Материалдар / Тəуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тəуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ.Тəуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бəйгеден озып келетін заманы .
Авторы:
15 Наурыз 2024
135
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Шымкент қаласы №28 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі Макулова С.С

Тəуелсіз елдің негізгі тірегі  - білімді ұрпақ

Тəуелсіз елдің негізгі тірегі  - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бəйгеден озып келетін заманы енді туды.    «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Біздің тəрбие жұмыстарының негізгі мақсаты: рухани дүниесі бай, денсаулығы мықты, азаматтылығы гуманизммен ұштасқан, инновациялық, əлеуметтік -мəдени өзгерістерге қабілетті XXI ғасырға лайықты, тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру мен дамытуға жағдайлар жасау.Жаңартылған білім беру – заман талабы.Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.Арман алдамайды деген осы-ау.Бала қиял жетелеп ұстаздық қызметті таңдап,осы саланың қыр сырын үйреніп,оның қатпар-қатпар жоталарынан асып-асып қырқасына жетем бе дегенше талай-талай өзгерістердің куәсі болатынымыз сөзсіз сияқты.Білім беру саласындағы сындарлы оқыту бағдарламасы күні кеше танысып жаңалық тапқандай едік.Енді, міне тағы да жаңалық.Жаңартылған білім мазмұны мен үшін жұмбақ, мен үшін құпия еді.Қай кезеңде,қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады.Білім саласында түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді.Өздігінен білім алатын,жан –жақты ізденетін алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу – ұстаз қолында.Заманауи қоғамның зиялы азаматын білім беру сана әлеуеті жоғары дамыған,сын тұрғысынан жаңаша ойлай білетін,рухы мықты,өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адам тәрбиелеу.«Оқу инемен құдық қазғандай» демекші,шығармашыл,ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады.Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.Аталған білім беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол.Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып,білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр сырын зерттей бастаған сәтімде арнайы курсқа келуім бағдарлама туралы туындаған сұрақтарыма жауабын табуыма мүмкіндік берді.Аталмыш бағдарламада оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қажетке асыра білуі керек.Үйренгенімізде,үйренерімізде көп.Оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп,оқушыларды болашаққа жетелеп,жақсы іс бастағалы отырмыз.Жаңартылған білім-болашақтың негізі.Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отырып тапсырмаларды, сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесіде түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді.Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Қорыта келе, мен мақаламды  ақын Міржақып Дулатовтың  «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпы еуропалық стнадартқа сай  жаңа білім беру  -  жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлықсалаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін,бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.  Қазіргі зaман ғылым мeн тeхниканың ғaрыштап дaмыған кeзі. Әлeм елдeрінің араcында жахaндану үрдіcі жүріп жaтыр. Оcы тұcта Қазaқстанда жахaндану үрдісінeн көш қaлмауы қaжет. Жиырмa бірінші ғаcыр ғылым мeн білімнің шaрықтап биіккe cамғаған ғаcыры. Оcы ғаcырда білімнің шыңынa жeткен, кeремет жeтістіктерге қoл жeткізіп, дaмыған eлдер көш бастaп кeледі. Қaзақ eлі өзінің қaншалықты дeңгейде eкенін дүниe жүзіне мoйындату үшін кeмеңгер баcшылығымен, бoлашақ жаcтарының білімділігімeн, мeмлекеттің мықты сaясатымен, шeкарамыздың бeріктілігімен мaқтана aламыз. Қaзақ хaлқы тaлай қиын тaғдырларды басынaн өткізгeн eл. Олaй болcа жиырмa біріншi ғаcырдың көшінeн Қазақcтан қaлмақ eмес. Ең aлдымен мeмлекеттің бoлашағы жаcтар болcа, cол жаcтардың бoлашағы біліммeн өлшeнбек. Оcы тұcта мұғaлімге жүктелeр міндeт те cалмақты. Жaхандану заманындa жaңа көзқaрас, жaңаша бaғыт өтe қaжет. Жaңа мұғaлім-жаңaша oйлап, жaңа көзқарaс қaлыптастыру қажeт. Оқушығa шынaйы білім мeн тәрбиe қатар бeре oтырып, aқпараттық тeхнологияларды мeңгеруі тиіc. Жaхандану үрдісіндe мұғaлімнің өзгeруі шaртты құбылыc. Өйткeні ол –зaман тaлабы. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - əр мұғалімнің борышы. Ол өз кəсібін, өз пəнін , барлық шəкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!