«Б.Жылқыбаев атындағы
балалар өнер мектебі» КМҚК
Ашық сабақтың
жоспары
Тақырыбы:
Тұзды
қамырдан жануарлар жасау
Педагог: Әсенова
М.
2020-2021 оқу
жылы
Педагог: Әсенова Мадина Маратқызы
Пәні: Кескіндеме
Сыныбы: Дайындық, 1сыныптар
Күні:
Сабақтың
тақырыбы: «Тұзды қамырдан жануарлар
жасау»
Сабақтың
мақсаты:
1.
Білімділік: домалақтау, жабыстыру,
жалпақтау, есу тәсілдерін қолдана отырып, мүсіндеуде саусақ
қимыл-қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру.
2.
Тәрбиелік: оқушыларды әсемдікке,
ұқыптылыққа дағдыландыру
3. Дамытушылық: пәнге деген
қызығушылығын дамыту, қорытындылау және жүйелеуге зейінін
қалыптастыру.
Сабақтың
түрі: теориялық, практикалық.
Сабақтың
әдісі: эскиздер, дайын
бұйымдар.
Сабаққа қажетті құралдар мен
көрнекіліктер: тұзды қамыр, ұн, стакандағы
су, кисточкалар, оқтаулар, пластикалық пышақтар, кептірілген дайын
бұйым (балық), бояулар.
Сабақтың
жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру
ІІІ. Жаңа тақырыпты
түсіндіру
ІҮ.Практикалық
жұмыс.
Ү.Сабақты
бекіту.
ҮІ.Бағалау.
ҮІІ. Үйге
тапсырма.
ҮІІI. Сыныпты
жинақтау
Сабақтың
барысы:
I.Ұйымдастыру:
Сыныпты жабдықтап,
оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыны журналға белгілеу. Құралдарын
тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үй жануарларын суреттеп
келу.
Үй тапсырмасын тексеріп,
тиісті бағаларын қоямын
III. Жаңа тақырыпты
түсіндіру.
Қысқаша жүйелеу, тұжырымдау:
Тұзды қамырдан бұйымдар жасау
- қамырдан түрлі сыйлықтар және үй ішін сәндеп безендіруге арналған
бұйымдар жасау өнері.
Тұзды қамыр соңғы жылдары мүсіндеу саласында
ерекше орын алуда.
Тұзды
қамырдың артықшылығы:
Қамырдан
бұйымдар жасау - өте ежелгі дәстүр болғанымен, қазіргі заманда өз
қолымен жасалған бұйым ретінде жоғары бағаланады.
Ежелгі
мысыр халқы, гректер, рим тұрғындары тұзды қамырдан жасалған
бұйымдарды діни үрдістерге пайдаланған. Германия мен Скандинавия
елдерінде тұзды қамырдан діни мейрамдар кезінде түрлі гүл шоқтары
мен гүл дөңгелектері терезе мен есік тұстарына ілінетін болған.
Қытайда тұзды қамырдан қуыршақ театрлерінің марионеткалары
жасалынады. Шығыс Еуропа елдерінде тұзды қамырдан жасалған көлемді
картиналар сұранысқа ие. Славян халықтарында осындай картиналар
боялмай, қыздырылғанда түсі өзгермеген түрі тартымды болып
есептеледі.
Ертеде тұзды қамырдан
дайындалған бұйымдар (ойыншықтар, адамдар, жан-жануарлар) тұмар
ретінде пайдаланған. Ал, мұсылман халықтарында нәрестенің бесігіне
көз тимесін, жаман күштерден қорғап тұрсын деп тұзды қамырдан
пісірілген күлше нан ілінген және жастығының астына қойылған
(ұйқысы тыныш болсын деп).
Ұн, тұз, су, бояулар туралы жұмбақтар
жасыру
Өзі қызыл, бауырында бар
Жалғыз сызық
Бұған жұрттың
Бәрі де ынтық (бидай)
Өзі ащы, бірақ дәмді етер асты (тұз)
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (су)
Тұзды қамыр дайындау үшін тұз, ұн, су қажет. Оны
алдын ала дайындап қоюға болады, бірнеше күн тоңазытқышта сақтауға
болады.
Тұзды қамырдың құрамы:
Ұн – 400 гр
Тұз – 200 гр
Су – 150 гр
Пва клей
– 1 ас қасық
ІҮ.Практикалық
жұмыс.
Іс-тәжірибеге кірісу
алдында еңбек қауіпсіздігі
ережесімен таныстыру:
-
Баланың аяғы еденге табанымен толық тіреліп тұру
қажет, өйткені басқа жағдайда қан айналымы дұрыс
болмайды.
-
Денені түзу не сәл еңкіш ұстау
керек.
-
басты сәл төмен түсіріп отыру
-
қолдар үстелде шынтақтан
белгілі бір бұрышпен бүгіліп денеден 10 см қашықтықта орналасу
қажет
-
шынтақты үстөлге қоюға болмайды
-
көз бен жасалып жатқан бұйым ара қашықтығы 30 см-
дей болу керек
-
жұмыс барысында дене (корпус)жағдайын өгертіп
отыру қажет (еңкейген жағдайдан түзу және керісінше)
-
тұзды қамырдың үгітіндісін көзге түсуден
сақтану
-
Стек (пластикалық немесе ағаш кескіш) оң жақта
болу керек. Стекті тек қамырды кесуге немесе ою салуға қолдану
керек.
Балалар шаблон бойынша әр түрлі жануарларды
жасайды.
Ү.Сабақты бекіту.
Оқушылардың жаңа сабақты
түсінген сұрақ-жауап арқылы және демонстрациялау, яғни жасап жатқан
жұмыстарын көрсету арқылы бекітеміз.
ҮІІ. Үйге
тапсырма.
Үйден бір бұйым жасап
келу.
ҮІІI. Сыныпты
жинақтау