Материалдар / Түз тағысы-Ақсеңгір
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Түз тағысы-Ақсеңгір

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың салт-дәстүрінде бүркітшілік туралы көп жазылған. Оны мектеп оқушыларына меңгерту біздің парызымыз. Құндылық болып есептеледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2021
315
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түз тағысы-Ақсеңгір

Қазақ халқының ерекше қастерлеп, құрмет тұтатын тағы құстарының бірі-бүркіт. Еркіндіктің, азаттықтың символына айналған қыран бүркіт көк байрағымызда бейнеліп, қазақ жұртының мәртебесін айқындап тұрғандай. Осы тегеурінді құсты тереңірек танып, оқушыларға көрсету және өзіміздің де таным көкжиегімізді кеңейту мақсатында, біз, №7 мектеп – лицей мұғалімдері мен оқушылары, ғылыми жетекшілеріміз Дюсенбаева Жанбибі және Мамаева Жантөре апайлармен Тұщыбек елдімекеніндегі бүркітшілермен кездесуге бардық. Ондағы мақсатымыз-тақырып туралы тереңірек білу, бүркіттің қыр-сырын меңгеру. Бізді қарсы алып, ілтипат танытқан Мереке Өтеғалиұлымен (ағаймен) ол кісінің шәкірттері бүркітшіліктің қыр – сырымен бөлісіп, бүркіт бағудың қиыншылықтарын айтып өтті.

Бабы қиын бүркіт құсын балапан кезінен тәрбиелеу оңай болғанымен, оны аңға салу үшін, үлкен еңбек ету керек екен. Ал, аңға түсіп үйренген бүркітті қолға үйрету мықтылықты, қажарлылықты, табандылықты талап етеді. Алайда, қолға үйренген соң, өз иесін алғырлығымен қуантатын көрінеді. . Қия – шыңға балапан салған қыран өте қырағы болады. Біз Бүркітсайға саяхат жасаған кезімізде осыған көз жеткіздік. Мұнда бүркіттің ежелгі ұялары бар екен. Ұя тұсынан өткенімізде түз тағысы жанын қоярға жер таппай біздің төбемізден қалықтап кетпей қойды. Ұясын аса сақтықпен күзетеді екен. Ал, жаз мезгілі қол бүркіттері үшін өте баптауды қажет ететін ауыр кезең болып табылады. Өйткені, жазда бүркіттер түлейтін болғандықтан, тек қана жас ет жеп, ерекше күтімді талап етеді. Қыс басталысымен, жаз бойы бапталған бүркіт өз өнерін паш етеді. Бүркітші, саятшылардың бүркіт үйретуде, құс салуда пайдаланатын құрал-жабдықтары ерекше: томаға, тұғыр, балдақ, жезтұяқ, жемқалта, биялай, аяқбау т.б. Бұларды негізінен бүркітшінің өзі даярлайды. Кездесу барысында құсбегі Мереке Өтеғалиұлы бұларды бізге көрсетіп, қалай қолданудың әдістерін түсіндірді. Сонымен қатар олардың жасалу өнімі мен бұйымдарын да айтып өтті.

Осындай құнды ақпараттармен бөлісе келе, Мереке ағай бізді Тұщыбек елдімекенінің батыс бетінде 1 шақырым жерде орналасқан «Бүркітсайға» бастап барды. Бүркітсайда біздің көзімізге екі ұя шалынды, бірі – жаңадан салынған ұя, енді бірі – ескі ұя. Бағымызға орай көкте қалықтаған бүркітті тамашалау да бұйырды. Балапандарын қорғау мақсатында ұясын айналып, қалқи ұшқан бүркіт оқушыларды таңғалдырмай қоймады.

Біздің кезекті саяхат – сабағымыз өзіміз үшін, оқушылар үшін керемет әсер қалдырды. Қазіргі таңда ұмытылып бара жатқан саятшылық, құсбегілік өнерінің соншалықты тынымсыз еңбекке, байқампаздыққа құрылған үлкен өнер түрі екеніне көзіміз жетті. Төл өнеріміздің өз елімізде ақсап, өзге елде өркендеп жатқанына да іштей қынжылғанымыз өтірік емес. Десек те, әлі де саятшылықты қолға алып, жолға салуға кеш емес деп ойлаймын. «Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін!» деп кеткен арыстарымыздың сенімін ақтап, ұлттық өнерімізді жас, өскелең ұрпақтың бойына сіңіре алсақ - өр намысты, рухты жастарымыз еліміздің ертеңіне айналары сөзсіз!


Қождан Жеңіс, дене шынықтыру пәні мұғалімі



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!