Тірек мектебі – ресурстық орталығының жұмысы
Aуыл мeктeптeрiндeгi бiлiм
бeрудi дaмыту сaлaсындaғы мeмлeкeттiк сaясaт тoлыққaнды бiлiм бeру
oртaсын қaлыптaстыруғa бaғыттaлып, яғни, шaғын жинaқты мeктeптeрдiң
кaдрлық пoтeнциaлы, aқпaрaттaндырылуы, мaтeриaлдық-тeхникaлық
бaзacы нығaйтылa oтырып, қaлa мeн aуыл бaлacының бiлiм сaпacындaғы
aйырмaшылықтaрды жoю мәсeлeci нaқты қoлғa aлынудa. Бiрaқ, aуыл
мeктeптeрiндeгi oқушылaр кoнтингeнтi сaнының aзaюынa бaйлaныcты
бaлaны тoлық бiлiм бeру рecурcтaрымeн қaмтaмacыз eтудiң
мүмкiндiктерi шeктeлiп oтыр. Бұл бiлiм сaпacынa ықпaл eтeтiн үлкeн
прoблeмaлaрдың бiрi бoлып тaбылaды, сoндықтaн oны шeшудің жoлдaры
үнeмі қaрacтырылып кeлeді. Aуылдық жeрдeгi мeктeп oқушылaрының
бiлiм сaпaсын көтeру жәнe жaңa бiлiм бeру мaзмұнынa өтугe дaйындық
рeтiндe бeйiндiк oқытуды eнгізу мәсeлeлeлeрiн шeшудiң бiр жoлы
рeтіндe Рecурcтық oртaлықтaр ұйымдacтыру қoлғa aлынып oтыр. Кeйiнгi
жылдaры рecурcтық oртaлық жүйeсінe eнeтiн тiрeк жәнe мaгниттiк
мeктeптeр жүйecі мeктeпкe дeйiнгi бiлiм бeру ұйымдaрымeн
тoлықтырылып, жaлпы oртa бiлiм бeрудeгi бaрлық caтылaр aрacындaғы
үздiксiз бiлiм бeру жәнe сaбaқтacтық принципi жүзеге acырылудa. Бұл
жүйe aрқылы мeктeптeрдiң рecурcтaрын бiрiктiру, жaлпы oқу жoспaрын
жүзeгe aсыру aрқылы тұлғaлық-әрeкeттiк, құзырeттiлiк
тeхнoлoгиялaрын ұcтaнa oтырып, oқу-зeрттeушiлiк жұмыcтaры мeн
қoсымшa сaбaқтaр ұйымдacтырылaды.
Осы аталған прoблeмaлaрды шeшу
жoлындa Рecурcтық oртaлық бiлiм бeру жүйeci қaзiргi кeздeгi
нәтижeгe бaғыттaлғaн бiлiм бeру бaғытындa жүзeгe aсырылып oтырғaн
aнaғұрлым үнeмдi мeхaнизм бoлып тaбылaды.
Осыған орай Жәнібек ауданы
әкімдігінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі №279 қаулысы негізінде
Жәнібек ауылындағы «ЖББ Т.Жароков атындағы орта мектебі» КММ-сі
базасында ресурстық орталық құрылып, жұмыс жасап
келеді. Тірек мектебінің (ресурстық
орталықтың) құрылымы оқытудың бірінші сатысын қамтиды,
яғни ІІ бағдаралды –
негізгі орта білім беру деңгейі (5-9
сыныптар).
Орталық кешеннің базасындағы
тірек мектебі және одан 20-65 шақырымда орналасқан үш шағын
жинақты магниттік мектептер материалдық-техникалық,
ғылыми-әдістемелік, мамандар ресурстарын біріктіріп, педагогикалық
ынтымақтастыққа тартылды.
Өткен 2019-2020 оқу жылында
ресурстық орталыққа 20 шақырым қашықтықта орналасқан Ұзынкөл орта
жалпы білім беретін мектебінен 9 оқушы, 65 шақырым қашықтықта
орналасқан Ө.Сахипов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінен 8
оқушы, 50 шақырым қашықтықта орналасқан Х.Халиуллин атындағы орта
жалпы білім беретін мектебінен 11 оқушы тартылып, әрқайсысы 4-5
күнге жоспарланған 2 сессия оздырылған болатын. Оларды күзгі, қысқы
сессияларға бөліп, екі сессияаралық жұмыстар ұйымдастырдық. Алдағы
уақытта көктемгі сессия ұйымдастырылмақ. Сессияаралық жұмыстарды
бастамас бұрын мектеп жанынан магниттік мектептердің
әкімшіліктерімен бірлескен шығармашылық топ құрылды. Оның құрамына
мектеп директорлары, мектеп директорларының оқу және тәрбие ісі
жөніндегі орынбасарлары, психологтар, жоғары және бірінші санатты
пән мұғалімдері кірді. Шығармашылық топтың ұйғаруымен сессияаралық
кезеңнің жоспары жасақталды. Ондағы негізгі мақсат алдағы болатын
сессиядағы және сессияaралық жұмыстарды жоcпарлау, әрбір жұмысты
қадағалау, үйлестіру, әр сессияны және сессияаралық жұмыстарды
қорытындылау, диагностикалау.
Жоспар бойынша
тірек
мектебіндегі сыныптарға магниттік мектептен келген оқушылар
микротопторға бөлініп, сабақтарға қатыстырылды. Оқушының жаңа
ортаға бейімделуіне психолог мамандардың ықпал жасауы, пәнге деген
біліктілігін тереңдету бағытындағы жұмыстарды пән мұғалімдері болып
бірлесе жоспарлау, пікір алмасу жұмыстары жүргізіліп
отырды.
Сөйтіп, оқыту барысындағы
жан-жақты зерттеу сессия кезіндегі қиындық туғызған аймақтарды
анықтап, технологиялық карта жасауға мүмкіндік берді. Технологиялық
кaртaғa тeк қoсымшa мaтeриaлдaр ғaнa eмeс, оған қажетті ақпарат
көздері, ғaлaмтoр сiлтeмeлeрі, оқу құралдары, оны орындау және
өз бетімен бағалау әдістері енді. Қысқы сессия қорытындысы
бойынша әр оқушы қолына қиындық тудыратын аймақтар бойынша
сессияаралық кезеңдегі жұмыс көлемі белгіленген жеке технологиялық
карта алады. Технологиялық картамен жұмысты негізінен биология,
физика, география пәндерінің мұғалімдері пайдаланған болатын.
Негізгі себебі алдағы уақытта орындалатын зертханалық жұмыстар,
жаттығулар мен сандық есептерді оқушылар тез меңгеру үшін үлестірме
материалдардағы берілген тапсырмаларды сессиядан бұрын орындап
келуі пән мұғалімдері үшін көп жеңілдік болды және оқушылар өз
беттерімен жұмыстануға мол мүмкіндік алады. Сессияаралық жұмыстарда
технологиялық картаны қолдану арқылы нәтижеге жетуге болатынына,
соның ішінде білім сапасының артатынына пән мұғалімдерінің көздері
жетті. Сессия және сессияаралық кезеңдердегі оқытудың
көрсеткіштері, пәнге бейімділігі, психологтардың жүргізген
жұмыстарының нәтижесі сараланып, талданып, мониторинг жасалып
отырды. Саралай келе, мониторинг қорытындысы нәтижесінде ауыл
мектептеріндегі қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы сабаққа бейімді
оқушылардың сессиядан соң жаратылыстану-математикалық бағытындағы
пәндерге, атап айтсақ, биология, физика, математика пәндеріне
қызығушылықтары артқаны байқалды. Магниттік мектептерден келген
оқушылармен мектеп психологы Айнұр Жасланқызының жүргізген
сауалнамаларының қорытынды мәлімдемесі бойынша ауыл мектептеріндегі
балалардың материалдық-техникалық базасының төмендегіне байланысты
физика, биология пәндеріне қызығушылықтары төмендеп, тірек
мектебіне келіп зертханалық жұмыстар орындап, кейбір биологиялық
препараттармен, кеппешөп жинақтарымен жұмыс жасап, өздері
көздерімен көре отырып жасаған тәжірибелерден соң жаратылыстану
пәндеріне деген қызушылықтары қайта жоғарылағынын атап өткен
болатын.
Тірек мектебінде құрылған
шығармашылық топтың ұйғаруымен ІІ сессияаралық кезеңінде магниттік
мектептің мұғалімдері шақыртылып мектебімізде І және ІІ деңгейлі
курстан өткен ұстаздармен бірлесіп «Оқушылардың жаратылыстану
бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттырудағы әдіс-тәсілдер»
тақырыбындағы коучинг оздырылған болатын. Коучингте негізгі алда
болатын сессия кезіндегі оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын қалай
арттыруға болатыны жөніндегі мәселе және орта мерзім, қысқа
мерзімді жоспарларды тиімді құру арқылы нәтижеге бағытталған
жұмыстардың орындалуы жөнінде мәселелер қозғалды. Коучингте өзінің
дәлелді ойларын ортаға салған физика пәнінің мұғалімі А.Марданов,
математика пәнінің мұғалімі Г.Шапағатова, география пәнінің
мұғалімі М.Кубаев оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал
жасайтын бірнеше жаңаша әдіс-тәсілдерін ортаға салды. Дөңгелек
үстел қорытындысында оқу жылында өтетін сессия және сессияаралық
жұмыс алгоритміне әдістемелік дидактикалық материалдар әзірлеуді
және әр магниттік мектептерге әрбір сессияның қорытындысы негізінде
ата-аналар жиналысын өткізу жөніндегі ұсыныстар берілген болатын.
Жарты күнге созылған дөңгелек үстел жақсы көңілмен өз мәресіне
жетті.
Қысқы және көктемгі сессия
арасында «ЖББ Ө.Сахипов атындағы орта мектебі» КММ-сі магниттік
мектебі базасында ІІ сессияның қортындысы негізінде ата-аналар
жиналысы өткізілді. Жиналыста мектеп әкімшілігі мен мектеп
ұстаздары тірек мектептерінде оздырылған сабақтар мен шаралардың
өту барасын, оқушылардың аз уақыт ішінде жинақтаған білімдері
жөнінде өз ойларын ортаға салған болатын. Ата-аналар қауымы
ресурстық мектептерде өткізілген шараларға өз ризашылықтарын
білдіріп, балаларының білімдерінің тереңдеп жатқандығына,
мемлекеттің балаларға деген қамқорлығының нәтижесінде болып
жатырған істеріне ризашылықтарын
білдірді.
Тірек мектебі базасында
өткізілген әр сессиядан кейін атқарылған жұмыстарға қорытынды
жасалып, педкеңес өткізу жолға қойылды. Қазіргі уақытта биылғы оқу
жылының І сессия кезеңі тәмәмдалды. Алдағы уақытта ресурстық
орталықтың жұмысын одан әрі жандандыру мақсатында «Ресурстық
орталық қызметін ұйымдастыру және білім беру процесіндегі
проблемалар, тәжірибелер» тақырыбында аудандық семинар өткізу
жоспарланып отыр. Магниттік мектептер мен
ресурстық орталық бойынша әр сессияға қорытынды жасалып, оқушы
портфолиосына баға беру және рейтингісін шығару қолға алынды.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Хаменова
мен Қ.Құсайынов оқушыларды тәрбиелік шараларға тарта білді. І және
ІІ сессияаралық кезеңнің жоспарын құрып, оқушылардың бос уақытын
тиімді пайдалану мақсатында ауданымыздағы музейлерді аралау, ауыл
көшелерінің көрікті жерлерін тамашалау, кітапханалар көрмесімен
таныстыру, би кешін ұйымдастыру т.б. шараларды орындауды қолға
алып, сессия кезінде оқушылар көрген білгендерін қуанышпен еске
алып магниттік мектептердің оқушылары өз алғыстарын
жеткізді.
Магниттік мектептердің
оқушылары ресурстық мектептің ұстаздарымен интернет желісі арқылы
байланысып, кейбір тапсырмаларды, соның ішінде рефераттар,
биология, физика ғалымдарының еңбектерін саралап оқи бастады.
Дегенмен де ауылдық мектептердегі интернет жылдамдығының өте төмен
деңгейіне байланысты кейбір жұмыстарды орындауда үлкен
қиындықтардың болғандығын айта кеткен жөн.
Биылғы оқу жылының
өзгешелігі — бұл оқытудың түбегейлі жаңа сапасына қол жеткізу
мәселесіне баса назар аудару. Ойлай білуді және білім ала білуді
дамыту — бүгінгі таңда әр адамға өмірінің әр күніне
ауадай қажет.