз егемен болып, алтын күннің астында, көк

аспанның төрінде қалықтап самғауы, сан ғасырлар мен қанды жылдардың
торқалы жемісі екені шүбәсіз. Ұлы тәуелсіздігіміз барша қазақ жұртына
қайырлы болғай!
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
21.12.2021
358
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі